IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
2021 жылдың Django-әзірлеушілер арасында өткізілген сауалнама бойынша нәтижелері

2021 жылдың тамыз айында 140 елден жиналған 7000-нан астам Django қолданушылары мен энтузиасттары жыл сайын өткізілетін Django бойынша сауалнамаға қатысты. Сауалнамада қандай қиындықтар бар екені және фреймворк экосистемасын қалай жақсартуға болады деген сияқты сұрақтар қойылған. Енді JetBrain сауалнама нәтижелерімен бәрімен бөлісіп отыр.

Сілтемемен өтіп, танысып шығуға болады.
https://lp.jetbrains.com/django-developer-survey-2021-486/

#django
🔥6
JavaScript тілі туралы қызық фактілер

JavaScript (қысқаша JS) - бұл ECMAScript сипаттамасына сәйкес келетін жоғары деңгейлі интерпретацияланатын бағдарламалау тілі. Бұл тіл сонымен қатар әлсіз типизацияланған, динамикалық, көп парадигмалық және прототиптерге негізделген болып табылады.
Ал осы постта біз JS тілінің бірнеше қызық фактісіне тоқталып өттік.

#javascript
👍8
Айдардың айтары бар GitHub жайлы:


Соңғы JS фреймворк жазылғалы бері 0 күн ғана уақыт өтті.

Кім пруф талап етсе мына жерден қарасын :)
https://dayssincelastjavascriptframework.com

Бұл технология әлемінің, бағдарламалау тілдерінің, фреймворктар мен кітапханалардың тоқтаусыз дамып жатқанының тағы бір дәлелі.

Девелопмент әлемінің толқынында бір орында қалу үшін де жүгіріп отыру керек.
Міне үш жылдай болып қалды, бұрыннан бері қалыптасып қалған бір әдетім бар.
Осы әдетімнің арқасында IT әлемі қайда жылжып жатқанын барлап отырамын.

Күнделікті ноутымды қосқаннан кейін бірінші кезекте мына екі парақшаны шолып шығамын:

* github.com/trending – бүгінгі күннің GitHub трендтері
* github.com – жаңалықтар легі (feed)

Бұл маған не береді?

* Трендтер парақшасын технологияларды шолушы радарымды жаңартып, жалпы танымымды кеңейту үшін қолданамын. Сонымен қатар, соңғы трендтер жайлы хабардар болып жүрген де өте пайдалы ғой өз алдында. Менің гипотезам бойынша, Github-тағы трендтер парақшасы разработка әлеміндегі трендтер жайын дәлме-дәл суреттеп береді.

* Біршама разработчиктердің GitHub парақшасына жазылып қойғанмын. Солардың іс-әрекеттері арқылы көз-қарастарын, бара жатқан бағыттарын бақылап жүремін. Кім біледі, бәлкім, кейбір тұста ойларымыз бір жерден шығып, бірге үлкен жоба бастап кетуіміз де мүмкін ғой.

* Қатты ұнаған репозиторилерді бірден шұқылап, зерттеп кетемін. Болмаса, "жұлдызымды" қойып кетемін де кейін қайтып кеп оқимын.

Қысқашам осылай : )

Егер де GitHub репозиторилер және OSS (open-source software) жайлы тағы да посттар болсын десеңіз "👍🏻" қойып кетіңіз

түпнұсқасы мында:
https://t.iss.one/aidarblog/21
👍12
Мен мынадай ойға келдім.
Өзім контент құрып, шаршап қайтемін ?
Одан да басқалардың каналын қазақшаға аудара берсем қалай ?

Сіздерге қандай IT каналдар/блогтар қызық ?
❇️ Ұсыныстарыңызды тастай бересіздер ме.
Қол тигенде қазақшаға аударып отырайын.

PS: тағы 4-5 Айдардыкі сияқты каналдар болғанда ғой деп қалдым да аударып отырып )
👍9
#learn_javascript_kz

5.12 JSON
JavaScript Object Notation.
JavaScript-тегі объектіні жазумен сипаттау үрдісі.
https://youtu.be/bRjulcoHuLI
👍1
👍2
console-ға не шығады ?
Anonymous Quiz
39%
{"name":"Aqan"}
61%
{"name":"Aqan", sayHi: Function}
👍2
Фронтендщиктерге түсінікті әңгіме )

Бүгін сарбазға button.onClick мысалын жаса деп тапсырма бергем.
Жай ғана модальдік терезедегі батырманы шерткенде console-ға бірдеңе шығару керек қой, қысқасы.
js button onclick example, bootstrap modal on save example деп ізде деп те айттым.
Сөйтсем, ол батырым не істеген дейсіз ғой ? ))

Былай іздеп, былай іздеп таппаған. Сосын ғаламтордағы әртүрлі сайттарды ашып, қайсысында сондай модальдік терезе бар соны іздеген.
Сосын тауып алған да DevTools арқылы элементті зерттеген.
Кейін, EventListeners арқылы handler-лер тізімін тапқан.
Кейін, сол тізімнен функцияларды біртіндеп көшірген.
Қайсысында өзіне керек реакция болатынын іздеген.

Ақыры, басын тауға-тасқа соғып жүріп тапқан ғой.

Маған қызығы, оңай жолмен таппай, күрделі жолмен таба алғаны болды да.

Келген бойда DevTools-пен таныстырған ем.
Енді қит етсе біті гуглдаудың орнына девтулзты аша беретін боп қапты.
👍6
#ai #beyne #beyneai #computervision #ml #nist #nistcertificate
🥳🥳🥳

Сейілбек Мықтыбеков:
Өзімнің бірінші постыммен керемет жаңалығыммен бөліскім келеді. Біздің қазақстандық стартабымыз "Beyne.ai" бет-жүзді анықтаудың ең үздік алгоритмдері жарысында Тинькофф, Acer сынды гиганттарды озып кетті.
Және ең бастысы біз National Institute of Standards and Technology (NIST, АҚШ) сертификатын алдық.
Ал мұндай жетістіккке осы уақытқа дейін әлем бойынша 255 компания ғана қол жеткізе алған екен.
Біз қазір Google, Meta компанияларымен бір тізімде тұрмыз. Және бұл өзіміздің Қазақстанымыздан шыққан жастар.

түпнұсқасы мында:
https://www.linkedin.com/posts/seilbek_ai-beyne-beyneai-activity-6893281347691966464-WoDo
🔥8👍7
#оқырманнан_хат

Авторы @abaiseiit

Шамамен 400 000 рет орнатылған PHP тілінің ең танымал Orchid әкімшілік панель кітапханасы қазақ тіліне аударылды. Қазақ тілі осы кітапхана аударылымдары бойынша ТМД мемлекеттерінде орыс, украин тілдерінен кейін үшінші, ал әлем бойынша 19-шы тіл болды.

IT саласы бойынша қазақ тілінің дамуына бұлда бір кішігірім серпін береді деген ойдамыз. Қазақ тілінде IT саласы бойынша ресурс мүлде жоқ деп айтсақ қателеспейміз. Енді осыны түзететін уақыт келді. Ол үшін барлығымыз атсалысуымыз қажет, сол кезде ғана белгілі бір нәтижеге жете аламыз!

Orchid кітапханасына сілтеме:
https://github.com/orchidsoftware/platform
🎉7🔥31👍1
#оқырманнан_хат
постты ұсынған: @daniyar
түпнұсқасы мында: https://t.iss.one/nikitonsky_pub/273

Твиттер-де кезігіп қалды:

> Safari doesn’t support fractional font sizes, so we do integer font size and add the fractional size using the scale transform.


el.style.fontSize = ${Math.floor(fontSize)}px;
el.style.transform = scale(${fontSize / Math.floor(fontSize)})

Менің ойымша, осы жәйт бағдарламалауды жақсылап тұрып сипаттап(әшкерелеп) береді. Қараңызшы:

- Абстракция нақты өзің қалаған нәрсені жасап тұрған жоқ.
- Абстрацияны айналып өту үшін біраз өнеріңді саласың. Сонда да ақылға қонымсыз, мойындайсың )
- Техникалық қарызыңды бәрібір айналып келіп өзің өтейсің кейін. Өздігінен жоқ болып кетпейді.
- Сапаның да төмендеп кетуі күтілетін жәйт мұндайда.
- Ресурстар да ұтымды қолданылып жатыр деуге келмейді.
- Бір платформаның кесірінен басқалар "таяқ жейді"
- Бұл негізгі о бастан күмәнді фича ғой. Мәтін пикселі деген онсыз да кішкентай өлшем бірлік. Оны бөлшектеп не керек?
- "Осылай-ақ кете берсін" деп талай қоқыс кодқа көз жұмуға дайын боласың ғой жеме-жемге келгенде )
- Әйбат қылып жасайын десең лажың жоқ бұған.
- Әрбір деңгейді алып қарасаң бірдеңе былығып жатыр.
- ^W^W^W^W қатысушыларының айлықтары керемет дейсің ғой бастысы)

"Шәйнектен суды төк. Сосын бірінші қадамға кірісе бер" деген әзіл қазір әзіл емес күнделікті тірліктің нақты бейнесі )
No code курсында не үйренесіз?

🧑🏽‍💻 қазір дәурені жүріп тұрған трендтердің бірі кодсыз әзірлеу.
Бұл веб және мобильдік қосымшаларды басқа да көптеген сан алуан дүниелерді көп шығындалмай жасауға мүмкіндік беретін глобалдық тренд.
Программист болмай-ақ талай дүниелерді жасай бересіз. Бастап кету үшін қатты бір талап жоқ. Пысық болсаңыз бопты))

🗓18 ақпанға дейін тіркеліп қойыңыз. Мына сілтеме бойынша өтіңіз ол үшін:
https://clck.ru/b2xgF
👍7