IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
#flood_time
Бір жерге байланысты проектте фулстэк болып істеп жатыр ем.
Картадан жерді түртіп қалсаң қандай заңды тұлғаға тиесілі екені жайлы ақпарат беретін функционал қосқанбыз жылдың басында.
Тура қаңтардың бірінде 00-00-де қостық )
Сол сервиске request келген сайын "headless" лог жазылып отыратын.
Жылдың басынан бері бір сәтке тоқтамай келеді.
Осы постты аяқтап боламын дегенше 5 request түсіп үлгеріпті )))
Қызық, адамдар түнгі 5-30-да да бірдеңе тексеріп отыр "қай жер кімдікі екен" деп ))
👍7
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali B)
Барлықтарыңызға сәлем!

Менен бірнеше адам осы кодфорс жайында және сол платформада қалай жұмыс істеуін керектігін сұрап жүр еді. Әр қайсысына жеке жауап қайтарудан, жалпы көпшілікпен бірден бөлісуді жөн көрдім.

Болатын сабақ мақсаты:
- Codeforces деген не?
- Оған қалай тіркелуге болады?
- Acmp сайттан артықшылығы не кемшілігі қандай?
- Неге осы платформада жұмыс істеп үйренген дұрыс?
- Есептерін шешу, дайын шығарғандарын көру.
- Платформа мүмкіндіктеріне де тоқталу (рейтинг, группа құру, дос болу, жарыс ұйымдастыру)

Меніңше бұл сабақ тек облыс олимпиадаға өткендер үшін ғана емес, тіпті информатика оқушылары мен мұғалімдерден бөлік, осы IT саласын көрем деушілерге де пайдалы болар.

Сонымен, бүгін кешке (дүйсенбі 28.02.2022) Астана уақытымен сағат 20-00де (батыс уақытымен 19-00де) Zoom (зум) платформасында ашық сабақ (қазақ тілінде) болады.

PS. Егер қатыса алмай қалам десеңіздер, сабақ жазбасын Үздік Білім арнасына жүктеп қоямын.

PSS. https://zoom.us/j/94002860396?pwd=YUNGK0ErZ1BkdGxSZzlrMHlQK2VxUT09
🔥4👍2
ассаламуалейкум.
Кім git ci/cd құра алады ?
1) git-ке нақты бір веткаларға пуш жасағанда
2) әртүрлі тесттер орындалып,
3) егер тест жақсы өтсе серверде апп жаңару керек.

rest api - nodeJs
front - vueJs

осы екеуіне.
тегін болса тегін, ақылы болса ақылы.
Ұсыныстарыңызды жекеде күтемін : )
Проекттің соңы. Жігіттер шайып жатыр)
Forwarded from Мұқаммедәли
#практика #стажировка #тағылымдама
#backend #frontend #ios #android
#qa #angular #react #scala
#java #businessanalytics

«OneTechnologies» IT компаниясы жалақысы бар OneLab тағылымдамасы басталғанын жариялайды.

Бағыттар:
1. QA
2. Angular
3. iOS
4. React
5. Scala
6. Java
7. Business Analytics

IT мамандығында 3-4 курс немесе магистратурада оқитындар өтініш тапсыра алады.
Осылай жазылып тұр, бірақ үндемей студентпін, 3-4 курста оқимын деп тапсыра беріңіз.
Мүмкін түйіндемеңіз ұнап қалар.

📌 Қатысуға өтініш 11 наурызға дейін қабылданады

Өтініш жіберу: https://lab.one.kz
Толығырақ: instagram.com/p/CaR2XTEsWSi

@it_bilimkz
👍12
👍5🔥1
Forwarded from Ethan Hamilton
Қалай продуктивность көтеруге болады?
Соңғы 2 аптада күніне 12-18 сағаттап жұмыс істедік, аптасына 7 күн бойы. Бірақ ең қызығы ешқандай шаршау я қиналу болған жоқ.
Сонымен бұл қалай болғаны деп зерттеуге кірістім (2 апта случайно продуктивность көтеріп қойыппыз). Маған көмектескен нәрсенің бәрін айтып шығайын, керегін аларсыздар)

1. Мотивация. Жалпы осы мотивация дегенді уже 1-2 жыл зерттеп келе жатырмын, уже гармондар мен рецепторлар жайлы бәрін оқып шықтым. Сонда да бір шешімін таппадым. Сондықтан “Мотивация бұл бір сәттік нәрсе, адам дисциплина қалыптастыру керек” деп шешкем. Аказбаетса олай өз өзіңізді қинап керек емес екен.
Мотивация алудың ең жақсы жолы бүкіл альтернативадан құтылу екен. Мысалы:

Үйде жұмыс істегіңіз келеді, бірақ төсекті көрген сайын жата кеп тикток қарай бересіз?
Офисқа барып істеңіз.

Яғни, үйде отырып қиналып керек емес. Просто офисқа кетіп қалыңыз, жататын жер болмаған соң амалсыз істейсіздер.


2. Тәск менеджер. Өз басым TickTick атты менеджерді қолданамын. Уже бұлсыз болмайтын болды. Бұл жұмыс аз кезде бәрі басымда тұратын по полкам) Соңғы кездері жұмысты ұмытып кетіп 1-2 рет ұятқа қалғансоң сразу тэск менеджермен жұмыс істеп бастадым. Оның үстіне синдром синдром самозванцамен қиналып жүргендерге жақсы, бір күнде қанша жұмыс атқарғаныңызды бақылайсыз.


3. Аштық пен аз ұйқы. Біртүрлі көрінуі мүмкін бірақ аз ұйықтаған адам жұмыста сергек отырады екен. Өз басым бұрын 8-10 сағат ұйықтайтынмын. Қазір 5-7 сағатқа түсірдім. Біра жағы көп уақытта эконом болады, тұрғандада жақсы тұрады екенсіз. Ұйқысын дұрыстай алмай жүргендерге мелаксен ұсынамын. Өзіме 1-2 гр көмектесті, кез келген аптекаға мың теңгедей ғана тұрады.
Ал аштық асқазанды кішірейтеді екен, аз жеген сайын тәбетте азая береді. Жұмыс барысында тамақ жайлы ойлауды мүлдем қойдым :)


4. Фигма. 2 апта шахта қазған жоқпын, сол баяғы дизайнмен айналыстық. Бірақ Фигмамен жұмыс істеу бұл бөлек бір рақат екен. Программаның жылдамдығының арқасында көп жұмыс істеуге мүмкіндік болды. Оның үстіне интерфейсте жұмыс істешшш деп тұратын сияқты. Дизайнерлерге таптырмас құрал. Канва сияқты бірақ халал :)


5. Тыныштық пен уют. Мен өз басым шулы жерде фокусты шашыратып аламын. Оның үстіне жоғарыда айтылғанда мотивация жоғалып кетеді. Аналармен бірге барып әңгімелесіп тастағың кеп тұрады. Ойнап-күліп жұмыс жайлы ұмыта салғың кеп кетеді барғой).
Сондықтан жұмыстың көбін барынша адам аз жерде, қалғанын ешкім шуламайтын кабинетткерге кіріп істедім. Мен сияқтылар болса лайфхак: Ютубта Study with me видеолары бар, соларды қосып қойсаңыз фокус жинауға көмектеседі.


6. Вим Хоф тәсілі арқылы дем алу. Бұл 2021-де мен білген ең керемет нәрсе болды. Спойлер айтпай-ақ қояйын, ютубтан қараңыздар. Прооооооооосто каеф.

7. Уже заңсыз қарулар кетеді мына жақта XD
Модофин - фокус жинауға арналған дәрі, өте жақсы көмектеседі. Доза 400мг күніне
Кофеин - бұл кофе емес, кофеин-бензоата натрий. Таблетка күйінде сатылады, доза 200-400 мг күніне
Энергетиктер - жалпы 1 литрге дейін ғана қолдануға кеңес беерміз, ары қарай қауіпті.

Все осымен бітті. Әлі жұмыс істеп жатырмын. Әлі бәрі жақсы. Жай ғана қандай мақсатқа бара жатқаныңызды ұмытпасаңыз болды.
🔥91👎1
Forwarded from N T
Қайырлы күн, достар! Қазіргі күні IT-мамандарының дәурені жүріп тұрған кез. Қызметін енді бастап жатқан айти саласы емес мамандар жалақысы 60-90 мың теңгеден басталып жатса, айти мамандары бірден карьерасын 150-200 000 теңдеген бастап жатқан талай жас маманды көрдік. Осы және басқа да еліміздегі IT-саласы туралы InBusiness.kz сайтына берген сұхбатымды оқи отырыңыздар: https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstannyn-ortalyk-aziyada-kremnij-alkaby-boluga-mumkindigi-bar-it-maman

🙂 ойларыңызда, пікірлеріңізді жазыңыздар осында)
👍10
Forwarded from Deleted Account
Барлықтарыңызға сәлем!

NuxtJs стажировка өткісі келетін жігіттер бар ма ?

🗓 15 сәуір - 30 сәуір арасы

🥇 Артынша жақсы нәтиже көрсеткен 1 адам жұмысқа алынады.

💵 Айлық 200-500 арасында. Кандидаттың деңгейіне қарайды.

барлық сұрақтар бойынша:
Нұрлан Қарақұлов
https://t.iss.one/karnurmax
+77078629827
👍9
Теслафонның бағасы қанша?

Илон Масктың жаңадан шығаратын Teslafon-ы әлемдік ұялы байланыс нарығына үлкен соққы болғалы тұр. Себебі,бұл Теслафонды Сіз сатып алу арқылы интернет трафик төлемейсіз.
Starlink жүйесі арқылы жұмыс істейтін бұл телефондарда интернет ұстамай қалу, сеть жоқ деген мәселе жоқ. Сіз телефонды сатып алу арқылы телефон бұзылғанша интернетті шексіз қолданатын мегабайтымен бірге аласыз. Яғни, ай сайын абоненттік төлем төлемейсіз.

Сосын, айдалада телефоныңыз өшіп қалса, зарядтайтын электр көзін іздеп әуре болмайсыз. Күннің сәулесінің астында 30 минутта 20% дейін заряд ала алады.

Teslafon-ның бас камерасы 108 МП, 6,5-дюйм 4 мыңдық экран , Snapdragon 898 процессоры мен 2 ТБ жадыға өлшеніп жасалған.

LifeWire-дің жазуынша , Tesla смартфонының бағасы да қолжетімді. 800 доллар мен 1200 доллар аралығында.
Айтпақшы, теслафон 2022 жылдан бастап сатылымға шығады деп айтып жатыр. 2030-ды да күттік қой. Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Автор: Оңғар Қабден
👍13
Forwarded from Deleted Account
Қызық болды. Жұмыста бір жас бала бар еді.
Жиі менімен таласып қала беретін.
Кешелері бір жаңа проект басталып жатқанда тағы да технологияларды таңдау барысында сөз жарыстырып бастады.
Мен ескі технологияда қала беретінімді айттым. Себебін де түсіндірдім. Бірақ жастың аты жас.
Айтылған сөз құлағына жеткенмен, жүрегіне жетпейді )

Ұрысып бастадық бір кезде. Ми шірітуіңді қоймасаң проекттен шығасың деп кесіп айттым сосын.
Басылғандай болды.
Бірақ мен өзім айтқан сөзіме көңілім толмай, ыңғайсызданып қалдым. Оның бүйтіп басылғаны не керек ?
Бұл не сөз сонда? Біреу пікірін білдірді, ал мен оған сабырмен түсіндірудің орнына ұрысып тастадым деп ойланып отырдым.

Сабазым көз алдымда сазарып отыр. Жалындап тұрған жасқа жақсын ба "шалдың қыртым ақылы")
Әрі қарайғы шабуылдарын телеграм арқылы жекеме хат жазумен жалғастырып жатыр.

Бір ұнайтыны, өте ізденімпаз жігіт. Ағылшыншасы сайрап тұр. Шетелден оқып келгені тағы бар.
Интернетті қопарып өзінікін дәлелдейтін аргументтер тауып, шетінен маған көрсетуде. Айырып тастап жатыр )

Еее дедім сосын. Көп ойланбай фронт тимлид қылып сайлап жібердім проектке. Өзім бэкендке жатып алдым.
Ал қане, барлық қалауыңды жасауға еріктісің. Мен сені қолдаймын деп арқаландырып қоямын.
Сөйтсем, қырғын таласып жатқан жігітм бірден тынышталып қалды. Сіздің айтқаныңыз бола берсін дейді.
Қой дедім, артқа жол жоқ, сен "ең главныйсың" енді. Қол астыңда ендігі бір стажер бар. Фронтты жүргіз!

Өзіме қатты қызық болып жатыр. Не істейді екен. Алып кетеді ау деген үмітім зор.

Кезінде, өзімнің аз білетінімді ескеріп, егер біреулерің менен көп біліп тұрсаңдар қуана қуана орнымды берем деп ем.
Бәлкім, уақыты да келген шығар )
👍21
here you can see the main necessary tools for Frontend, I really like it
👍4🔥2
«Код және Кофе» жаңа маусымы - қазақстандық IT-қоғамдастық туралы подкаст ☕️💻

IT-сала мамандары қонаққа келіп, кофе ішіп және күрделі, техникалық нәрселерді қарапайым, адам тілінде түсіндіретін орын.

Подкаст кез келген IT-мамандар үшін жарайды:

- әзірлеушілер
- project- және product-менеджерлер
- жүйелік әкімшілер
- data-мамандар
- QA-инженерлер
- дизайнерлер
және т.б..

Жаңалықтардан: жаңа жүргізуші – Кристина Абдраимова және жаңа формат – видео! 🎥

Қазірдің өзінде 3 эпизод бар:

• Посткарантиндік қатал әлемде әзірлеушілерге soft skills қажет пе?
• 10 жылдан кейін де жұмыс істейтін кодты қалай жазуға болады?
• Стартапты табысты бизнеске 3 жыл ішінде құру.

Подкастты видеоформатта YouTube-та қараңыз.

Аудиоқұмар болсаңыз, мына сілтемелерді ашыңыз:
Яндекс.Музыка
Apple Podcasts

Маңызды: подкаст орыс тілінде жүргізіледі.
👍4
Сіздің мансабыңыз үшін ең жақсы 10 сайт:

1. Linkedin
2. Indeed
3. Naukri
4. Instahyre
5. Monster
6. Careercloud
7. Dice
8. CareerBuilder
9. Jibberjobber
10. Glassdoor

Сұраныстағы 10 техникалық дағдылар:

1. Machine Learning
2. Mobile Development
3. SEO/SEM Marketing
4. Data Visualization
5. Data Engineering
6. UI/UX Design
7. Cyber-security
8. Cloud Computing/AWS
9. Blockchain
10. IOT

Тегін онлайн білім алуға арналған 10 сайт:

1. Coursera
2. edX
3. Khan Academy
4. Udemy
5. FreeCodeCamp
6. MIT OpenCourseWare
7. Stanford Online
8. Codecademy
9. ict iitr
10. NPTEL

Тегін 10 сайт резуме жасауға көмектесетін шаблондар:

1. Zety Resume Builder
2. Resumonk
3. Resume dot com
4. VisualCV
5. Cvmaker
6. ResumUP
7. Resume Genius
8. Resumebuilder
9. Resume Baking
10. Enhancy

Интервьюге дайындалуға арналған 10 сайт:

1. Ambitionbox
2. AceThelnterview
3. Geeksforgeeks
4. Leetcode
5. Gainlo
6. Careercup
7. Codercareer
8. InterviewUp
9. InterviewBest
10. Indiabix

Өзіңіздің нұсқаңыз болса, пікірге қалдырыңыз!
🔥104👍4
⚡️ 2022 жылдың сәуір айында Astana Hub Google for Startups (GfS) компаниясымен серіктестік туралы келісімге қол қойып, Орталық Азия аймағындағы бірінші серіктес болды.

Astana Hub GfS бірлесіп Орталық Азиядан (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан), Әзірбайжан мен Моңғолиядан стартаптар үшін акселератордың іске қосылғаны туралы хабарлайды.

🔹 Биылғы жылы стартаптар үшін Product/Market Fit кезеңінде екі акселерация ағыны жоспарланған, олардың әрқайсысында Нұр-Сұлтан қаласында офлайн форматта 15-ке дейін стартап қатыса алады.

Өз кезегінде, GfS серіктестік аясында Google сарапшыларының бірегей шеберлік сабақтарына және жеке тәлімгерліктеріне қол жеткізуге, сондай-ақ өз платформасында және әлеуметтік желілерде қызықты кейстерге PR қолдау көрсетуге дайын.

❗️ Жаңалықтарды қадағалаңыз! Кешке өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз.
🔥9👍5
Forwarded from 🇷🇺 // Sergey Lazarevic
Неліктен Server Error 500 қатесі шыға береді?
Тек 500 емес, 502, 503 т.б

Біріншіден, кодтың 5 цифрынан басталады екеніне назар аударайық. 5 деген сан қателіктің серверден кетіп тұрғаны туралы айтады.

502/503 қателері негізінен сервердің конфигурациясы (NGINX, Apache conf) дұрыс жасалмағандықтан немесе қолданылмайтын сокет/порт арқылы запрос жасағанда шығады.

500 қатесі келесі заттардан шығуы мүмкін:
- Сервердегі сервистердің біреунің құлауы;
- БД серверінің істен шығуы;
- OutOfMemory, Memory Leaks және тағы да басқа факторлар;
- Сервердің дұрыс емес инпут алып, соны обрабытвать етіп құлауы;
- Кодтағы қате;
- Бэкенд кодындағы қате;

———
Егер осы заттарға назар аударып, фиксить етсе сервер міндетті түрде іске қосылады. Ал қателік пен багтарды жақсылап іздеу үшін логтарды қарау керек, и желательно Sentry, Prometheus, Grafana деген баг-трекерлер мен сервердің халін тексеріп тұратын сервистерді жалғап қою керек, қуанышқа орай олар тегін болып келеді.
👍15
Forwarded from IT bilim
Анонс! 📣📣📣

Алгоритм және деректер құрылымынан білімін арттырғысы келетіндерге, сол бағытта дамитын орта іздегендерге арналады.

Жексенбі (29/05/2022) алғашқы танымдық, оқу-жаттығу кездесуі болады. Кездесуде асимптотик (Big O), array, хешиң, two pointers және sliding window паттерндарын үйренеміз.

Қысқасы:
⁃ Тегін!
⁃ neetcode.com-дағы 150 есептік тізімнен есеп шығарамыз. Басқа жерден де есеп қарастырсақ болады.
⁃ Тақырыптарды білгенімен бөлісгісі келетіндер түсіндіреді. Ескерту: біздің көбіміз кәсіби мұғалім емес, ал жалпы бұның бәрін жақсы ниетпен өз еркімізбен өткізбекпіз.
⁃ Тапсырмаларды өзіміз шығарамыз. Тапсырмаларды орындау барысын өзіңіз қадағалайсыз. Ешкім сіздің артыңыздан жүгірмейді.
⁃ Тапсырмаларды талқылау, талдау кездесу кезінде болады.

Негізгі мақсатымыз, бірге дамып, әр қатысушының теориялық білімін арттыру, үздіксіз есеп шығаруға дағдылау. Солай алдымен өзімізге, сонымен қатар қалғандарына да көмектесеміз. Есеп шығаруды әдетке айналдырсақ бір бірімізге үлкен көмек жасаймыз.

Көмектескіңіз келсе, мархабат! 😁 Қалай, немен көмектесе алатыныңызды жекеге жазыңыз. Мысалы, тақырып түсіндіру, жақсы жоспар ұсыну деген сияқты.

Осындай мүмкіндікті іздеп жүрген достарыңыз болса, бөлісіп қойыңыздар!

Сағат: 12:30.
Күні: 29/05, жексенбі.
Тақырып: Асимптота, array, two pointers, sliding window.
Орын: Онлайн, telegram.

Ұйымдастырушылар:
Дәурен - @dCluren
Шерхан - @bertailak
Санжар - @SanzhS
Талқылау чаты: @leetcodekz


t.iss.one/it_bilimkz
🔥4👍3
Forwarded from Astana Hub ️
🎙 Нәрікби өзінің әлеуметтік парақшаларында пайдалы мәліметтермен бөлісіп, IT мен саяхат туралы жазады. Қазіргі таңда Амстердамдағы Bookingcom компаниясында IOS developer ретінде жұмыс істеуде және кәсіби әрі рухани даму жайлы @narikbi.live подкастын жүргізуде.

❗️Speaker Night қазақ тілінде өтеді. Сілтеме арқылы тіркеліңіз.
👍10
Forwarded from Aman world (Aman Utemuratov)
Лидер бол

Әлемнің ең алпауыт деген компанияларында істеп жатқаныма 5 жыл болыпты. Booking.com-да 2 жыл, Google-да ~3 жыл. Осы 5 жылда түсінгенім, iq 200 бірақ басқа адамдармен тіл табыса алмайтын, проблема шықса өзімен өзі бір бұрышта отыра беретін адамдар ешкімге керек емес. 

Ал жұмыста байқайғаным, карьера жағынан ең табыстылар, лидершип қасиеттері жақсы дамығандар. Бұл лидершип ұғымына: жақсы сөйлей алу, ойыңды жеткізе алу, блокерлерді шеше алу, артынан адамдарды ерте алу, басқара алу ж/ә тб кіреді. 

Оған десеңіз Google-да әр жарты жыл сайын жұмысшыға баға беріп отырады. Сол баға беретін кездегі категориялардың бірі - Лидерлік қасиет. Яғни, жұмысыңда қаншалықты лидершип қасиетіңді көрсете алғаныңды бағалайды. 

Қазақстанда мықты программисттер көп, бірақ шынымен IT единорог компания жасау үшін мықты программист емес мықты лидерлер керек. Ешкім де лидер болып туылмайды. Өзіңіздегі лидерлік қасиеттеріңізді дамытып жүріңіз. Мүмкін келесі единорог компанияны құратын адам сіз шығарсыз.

Қазақстанда единорог компания құру үшін не керек деп ойлайсыз?
👍11🔥5🤮1