IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Js дің жаңа мынандай feature шығыпты, енді await ті кез келген жерде қолдануға болады
😱3
Forwarded from KazTech
👍8
Forwarded from Dos
Пайдасы тиiп калар деген умiтпен мына екi плейлисттi усынамын:

https://www.youtube.com/watch?v=t9zmrvqleeI&list=PLDFYT4koElriRKM3_DHJ5CpZ_FSvmgCjS

https://www.youtube.com/watch?v=pWNgympFeWE&list=PLDFYT4koElriatCZ_QLYcUcVYYDTsQr58
2👍2🔥2
Forwarded from IT bilim (Yedige)
Адами ресурс өте құнды, ал оның ішінде әрдайым ізденісте, қозғалыста болған жөн. Біліміңді жетілдіріп, жаңа трендтерді үйреніп, біліп отыру керек.

Қарапайым бір мысал, менің стартап компаниямның басшысы жасы 65-тен асқан зейнеткер. Солай болса да ол  бір жерде қозғалыссыз отырмайды. Әрдайым ізденісті, жаңа нәрсені көріп, біліп жүреді. Соған таң қаласың, біздің елде 50-60-тан асса болды, өздерін үйде отыру керек, қартайып қалған қарт кісі ретінде сезінеді. Ал мұнда өмір енді басталғандай екінші тынысы ашылып, жаңа компания құрып, жаңа бағыттармен жүре бастайды. Сол үшін өзімнің қазақ бауырларыма, замандастарыма айтарым нені қолға алсаңыз да ешқашан кеш емес. Көріңіз, біліңіз, не болмаса жастарға өз білгендеріңізді үйретіңіздер.

Тағы бір айтарым - қай дамыған ел болмасын бір рет болсын сонда болуға тырысыңыз.  Себебі шетелде жүргенде ғана таным көкжиегің артып, көзің ашыла бастайды. Басқа жердегі өмірді көргенде өз еліңмен салыстырмай, сын көзбен қарамай тұра алмайсың.  

Толығырақ⤵️⤵️⤵️ https://malim.kz/article/society/koreyada-turatyn-qazaq-munda-eskim-zetiskennen-kelmeidi-18419
👍91👏1
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali)
Бүгінгі күндегі Codeforces платформасындағы Қазақстанның ішкі үлесі қандай дегенге кішігірім анализ жасаған едім.

Сонда 3-тен 1 бөлігін тек жаңадан келгендер құраса, 4-тен 1 бөлігін шәкірттер екен.

Жалпы 5% мастер мен оданда жоғары деңгейлерді құрайды екен.

Бір қызығы мүлдем ресми рейтингтік жарыстарға қатыспағандар да көп екен, яғни Қазақстан деп көрсеткеннің әрбір 7-сі көрермен деген статусқа ие.

PS. Жалпы сіздерді жиі қатысуға шақырамын!
👍7
Forwarded from IT bilim (Мұқаммедәли)
Алгоритмдерді білу бағдарламашыға тиімділігін арттыруға, аналитикалық қабілеттерін дамытуға және жұмысқа орналасуда тех сұқбатты сәтті өтуге көмектеседі.

Алгоритмдердің түрлері және олардың артықшылықтары туралы ІТ Bilim бағдарламалау мектебінің менторы Едіге Радолда митапта айтатын болады.

Күні және уақыты: 18 тамыз, 19:00
Кім үшін: студенттерге, әзірлеушілерге, информатика мұғалімдеріне, оқушыларға
Форматы: онлайн және офлайн
Мекенжайымыз: Қарағанды қ., Алалыкин көш., 12 үй

Митапқа сілтеме арқылы өтіп, тіркеле аласыз 🚀

@it_bilimkz
instagram.com/it_bilim.kz
youtube.com/ITBilim
👍42
😁4👍1
Қайырлы күн!

Product-менеджер мамандығының 2022 жылғы Зерттеуі жарияланды!

Барлық ақпарат өткен жылдың деректерімен салыстырынған. Еліміздің үздік IT-компаниялардың мамандары өз пікірлерін қалдырды.

Барлық қатысқандарға үлкен рахмет!
👍5
Forwarded from IT bilim
0-ДЕН БАСТАП АЛГОРИТМ КУРСЫ (PYTHON/C++)

БАРЛЫҚТАРЫҢЫЗҒА СӘЛЕМ!

Көпшілік қайтадан Программалау негіздері мен Алгоритмді 0-ден бастайық деп сұрағаннан курсымызды келесі айдан бастап, жалпы 2-айға (қарашаға дейін) жоспарлап жатырмыз.

КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН:
- Python немесе C++ программалау тілі бойынша базасы немесе түсінігі бар;
- Негізінен мектеп ұстаздары арналады (бірақ ешкімді шектемейміз);
- Аудандық/облыстық олимпиада есептерін шығаратын деңгейге жеткісі келетін ұстаздар үшін;
- Codeforces контестінде div2-нің алғашқы есептерін оңай шығаратын деңгейге жеткісі келетіндер үшін.

ЖАЛПЫ КУРС ТУРАЛЫ:
- Қыркүйек пен Қазан;
- Аптасына 2-рет (вторник-сейсенбі,, четверг-бейсенбі) зум арқылы кешкі уақытта болады.
- Әр сабақ ұзақтылығы 1-1,5 сағат.
- Жалпы курста 16-18 сабақ болады деп жоспарлануда.


ТІРКЕЛУ ҮШІН: tiny.cc/algokurs
👍7
8 қазанда Kolesa Conf 2022 IT-конференциясы өтеді!

Kolesa Conf
— әзірлеушілер, data-мамандар, QA-инженерлер, менеджерлер, стартаперлер және IT-қауымдастығының басқа да өкілдері үшін жыл сайынғы конференция. Биыл ол 8 қазан күні өтеді.

Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 4 бағыт: Data Science, Management, Web және Mobile. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff, Dodo Brands, Percona, Arbuz / Pinemelon, Aviasales, Yandex, Karpov.Courses, 1fit, Kaspi, Beeline Казахстан, Tele2, BTS Education, Technodom, JMart, Jusan Bank, СберМаркет, Magnum және т.б. компаниялардың сарапшылары 9-10 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.

Кез келген қызықтырған бағытты, спикерді, баяндаманы емін-еркін тыңдауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.

Былтырғы Kolesa Conf-ті ТМД елдерінен 15 006 қатысушы тамашалады.

Kolesa Conf конференциясына қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.

Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.
👍8💩3👎2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
НУда жақсы хакатон болғалы жатыр екен. Сол жайлы каналда хабарлауымды сұрады:


Назарбаев Университетіндегі Компьютерлік Техникалар Ассоциациясының Студенттік ұйымы 5ші жылдық халықаралық HackNU/2022 Хакатонынына тіркелу басталғаны туралы хабарлайды!

HackNU - ITдің әртүрлі саласындағы мамандарға арналған марафон. Командаларға жетекші әлемдік және Қазақстандық IT компаниялар ұсынған мәселерді шешуге 36 сағат беріледі.

Өткен хакатондардың демеушілері Google, Microsoft, Meta, EPAM, BTS Digital, Chocofamily және басқа да IT индустрияның жетекшілері болды. Осы жылы спонсорлар тізімінде Google, EPAM және Beeline.

HackNU сайысына қатысып сіз басты ақшалай жүлдені жеңуге мүмкіндік пен баға жетпес тәжірибеге ие бола аласыз. Сонымен қатар, пікірлес адамдармен танысып, өзіңіздің бағдарламалау қабілетіңізді сынай аласыз.

Тіркелу формасын біздің сайттан таба аласыз. Берілген 3 тілдің БІРЕУІНДЕ ҒАНА тіркелуіңізді сұраймыз!

ТІРКЕЛУ ҮШІН СОҢҒЫ КҮН: 17.09
📍Хакатон өтетін күндер: 23-25 қыркүйек, 2022
📍Формат: онлайн және оффлайн
📍Өткізілетін жер:
Назарбаев Университеті,
Астана қаласы

Жаңалықтарды өткізбеу үшін бізге тіркел!
Telegram: @HackNUinfo
👍7