IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Интернет бар кезде оқуға керек нәрселеріңізді көшіріп алып қалыңыздар.
pdf файлдарды, виедоларды жүктеп алып қалыңыздар.

сыртқа шыққанша үйде отырып, туториалдарды өтіп алыңыздар.

Бұйыртса, бұл уақыт та өтеді, ал ақшаға тапшылық көбеймесе азаймайды.

Мықты программист болуға мотивация тек көбеюі тиіс, сірә )
👍4
PWA - Progressive Web Apps.

Сайттарын осы технологияны қолдана отырып жасағандарға рахмет.
Интернет жоқ кезде де осы сайттарды қолдануға мүмкіндік бар*.

https://developer.mozilla.org/en-US/docs/Web/Progressive_web_apps

PWA - web пен мобилканың жақсы қасиеттерін өз бойына жинаған.
Бір жағынан қарапайым сайт ретінде ашылады да кэш ретінде сақталып отырады.
Өзіңізге "орнатып" алсаңыз болады. Кейін қосымша сияқты аша қоясыз.

Сонымен қатар, егер бұрын кірген сайтыңыз болса, кейін интернет жоқ кезде қолдана бересіз.

Көрейікші-ал дегендерге 👇🏽👇🏽
https://developer.mozilla.org/en-US/docs/Web/Progressive_web_apps
👍1
тағы бір мықты прокси. жылдам жасап тұр.
⛔️ әрі қарай КАНАЛДАРҒА таратып керек емес.
кімге бергіңіз келсе ЖЕКЕ ӨЗІНЕ ҒАНА жіберіңіз


Бұл проксиді жіберген жанашыр оқырманға үлкен рахмет ❤️
кеттік, бірдеңе жасайық !!!

Дәл қазір телеграмда прокси арқылы бірдеңе жасап жатырмыз, иә.
шүкір.

енді әрі қарай жұмыс істейік десек не жетпейді ?

гуглдай алмай жатырмыз. сол сияқты ең бірінші керек нәрсе.

гуглдайтын + сайттарды текст ретінде ашып беретін телеграм бот керек.

кеттік, кім құра алады ?

Құра алсақ, әрі қарай донат жинауға болады, бұйыртса ))

ең бастысы, бұл тек осы күндері ғана керек нәрсе. 3-4 күннен соң керек болмай қалуы мүмкін )))

осындайда басып қалыңыздар қамшылап
👍2
Интернет қолжетімсіз болған кезде кейбір боттар пайдалы болуы мүмкін:

@pic - суреттер іздейді.
@wiki - ағылшынша Уикипедия.
@vid - Ютубтан видео жіберу. Тек жіберу, көруге болмайды.

Боттарды чаттарда қолдануға болады.
👍2
"Ел іші - алтын кеніші" деп жиі айтамын ғой.
Шап-шағын комьюнити болсақ та арамызда жүрген, әрі білімді, әрі қазаққа деген жанашырлығы бар жастар тола.

Солардың бірі - Айдар. Танысқанымызға бір жарым жылдай боп қалды-ау. Осы уақытқа дейін идеялық және қаржылай демеушім болып келді )

Енді сол канал ашыпты. Жазылып қойыңыздар.

https://t.iss.one/aidarblog


Линкедині мында.
https://www.linkedin.com/in/nugmanoff/
🔥3
...
Кез-келген доменнің алдына 'www' қойса болатынын білесіздер ғой.
Мысалы,
vk.com -> www.vk.com
facebook.com -> www.facebook.com

Осы сияқты тағы бірдеңе қойса болады доменнің алдына.
Ол нәрсе де 'www' сияқты автоматты түрде өзі қойылып отырады, бірақ көзге көрінбейді.

Не туралы айтып отырмын ? )
#learn_javascript_kz

Массив функциялары.
push, pop, shift, unshift.
splice, slice, concat
indexOf, lastIndexOf, includes
find, findIndex, filter
forEach, map, sort, reverse
split, join
reduce, reduceRight
Array.isArray

https://youtu.be/ShFXBzBTeBc
https://youtu.be/qrJYN5i4ErA
https://youtu.be/_nzuLFpO--g
https://youtu.be/GhtcWLBNYCk

Таза бір ай бойы ештеңе жазбаппын.
Алдында JavaScript негіздері бойынша сабақтар өтіп жатыр едік.
Соларды жалғастырайын деп шештім бүгін.
Қабыл алыңыздар.
👍4
#learn_javascript_kz
for .. of
Symbol.iterator

https://youtu.be/W7T_qO3Riag

Бұл видеоны көріп отырғанда JavaScript табиғатын байқауға болады.
Динамикалық тілдің аты динамикалық тіл )
JavaScript арқылы браузердегі таб ашық тұр ма жабық тұр ма қалай анықтауға болады ?

Ешкім таппаса жауабын 10 минуттан соң айтамын
Forwarded from IT bilim
Software Company Roles 101

Танымдық сипатта бірнеше мақала болады. Оқырмандарда IT туралы толық түсінік қалыптасады деген ниетті жаза бастадым.

Бағдарламалық жасақтама әзірлеу екіге бөлінеді. Сервер және клиент боп.

Клиент жағынан бастайық:

1. Frontend Developer

Не жасайды?
Сайт, лендинг, веб-қосымша, SPA, PWA және тағы басқа заттарды әзірлейді.

Не қолданады?
• Javascript және оған түрленетін: Typescript, Reason, Purescript, Elm, Clojurescript және қалғандары.

Сондай-ақ төмендегілер арқылы көп затты кодсызда жасауға болады:
• webflow
• bubble
• adalo
• squarespace
• tilda и т.д.
👆🏻Бұл құрал-жабдықтар low-code/no-code деп аталады, конструктор десекте болады. Ол не және қашан қолданған жөн.

Жалақысы қандай?
🌎 → 4,143$
🇰🇿 → 804$

2. Mobile Developer

Не жасайды?
Мобильді қосымша, (кейде) wearables-қа (ақылды киілетін құрылғыларға) қосымша жасайды.

Қай тілде?
• Android-қа — Kotlin, Java, Android SDK, Jetpack Compose, AndroidX
• iOS-ға — Swift, Objective-c, UIKit, SwiftUI
• Екеуінеде — React-Native, Flutter, KMM, Ionic & Capacitor, Apache Cordova

Жалақысы қандай?
🌎 → 3,466$
🇰🇿 → 1,033$

3. Desktop Applications Developer

Не
жасайды?
Desktop/enterprise қосымша жасайды.

Қай тілде жазады?
• Windows-қа — .NET WPF, .NET MAUI (beta)
• Linux-қа — qt, C++ gtk+
• macOS-қа — Swift, Objective-C, macOS SDK, Cocoa, SwiftUI
• Барлық платформаға — Electron, Flutter, qt

Жалақысы қандай?
🌎 → 4,886$
🇰🇿 → мәлімет жоқ

P/S
Жалақылары жайлы ақпарат алынған дерек көзі:
🌎 Stackoverflow Survey
🇰🇿 Kolesa Zerttey

Жазған: @aidarblog
Аударған: @it_bilimkz
Естеріңізде болса, алдында 4 стажер алып, біреуін жұмысқа қабылдап едік қой.
Сол схема бойынша тағы да 3-4 стажер керек.

шамамен 3 апта болады.

қойылатын талаптар:
MVC pattern
JavaScript advanced.
git basic
жеңіл коммуникация

проект
үлкен. UTF8 жоқ заманда іргетасы қаланған)
Сол себепті, қырғын жұмыс жасауға, ізденуге, кез-келген шырмауықты жыртып шығуға дайындалып келіңіздер )

Жұмысқа тұрғысы кеп жүрген таныстарыңыз болса айта қоясыздар ма.
Рахмет.
кросс-платформалық → кодты бір рет жазып, нәтижесінде бірнеше платформаға арналған өнім шығаруға болады.
Мысалы: React Native

мульти-платформалық → әртүрлі платформаларда орындала алатын код.
Мысалы: Kotlin Multiplatform

нативті (туа біткен:)) → әр платформаның өзіндік туа бітті бір болып кеткен жеке тілдері(технологиялары) бар.
мысалы: UIKit, SwiftUI (iOS)

гибрид → көп жағдайда мобильдік қосымшаларды құрғанда қолданылады. Нативті орта + web технологиялар.
мысалы: Ionic + Capacitor

Авторы: https://t.iss.one/aidarblog
👍4
console-ға не шығады ?
Қазақша wordle!

Туиттерде отыратындар болса, осындай жасыл түсті шаршылар көбейіп кеткенін байқаған болар. Бұл қазір әлемді жаулап тұрған wordle ойыны. Күніне бір сөз ғана табу керек, бірақ оны тапқанша біраз бас қатырып, бүкіл сөз байлығыңды ақтарып шығасың.

Соның қазақша нұсқасын сөз жобасының авторы @ileezyy жасап қойды. Сайтта авторлар ішінде мен де бармын, бірақ оған сенбеңіз, мен жай ғана жоба менеджері ұқсап, "че там" деумен болдым. Бүкіл жұмысты жасаған Ілияс.

Ағылшынша wordle қазір туиттерде мықты тренд боп тұр. Біз қазақша "сөзділ" ойнап, нәтижемен инстаграм сториде бөлісуді трендке айналдырайық.

wordle.kz

Айтпақшы, сосын. Көп адам ойын шартын оқымай бірден иксты баса салады екен да, ойынды түсінбедім деп көзі бақырайып тұрады. Сайтқа кірген бетте ойын шарты шығады, соны оқып алыңыз, қиын ештеңесі жоқ, сосын барып иксті баса беруге болады 😊
👍2
Forwarded from IT bilim
Әлемде қазақ білу керек 3 тіл бар:
1) қазақ тілі 🇰🇿 🌝
2) программалау тілі 👩🏻‍💻 😄
3) ағылшын тілі 🌎

Ағылшын тілін меңгергісі келетін жандарға пайдалы сілтемелермен бөлісуді жөн көрдік 🤗

Кездейсоқ адамдармен дауыстық/мәтінмен/бейнемен сөйлесуге арналған сайттар:
speaking24.com — әңгіме соққыңыз келсе скайпыңызды жазып қойсаңыз болады немесе желідегілерге қоңырау шала аласыз
talkwithstranger.com — ағылшын тіліндегі тегін чат, әр түрлі тақырыпқа бөлінген бөлмелер бар
tohla.com — тегін (дауыстық/мәтін/бейне) чат
omegle.com — тегін (мәтін/бейне) чат
free4talk.com — әртүрлі тілдегі тегін бейне чаттар,hangouts, 2-10 адамдық топтар бар
strangermeetup.com — Stranger Meetup
italki.com — ақылы мұғалімдер (ақылары сағатына 3 доллардан жоғары), бірақ қауымдастық арқылы мәтін, эссе тегін тексертіп алса болады және таныс таба аласыз

@it_bilimkz

Жалғасы 👈
Свеж и бодр,
Весел и добр,
Пришел на работу
Не Нурлан, а бобр )

Ассаламуалейкум, коллеги по цеху )
Всем большой привет.
Именно так хочется начать свой понедельник.
Какой то прилыв силы. Еле удерживаюсь от того, чтобы написать начальству в личку "ты говоришь — задача, я говорю — сюда". Просто по опыту знаю. не стоит о таком состоянии громко сообщать )))) дзахахахахах )))
В пол восьмого уже был на работе. Сейчас вот засниму короткое видео и начну тикеты двигать, бұйыртса.
Все это хорошая весть для меня самого. Ведь в течении месяца-полтора был в плену прокрастинации. Не было ни желании, ни настроения что то писать. Как в цепи. Было не ловко от того что ничего не даю проекту, но в то же время не было сил шелохнуться даже.
А сегодня прет и как я прикидываю это на долго )
Такое же чувство было когда я занимался бегом, бегал на бльших дистанциях. Не хочу останавливаться детально, так как боюсь что никто не поймет меня. Еһһһ, шіркін-ай десейші )
Кайф қой кайф))
👍5🎉3
#learn_javascript_kz
5.9 Object.keys, values, entries

https://youtu.be/wK53H2NSZqc