IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Software Company Roles 101 – II бөлім

түпнұсқасы
мында - https://t.iss.one/aidarblog/20.

Алдыңғы бөлігінде сәл бояуы аз болған сыңайлы. Басқаша жолмен жүріп көрейік бұл жолы.

Фейнман әдісі бойынша backend және devOps инженер жайлы сұрақтарға жауап берейік ал. Бірақ сұрақты бес жасар бала емес, өзіміздің хабары жоқ құрдасымыз қойып жатыр деп қарастырайық.

Backend Developer

- Немен айналысады?
- бэкенд жасайды👍🏻.

- Ал бэкенд деген не сонда?
- Серверде орындалып тұрған қосымша(application).

- Қосымша деген телефонға орнатылатындар емес пе еді?
- Қосымша деп әйтеуір бір нақты функционалы бар бағдарламаны айтамыз. Ол бағдарламамен интерфейс арқылы жұмыс жасаймыз. Қосымша дегенде жалпы оған барлығы кіре береді. Жаңағы сіз айтқан телефондағылары бар, web сайттар, серверлер, т/б кете береді.

- Бэкендтің интерфейсі қандай? Онымен қалай "сөйлесеміз" ?
- Қараңыз енді. Мысалы, телефондағы қосымшалардың өзінің GUI (қолданушының графикалық интерфейсі) бар, иә ? Сол интерфейстегі батырмаларды немесе басқа да элементтерді түрту, сырғыту арқылы қосымшаны қолданамыз.
Дәл сондай интерфейс бэкендте де бар. Оны API дейді. Бірақ оны қолмен ұстап, тіспен тістеп көре алмаймыз. API-ді қолдану үшін әртүрлі жүйелік сұраулар(http request, ajax) жасаймыз.

- Сервер мен бэкендті бір деп жүрсем.
- Иә, көбіне осы екі ұғым бірге жүреді. Дегенмен, бэкенд деген нақты қосымшаның өзі, ол орындалып тұрған бағдарлама. Ал сервер дегеніміз сол бағдарлама орындалып тұрған компьютер.
Сервердің негізгі сипаты - сырттан request күту, келген кезде бірдеңе деп жауап беру. Әдетте серверлер бұлтта болады(cloud, облако).

- Бұлт деген не сонда?
- Сол серверлер ғой. Тек арнайы үлкен дата-центрлерде жатады тобырымен. Біреудің үйіндегі бір штук комп емес )

- Дата-центрді де айта өтсеңіз?
- Сондай бір үлкен ғимарат қой. Серверлерді жақсылап күту керек. Электр қуатымен, мықты интернетпен, вентиляциямен қамтамасыз ету керек. Осындай қызметтерді көрсету мақсатында құрылған нәрсе.

- Былай сәл түсініктірек болған сияқты. Енді бізге ең қызық жері ақшасы ғой, айлықтары қанша шамамен ? )
- Орта есеппен 🌎 ~ 4726$


DevOps Engineer

- Қазір хайптың бәрі devOps-та деп жатыр ғой. Ақшаны күректеп табады дейді. Не істейді олар сонда? Не үшін трендке шығып кетті?
- Бір ауыз сөз ғой қарасаңыз devOps деген. Бірақ оның ішіне көп нәрсе кіріп кетеді. IT компанияның "бойына қан жүргізеді", әртүрлі қауымдардың басын құрап, жасап жатқан жұмыстарын бір арнаға салып береді.
Әртүрлі практикалық, философиялық аспектілер мен сан алуан құрал-сайман, технологияларды қамтиды. Әртүрлі "қауым" дегенде разработчиктер(development), техникалық қолдау бөлімі(operations), сапа бақылауы(QA) мен қауіпсіздік бөлімін(security) айтамын.

- Бұрын аз түсінетін ем. Қазір одан да аз болып барады түсінігім ) DevOps Engineer деген адам ба сонда әлде философия ма?
- Сол философ десе де болады. Философияны енгізуші хипстер десе болады(әзіл*). Сисадминдер 80 level-ге жеткенде devOps болады))

- Жалпы мақсаты қандай сонда оның?
- Компанияға сапалы өнімдерді жоғары жылдамдықпен шығаруға көмектесу.

- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (1)
- Инфрақұрылымды құрып береді. Сол құрылымның арқасында барлық іс дұрыс жолмен және жоғары жылдамдықпен жүре бастайды.
Мысалы, ол жоқта сайтты айына бір рет қана жаңартып жүрген болсаңыз, ол барда керек босла сағатына 10 рет жаңарта бересіз еш қиындықсыз.
🔥71👍1🎉1
- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (2)
- Ақпараттық жүйеңіздің релизін шығару үшін "қораздар шақырмайтын" уақытта(түннің ең тәтті бөлігі) екі разраб жұмыс істеуі керек болса қазір қалаған уақытта кнопканы шертіп жіберетін бір адам табылса жеткілікті.
Бұрын "бойда" бірдеңені қиратып алмайық деп уайымдайтын болсаңыз, қазір "час пик" болып жатса да еш уайымсыз релиз шығара бересіз.

- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (3)
- Ол жоқта жүйенің қирағанын жұрттан естисіз ғой) Қылғынып тұрып қоңырау шалып жатқан клиент пен "Мырқымбай, ана жақта тағы не қирады қарашы" деп жатқан бастықтан)
Ал devOps инженер бар болса жүйенің құлағанын тура сол құлаған сәтінде бір секундта ақ біле аласыз. Ол былай тұрсын, тіпті құламай жатып-ақ, алдын-ала болжап, біраз "қырғынның" алдын алуға болады.

- Нақты қандай ісімен көмектеседі? (4)
- DevOps жоқта разработчиктер (development) мен техқолдау (operations) бір-бірімен дұшпан болса, ол келген соң жаңағылардың ауылы аралас, қойы қоралас болады.
Бір-бірін шайға шақырып, бір дастарханнан ас ішіп, үлкені сөйлеп жатқанда кішісі тыңдап... жарайды, жарайды, бұл жерім әзіл. Нағыз қазақтар онсыз да бірге шай ішеді)
Қорытындысы, devOps келгенде шынымен де бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, біріге бастайды компания.

- Ана жағы қалай?
- Айлығы ма ? )
- Иә)
- Орташа 🌎 5855$
- Мәссаған.

P.S. Егер сізден біреу қызығып бэкенд пен девопс жайлы сұрап жатса, осы постты жібере салыңыз.

түпнұсқасы мында - https://t.iss.one/aidarblog/20
🔥83
Бір оқиға еріксіз есіме түсіп кетті.
Кезінде бір компанияға барғам жұмысқа тұруға. Түк хабарым жоқ. Сол кезде бір қазекең отқан бастық боп. Ол не сұрарын білмейді, мен не айтарымды білмеймін.
Бір кезде ол "бастысы жақсы адам болсаң бопты, қолыңнан не келетіні маңызды емес - жұмысқа ала беремін" деген.
Ішімнен "о, ағасы, картошкы екенсің ғой" дегем )))
Қолымнан түк келмесе, қандай адам екенім кімге қызық ?
Және керісінше, қолымнан іс келіп тұрса мінезімнің қандай екенінде не шаруасы бар деп ойлағам.

Бірақ уақыт өте келе сол кісінің ұстанымының дұрыс екенін мойындай бастадым. Тіпті ең жиі айтатын сөзім "80 пайыз - софтскилл, 20 пайыз - хардскилл" болып шықты қазір.

Ал бүгін бір жақын танысымды жұмысқа тартып көрдім.
Тартып емес, "пихать" етіп көрдім десем дұрыс келеді. Бастыққа "мына жігіт мәләдіс. жұмысқа алсаңыз бір айда-ақ ақтап шығады" деп қолқа салдым.
Дайындығы тым аз. HTML, css, js basic қана біледі. Қызығушылығы мол. Алғыр әрі отырып жұмыс істеуге төселген.
Жұртпен қарым-қатынасы өте жақсы. Сонысына сенім арттым.

Қысқасы, бүгіннен бастап мен де "картошкымын" )))
👍15🔥1
Label for loops (labeled statement)

бұл дегеніміз - Цикл ге ат қою мысалы жоғары дағы фото да көре аласыз,

бұның не пайдасы бар сонда ? былайынша цикл дың өзін тоқтата саласыңғо

ия болады, бірақ екі үш цикл кезде бастапқы циклдарды continue немесе break, жасау қыйынға соғады сол кезде қолданғанға тиімді

Cіз бул туралы білдіңізба ?)
👍6🔥1
2021 жылдың Django-әзірлеушілер арасында өткізілген сауалнама бойынша нәтижелері

2021 жылдың тамыз айында 140 елден жиналған 7000-нан астам Django қолданушылары мен энтузиасттары жыл сайын өткізілетін Django бойынша сауалнамаға қатысты. Сауалнамада қандай қиындықтар бар екені және фреймворк экосистемасын қалай жақсартуға болады деген сияқты сұрақтар қойылған. Енді JetBrain сауалнама нәтижелерімен бәрімен бөлісіп отыр.

Сілтемемен өтіп, танысып шығуға болады.
https://lp.jetbrains.com/django-developer-survey-2021-486/

#django
🔥6
JavaScript тілі туралы қызық фактілер

JavaScript (қысқаша JS) - бұл ECMAScript сипаттамасына сәйкес келетін жоғары деңгейлі интерпретацияланатын бағдарламалау тілі. Бұл тіл сонымен қатар әлсіз типизацияланған, динамикалық, көп парадигмалық және прототиптерге негізделген болып табылады.
Ал осы постта біз JS тілінің бірнеше қызық фактісіне тоқталып өттік.

#javascript
👍8
Айдардың айтары бар GitHub жайлы:


Соңғы JS фреймворк жазылғалы бері 0 күн ғана уақыт өтті.

Кім пруф талап етсе мына жерден қарасын :)
https://dayssincelastjavascriptframework.com

Бұл технология әлемінің, бағдарламалау тілдерінің, фреймворктар мен кітапханалардың тоқтаусыз дамып жатқанының тағы бір дәлелі.

Девелопмент әлемінің толқынында бір орында қалу үшін де жүгіріп отыру керек.
Міне үш жылдай болып қалды, бұрыннан бері қалыптасып қалған бір әдетім бар.
Осы әдетімнің арқасында IT әлемі қайда жылжып жатқанын барлап отырамын.

Күнделікті ноутымды қосқаннан кейін бірінші кезекте мына екі парақшаны шолып шығамын:

* github.com/trending – бүгінгі күннің GitHub трендтері
* github.com – жаңалықтар легі (feed)

Бұл маған не береді?

* Трендтер парақшасын технологияларды шолушы радарымды жаңартып, жалпы танымымды кеңейту үшін қолданамын. Сонымен қатар, соңғы трендтер жайлы хабардар болып жүрген де өте пайдалы ғой өз алдында. Менің гипотезам бойынша, Github-тағы трендтер парақшасы разработка әлеміндегі трендтер жайын дәлме-дәл суреттеп береді.

* Біршама разработчиктердің GitHub парақшасына жазылып қойғанмын. Солардың іс-әрекеттері арқылы көз-қарастарын, бара жатқан бағыттарын бақылап жүремін. Кім біледі, бәлкім, кейбір тұста ойларымыз бір жерден шығып, бірге үлкен жоба бастап кетуіміз де мүмкін ғой.

* Қатты ұнаған репозиторилерді бірден шұқылап, зерттеп кетемін. Болмаса, "жұлдызымды" қойып кетемін де кейін қайтып кеп оқимын.

Қысқашам осылай : )

Егер де GitHub репозиторилер және OSS (open-source software) жайлы тағы да посттар болсын десеңіз "👍🏻" қойып кетіңіз

түпнұсқасы мында:
https://t.iss.one/aidarblog/21
👍12
Мен мынадай ойға келдім.
Өзім контент құрып, шаршап қайтемін ?
Одан да басқалардың каналын қазақшаға аудара берсем қалай ?

Сіздерге қандай IT каналдар/блогтар қызық ?
❇️ Ұсыныстарыңызды тастай бересіздер ме.
Қол тигенде қазақшаға аударып отырайын.

PS: тағы 4-5 Айдардыкі сияқты каналдар болғанда ғой деп қалдым да аударып отырып )
👍9
#learn_javascript_kz

5.12 JSON
JavaScript Object Notation.
JavaScript-тегі объектіні жазумен сипаттау үрдісі.
https://youtu.be/bRjulcoHuLI
👍1
👍2
console-ға не шығады ?
Anonymous Quiz
39%
{"name":"Aqan"}
61%
{"name":"Aqan", sayHi: Function}
👍2
Фронтендщиктерге түсінікті әңгіме )

Бүгін сарбазға button.onClick мысалын жаса деп тапсырма бергем.
Жай ғана модальдік терезедегі батырманы шерткенде console-ға бірдеңе шығару керек қой, қысқасы.
js button onclick example, bootstrap modal on save example деп ізде деп те айттым.
Сөйтсем, ол батырым не істеген дейсіз ғой ? ))

Былай іздеп, былай іздеп таппаған. Сосын ғаламтордағы әртүрлі сайттарды ашып, қайсысында сондай модальдік терезе бар соны іздеген.
Сосын тауып алған да DevTools арқылы элементті зерттеген.
Кейін, EventListeners арқылы handler-лер тізімін тапқан.
Кейін, сол тізімнен функцияларды біртіндеп көшірген.
Қайсысында өзіне керек реакция болатынын іздеген.

Ақыры, басын тауға-тасқа соғып жүріп тапқан ғой.

Маған қызығы, оңай жолмен таппай, күрделі жолмен таба алғаны болды да.

Келген бойда DevTools-пен таныстырған ем.
Енді қит етсе біті гуглдаудың орнына девтулзты аша беретін боп қапты.
👍6