IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from IT bilim
IT Bilim-нен кезекті вебинар

Вебинар тақырыбы: Әркім Хакер бола алады
Мазмұны:
1. Хакинг деген не?
2. Хакинг/Киберқауіпсіздікті қалай үйренуге болады?
3. Хакингтің кезеңдері
4. Capture-The-Flag деген не?
5. Hacking Camp туралы
6. Сұрақ/жауап

Бұл жолы хакерлік шабуылдарға қарсы кибер қауіпсіздік саласының маманы Игібек Қойшыбаев xакер болудың алғышарттарын айтады. Игібек ағамыз АҚШтың Qualcomm деген корпорациясында аға қауіпсіздік инженері (senior security engineer) болып қызмет атқарады. Оған дейін Солтүстік Каролина Университетінде "Кибер қауіпсіздік" мамандығы бойынша докторлығын (PhD candidate) қорғаған. Алдағы айда хакер болғысы келетіндерге арналған "Хакинг Камп" ұйымдастырғалы жатыр. Қатысу тегін. Камп жайлы және хакинг бойынша басқа да сұрақтарыңызды вебинарда сұрай аласыздар.

🕰 Уақыты: 9-Қазан (жексенбі) 20:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.iss.one/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
👍7🤩1
Forwarded from IT bilim
Әркім хакер бола алады.

Бүгін кешкі 20:00-де IT Bilim-нен кезекті танымдық вебинарға қатысыңыздар.
IT сауатымызды арттырумен қатар қазақша IT контентті қолдайық!

Вебинарға қатысу тегін. Жақындарыңызбен бөлісіп қойыңыздар.

https://t.iss.one/it_bilimkz/605


Вебинарға сілтеме:
https://t.iss.one/it_bilimkz?livestream
🔥4
Forwarded from TECHOZIMIZ
🧑‍💻👩‍💻Бағдарламалаушыға арналған must read кітаптар

1️⃣ Grokking algorithms. Бүгінгі тізімді бастайтын кітап ол Алгоритмдерді Гроктау(шешу) атты бағдарламалаушылар мен оған қызығып жүргендерге арналған визуалды нұсқаулық. Авторы: Бхаргава А. Бұл кітап алгоритмдерді енді-енді шешужі үйреніп жүргендерге өте пайдалы әрі қызықты болмақ.

2️⃣ The Art of Computer Programming, Donald Knuth (Бағдарламалау Өнері). Математика және информатикада ғалым Дональд Кнуттың монументалды жұмысын екінші ооынға қойғымыз келеді. Шыққанына жарты ғасыр болса да (бірінші кітап 1968 жылы шыққан), ол бағдарламалау саласындағы ең маңызды оқу құралдарының бірі болып саналады және өзін-өзі құрметтейтін әрбір кәсіби бағдарламалаушының үстел кітабы болуы керек. Кітап мысалдар мен тапсырмаларға толы, олардың күрделілігі 1 минут ішінде шешілетін сұрақтардан бүгінгі күнге дейін шешілмеген сұрақтарды қамтиды.

3️⃣ Introduction to Algorithms, Thomas H. Cormen, Charles E. Leiserson, Ronald L. Rivest, and Clifford Stein. Бұл кітап алдыңғысына қарағанда оңайырақ және сәл кеш шыққан – бірінші басылым 1990 жылмен даталанған. Бірақ бұл оның сапасына әсер етпейді. Ол қазірдің өзінде студенттерге оқуға ұсынылады. Тілі "бағдарламалау өнеріне" қарағанда біршама қарапайым, ал мысалдары заманауи. Кітап бағдарламалауды, жалпы ойлауды және алгоритмдердің құрылымын түсінуді үйретеді.

4️⃣ Code Complete, Steve McConnell. Must-have және must-read тағы бір кітап. Ол көбіне бастаушы бағдарламаЛАУшылар мен бағдарламалық жасақтама жасаушыларға арналған, сонымен қатар тәжірибеді мамандарға деэа ұсынылады. Мысалдар көп, өз тәжірибесі мен өміріне сілтемелері бар теорияландырып жазылған, сондықтан оны оқу оңай. Бұл тек жалпы емес, сонымен қатар бағдарламалау процесінің ұсақ-түйектері туралы да білім береді. Мұнда басынан аяғына дейін барлық жол көрсетілген.
Көптеген оқырман бұл кітапты мүмкіндігінше ертерек оқу керек дейді.

5️⃣ Just for Fun: The Story of an Accidental Revolutionary, Linus Torvalds, David Diamond. «Пингвин» әуесқойлары бағалайтын тізімдегі ең оңай оқылымдардың бірі. Linux жүйесін жасаушы Линус Торвальдстың өзі бірлесіп жазған, ол тіпті әзілмен оның өмірі, тұйық бала, Linux-тің пайда болу тарихы және өмірдегі күлкілі жағдайлар туралы баяндайды. Мұның бәрі техникалық сипаттамалармен және болмыс туралы ойлармен толықтырылған. Техникалық жағынан ұқыпсыз қарапайым адамға кітап қызықсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ тәжірибелі бағдарламалаушы үшін, әсіресе Linux-y-қа қызығатын адам үшін кітап өте қызық болмақ.

6️⃣Clean code, Robert Martin. Кітапта қарастырылған кейбір нәрселер айқын болып көрінгенімен, тіпті тәжірибелі бағдарламалаушылар да оларды елемейді. Сондықтан кітап бағдарламалауды жаңадан бастаушыларға да, майталман мамандарға да жарайды. Жаңадан бастаушылар үшін бұл кодты сауатты жазу және құжаттау дағдыларын қалыптастырудың тамаша мүмкіндігі.
Мысалдардың көпшілігі Java тілінде жазылған, бірақ мұнда жиналған кеңестер басқа бағдарламалау тілдері үшін де жарай береді.
Кітапты оқу үшін, ең болмағанда, бағдарламалау дизайны үлгілерімен танысқан абзал.

7️⃣Сlean Аrchitecture, Robert Martin. Бағдарламалық жасақтама жүйесін жобалауға арналған керемет кітап.
Экспозиция өте қарапайым, мамандандырылған ақпарат пен күрделі мысалдармен жалықтырмайды. Дегенмен, автор өте маңызды нәрселер туралы жазады, мәселен сіз әзірлеп жатқан бағдарламаның құрылымы қалай құрылуы керек деген тақырыптарды қамтиды.
Кодты жобалау туралы ойланатын бағдарламалаушы барлық құнды принциптерді мұнда қарапайым және көрнекі тілде түсіне бастайды.

#education
#books
👍71
Forwarded from IT bilim
Роботехникада алгоритм керек пе?

Сұрақтың жауабын 5-минуттық видеода көріңіздер!

https://youtu.be/Ad-OMn6hd64
👍4
Forwarded from IT bilim
Қазақша IT контенттің дамуына ат салысам десеңіздер, әр түрлі идеяларыңыз болса бөлісіңіздер)

Пайдалы әрі қызықты контентті бірге жасайық)

IT Bilim-нің қазақша контент шығаратын алаңы:
Youtube арна: youtube.com/c/ITBilim (2000+ оқырман)
Instagram: instagram.com/it_bilim.kz (1000+ оқырман)
Telegram: t.iss.one/it_bilimkz (3000+ оқырман)

Бұдан бөлек алгоритмнан есеп шығаратындар үшін екі телеграм арна ашқанбыз.
Codeforces: t.iss.one/codeforces_kz
Leetcode: t.iss.one/leetcode_kz

P.S Айтпақшы, бұйырса бүгін кешке ютуб арнамызда "Әркім хакер бола алады" вебинарының жазбасы шығады.

P.P.S Рәмілге неше түрлі пікір жазып, чоконы блоктап болсаңыздар енді іске көшейік 🙂
👍82😁1
Forwarded from IT bilim
📺 Кезекті IT Bilim Вебинары алдағы сенбіде

Тақырыбы: IT мамандықтар

15 жылдан астам IT саласында қызмет етіп келе жатқан, дисководтің хит кезін көзі көрген Тимур ағамыздың қазіргі IT мамандықтар жайлы айтары бар. Өзіміз көп естіп жүрген фронтенд, бэкенд, мобильді әзірлеушілерден басқа да мамандықтарды талқылайтын боламыз. Қай тілден бастап оқу керек, қандай технологиялармен жұмыс істеу керек, тағы басқа да сұрақтарға жауап береміз.

🕰 Уақыты: 29-Қазан (сенбі) 19:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.iss.one/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
👍7
Forwarded from TECHOZIMIZ
SaaS, IaaS, Paas және басқалары... Олар туралы не білеміз 🤔

🖥 SaaS — Software as a Service сөзінің аббревиатурасы. Қазақшалайтын болсақ "бағдарламалық жасақтама — бұл қызмет" дегенді білдіреді. Microsoft Word сияқты кеңсеге арналған бағдарламалық жасақтаманың мысалында түсіндіріп көрейік.

Бұрын Word-ты сатып алсақ, қазір тегін кез келген бағдарламалық жасақтамада пайдаланамыз. Жаңа нұсқаларды қажетімізге орай жаңартамыз және интернеттің бар-жоғы маңызды емес. Себебі, ол компьютерде серверлерге тәуелді емес, өз бетінше жұмыс істей береді.

Кейінірек, Microsoft қосымшаның бизнес-моделін қайта жасап, Office 365 ойлап тапты. Енді Word бағдарламасын жергілікті компьютерге орнатудың қажеті жоқ, бірден браузерде іске қосуға болады. Компьютерге арналған нұсқасы да сақталған. Бірақ компьютерге арналған нұсқаны қосу үшін интернет керек және бағдарламаға кіру үшін ақы төлейсіз. Белгілі бір бағдарламаны сатып алмай-ақ, енді Word-ты пайдаланудың уақытша құқығын сатып алуға болады.

IaaS, PaaS, XaaS және басқа да аббревиатуралар нені білдіреді?
"аaS" көрсеңіз, демек бұл кейбір қызметтердің тізбегін білдіреді, мысалы:

🔺IaaS - инфрақұрылымды білдіреді. Бизнеске қажет нәрсенің бәрі ұсынылады: серверлер, хостинг, қоймалар, мамандар, қолдау және есептеу қуаты.

🔺PaaS - платформаны білдіреді.
Программалау үшін IDE, жұмыс ортасы, қызметтер және көмекші бағдарламалар қажет. Компания мұның бәрін Cloud-та қамтамасыз етеді және оларды орнату және қолдау бойынша барлық жұмысты өз мойнына алады.

🔺BaaS - сервис ретінде сақтық көшірмелерді білдіреді. Мұнда бәрі қарапайым: оны жобаға қосқанда компания барлық сақтық көшірмелермен, қалпына келтірумен және сақтаумен айналысады.

🔺MaaS - бақылау қызметін білдіреді. Әдетте жобаларда сервер сияқты өнімділікті бақылайтын мамандар бар, егер бірдеңе дұрыс болмаса-барлығына хабарлаңыз және әрі қарай не істеу керектігін ойлаңыз. Мұны басқаларға сеніп тапсыруға болады, сонда біреу сіз үшін көрсеткіштерді бақылайды.

🔺EaaS - қызмет ұсынады. Компанияға келіп, мәселен кілт қосымшасы бар интернет-дүкен жасау керек екенін айтасыз, бірақ оған сіз мүлдем араласпайсыз.

#software
#education
👍7
Forwarded from Google DSC AITU
🎉 Дорогие студенты!

👨🏻‍💻Google Developer Student Club организовывает оффлайн встречу с Аман Утемуратов

Тема: “Google после 100 отказов”

Аман Утемуратов работает в Google как Software Engineer в департаменте YouTube Ads. Он поделится своим опытом разработчика как не сдаваться после многих отказов и упорно идти к своей цели

📆 Когда?
10 ноября, в 14:30

📍 Где?
Coworking, Astana IT University

🖇Регистрационная форма: ссылка
👍5
Forwarded from IT bilim
IT Bilim Webinar - Parallel & Distributed computing 🪄

Гуглда аға-инженер бағдарламашы боп қызмет атқаратын Жассан ағамыз Параллель және үлестіріп есептеу тақырыбында вебинар жүргізеді. Үлкен процесстерді қалай бөлшектеп басқару жайында әңгіме болады. Бұл тақырыптың өзектілігі соншалық барлық бағдарламасының тез/баяу жұмыс істеуі осы заттарға тікелей байланысты.

Вебинарда төмендегі тақырыптар талқыланады:
- Параллель есептеу
- Компьютермен параллель есептеу
- Үрдістер және Тредтер (а.к.а Processes and Threads)
- Қосалқы тредтер
- Ядро деген не?
- Жалғыз ядро (жасыл тред) vs Көп ядро (ОС)
- Сервер, Нода, Процесс, Тред
- Шардалар (Shards)

🕰 Уақыты: 19-Қараша 21:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.iss.one/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар IT Bilim телеграм арнасында (видео чат) болады.

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
🔥5👍1
Ертең бізде Францияда тұратын Шыңғыспен Инвестиция жайлы эфир болады.

Тақырыптар:

✏️Инвестиция неден бастау керек?
✏️Қаржы сауаттылықсыз инвестиция бастауға болады ма?
✏️Еуропалықтардың инвестицияға көзғарасы.
✏️Ерте зейнетке шығу.
✏️Франциядағы өмір. Неге мысалы Германия Америка емес, Франция.

Zoom link:
https://us06web.zoom.us/j/81233988655?pwd=NDlWU2pjVlpJU2RvQUE0YjJTdEdpdz09

Post:
https://www.instagram.com/p/Ck3czydKM2U/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

13 минутта бастаймыз деп жатыр :)
👍4
Forwarded from Alina's place
👍3
Forwarded from IT bilim
Барлықтарыңызға сәлем!

Қазақша контентті көбейтін каналдар ашалып жатса, оған қатты қуанып жатамыз.

Сондай каналдардың бірі https://t.iss.one/+vAm7D1vaingxNzA6 енді ғана ашылып, онда Джава тілін 0-ден бастап үйретуді қолға алған Данияр Мырзаканов деген жігітті қолдап, сабақтарды қарауына кеңес береміз.

Мен (Ерғали ағай) оны сонау Алматы ҚазҰТУдан танимын (яғни группаласым), ол өзі бірнеше үлкен компаниялар мен менмін деген банктердің көпшілігінде істеп опыт жинаған жігіт.

@dmyrzakanov Дәке, сәттіліктер! Давай баса бер, артыңа қарама!!
🔥9
Forwarded from ZeinLabs | Exploring the Tech World (Alikhan Oitan)
TypeScript-тың жаңа 4.9 нұсқасы шықты. Өте қызықты update болған екен. Осы видеода тамашалаңыз.

Білмейтіндерге: TypeScript дегеніміз JavaScript-тың “типизированный” түрі. Яғни ол жерде айнымалылардың түрін айқындауға болады, және сол түрге істеп жатқан операция сай келмесе, онда TS (TypeScript-тың қысқаша атауы) бізге ұрысады.

Бұйырса ts туралы да видео жазғым келеді. Қол тигенде салып жіберермін 😌

https://www.youtube.com/watch?v=Danki1DyiuI&ab_channel=MattPocock
👍6
Forwarded from Astana Hub ️
⚡️3 желтоқсанда Астанада STARTAPHANA Digital Fest-і өтеді

Мақсаты – қазақ тіліндегі стартап-мәдениетті дамытып жатқан IT-кәсіпкерлердің қауымдастығы мен ІТ-контентті қолдау. Форумға қатысуға 3 мыңнан астам адам тіркелді.

"Жыл сайын STARTUPHANA тәжірибе алмасу аясын кеңейтіп, IT-бизнесті құру және дамыту туралы білімді барынша қолжетімді етуге үлес қосуда", - дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

Толығырақ платформамызда
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️3 декабря в Астане пройдет Digital Fest STARTAPHANA

Цель - поддержать сообщество IT-предпринимателей, развивающих казахоязычную стартап-культуру и IT-контент. Для участия в форуме уже зарегистрировались более 3 тыс человек.

"STARTUPHANA расширяет рамки для обмена опытом и делает знания о создании и развитии IT-бизнеса еще более доступными для казахстанцев", – отметил Магжан Мадиев, генеральный директор Astana Hub.

Подробности на платформе
👍3
Advent Of Code деген желтоқсан бойы күніге бір есеп шығарып отыратын челлендж. Кәдімгі алгоритмдік тапсырмадан айырмашылығы - код тапсырудың қажеті жоқ. Бірден жауабын жазуың керек. Сәйкесінше, қай тіл, қай IDE, қай алгоритм мүлде маңызды емес. Қағазда шығарам десең де өзің біл. Метафорамен айтар болсақ, клиентке дайын тамақ керек, қазан мен плита емес.

Екіншіден, бұл жердегі тапсырмалар шынайы өмірдегідей. Абстрактный қиын бір концепттер жоқ. Есеп екі бөліктен тұрады, алғашында тек бірінші бөлігін ғана көресің. Оның жауабын жіберген кезде ғана, екінші бөлігі ашылады. Өзіңше болып, екінші бөлігі осылай болады-ау деп болжап оптимал код жазбақ боласың. Хардкодтамай айнымалылар ашып, динамикалық есептеуге дайындап, кодыңды масштабтауға дайындап қойғандай боласың. Сосын екінші бөліктің сұрағын көргенде, айдалаға лағып кеткеніңді түсінесің. Қосымша жасаған оптимизацияң түкке керек емес болғанын, бизнес тапсырма кілт өзгеріп кеткенін байқайсың. Айтып отырм ғой, тура өмірдегідей. Сонысымен де қызық

Сосын мұнда уақыт маңызды, тапсырманы ерте орындағанның ұпайы да көбірек

Қатысам десеңіз, ертең басталады adventofcode.com
🔥3👍2
Forwarded from Akzholtay
Бәріне қайырлы кеш.
Каналымды жанрамалауға болатын шығар?
Қазақ тілінде сайт жасау курстарын жасап жүрмін. Әзірге html/css бойынша сабақ дайындадым. Сайт жасап үйренгісі келетіндерге көмек болады деп ойлаймын.

Каналға сілтеме:
https://www.youtube.com/@akzholtay_myrza

Бірінші сабақ:
https://youtu.be/RkDZYvGg3PI
👍91🔥1
Егер сіз студент болсаңыз, осында студент ретінде тіркеліп көп заттарға тегін немесе жеңілдік алсаңыз болады,
Мысалы: educative,twilio,heroku, DigitialOcean т.б
👍4🔥2