IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from Aidos
2021. Сандар сөйлесін 😁

IT bilim арнасы 1 жыл ішінде қазақы IT контент дамыту мақсатында:

📍IT, web, coding, алгоритм тақырыптарында қызықты 83 танымдық пост жасадық.
📍IT, питон туралы 4 мақала жаздық.
📍IT мақала, кітаптардағы ең жиі кездесетін ағылшынша терминдердің сөздігін жасадық.
📍Jaiq подкаст қонағы болдық.
📍Ютуб арнамызға жалпы көлемі 965 минуттық 30 видео салдық:
⬥ Линукс терминалы туралы 2 видео.
⬥ Питон туралы 19 видео.
⬥ Алгоритм мен деректер құрылымы туралы 9 видео.
📍Тегін 36 онлайн сабақ өткіздік:
⬥ Питон туралы 27 сабақ.
⬥ Алгоритм мен деректер құрылымы туралы 9 сабақ.
📍Вебинарлар жасадық:
⬥ Мұғалім, оқушыларға алгоритмдік есептер шешу әдістері жайлы 2 вебинар өткіздік.
⬥ Абитуриент, оқушы, ата аналарға IT мамандық таңдау, грантқа өтініш қалдыру туралы тегін вебинар, консультация жасадық.
📍IT Bilim Code арнасында:
⬥ 50+ контесттерге қатысып, есептерді талқыладық.
⬥ Тәжірибе алмасып жұмысқа интервьюге дайындық жасадық.

Ең бастысы ☝️😏
IT-ға ынталы кісілердің басын қосып қазақы IT қауымдастық қалыптастырдық.
Телеграм арнамызда 2300+, ютуб арнамызда 1000+ адам болдық.

YouTube арна: youtube.com/ITBilim
Телеграм арна:
t.iss.one/it_bilimkz
Есеп шығаратын арна:
t.iss.one/it_bilim_code
Инстаграм парақша:
instagram.com/it_bilim.kz
🎉1
Forwarded from IT bilim
Weekly Contest 274.pdf
222.5 KB
Литкод 274 контест есептері (Қазақша)
👍1🔥1
Forwarded from IT bilim
Бүгін таңертең 8:30 да болған литкод контесттің алғашқы 3 есебін шығарып көріңіздер.
Есептердің берілуін қазақ тіліне аударып pdf файл салып қойдық.
Есептердің шешімен ютуб арнамыздан сағат 15:00 - те көре аласыздар.
Стримда бірнеше шешу әдістерін қарастырамыз.

https://youtu.be/Z5s8_9D7cTE
Есептің қазақша берілуі: сілтеме
1-есеп: сілтеме
2-есеп: сілтеме
3-есеп: сілтеме
Интернет бар кезде оқуға керек нәрселеріңізді көшіріп алып қалыңыздар.
pdf файлдарды, виедоларды жүктеп алып қалыңыздар.

сыртқа шыққанша үйде отырып, туториалдарды өтіп алыңыздар.

Бұйыртса, бұл уақыт та өтеді, ал ақшаға тапшылық көбеймесе азаймайды.

Мықты программист болуға мотивация тек көбеюі тиіс, сірә )
👍4
PWA - Progressive Web Apps.

Сайттарын осы технологияны қолдана отырып жасағандарға рахмет.
Интернет жоқ кезде де осы сайттарды қолдануға мүмкіндік бар*.

https://developer.mozilla.org/en-US/docs/Web/Progressive_web_apps

PWA - web пен мобилканың жақсы қасиеттерін өз бойына жинаған.
Бір жағынан қарапайым сайт ретінде ашылады да кэш ретінде сақталып отырады.
Өзіңізге "орнатып" алсаңыз болады. Кейін қосымша сияқты аша қоясыз.

Сонымен қатар, егер бұрын кірген сайтыңыз болса, кейін интернет жоқ кезде қолдана бересіз.

Көрейікші-ал дегендерге 👇🏽👇🏽
https://developer.mozilla.org/en-US/docs/Web/Progressive_web_apps
👍1
тағы бір мықты прокси. жылдам жасап тұр.
⛔️ әрі қарай КАНАЛДАРҒА таратып керек емес.
кімге бергіңіз келсе ЖЕКЕ ӨЗІНЕ ҒАНА жіберіңіз


Бұл проксиді жіберген жанашыр оқырманға үлкен рахмет ❤️
кеттік, бірдеңе жасайық !!!

Дәл қазір телеграмда прокси арқылы бірдеңе жасап жатырмыз, иә.
шүкір.

енді әрі қарай жұмыс істейік десек не жетпейді ?

гуглдай алмай жатырмыз. сол сияқты ең бірінші керек нәрсе.

гуглдайтын + сайттарды текст ретінде ашып беретін телеграм бот керек.

кеттік, кім құра алады ?

Құра алсақ, әрі қарай донат жинауға болады, бұйыртса ))

ең бастысы, бұл тек осы күндері ғана керек нәрсе. 3-4 күннен соң керек болмай қалуы мүмкін )))

осындайда басып қалыңыздар қамшылап
👍2
Интернет қолжетімсіз болған кезде кейбір боттар пайдалы болуы мүмкін:

@pic - суреттер іздейді.
@wiki - ағылшынша Уикипедия.
@vid - Ютубтан видео жіберу. Тек жіберу, көруге болмайды.

Боттарды чаттарда қолдануға болады.
👍2
"Ел іші - алтын кеніші" деп жиі айтамын ғой.
Шап-шағын комьюнити болсақ та арамызда жүрген, әрі білімді, әрі қазаққа деген жанашырлығы бар жастар тола.

Солардың бірі - Айдар. Танысқанымызға бір жарым жылдай боп қалды-ау. Осы уақытқа дейін идеялық және қаржылай демеушім болып келді )

Енді сол канал ашыпты. Жазылып қойыңыздар.

https://t.iss.one/aidarblog


Линкедині мында.
https://www.linkedin.com/in/nugmanoff/
🔥3
...
Кез-келген доменнің алдына 'www' қойса болатынын білесіздер ғой.
Мысалы,
vk.com -> www.vk.com
facebook.com -> www.facebook.com

Осы сияқты тағы бірдеңе қойса болады доменнің алдына.
Ол нәрсе де 'www' сияқты автоматты түрде өзі қойылып отырады, бірақ көзге көрінбейді.

Не туралы айтып отырмын ? )
#learn_javascript_kz

Массив функциялары.
push, pop, shift, unshift.
splice, slice, concat
indexOf, lastIndexOf, includes
find, findIndex, filter
forEach, map, sort, reverse
split, join
reduce, reduceRight
Array.isArray

https://youtu.be/ShFXBzBTeBc
https://youtu.be/qrJYN5i4ErA
https://youtu.be/_nzuLFpO--g
https://youtu.be/GhtcWLBNYCk

Таза бір ай бойы ештеңе жазбаппын.
Алдында JavaScript негіздері бойынша сабақтар өтіп жатыр едік.
Соларды жалғастырайын деп шештім бүгін.
Қабыл алыңыздар.
👍4
#learn_javascript_kz
for .. of
Symbol.iterator

https://youtu.be/W7T_qO3Riag

Бұл видеоны көріп отырғанда JavaScript табиғатын байқауға болады.
Динамикалық тілдің аты динамикалық тіл )
JavaScript арқылы браузердегі таб ашық тұр ма жабық тұр ма қалай анықтауға болады ?

Ешкім таппаса жауабын 10 минуттан соң айтамын
Forwarded from IT bilim
Software Company Roles 101

Танымдық сипатта бірнеше мақала болады. Оқырмандарда IT туралы толық түсінік қалыптасады деген ниетті жаза бастадым.

Бағдарламалық жасақтама әзірлеу екіге бөлінеді. Сервер және клиент боп.

Клиент жағынан бастайық:

1. Frontend Developer

Не жасайды?
Сайт, лендинг, веб-қосымша, SPA, PWA және тағы басқа заттарды әзірлейді.

Не қолданады?
• Javascript және оған түрленетін: Typescript, Reason, Purescript, Elm, Clojurescript және қалғандары.

Сондай-ақ төмендегілер арқылы көп затты кодсызда жасауға болады:
• webflow
• bubble
• adalo
• squarespace
• tilda и т.д.
👆🏻Бұл құрал-жабдықтар low-code/no-code деп аталады, конструктор десекте болады. Ол не және қашан қолданған жөн.

Жалақысы қандай?
🌎 → 4,143$
🇰🇿 → 804$

2. Mobile Developer

Не жасайды?
Мобильді қосымша, (кейде) wearables-қа (ақылды киілетін құрылғыларға) қосымша жасайды.

Қай тілде?
• Android-қа — Kotlin, Java, Android SDK, Jetpack Compose, AndroidX
• iOS-ға — Swift, Objective-c, UIKit, SwiftUI
• Екеуінеде — React-Native, Flutter, KMM, Ionic & Capacitor, Apache Cordova

Жалақысы қандай?
🌎 → 3,466$
🇰🇿 → 1,033$

3. Desktop Applications Developer

Не
жасайды?
Desktop/enterprise қосымша жасайды.

Қай тілде жазады?
• Windows-қа — .NET WPF, .NET MAUI (beta)
• Linux-қа — qt, C++ gtk+
• macOS-қа — Swift, Objective-C, macOS SDK, Cocoa, SwiftUI
• Барлық платформаға — Electron, Flutter, qt

Жалақысы қандай?
🌎 → 4,886$
🇰🇿 → мәлімет жоқ

P/S
Жалақылары жайлы ақпарат алынған дерек көзі:
🌎 Stackoverflow Survey
🇰🇿 Kolesa Zerttey

Жазған: @aidarblog
Аударған: @it_bilimkz