IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from Қазақша webdev.
JavaScript тілі туралы курьезді жағдайлар. JavaScript тілінің қандай курьезді жағдайлары бар екеін туралы қысқа да нақты пост.

JavaScript тілі сіздерге қалай екен? Кейде мидың ығырын шығаратын кездері болып тұрады екен.)

#javascript / #strange / #post
———
@kzwebdev
@kzwebdevchat
Forwarded from IT bilim
Кеше болған 0-сабақтың видео жазбасы.

https://youtu.be/CSRdvdE4j7s
Forwarded from IT bilim
IT Bilim Вебинар 📣📣📣

Питон тіліне жалпы шолу бойынша тікелей эфирде стримдер бастадық. Көпшіліктің олимпиада есептерін шығару жайлы сұрауына байланысты сол тақырыпта вебинар өткізуді жоспарлап жатырмыз.

Тақырып: Алгоритмдік есептерді шешудің негізгі әдістері

Вебинарды қозғалатын тақырыптар:
📌 Олимпиада есептеріне жалпы шолу
📌 Математика және формулалар
📌 Үлкен О нотациясы жайлы түсінік қалыптастыру
📌 Деректер құрылымын талқылау және есеп шығаруда қолдану

Вебинар кімдерге арналған:
- жаңа бастаушылар
- оқушылар мен студенттер
- информатика/робототехника мұғалімдері
- интервьюға дайындалып жүргендер (жұмыс/стажировка)

ҚАТЫСУ: ТЕГІН

Уақыты: 26 - желтоқсан 21:00 (жексенбі)
(Уақыт бойынша өзгеріс болса, ертерек хабар береміз)

Бізге қолдау білдіріп таныстарыңызбен бөлісіп қойыңыздар ❤️ Ұмытып кетпесін.
Сілтеме:
https://www.youtube.com/ITBilim
Forwarded from IT bilim
esepter.pdf
244.9 KB
Алгоритмдік есептерді шешудің негізгі әдістері [Есептер]
Forwarded from AI trends kz (Yedige Radolda)
"Алгоритмдік есептерді шешудің негізгі әдістері" тақырыбына арналған вебинарымыз бүгін 15:00-де басталады. 📣📣📣

Ұмытпаймыз❗️

Вебинарға сілтеме👇🏻👇🏻👇🏻
https://youtu.be/i2CDiipaAkU
Forwarded from Aidos
2021. Сандар сөйлесін 😁

IT bilim арнасы 1 жыл ішінде қазақы IT контент дамыту мақсатында:

📍IT, web, coding, алгоритм тақырыптарында қызықты 83 танымдық пост жасадық.
📍IT, питон туралы 4 мақала жаздық.
📍IT мақала, кітаптардағы ең жиі кездесетін ағылшынша терминдердің сөздігін жасадық.
📍Jaiq подкаст қонағы болдық.
📍Ютуб арнамызға жалпы көлемі 965 минуттық 30 видео салдық:
⬥ Линукс терминалы туралы 2 видео.
⬥ Питон туралы 19 видео.
⬥ Алгоритм мен деректер құрылымы туралы 9 видео.
📍Тегін 36 онлайн сабақ өткіздік:
⬥ Питон туралы 27 сабақ.
⬥ Алгоритм мен деректер құрылымы туралы 9 сабақ.
📍Вебинарлар жасадық:
⬥ Мұғалім, оқушыларға алгоритмдік есептер шешу әдістері жайлы 2 вебинар өткіздік.
⬥ Абитуриент, оқушы, ата аналарға IT мамандық таңдау, грантқа өтініш қалдыру туралы тегін вебинар, консультация жасадық.
📍IT Bilim Code арнасында:
⬥ 50+ контесттерге қатысып, есептерді талқыладық.
⬥ Тәжірибе алмасып жұмысқа интервьюге дайындық жасадық.

Ең бастысы ☝️😏
IT-ға ынталы кісілердің басын қосып қазақы IT қауымдастық қалыптастырдық.
Телеграм арнамызда 2300+, ютуб арнамызда 1000+ адам болдық.

YouTube арна: youtube.com/ITBilim
Телеграм арна:
t.iss.one/it_bilimkz
Есеп шығаратын арна:
t.iss.one/it_bilim_code
Инстаграм парақша:
instagram.com/it_bilim.kz
🎉1
Forwarded from IT bilim
Weekly Contest 274.pdf
222.5 KB
Литкод 274 контест есептері (Қазақша)
👍1🔥1
Forwarded from IT bilim
Бүгін таңертең 8:30 да болған литкод контесттің алғашқы 3 есебін шығарып көріңіздер.
Есептердің берілуін қазақ тіліне аударып pdf файл салып қойдық.
Есептердің шешімен ютуб арнамыздан сағат 15:00 - те көре аласыздар.
Стримда бірнеше шешу әдістерін қарастырамыз.

https://youtu.be/Z5s8_9D7cTE
Есептің қазақша берілуі: сілтеме
1-есеп: сілтеме
2-есеп: сілтеме
3-есеп: сілтеме
Интернет бар кезде оқуға керек нәрселеріңізді көшіріп алып қалыңыздар.
pdf файлдарды, виедоларды жүктеп алып қалыңыздар.

сыртқа шыққанша үйде отырып, туториалдарды өтіп алыңыздар.

Бұйыртса, бұл уақыт та өтеді, ал ақшаға тапшылық көбеймесе азаймайды.

Мықты программист болуға мотивация тек көбеюі тиіс, сірә )
👍4
PWA - Progressive Web Apps.

Сайттарын осы технологияны қолдана отырып жасағандарға рахмет.
Интернет жоқ кезде де осы сайттарды қолдануға мүмкіндік бар*.

https://developer.mozilla.org/en-US/docs/Web/Progressive_web_apps

PWA - web пен мобилканың жақсы қасиеттерін өз бойына жинаған.
Бір жағынан қарапайым сайт ретінде ашылады да кэш ретінде сақталып отырады.
Өзіңізге "орнатып" алсаңыз болады. Кейін қосымша сияқты аша қоясыз.

Сонымен қатар, егер бұрын кірген сайтыңыз болса, кейін интернет жоқ кезде қолдана бересіз.

Көрейікші-ал дегендерге 👇🏽👇🏽
https://developer.mozilla.org/en-US/docs/Web/Progressive_web_apps
👍1
тағы бір мықты прокси. жылдам жасап тұр.
⛔️ әрі қарай КАНАЛДАРҒА таратып керек емес.
кімге бергіңіз келсе ЖЕКЕ ӨЗІНЕ ҒАНА жіберіңіз


Бұл проксиді жіберген жанашыр оқырманға үлкен рахмет ❤️
кеттік, бірдеңе жасайық !!!

Дәл қазір телеграмда прокси арқылы бірдеңе жасап жатырмыз, иә.
шүкір.

енді әрі қарай жұмыс істейік десек не жетпейді ?

гуглдай алмай жатырмыз. сол сияқты ең бірінші керек нәрсе.

гуглдайтын + сайттарды текст ретінде ашып беретін телеграм бот керек.

кеттік, кім құра алады ?

Құра алсақ, әрі қарай донат жинауға болады, бұйыртса ))

ең бастысы, бұл тек осы күндері ғана керек нәрсе. 3-4 күннен соң керек болмай қалуы мүмкін )))

осындайда басып қалыңыздар қамшылап
👍2
Интернет қолжетімсіз болған кезде кейбір боттар пайдалы болуы мүмкін:

@pic - суреттер іздейді.
@wiki - ағылшынша Уикипедия.
@vid - Ютубтан видео жіберу. Тек жіберу, көруге болмайды.

Боттарды чаттарда қолдануға болады.
👍2