IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Бүгінгі күндегі Codeforces платформасындағы Қазақстанның ішкі үлесі қандай дегенге кішігірім анализ жасаған едім.

Сонда 3-тен 1 бөлігін тек жаңадан келгендер құраса, 4-тен 1 бөлігін шәкірттер екен.

Жалпы 5% мастер мен оданда жоғары деңгейлерді құрайды екен.

Бір қызығы мүлдем ресми рейтингтік жарыстарға қатыспағандар да көп екен, яғни Қазақстан деп көрсеткеннің әрбір 7-сі көрермен деген статусқа ие.

PS. Жалпы сіздерді жиі қатысуға шақырамын!
👍7
Forwarded from IT bilim (Мұқаммедәли)
Алгоритмдерді білу бағдарламашыға тиімділігін арттыруға, аналитикалық қабілеттерін дамытуға және жұмысқа орналасуда тех сұқбатты сәтті өтуге көмектеседі.

Алгоритмдердің түрлері және олардың артықшылықтары туралы ІТ Bilim бағдарламалау мектебінің менторы Едіге Радолда митапта айтатын болады.

Күні және уақыты: 18 тамыз, 19:00
Кім үшін: студенттерге, әзірлеушілерге, информатика мұғалімдеріне, оқушыларға
Форматы: онлайн және офлайн
Мекенжайымыз: Қарағанды қ., Алалыкин көш., 12 үй

Митапқа сілтеме арқылы өтіп, тіркеле аласыз 🚀

@it_bilimkz
instagram.com/it_bilim.kz
youtube.com/ITBilim
👍42
😁4👍1
Қайырлы күн!

Product-менеджер мамандығының 2022 жылғы Зерттеуі жарияланды!

Барлық ақпарат өткен жылдың деректерімен салыстырынған. Еліміздің үздік IT-компаниялардың мамандары өз пікірлерін қалдырды.

Барлық қатысқандарға үлкен рахмет!
👍5
Forwarded from IT bilim
0-ДЕН БАСТАП АЛГОРИТМ КУРСЫ (PYTHON/C++)

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ!

Көпшілік қайтадан Программалау негіздері мен Алгоритмді 0-ден бастайық деп сұрағаннан курсымызды келесі айдан бастап, жалпы 2-айға (қарашаға дейін) жоспарлап жатырмыз.

КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН:
- Python немесе C++ программалау тілі бойынша базасы немесе түсінігі бар;
- Негізінен мектеп ұстаздары арналады (бірақ ешкімді шектемейміз);
- Аудандық/облыстық олимпиада есептерін шығаратын деңгейге жеткісі келетін ұстаздар үшін;
- Codeforces контестінде div2-нің алғашқы есептерін оңай шығаратын деңгейге жеткісі келетіндер үшін.

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Қыркүйек пен Қазан;
- Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі,, четверг-бейсенбі) зум арқылы кешкі уақытта болады.
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат.
- Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда.


ТІРКЕЛУ ҮШІН: tiny.cc/algokurs
👍7
8 қазанда Kolesa Conf 2022 IT-конференциясы өтеді!

Kolesa Conf
— әзірлеушілер, data-мамандар, QA-инженерлер, менеджерлер, стартаперлер және IT-қауымдастығының басқа да өкілдері үшін жыл сайынғы конференция. Биыл ол 8 қазан күні өтеді.

Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 4 бағыт: Data Science, Management, Web және Mobile. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff, Dodo Brands, Percona, Arbuz / Pinemelon, Aviasales, Yandex, Karpov.Courses, 1fit, Kaspi, Beeline Казахстан, Tele2, BTS Education, Technodom, JMart, Jusan Bank, СберМаркет, Magnum және т.б. компаниялардың сарапшылары 9-10 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.

Кез келген қызықтырған бағытты, спикерді, баяндаманы емін-еркін тыңдауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.

Былтырғы Kolesa Conf-ті ТМД елдерінен 15 006 қатысушы тамашалады.

Kolesa Conf конференциясына қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.

Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.
👍8💩3👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
НУда жақсы хакатон болғалы жатыр екен. Сол жайлы каналда хабарлауымды сұрады:


Назарбаев Университетіндегі Компьютерлік Техникалар Ассоциациясының Студенттік ұйымы 5ші жылдық халықаралық HackNU/2022 Хакатонынына тіркелу басталғаны туралы хабарлайды!

HackNU - ITдің әртүрлі саласындағы мамандарға арналған марафон. Командаларға жетекші әлемдік және Қазақстандық IT компаниялар ұсынған мәселерді шешуге 36 сағат беріледі.

Өткен хакатондардың демеушілері Google, Microsoft, Meta, EPAM, BTS Digital, Chocofamily және басқа да IT индустрияның жетекшілері болды. Осы жылы спонсорлар тізімінде Google, EPAM және Beeline.

HackNU сайысына қатысып сіз басты ақшалай жүлдені жеңуге мүмкіндік пен баға жетпес тәжірибеге ие бола аласыз. Сонымен қатар, пікірлес адамдармен танысып, өзіңіздің бағдарламалау қабілетіңізді сынай аласыз.

Тіркелу формасын біздің сайттан таба аласыз. Берілген 3 тілдің БІРЕУІНДЕ ҒАНА тіркелуіңізді сұраймыз!

ТІРКЕЛУ ҮШІН СОҢҒЫ КҮН: 17.09
📍Хакатон өтетін күндер: 23-25 қыркүйек, 2022
📍Формат: онлайн және оффлайн
📍Өткізілетін жер:
Назарбаев Университеті,
Астана қаласы

Жаңалықтарды өткізбеу үшін бізге тіркел!
Telegram: @HackNUinfo
👍7
🔥 Жалпы қыркүйектің 29 күні Digital Bridge-2022 халықаралық форумында дәстүрлі түрде үздік стартап атағы үшін ауқымды Astana Hub Battle шайқасы өтеді.

Жалпы жүлде қоры $18 000:
🥇 $10 000
🥈 $5 000
🥉 $3000

Форумға қатысқан жағдайда, сіз белсенді көріністі тамашалап, шынайы сезімдерге толынып, сапалы және пайдалы таныстарға толы жерге тап боласыздар.

Қатысу үшін стартаптарға не қажет?

🔸 MVP немесе PMF сатысындағы ауқымды жоба;
🔸 Нарықтағы жұмыс тәжірибесі екі жылдан аспау қажет;
🔸 Кем дегенде екі негізгі команда мүшесі.

❗️ Орындар саны шектеулі. Стартаптар https://digitalbridge.kz/battle2022kz/ сілтеме арқылы тіркелуге болады.

Көрермен ретінде келгініз келсе - https://digitalbridge.kz/kz.html
👍8
Forwarded from TECHOZIMIZ
Сәлем👋

Бүгін біз IT-мамандықта оқып жаткан студенттерге қажет болатын кеңестермен бөліскіміз келеді 🙌🏻

Computer Science, Algorithms and Data Structure пәндері бойынша жақсы база алып алыңыздар;
1 курстан бастап тағылымдамадан өтетін жерді (стажировка) іздеңіздер;
Егер де әлемнің топ компанияларында жұмыс істегіңіз келсе, біздің алдыңғы постымызды қараңыздар.
Жалпы, Қазақстан компанияларының кейбірулерінде ғана алгоритм шешуге бағытталған интервьюлер бар;
Хакатондар, идеятондарға қатысыңыздар, ол тек ақшалай ұтыс қана емес, бұл қысқа уақытта командалық жұмысты арттыру және MVP жасаудағы үлкен практика болмақ.
Пет-жобалар жасап, оларды Github.com орналастырыңыздар (Проектыларға сілтемелерді CV-ға орналастырыңыздар ).
Хэдхантер, өзіңіз таңдаған технология бойынша телеграм чаттарында, линкединде тағылымдамалар іздеңдер.
Ағылшын тілін дамытыңыздар, кемінде B2,C1 деңгейінде болса жақсы.
ТОП компанияларға жұмысқа тұрудың тағы бір жолы бакалавр немесе магистратураны шет елде оқу, егер де вуз беделді болса компаниялар сол вуздардан өздеріне қызметкерлерді алады.
Шетелде магистратураға түсудің үлкен “+”тарының бірі, ол - волонтерлік жұмыс, университеттегі IT клубқа кіріңіз, ивенттар жасаңыз, қатысыңыз.

Ал сіз қандай университетте оқисыз? Универден тыс қалай дайындаласыз? 😉

#education
#career
👍9🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақша мәтінді аудио қылып оқып бергенде Microsoft Edge браузері алдына жан салмайды екен (pun intended). Өзіңіз тыңдап көріңізші, әп-әдемі оқиды!

Видео мына туиттен алынды
👍12🔥4👏1
Forwarded from Сөз:
Соңғы 7 жылда Gov.kz, eGov Mobile, Kcell / Active, Tele2 / Altel, Dom.kz, Jusan.kz, Kinopark.kz секілді, жалпы қолданатын адам саны 18 млн асатын түрлі танымал жобаларды жасап үлгердік.

ҚБТУ, ХАТУ, ҚазҰУ, СДУ, Назарбаев Университеті, АлмаУ сияқты университеттерде 2000 мыңнан астам студенттерді бағдарламалау мен дизайн бойынша оқыттық.

nFactorial Incubator білім беру жобасына ат салысып, соның аясында 500-ден астам студентке бағдарламалау бойынша білім бердік.

Сөйтіп, өзіміздің курсымызды бастауға әбден пісіп жетілдік.

Бұл курс ерекшелігі (көптеген ерекшеліктер ішінде), біріншіден қос тілде (қазақшасын өзім жүргізетін боламын), екіншіден алдын ала жазылған видеолар емес, дәрістер мен практика сабақтары тікелей эфирде өтетін болады.

Одан басқа ерекшеліктерге: whatsapp арқылы тоқтаусыз білім алу, курста көрсеткен жақсы көрсеткіштер үшін түрлі сыйлық алу, бір уақытта ұстаз, курстастармен бірге жұмыс істеу және т.с.с.

Дизайнгер деп жаңа сөз енгізген мақұл көргеніміз, әуелі сазгер, зергер, дәрігер сияқтыларға жақындатып, қазақшалап, сосын киім немесе интерьер дизайнерлермен шатастырмайтындай қылу (әйтпесе дизайнер десең бірінші сол мамандық иелері ойға келеді).

Дизайнгер деп біз тапқырлық, ісмерлік, кәсіпқойлық, технология әрі болашаққа назар бұру арқылы адамдардың өмірін жақсарта алатын, соны жақсы жаққа өзгертуге тырысатын адам деп білеміз.

Және бүкіл адам осы сипаттарға сай екеніне еш шүбәміз жоқ. "Қалай сонда?" десеңіз: өзіңізге, немесе айналадағы адамдарға назар салсаңыз, әрбір адам айналасын, қолданып жүрген заттарын өзінің я басқаның ыңғайына өзгертіп, бір төте жол тауып жүрегенін көресіз, осының бәрін дизайн деп атаса болады (курс барысында осы сөзімді ашып бере жатармын). Яғни бір сөзбен әрбір адам дизайгер 😏

Сонымен, қысқаша:
Бұл product және UX/UI дизайнды тың жолмен игеруге мүмкіндік беретін курс!
🕒 Ұзақтығы: 2 ай
🏁 Басталуы: 26 қыркүйек, 2022 ж
▶️ Форматы: стрим + онлайн
⭐️ Қазақша және орысша
💲 Бағасы небәрі 5000 теңгеден басталады (сайтта тарифтерді көрсеңіз болады)

Кімге арналған?
☑️ Өз идеясын жүзеге асырғысы келетіндерге
☑️ Фриланс арқылы жұмыс істегісі келетіндерге
☑️ Жаңа саланы көргісі келетіндерге

Қосымша ақпараттың бәрі төмендегі сілтемеде:
https://dizainger.com/

Сұрақ сауалдарыңыз болса, осы жазба астына пікір жазып я жекеме жазсаңыздар мархабат.

Көп рақмет! Күндеріңіз сәтті болғай!
👍9
Forwarded from TECHOZIMIZ
🤓Достар, бүгін біз кезекті пайдалы кеңестермен бөліскіміз келеді

🧑‍💻👩‍💻 Программалау машықтарымызды жақсарту үшін қандай пет-проектілер жасауға болады?

Алдымен “пет-проект дегеніміз не?”дегенге тоқталайық🧐

Пет-проект - программалаушыға өзін-өзі дамытуға қажет жобалар жиынтығы. Олар терминдермен де, форматтармен де, технологиялармен де шектелмейді. Программалаушы өзінің күнделікті өмірінде қандай тапсырмамен жұмыс істеуді және қандай процесті автоматтандыруды өз бетінше таңдай алады. Пет-жобалар бағдарламалауды жаңадан үйреніп жатқан студенттерге де, тәжірибесі бар программалаушыларға да пайдалы.

Біз ұсынатын классикалық пет-проектілер ⬇️⬇️⬇️

To do list
Shop
Портфолио Сайты
Кино сайт
Калькулятор
Блог
Ауа райын бақылауға арналған сайт

🛠 Жасалған жобаларыңызды Github -қа орналастырып, кейін CV-де көрсетуге болады.
👍9
Forwarded from TECHOZIMIZ
🇰🇿KZ women in tech. АҚШ-тың ірі IT компаниясында жұмыс істейтін қазақ қызының әңгімесі.

Тікелей эфирлеріміздің кезекті қонағы – жақында Қазақстан президентімен кездескен Digital Nomads IT қауымдастығының мүшесі, Нью-Йорк-тегі Salesforce компаниясының программалаушы-инженері Назерке Сейдан.👩‍💻

Назерке бізге әлемнің үздік 100-дігіне кіретін IT компаниядағы қызметі, Нью-Йорктегі өмірі және президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған бейресми кездесудегі қызықтар туралы айтып береді. Сонымен бірге IT-дегі қазақ қыздарының орны жайлы да әңгіме өрбітпекшіміз.

👉🏻 Қызық әрі пайдалы әңгімеден құр қалмау үшін 22 қыркүйек күні сағат 21.00-де (Астана уақытымен) @5Q_media.kz Instagram парақшасында өтетін тікелей эфирге қосыл. Кейіпкерімізге сен де сұрақ қойып, жауап ала аласың.🤗
9👍1
Forwarded from Codeforces KZ
Барлықтарыңызға сәлем!

Жалпы көптеп контесттерге қатысып, тұрақты түрде есеп шығаруға дағдылану үшін сіздер үшін арнайы конкурс ұйымдастырмақшымыз!

Екі түрлі конкурс жариялаймыз!

1-конкурс түрі:
Мүмкіндігінше Қазан айындағы күнделікті Үздік IT Білім контесттеріне қатысып, мүмкіндігінше көп есеп шығарып қана қоймай, арасында ресми codeforces контесттерге де қатысып есептер шығару. Конкурс нәтижесі 50:50 пайыздық қатынаспен есептейтін болады. Яғни ресми және күнделікті контесттердің жалпы саны, және шығарған есептерімен есептеледі.

2-конкурс түрі:
Қазақша контентті көтеру мақсатында күнделікті контест есептеріне қазақша талқылау/разборларын өз ютуб арнасына іліп отыру.
Мейлі ол 1-ғана есеп болсын оны да ескереміз. Өз ютуб каналдарыңызды көтеруге тамаша мүмкіндік, себебі біз ол бөліскен разборларды осы арнада көпшілікпен бөлісетін боламыз.

Нәтижесін 1-қарашада хабарлап, өз сыйлығымызды да беретін боламыз.

PS. Сұрақтарыңыз болса осы постта коммент қалдырсаңыз болады.
👍4
Forwarded from IT bilim
IT Bilim Webinar - Robotics 🤖

Домбыра мен роботтың құлағында ойнайтын, Чикагоның Иллинойс Университетінде роботикс бойынша докторантурада оқып жүрген Жәнібек Рысбектің вебинарын өткізіп алмаңыздар.

Вебинарда төмендегі тақырыптар талқыланады:
- Робототехника
- Жасанды интеллект
- Машиналық оқыту
- Робот компоненттері
- Математикалық модель
- Роботтарды басқару жүйесі
- Роботтардың қолданыс ауқымы
- Америкадағы докторлық оқу

🕰 Уақыты: 6-Қазан 20:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.iss.one/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар IT Bilim телеграм арнасында (видео чат) болады.

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
👍7
Forwarded from IT bilim
IT Bilim-нен кезекті вебинар

Вебинар тақырыбы: Әркім Хакер бола алады
Мазмұны:
1. Хакинг деген не?
2. Хакинг/Киберқауіпсіздікті қалай үйренуге болады?
3. Хакингтің кезеңдері
4. Capture-The-Flag деген не?
5. Hacking Camp туралы
6. Сұрақ/жауап

Бұл жолы хакерлік шабуылдарға қарсы кибер қауіпсіздік саласының маманы Игібек Қойшыбаев xакер болудың алғышарттарын айтады. Игібек ағамыз АҚШтың Qualcomm деген корпорациясында аға қауіпсіздік инженері (senior security engineer) болып қызмет атқарады. Оған дейін Солтүстік Каролина Университетінде "Кибер қауіпсіздік" мамандығы бойынша докторлығын (PhD candidate) қорғаған. Алдағы айда хакер болғысы келетіндерге арналған "Хакинг Камп" ұйымдастырғалы жатыр. Қатысу тегін. Камп жайлы және хакинг бойынша басқа да сұрақтарыңызды вебинарда сұрай аласыздар.

🕰 Уақыты: 9-Қазан (жексенбі) 20:00 (Астана уақыты)

🎤 Өтетін орны: t.iss.one/it_bilimkz телеграм арнасы (видео чат)

Вебинар жайлы жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыздар ❤️
👍7🤩1
Forwarded from IT bilim
Әркім хакер бола алады.

Бүгін кешкі 20:00-де IT Bilim-нен кезекті танымдық вебинарға қатысыңыздар.
IT сауатымызды арттырумен қатар қазақша IT контентті қолдайық!

Вебинарға қатысу тегін. Жақындарыңызбен бөлісіп қойыңыздар.

https://t.iss.one/it_bilimkz/605


Вебинарға сілтеме:
https://t.iss.one/it_bilimkz?livestream
🔥4
Forwarded from TECHOZIMIZ
🧑‍💻👩‍💻Бағдарламалаушыға арналған must read кітаптар

1️⃣ Grokking algorithms. Бүгінгі тізімді бастайтын кітап ол Алгоритмдерді Гроктау(шешу) атты бағдарламалаушылар мен оған қызығып жүргендерге арналған визуалды нұсқаулық. Авторы: Бхаргава А. Бұл кітап алгоритмдерді енді-енді шешужі үйреніп жүргендерге өте пайдалы әрі қызықты болмақ.

2️⃣ The Art of Computer Programming, Donald Knuth (Бағдарламалау Өнері). Математика және информатикада ғалым Дональд Кнуттың монументалды жұмысын екінші ооынға қойғымыз келеді. Шыққанына жарты ғасыр болса да (бірінші кітап 1968 жылы шыққан), ол бағдарламалау саласындағы ең маңызды оқу құралдарының бірі болып саналады және өзін-өзі құрметтейтін әрбір кәсіби бағдарламалаушының үстел кітабы болуы керек. Кітап мысалдар мен тапсырмаларға толы, олардың күрделілігі 1 минут ішінде шешілетін сұрақтардан бүгінгі күнге дейін шешілмеген сұрақтарды қамтиды.

3️⃣ Introduction to Algorithms, Thomas H. Cormen, Charles E. Leiserson, Ronald L. Rivest, and Clifford Stein. Бұл кітап алдыңғысына қарағанда оңайырақ және сәл кеш шыққан – бірінші басылым 1990 жылмен даталанған. Бірақ бұл оның сапасына әсер етпейді. Ол қазірдің өзінде студенттерге оқуға ұсынылады. Тілі "бағдарламалау өнеріне" қарағанда біршама қарапайым, ал мысалдары заманауи. Кітап бағдарламалауды, жалпы ойлауды және алгоритмдердің құрылымын түсінуді үйретеді.

4️⃣ Code Complete, Steve McConnell. Must-have және must-read тағы бір кітап. Ол көбіне бастаушы бағдарламаЛАУшылар мен бағдарламалық жасақтама жасаушыларға арналған, сонымен қатар тәжірибеді мамандарға деэа ұсынылады. Мысалдар көп, өз тәжірибесі мен өміріне сілтемелері бар теорияландырып жазылған, сондықтан оны оқу оңай. Бұл тек жалпы емес, сонымен қатар бағдарламалау процесінің ұсақ-түйектері туралы да білім береді. Мұнда басынан аяғына дейін барлық жол көрсетілген.
Көптеген оқырман бұл кітапты мүмкіндігінше ертерек оқу керек дейді.

5️⃣ Just for Fun: The Story of an Accidental Revolutionary, Linus Torvalds, David Diamond. «Пингвин» әуесқойлары бағалайтын тізімдегі ең оңай оқылымдардың бірі. Linux жүйесін жасаушы Линус Торвальдстың өзі бірлесіп жазған, ол тіпті әзілмен оның өмірі, тұйық бала, Linux-тің пайда болу тарихы және өмірдегі күлкілі жағдайлар туралы баяндайды. Мұның бәрі техникалық сипаттамалармен және болмыс туралы ойлармен толықтырылған. Техникалық жағынан ұқыпсыз қарапайым адамға кітап қызықсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ тәжірибелі бағдарламалаушы үшін, әсіресе Linux-y-қа қызығатын адам үшін кітап өте қызық болмақ.

6️⃣Clean code, Robert Martin. Кітапта қарастырылған кейбір нәрселер айқын болып көрінгенімен, тіпті тәжірибелі бағдарламалаушылар да оларды елемейді. Сондықтан кітап бағдарламалауды жаңадан бастаушыларға да, майталман мамандарға да жарайды. Жаңадан бастаушылар үшін бұл кодты сауатты жазу және құжаттау дағдыларын қалыптастырудың тамаша мүмкіндігі.
Мысалдардың көпшілігі Java тілінде жазылған, бірақ мұнда жиналған кеңестер басқа бағдарламалау тілдері үшін де жарай береді.
Кітапты оқу үшін, ең болмағанда, бағдарламалау дизайны үлгілерімен танысқан абзал.

7️⃣Сlean Аrchitecture, Robert Martin. Бағдарламалық жасақтама жүйесін жобалауға арналған керемет кітап.
Экспозиция өте қарапайым, мамандандырылған ақпарат пен күрделі мысалдармен жалықтырмайды. Дегенмен, автор өте маңызды нәрселер туралы жазады, мәселен сіз әзірлеп жатқан бағдарламаның құрылымы қалай құрылуы керек деген тақырыптарды қамтиды.
Кодты жобалау туралы ойланатын бағдарламалаушы барлық құнды принциптерді мұнда қарапайым және көрнекі тілде түсіне бастайды.

#education
#books
👍71
Forwarded from IT bilim
Роботехникада алгоритм керек пе?

Сұрақтың жауабын 5-минуттық видеода көріңіздер!

https://youtu.be/Ad-OMn6hd64
👍4
Forwarded from IT bilim
Қазақша IT контенттің дамуына ат салысам десеңіздер, әр түрлі идеяларыңыз болса бөлісіңіздер)

Пайдалы әрі қызықты контентті бірге жасайық)

IT Bilim-нің қазақша контент шығаратын алаңы:
Youtube арна: youtube.com/c/ITBilim (2000+ оқырман)
Instagram: instagram.com/it_bilim.kz (1000+ оқырман)
Telegram: t.iss.one/it_bilimkz (3000+ оқырман)

Бұдан бөлек алгоритмнан есеп шығаратындар үшін екі телеграм арна ашқанбыз.
Codeforces: t.iss.one/codeforces_kz
Leetcode: t.iss.one/leetcode_kz

P.S Айтпақшы, бұйырса бүгін кешке ютуб арнамызда "Әркім хакер бола алады" вебинарының жазбасы шығады.

P.P.S Рәмілге неше түрлі пікір жазып, чоконы блоктап болсаңыздар енді іске көшейік 🙂
👍82😁1