IT Path Kz
288 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
#kaz #rus #fun
друзья, на русском снизу есть, не пропустите

Айтпақшы, біз мықты көтеріліп кеттік қой бір ай ішінде!🔥
Бұрын көрпешесіз тақырда отырып, жер үстелді айнала, бүкшиген күйде код жазатын едік, қазір үлкен үстелде отырып код жазамыз 😆
Анау суретте ☕️ ішінде не бар деп ойлайсыз ? Шай ? Кофе? Жоқ, оның ішінде 2000 қатар код бар ) 📄

Нан бар және май бар,
Сүт бар және "шай" бар,
Маңдайдан тер бұрқыратып
Код жазатын ой бар !
деп қоям өзіме ✊🏼✊🏼
Дүйсенбілеріңіз нәтижелі болсын, ағайын !
-------------
Кстати, мы дерзко поднялись за месяц🔥!
Раньше мы на полу сидели, писали код за низким столом.
Проводили дни горбясь и разминая ноги время от времени.
А тут бац и мы за высоким столом ))😆

что ж..
Хлеб у нас, да масло есть,
Пей молоко, хочешь, чай
Пиши фичи, пиши тест
Все успехи отмечай )

А вы заметили что бокал не пустой? Что там? Чай ? Кофе ? Нет, там 2000 строк кода )📄 Всем успешного трудового понедельника, ребята !
@ReactBot not working ((

UPD: а тут уоркает ))) Суретке лайк қойылмайды ма екен әлде ? хмм
#kaz #strategy
Жүріп келе жатқан жолымызды айта кетейін

Қатысып жүрген жігіттердің барлығы ересек, 29 және одан төмендер.
🕚 Уақыт тапшылығы барлығында сезіледі. Ауыл болған соң азан-кеш жасайтын тірліктері де бар, жұмыстары мен үйдің шаруасы бар.

Сол себепті академаиялық әдіспен әр тақырыпқа қырық-тоқсан сағаттан көңіл бөле алмайды екенбіз.
Керісінше, әрбірінің тек мәнін ұғып, апыл-ғұпыл аттап, бір портфолио жасауға тезірек кіріскіміз келеді.
Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: "бастысы төбелеске кірісіп кету🤺, қалғаны өзі келе береді🏅"

Қысқасы, маршрутымыз мынау:
🟢 html, css, js fundamentals (өтіп қойдық)
🟠 vueJs, bootstrap-vue frameworks (енді басталуда)
🟠 mySql, workbench, хостингке құю ( қазір өтілуде)
🔵 портфолионы жарыққа шығару
🔵 өзімізіді жан-жаққа жарнамалау
🔵 тапсырыстар қабылдап, ақша табу
🔵 табыс ұлғай сайын(100 мыңнан асса), қазір істеп жүрген жұмыстардан шығып, тек қана программист болу
🔵 кәсіби деңгейімізді әрі қарай көтере беру

Достар, ауыл жастарына сәттілік тілей отырып, ақыл-кеңестеріңізді, ұсыныстарыңызды чатта не жекеме( @karnurmax ) жазып отырсаңыздар болады ✋🏽
#rus #strategy
Расскажу о нашем пути

Ребята, которые ходят ко мне на уроки, довольно старшего возраста, 29 и ниже.
🕚 У всех сложности со временем. В ауле много дел, с утра до вечера есть чем заняться. Что дома, что на работе всегда все кипит.

По этой же причине мы не можем позволить себе учиться академическим методом, уделяя много времени каждому уроку. Наоборот, мы стараемся все темы пройти поверхностно. Уловив лишь суть, не останавливаясь на синтаксисах и других деталях, переходим дальше. Быстрее хотим приступить к своему портфолио.
Как говорил Нурсултан Назарбаев: " главное, влезть в драку🤺, все остальное само должно получиться🏅"

Подытожу, наш маршрут сейчас таков:
🟢 основы html, css, js(уже прошли)
🟠 фреймворки vue, bootstrap-vue ( только начинается)
🟠 mySql, workbench, работы с хостингом, доменом ( проходим)
🔵 опубликовать портфолио
🔵 рекламировать себя повсеместно
🔵 выполнять заказы, начинать зарабатывать любые деньги
🔵 как только прибыль перевесит 100К в месяц на персону, начнем увольняться с текущих мест работы и будем заниматься только программированием
🔵 продолжим поднимать проф. квалификацию

Друзья, все пожелания, советы и предложения можете писать в чат или мне в личку ( @karnurmax )✋🏽
#kaz #auyl_live #village_live

Күз келді.
Жаздыгүні жалыны бет қаратпайтын Жалағаш та жайлап салқынға бой алдырып бастады.

Кеше бірінші рет өзім де пешімді жағып, көсеуіммен қауышып қайттым )
Жалпы пешке от жаққанды жақсы көремін. Әсіресе бала-шаға тоңбасын деп, түннің бір уағында оянып кетсең болды барып бір түртіп қайтқанға не жетсін.
Бұл романтиканы жер үйде от жағып жүрген жандар ғана дұрыс сезіне алатын шығар. Еһһ, алда қандай қыс күтіп тұр екен.

Клубымның тірліктеріне үлгеріп жүрсем етті, әйтеуір
#rus #auyl_live #village_live

Вот осенняя пора.
И мой Жалағаш, в котором летом сложно было выйти на улицу из-за жары, потихоньку поддается холодам.

Вчера впервые разжег огонь в своей печи. "Хай, котельная, давно не виделись" ))

В целом я люблю топить печь. Особенно просыпаясь в холодные ночи, чтобы дети не мерзли, пойду лишний раз разожгу огонь.
Эту романтику поймет не каждый, только тот кто сам занимался этим на частном секторе. Эхх, интересно, какая зима ждет нас впереди ?

Главное, успевать бы заниматься делами своего клуба
#kaz #auyl_live

Балалық шақтан естелік

🥛-💰-🍶 Бала кезімізде сүт сататын едік.Әдетте, ортаңғы ағам өзі айналысатын. Тек арасында ғана мен ағамды алмастырып жүрдім.
Көшенің қиылысында тұрып, сүттің баклажкасын 35тг, айрандыкін 25-тен сататын едік. Еһһ, ақшамыз құнды болған екен ғой сол кезде. Жақсы, әрі қарай кеттік.
Ағам ісіне жауапты қарайтын. Ешқайда кетпей, тапжылмай бір орында тұратын саудасына мұқият болып.
Мен болсам ұйқым ашылғанша отыратынмын сатып отқан сүтімнің қасында. Сосын айран-сүт, ақша салатын "саудагер" белдік, барлығын тастай салып, емін-еркін ойнауға кететінмін⚽️.
Үйге түске таяғанда ораламын. Ойымда ештеңе жоқ. Аузым көпіріп "жаңа былай болды, сосын былай болды" деп әңгімемді бастап кетем үйге кіріп үлгермей жатып ))
"Әй, оның бәрі дұрыс қой. Сүт не болды ?" деген кезде, төбеме жай түскендей, ышқынып кері тартам көшеге қарай 🏎)
Барып қарасам айран-сүт өтетіні өткен, белдікті ақтарсам ішінде ақшасы тұратын. Жұрт өзі келіп керегін алып, орнына бос баклажкасын қойып, тиын-тебенін қалтаға салып кетеді екен❤️.

Сол кезде-ақ trust management-тен хабарым болған деп айта берсем болады ма ? 🤣
#rus #auyl_live

Воспоминания из детства

Сначала хочу извиниться, что перевод на русский вышел намного позднее. Не всегда желания совпадают с возможностями. А написать только ради галочки, так сказать "без души" не хочется. Ну что ж, поехали

🥛-💰-🍶 В детстве мы продавали молоко и кефир. Обычно, мой старший брат сам занимался торговлей и подходил к этому делу с большим интересом и ответственностью.
Иногда на заработанные 💰 он ездил на 🚌 до еще одного нашего родственника по имени Ғалымжан. В общем те 25-35 тенге за баклажку были крутым источником дохода в те времена.
Время от времени я заменял брата. Ох как же это было безответственно. Я не стоял смиренно рядом с продуктами как старший брат. Мой максимум - пока не проснулся. А после меня тянуло играть и я без малейшего обдумывания оставлял все, молоко и кефир и даже "коммерсантскую борсетку" с деньгами висеть на дереве на самом видном месте)
Домой возвращался под обед. Ни о чем не думая, без забот и переживаний. С порога рассказывая что же произошло космически интересного за это утро.
Мама говорила "ну это все конечно интересно, а как дела с молоком ? Где они?". И тут я вспоминал о своей миссии и мчался обратно на улицу как Молния Маккуин 🏎 )
Что удивляет меня сегодня, продукты были распроданы без моего участия, люди оставляли свои деньги в карман-ремешок, и пустые баклажки тоже лежали там. Каждый подходил и брал то что себе нужно, и никакого воровства.

Можно ли считать что я с детства владею подходом trust management ? ))
#kaz #маңызды #жобаның_өзектілігі

Үлкен пост болмақ, бірақ өте маңызды. Сол себепті асықпай толық оқып шығыңыздар. Канал үшін жасаған үлкен көмектеріңіз болсын.

Оқып жүрсіздер ғой, ананы істедік, мынаны істедік деп жазып жүрмін. Алыс-жақын жоспарларымның шетін ашып қоям арасында.
Бірақ ең маңызды сөзді жазбаппын әлі. Біз осы іспен НЕ ҮШІН айналысып жүрміз ? ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕ бізді осы жобаға итермеледі ? Сол туралы әңгіме бастайық ал.


Әңгіменің басын 90-ыншы жылдардан бастайын.

Ол жылдар барша қазақстандықтар үшін қиын жылдар болған шығар. Жұрт екі тиынның басын құрай алмай жүрген кез.
Шай үстінде үлкендердің басы қосыла қалса бітті "анау сокращениеге кетіпті, мынау да жұмыстан шығып қапты" деген әңгімелерді жиі еститінбіз.
Менің енді ес біліп келе жатқан кезім. 95-терде Жалағашқа көшіп келдік.
Бес жасар баламын. Жас балаға салмақ сезілмесе де, сурет ретінде есте қалды ғой. Қазір еске алып жағдайдың қиын болғанын түсінемін.
Сыртта ойнап жүрсең бір "қызып алған" көкенің қисалаңдап көше кезіп жүргенін көресің әдетте.
Заманы өткендері елес құсап, ешкімде шаруасы жоқ күйде сенделіп жүрсе, бойында күші бар, тепсе темір үзетін жастаулары бұрыш-бұрышта бүкшиіп отырады өткен-кеткенді қаужап.
Екі қолға бір жұмыс жоқ. Үйге кірсе де абырой жоқ. Ішкілікке салынуға барлық жағдайы кеп тұр. Өз басыңда ондай тумағасын қайсыбірін не деп сынға аласың?


Дегенмен, Аллаһтың қалауымен, әр іске білек сыбанып кірісетін бір еркек табылады емес пе.

Солардың бірі өзімнің әкем. Әкем сол заманда-ақ өзінің жұмысынан бөлек қызық-қызық жобалармен айналысыпты. Есімде қалғандарын түртіп өтейін.
Ең көп айналысқаны ұсталық пен суретке түсіру. Жай ғана өзі айналыспай, жұртқа да үйрететін.
Алты ұстаханасы болды. Ер, қамшы, басқа да құрал-аспаптарды жасауды үйрететін жастарға. Өзі тапсырыс қабылдап, өзі жасатып, сатып ақша тапқызып жүрді.
Кейініректе "Жандос Фото" деген фотосалон ашты. Ол жерге де біраз адамды тартты. Қазір ғой суретті түсіріп бұлтқа сақтай саламыз.
Ол кезде түнімен "проявка" жасайды әуелі, жан-жақты қараңғылап, қызыл жарықты ғана қалдырып. Негативтен ақ қағазға түсіреді де күтеді нәтижесі қалай болды екен деп.
"Тойдың болғанынан боладысы қызық" деген сөзді жаңа қырынан танисың ғой фотограф болсаң ) Әрі қарай кеттік...


"Айбын KZ"

Өзінің негізгі жұмысы аудандық спорт саласында. Өмірін спортпен өткізді десем артық емес. Жүгіруден бала жаттықтыратын. Қазақстан деңгейінде орындар алып жүрді.
Бұқаралық спортқа қатты ден қоятын. "Айбын KZ" деген жастар қоғамдық бірлестігін ашты.
Жастарды спортқа тартып, ауыл-ауылды аралап, жарыстар ұйымдастырып, жақсы көзге түскендерін өзіне тартатын.
Біздің үй "интернат" болды. Шеткі ауылдан келген біршама жігіттер осында жатып, жаттығып, ел көріп, жер көріп дегендей... біраз қызықты идеялар жүзеге асырылды.
Реті келгені жұмысқа да тұрды. Асып-тасып кетпесе де бір тірліктің шетін ұстап қалған жақсы нәрсе ғой.

Сол кезде әкемнің құжаттарын оқитынмын. Көптеген іс-шараның қағаздары "өзектілігі, мақсаты, міндеті" деп басталатын.
"Спорт - нашақорлыққа, үлкенді-кішілі бұзақылық пен ішімдік-темекіге қарсы!"
"Спорт - дене шынықтырумен қатар, отанға деген сүйіспеншілікті оятатын, жастарды еңбекқорлыққа баулып, бірлікке шақыратын құрал" деген сөздерді жиі кездестіретінмін.
Барлық іс-шара ауылдағы мәселелермен күресуге бағытталған еді.
Өзіне пайдалы бір затпен айналысып жүрген адам артық пәлені айналып өтеді ғой.

Бір қайырып, қорытындыласам, халыққа пайда әкелетін істермен айналысудың ізін салып, үлгісін көрсетіп кеткен екен әкем.

Жастарды пайдалы іспен қамту - зиянды істердің алдын алады.
Кім біледі, бір адамға жұмысқа тұруына көмектессең бір жанұяның жағдайы көтеріліп кетер ме екен.
Оның үстіне, IT саласының артықшылықтары көп:
ақшасының көп екенін айтып жату да артық
жұмыс орны көп
тіпті үйден істеймін десең де болады
карантинге қайта түсіп қалсақ, табыс табудың ыңғайлы бір жолы
ауылда жатып долларлап айлық алып жатсаң рахат қой
Осындай ойлармен жобаны жылжытып келеміз.
Мүмкіндігінше, күнде кешке 21-30-дан бастап 1-2 сағат дайындаламыз.
web программисттер командасын шығару барысындамыз.
3 frontend, 2 backend, 1 devOps, 1 дизайнер-маркетолог бетпе-бет тәрбиеленіп жатыр.

Енді осы жобаға қосыламын, қолдау көрсетемін дегендер болса, мархабат, хабарласыңыздар маған https://t.iss.one/karnurmax

Ең бірінші идеялық көмек керек. Қай жерде қайткен дұрыс, біз көрмей-білмей жүрген мүмкіндіктер бар ?
Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас деген. Мынадай үлкен істе барлықтарыңызды бірігуге шақырамын.
Ауылдың жағдайын жұмылып көтеруге ұмтылайық.
Ойларыңызбен бөлісіңіздер, іште қалмасын.

Нақты көмек көрсету форматтарын келесі бір постта жариялармын. Сабыр танытып толық оқып шыққандарыңызға үлкен рахмет :)
IT Path Kz pinned «#kaz #маңызды #жобаның_өзектілігі Үлкен пост болмақ, бірақ өте маңызды. Сол себепті асықпай толық оқып шығыңыздар. Канал үшін жасаған үлкен көмектеріңіз болсын. Оқып жүрсіздер ғой, ананы істедік, мынаны істедік деп жазып жүрмін. Алыс-жақын жоспарларымның…»
#rus #fun
С ребятами попробовали начать совместный проект. Изначально понимал что им не хватает навыков, но думал пронесёт.
Думал нагрузку поделим в пропорции 80-20
Но позже выяснилось что 90-10
А еще позже 95-5
А потом финально выяснилось что нагрузка идёт 150 на -50%%))
Короче, они пойдут учиться дальше🤣🤣🤣

Но я в них ни капли не сомневаюсь. Ведь все когда-то так начинали. Путали git команды в терминале. Путались в js синтаксисе. А у ребят только полтора месяца опыта. Так что мы не сдаёмся а сделаем тактический отход, и с новыми навыками войдём вновь в бой, буйыртса
#kaz #auyl_live #жақсы_жаңалық

🌧☁️🌧"Сұры бұлт түсі суық қаптайды аспан" демекші, Жалағашқа да күз жетті.
🍁Ауылдың күзі адамның еңсесін басады, қаладағыдан мүлдем басқаша. Үйді шала жылытып, әлсіз от жағып қоясың. Дегенмен, ыза байқалады, аяқ тоңады. Өз көңіліңді өзің көтермекке әлсін-әлсін шай ішесің. Сыртқа шықсаң жел ойнап, құм суырып жатады. Ішке кірсең жарық аз, күндіздің өзінде көңіліңе қаяу салып қояды. Осы жаз бен қыстың ортасындағы өтпел мен үшін бір кішкентай сынақ 🥀
8 сыныптарда ма еді, валеология пәнінде "қажу" деген тақырып өткенбіз. Есімде қалған қорытындысы - адам өмірінде осындай қажулы кезеңнің болып тұрғаны да жақсы арасында. Сәл қатаясың, есейесің, босаңсып кеткен болсаң бір жиналасың дегендей...

⭐️💥🌟💥🌟

Өстіп, іш пысып, қайтып өзімді бір жұбатып қоярымды білмей жүрсем, кеше бір тосын оқиға орын алды.
Телеграмда бір программистпен сөйлесіп отқам. Github-тағы Қазақстандық опенсорс проекттердің тізімін құрып қойыпты. Сол сияқты gitlab-тыкі де бар ма екен соны сұрайын деп. Ол болса өз кезегінде gitlab-ты жұмыс үшін, ал github-ты opensource үшін қолданған жөн екенін түсіндірді. Сөзден сөз туып, кішігірім әңгіме құрдық.
- Айтпақшы, "ауылдағы it" деген жобаны жасап жатқан сенбісің? - дейді маған.
- Иә.
- Бұл жаңалығыңды оқып біз қатты қуанып қалдық. Біздің де осы сынды жобаларды жасағымыз келіп жүр еді бұрыннан. Бірақ уақыт болмай, сырғып сырғып, жасалынбай қалды. Саған біз қолдау көрсетейік.

Ішімнен қолдаудың қандай түрі екен деп ойлап қоям. Идеялық па, ақшалай ма, заттай ма екен, мүмкін ақпараттық шығар ? Ойымды өзі растап берді сол мезет:
- Әзірше барынша саған ақшамен немесе бірер сұхбаттармен көмектесе аламыз, - деген хатын оқыған кезде біраз жадырап қалдым. Өйткені, тура осы екі нәрсені өзім де тілеп жүр едім іштей🎯
Ә дегеннен "берсең бере ғой" деп қабымның аузын аңқитып ашып тастауды ерсі көрдім. Еркек болған соң, одан да жұртқа пайдалы бір іс жасап донатқа лайықты болмаққа бел будым.
Ойымды жеткізіп едім, толықтай құптайтынын айтты:
- Өз балдарыңды өзің білесің ғой. Қайсысы қай деңгейде, қолынан не келеді. Соған қарап өзің бірдеңе ұйымдастырсай, - деді.
- Жақсы. 5 күн ішінде формат ойлап тауып + базовый механизм құрып көрейік, - дедім. Сөйткен 5 күнімнің 1 күні өтті)
Әзірге тек бір ғана қарапайым идея ойға кеп тұр
💡сайт құрсақ:
1 - ауыл клубына донат жасағысы(аға буын) келетіндер мен студенттер(жас буын) тіркелсе
2 - Аға буын қызық тапсырма құрса, уақыты мен сыйақы көлемін бекітсе.
3 - Жас буын шамасы келгенше өздері немесе менің көмегіммен сол тапсырмаларды орындап, GITHUB-қа салып отса нәтижелерін.
4 - Тапсырма дұрыс орындалған жағдайда Аға буын клубқа донат жасаса

Бұйыртса, ұтатынымыз мынау:
Аға буын -
* Жас буынға ақыл-кеңесін, ескертулерін жеткізеді.
* ауылға қаржылай көмек көрсетеді.
* Жас буынды сыртынан бақылап отыра алады.
* арасынан дарындыларын байқаса өзіне тартып көрсе болады кейін.
Жас буын -
* Аға буынның комьюнитиіне қол жеткізеді
* Жайшылықта жинау қиын тәжірибені аз уақыт арасында жинайды
* донат арқылы өзінің азын-аулақ жағдайын көтере алады. Нәтижесінде басқа жұмысты тастап, тек қана программист болып кете алады.

Клуб -
* өз миссиясын орындауға, ауыл жастарына жұмыс тауып беруге зор мүмкіндік ашылады
* келіп жатқан донаттар арқылы жаңа техникаларға қол жеткізеді, өз деңгейін көтереді


Қосар ойларыңызды жекеге жаза берсеңіздер болады https://t.iss.one/karnurmax
#kaz #flood_time

Кеше сабақтан біраз кеш қайттық. Әдетте шаршап, быт-шыт болып қайтатынбыз көп отырып қалсақ. Бұл жолы түрлері жадыраңқы.

Көшеде келе жатып "қалай болды, шаршадыңдар ма?" десем, "жоқ, түк шаршаған жоқпыз" дейді. Мұрындарына ақшаның иісі келе бастаған ғо)) аахахахахаха )))))
"Сосын тағы бірдеңе керек, кішкене ғана нәрсе" десем талай фрилансер мырс етіп бір күлетін шығар...

Бір таныс жігіт qr code генератор жасап берші деп тапсырыс берген. Шағын ғана tool керек деп ұқтым. Ол жігіт өзі саудамен айналысады. Сатып жатқан заттарының сертификатын тексеріп кеп тұрады екен құзырлы мекемелер. Әр келген сайын әр заттың сертификатын көрсете беріп шаршаған ғой. Енді тауарлардың қасына qr code қойып қоймақшы. Керек адам сканерлеп алып, сілтеме бойынша сертфикатты тамашалай береді.
Онысын жасап қойдық. Хостингке салып, міне қарай ғой деп. Сілтемесі мынадай: https://qr-generator.zhalagash.it
Бүге-шігесіне дейін жасалған сайт емес, тесттен өткізсеңіздер көп баг табуларыңыз мүмкін.
Бірақ, айтарым сайт емес, басқада )
Қызығы сол, тапсырыс беріп жатқанда ол жігіт qr code + сосын тағы бірдеңе керек деген. Тағы бірдеңесі интернет магазин болып шықты. Мына qr code-тарға тағы бір функционалдарды қосып, тағы бір "кішкене" өзгерістер енгізіп, нәтижесінде интернет магазин қылып беруім керек екен. Қалай кішкентай генератордан магазин шығаратынымды толық түсіне алмадым, өзі де түсіндіре алмады.
"Каша из топора" тілін тістеп тұр )
Шүкір, бүгін бірінші ақшамыз түсті қоржынға💰
Ауыл клубының алғашқы табысы )
🏢Бір көке балкон жөндеумен, қаптап, ішіне шкаф құрып берумен айналысады екен. Сол көкеге сайт визитка жасап бердік. Ал енді сұрақ, қанша ақша түсті деп ойлайсыздар ? : )
Anonymous Quiz
24%
10 000
23%
20 000
33%
30 000
20%
40 000
#qaz #github #opensource #jsgame #for_beginners

🚀🚀🚀

https://jsgame.zhalagash.it

Жалағаш IT клубының алғашқы opensource жобасы гитхабқа салынды (https://github.com/zhalagash-it/jsgame)
Программист боламын деген жастарға арналған ойын.
Ойынның мәні - жаумен соғыса отырып, сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 ракета қиратсаңыз += 15 ұпай
1 сұраққа дұрыс жауап берсеңіз += 100 ұпай
жаудың ракетасымен соқтығысып қалсаңыз == ұтыласыз

Дәл қазір тесттік деңгейдегі прототипі ғана. Ат салысамын деген программисттер шықса мархабат.

Сұрақтар қорын толтырамын десеңіздер де қуаныштымын : )