IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
#kaz #auyl_live #жақсы_жаңалық

🌧☁️🌧"Сұры бұлт түсі суық қаптайды аспан" демекші, Жалағашқа да күз жетті.
🍁Ауылдың күзі адамның еңсесін басады, қаладағыдан мүлдем басқаша. Үйді шала жылытып, әлсіз от жағып қоясың. Дегенмен, ыза байқалады, аяқ тоңады. Өз көңіліңді өзің көтермекке әлсін-әлсін шай ішесің. Сыртқа шықсаң жел ойнап, құм суырып жатады. Ішке кірсең жарық аз, күндіздің өзінде көңіліңе қаяу салып қояды. Осы жаз бен қыстың ортасындағы өтпел мен үшін бір кішкентай сынақ 🥀
8 сыныптарда ма еді, валеология пәнінде "қажу" деген тақырып өткенбіз. Есімде қалған қорытындысы - адам өмірінде осындай қажулы кезеңнің болып тұрғаны да жақсы арасында. Сәл қатаясың, есейесің, босаңсып кеткен болсаң бір жиналасың дегендей...

⭐️💥🌟💥🌟

Өстіп, іш пысып, қайтып өзімді бір жұбатып қоярымды білмей жүрсем, кеше бір тосын оқиға орын алды.
Телеграмда бір программистпен сөйлесіп отқам. Github-тағы Қазақстандық опенсорс проекттердің тізімін құрып қойыпты. Сол сияқты gitlab-тыкі де бар ма екен соны сұрайын деп. Ол болса өз кезегінде gitlab-ты жұмыс үшін, ал github-ты opensource үшін қолданған жөн екенін түсіндірді. Сөзден сөз туып, кішігірім әңгіме құрдық.
- Айтпақшы, "ауылдағы it" деген жобаны жасап жатқан сенбісің? - дейді маған.
- Иә.
- Бұл жаңалығыңды оқып біз қатты қуанып қалдық. Біздің де осы сынды жобаларды жасағымыз келіп жүр еді бұрыннан. Бірақ уақыт болмай, сырғып сырғып, жасалынбай қалды. Саған біз қолдау көрсетейік.

Ішімнен қолдаудың қандай түрі екен деп ойлап қоям. Идеялық па, ақшалай ма, заттай ма екен, мүмкін ақпараттық шығар ? Ойымды өзі растап берді сол мезет:
- Әзірше барынша саған ақшамен немесе бірер сұхбаттармен көмектесе аламыз, - деген хатын оқыған кезде біраз жадырап қалдым. Өйткені, тура осы екі нәрсені өзім де тілеп жүр едім іштей🎯
Ә дегеннен "берсең бере ғой" деп қабымның аузын аңқитып ашып тастауды ерсі көрдім. Еркек болған соң, одан да жұртқа пайдалы бір іс жасап донатқа лайықты болмаққа бел будым.
Ойымды жеткізіп едім, толықтай құптайтынын айтты:
- Өз балдарыңды өзің білесің ғой. Қайсысы қай деңгейде, қолынан не келеді. Соған қарап өзің бірдеңе ұйымдастырсай, - деді.
- Жақсы. 5 күн ішінде формат ойлап тауып + базовый механизм құрып көрейік, - дедім. Сөйткен 5 күнімнің 1 күні өтті)
Әзірге тек бір ғана қарапайым идея ойға кеп тұр
💡сайт құрсақ:
1 - ауыл клубына донат жасағысы(аға буын) келетіндер мен студенттер(жас буын) тіркелсе
2 - Аға буын қызық тапсырма құрса, уақыты мен сыйақы көлемін бекітсе.
3 - Жас буын шамасы келгенше өздері немесе менің көмегіммен сол тапсырмаларды орындап, GITHUB-қа салып отса нәтижелерін.
4 - Тапсырма дұрыс орындалған жағдайда Аға буын клубқа донат жасаса

Бұйыртса, ұтатынымыз мынау:
Аға буын -
* Жас буынға ақыл-кеңесін, ескертулерін жеткізеді.
* ауылға қаржылай көмек көрсетеді.
* Жас буынды сыртынан бақылап отыра алады.
* арасынан дарындыларын байқаса өзіне тартып көрсе болады кейін.
Жас буын -
* Аға буынның комьюнитиіне қол жеткізеді
* Жайшылықта жинау қиын тәжірибені аз уақыт арасында жинайды
* донат арқылы өзінің азын-аулақ жағдайын көтере алады. Нәтижесінде басқа жұмысты тастап, тек қана программист болып кете алады.

Клуб -
* өз миссиясын орындауға, ауыл жастарына жұмыс тауып беруге зор мүмкіндік ашылады
* келіп жатқан донаттар арқылы жаңа техникаларға қол жеткізеді, өз деңгейін көтереді


Қосар ойларыңызды жекеге жаза берсеңіздер болады https://t.iss.one/karnurmax
#kaz #flood_time

Кеше сабақтан біраз кеш қайттық. Әдетте шаршап, быт-шыт болып қайтатынбыз көп отырып қалсақ. Бұл жолы түрлері жадыраңқы.

Көшеде келе жатып "қалай болды, шаршадыңдар ма?" десем, "жоқ, түк шаршаған жоқпыз" дейді. Мұрындарына ақшаның иісі келе бастаған ғо)) аахахахахаха )))))
"Сосын тағы бірдеңе керек, кішкене ғана нәрсе" десем талай фрилансер мырс етіп бір күлетін шығар...

Бір таныс жігіт qr code генератор жасап берші деп тапсырыс берген. Шағын ғана tool керек деп ұқтым. Ол жігіт өзі саудамен айналысады. Сатып жатқан заттарының сертификатын тексеріп кеп тұрады екен құзырлы мекемелер. Әр келген сайын әр заттың сертификатын көрсете беріп шаршаған ғой. Енді тауарлардың қасына qr code қойып қоймақшы. Керек адам сканерлеп алып, сілтеме бойынша сертфикатты тамашалай береді.
Онысын жасап қойдық. Хостингке салып, міне қарай ғой деп. Сілтемесі мынадай: https://qr-generator.zhalagash.it
Бүге-шігесіне дейін жасалған сайт емес, тесттен өткізсеңіздер көп баг табуларыңыз мүмкін.
Бірақ, айтарым сайт емес, басқада )
Қызығы сол, тапсырыс беріп жатқанда ол жігіт qr code + сосын тағы бірдеңе керек деген. Тағы бірдеңесі интернет магазин болып шықты. Мына qr code-тарға тағы бір функционалдарды қосып, тағы бір "кішкене" өзгерістер енгізіп, нәтижесінде интернет магазин қылып беруім керек екен. Қалай кішкентай генератордан магазин шығаратынымды толық түсіне алмадым, өзі де түсіндіре алмады.
"Каша из топора" тілін тістеп тұр )
Шүкір, бүгін бірінші ақшамыз түсті қоржынға💰
Ауыл клубының алғашқы табысы )
🏢Бір көке балкон жөндеумен, қаптап, ішіне шкаф құрып берумен айналысады екен. Сол көкеге сайт визитка жасап бердік. Ал енді сұрақ, қанша ақша түсті деп ойлайсыздар ? : )
Anonymous Quiz
24%
10 000
23%
20 000
33%
30 000
20%
40 000
#qaz #github #opensource #jsgame #for_beginners

🚀🚀🚀

https://jsgame.zhalagash.it

Жалағаш IT клубының алғашқы opensource жобасы гитхабқа салынды (https://github.com/zhalagash-it/jsgame)
Программист боламын деген жастарға арналған ойын.
Ойынның мәні - жаумен соғыса отырып, сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 ракета қиратсаңыз += 15 ұпай
1 сұраққа дұрыс жауап берсеңіз += 100 ұпай
жаудың ракетасымен соқтығысып қалсаңыз == ұтыласыз

Дәл қазір тесттік деңгейдегі прототипі ғана. Ат салысамын деген программисттер шықса мархабат.

Сұрақтар қорын толтырамын десеңіздер де қуаныштымын : )
#qaz #useful_links

https://www.youtube.com/watch?v=NzJ87YPn1Kc
.
.
https://t.iss.one/jaiqschool - авторы - @achilova
👆🏽осы арнадан әдемі подкаст көріп қалдым.


Подкастта Арафат Нұрлақов есімді ағамыз өзінің жобасы жайлы, идеясы жайлы біраз әңгіме қозғайды.
Мұғалімдік жолын таңдаған жастарға қолдау көрсететін жоба.
"Халықтық жоба" форматын қолданады.
Өте қызықты материал қарап шықсаңыздар 👍🏼
https://www.youtube.com/watch?v=NzJ87YPn1Kc
#rus код ревью. тем, кто в теме, уже умеет кодить, но все же хочется набраться опыта, должно понравиться
#qaz #ауылдағы_it #zhalagash_it

https://www.instagram.com/ulydalaubt/?hl=kk

Ұлы Дала ҰБТ деген жобаның сайтын жасауға кірістік.
Онлайн курстар. ҰБТға, олимпиадаға дайындайтын жігіттер.

Сайт ашық интернетке шыққан бойдан қолданушылар лек-легімен төгілмек деп шамалап отырмыз. Сол себепті, сайтқа қойылатын ең бірінші талап - бір уақытта 5000 адам кірсе де сайт құлап қалмай, өз жұмысын жасай алуы керек.
Бұрын соңды мұндай сайт жасап көрмеген едім. Біледі-ау деген мамандармен ақылдасып, бірігіп жасап жатырмыз. Бір қуантарлығы тәжірибелі программисттер(арасында дос, бауырларым да бар) аздап болса да уақыт бөліп, ақыл-кеңестерімен тегін түрде бөлісіп жатыр. Оларға айтар алғысым зор. Әрі қарай кеттік...

Бұл жобада 4 адамбыз: Ерлан, Ерсұлтан, Жасұлан, мен.

cvs: git - gitlab
Frontend: NuxtJs
Backend: expressJs
Database: mysql
сервер: digital ocean-нан алмақпыз, бұйыртса

Орындалуға берілген уақыт: 30 күн

Ал, міндік ал атқа ! Бұйрғанын көрерміз !
#qaz #flood_time #zhalagash_it #ауылдағы_it

Жігіттерге салмақ түспесін деп, фронттан жай-жайдан, жеңілінен теріп тапсырма беріп жатқам ғой. Әуелі асықпай gitlab-қа бойы үйренсін, commit push жасап, merge request жасап, nuxtJs-тың қыр-сырымен таныссын деп.
Әр тапсырманы бөлшектеп, шағып, шешу жолын түсіндіріп, мейілінше жеңілдетіп тырысып жүрсем, мана "че там фронтта отыра береміз бе, бэкендтен серьезный тапсырмалар істемедік пе" деген сияқты подтексттер кетіп жатыр)) ахахахахах ))))

Кезінде бір завуч апай айтқан еді "плох тот солдат, который не мечтает стать генералом" деп. Сол сияқты, мырзаларың жаман емес, жалыны бет шарпиды. 2 айдан соң өзімді жұмыстан шығарып жібермесе болды "ты уволен!" деп )))
Кей кезде кенеттен көңілім қатты көтеріліп кетеді. Жұмысым қаптап, уақытым тарылып, қарыздар жағаға, бала-шаға аяққа, жұмыстар қолға оралғанда бұл не қылған күлімсіреу деп қоям іштей, жылау керек едім қайта. Бәлкім, іштей шаршағанның белгісі ме екен. Ай, жоға, шаршау қайда, мен қайда. Тұншығып келіп, жарылып шыққан шабыт шығар.
Бала кезде "мына шаруаны бітір, сосын барып кетесің футболыңа" деп айтатын еді ғой, сол кезде барыңды саласың емес пе. Денеңмен қорада тезек атып жатсаң, ойыңмен алаңда құсша ұшып жүресің ғой, сол сияқты болып отырмын қазір қысқасы)
Forwarded from Ibrahim Tashim
Біз көптеген қосымшалар мен веб-сайттарды өзіміздiң күнделікті мәселелерiмiздi шешу, сұрақтарға жауап іздеу немесе көңіл көтеру үшін қолданамыз. Сіз осындай цифрлық интерфейстердің қалай жасалатындығы туралы өзіңізге сұрақ қойып көрдіңіз бе?

Біз Maker Space Almaty және де Chevron Kazakhstan компаниясымен бірігіп жаңадан бастаушыларға арналған UX / UI дизайн курсын онлайн режимінде бастайтынымыз туралы хабарлауға қуаныштымыз! Бұл курс сізге UI / UX дизайнының әртүрлі аспектілері туралы жалпы білім алуға көмектеседі. Егер сіз басты веб-дизайн негіздерін білуге ынталы болсаңыз, бұл курс сізге арналған.

Осы курс барысында сіз:
- дизайн әдіснамасының негіздерін үйрену;
- UX пен UI арасындағы айырмашылықты түсіну;
- пайдаланушылардың қажеттіліктерін зерттеу және пайдаланушылар ағындарын құру;
- визуалды дизайн негіздерін пайдалану;
- Figma көмегімен интерфейстердің дизайнын құруды үйренесiздер.

Орындардың саны шектеулі: 15
👤 Жас: 14+
🗓Бастау күні: 13-шi Қараша
🕐 Уақыты мен күні: сенбі, 10.00 - 14.00
📌 Тіркеу мерзімі: 10 Қараша, сағат 12.00

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет.
Тiркеу сілтемесі:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfeUCHMq-Wktl6RvPRbfN49DlKTVuWC2mOIDAPHTrQZh8fuyg/viewform

#AmSpacesAtHome #MakerSpaceAlmaty #ChevronKazakhstan
Бесіктен белім шықпай қартаяйын дедім бе, ұнамайтын нәрселер пайда болып келеді жайлап.
Бұрынырақта, сонау 2003-терде бір ұялы байланыс операторының тарифы есімде қалыпты. Ішкі қоңырауларға минутына 16тг, сыртқыға 42тг. Бірнеше минуттан кейін, 8тг/36тг болып па, арзандайды. Соны көргенде өзім кәдімгідей қуанып қалғаным бар тұғын. Қасымдағыларға айтып. Міне, мынадай тариф шықты, бірден қосылып алдым деп жарнамасын таратып.
Кейін уақыт өте келе тағы бір оператор кірді нарығымызға. Ол кірген бойда тарифтер бірінен соң бірі арзандай бастады. Сол кезде ғана бұрынғы мәз болып жүрген тарифымыздың удай қымбат болғанын түсіндім. Білімнің жоқтығынан ба әлде жаңа технологияға, бизнеске ұмтылыстың болмағанынан ба, халық деңгейінде таяқ жеп жүрген екенбіз ғой деп қалдым. Сервис үшін бір бақыр, жалқаулық үшін қырық бақыр төлеген екенбіз деген ойдамын. Бұл жай ғана бір мысалы. Тізе берсең көп қой.

Кейбір қу таксисттер сияқты. Керек жеріңе дейін жүрер жолыңды біліп тұрсаң бес жүз, білмесең мың жарым деп сан соқтыратын )

Қорытындыда айтпағым,ел деңгейінде терең білім алып, әр заттың таза құнын біліп жүрсек қой.
#karnurmax #startup #тәжірибемнен

Бір гранттар, байқаулар, хакатондар шығып жатады кейде. Позитивтің адамы болған соң бас сұғып көресің ғой, тыныш отыра алмай )
Бұрын аласұрып қатысқым кеп тұратын. Қазір өлшеп қарасаң тиімсіз екен.

Пәлен күн дайындығың бар, зерттейсің, уақытың кетеді. Cылап-сипаумен-ақ уақыттың сорына айналады. Ішіңнен өзіңнің сағаттық табысыңа көбейтсең біраз шығындалады екенсің. Ал енді ол жерде өтесің бе, өтпейсің бе ол да маңызды сұрақ. Мында өзіңнің тірлігің кідіріп қалады. Командаң бар болса оларды да алаңдатасың не тапсырмасыз қалдырасың. Ал стартап үшін 1 күн де маңызды. Клиенттерің де зардап шегуі мүмкін айналып келгенде.
Қорытындыласақ,
минустары:
* тапсырыстардың орындалуы баяулап не сапасы түсуі мүмкін.
* стратегиялық жоспарың тоқтап қалады. Түсінген адамға өте ауыр нәрсе
* ұтыстың бір бөлігін байқауға дайындыққа жұмсап қойдың. Әу баста айтылған сомамен алданып керек емес
* Әуестеніп, "грантпен ауырып" қаламын ба деп те қорқам. Өзіме қатысты.

плюстары:
* ұтсаң жақсы ғой, әрине ))💰
* өзіңнің салаңа қатысты байқау болса, өз жобаңды жақсылап бір саралап аласың. 💡Осы тұсы 100% жақсы жері. Бәлкім ақшасынан да маңызды шығар.
* жұрт қалай жылжып жатыр, соны байқайсың.
* жаңа таныстықтар боп қалуы мүмкін

Кезінде бизнестен тәжірибесі бар бір ағамыз айтқан еді "қанша ақша ұсынылса да алаңдама, көңілің мен күшіңді тек өз кәсібіңе жұмса. Әйтпесе, босқа әуреленіп, уақытың өтіп, морально шаршап, қолға алған стартап жүрмей қалады" деп.

Сол тегін ақылды тегін ала салудың орнына 2 жылымды төледім ғой мен ақымақ)
#flood_time

...алдыңғы постқа қатысы бар

Ай, қызық-ай, мен бірдеңе деп жағымды ашсам соның сынағы дайын тұрады )

Жаңа ғана тапсырыстарға алданбау керек, қанша ақша ұсынса да өз ісіңмен кете беру керек деп данагөйсіп ем. Енді поштама бір заказ өзі келіп тұр. Пост жазғаннан тура 90 минут өткенде кепті.
Былай-былай "иіскеп" қарасам "артында 6 нөлі" бар сомадан асып қалады екен. Жұмыс көлемі 1 айдың ар жақ, бер жағы.
Істеп жүрген нәрселер екен оның үстіне.
Не істеймін енді ? )
"моя прееелееесть" деп бас тарта алмай отырмын, күйдіргі-ай )

Өзім алайын ба әлде бас тартайын ба ?
Немесе субподрядқа біреуге "под ключ" өткізіп жіберіп екі ортада кішігірім комиссиямды көре салсам ба екен ? Бірдеңе деңіздер тез ))

💰 - Өзің ал, ақша керек жобаңа !
⛔️ - бас тарт
- біреуге субподрядқа өткіз
Қателесуім мүмкін. Дегенмен, мен мынадай теорияға тоқтадым. Адамның миы жаңа бірдеңені ойлап таба алмайды, тек бұрыннан көрген тәжірибесіне сүйене отырып қорытынды жасай алады. Үйретілмесе тіпті бірге бірді қоса алмайды деп ойлаймын, одан арғысын айтпағанда.

Сол себепті, ауыл ішінде кім программист болғысы келеді, мында келіңдер деу асыққан іс, әуелі хабарлау-насихаттау жұмыстарына көңіл бөлген жөн деп қабылдадым.

🔹 Не үшін программист болу керек?
🔹 Болсаң қандай нәтижеге қол жеткізе аласың ?
🔹 Ал жалқауланып жата берсең не ұтыласың ?
🔹 Программист ретінде еліңе қаншалықты пайдалы бола аласың ?
🔹 Мүмкін мына заманда программист болуға міндетті шығарсың да мынадай ми толған басыңмен, а, жігітім ?😎

Осы сынды сұрақтарды ауылдағы азаматтарымызға, жас буынға жеткізу керек.
Иә, алда бас жағында жауапсыз қалатын үндеулері көші қомданайын деп тұр )
Әйтседе, бір күні осы идеяның өз жемісін беретінінен үмітім зор ✊🏼
🧠 ==💣
Соңғы 3-4 күн, мүмкін одан да көп пе, миым жұмыс істеуден бас тартуда.
Мәмілеге келе алмай жатырмыз.
Кішігірім өтініштердің өзін орындағысы келмейді. ⛔️
Алдауға тырысамын.
"Қазір мынаны жасайсың, сосын демаласың" деймін.
Миым болса ренжіп қалған сияқты:
"Ой, қойш, сен ұдайы солай дейсің" ‼️