IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
2.15 JavaScript-тегі функциялар жайлы бірер сөз
https://youtu.be/mfs5PN3O-3I

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
2.17 lambda functions (arrow functions, "стрелочные функции")
JavaScript-тегі функция құрудың жаңа бір керемет түрі.
https://youtu.be/1y0y5PbmAWQ

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
JavaScript негіздері бойынша қорытынды

Сенбі, 20 қараша · 16:00–17:00PM

Кездесу болмайды. Адам аз (2 адам)
3.1-3.6 код жазу сапасын арттыру үшін керек нәрселер
https://youtu.be/oG67bNNNDko

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
Ал енді объектілер тақырыбына да кірісіп бастадық.
Фреймворк қашан өтеміз дегендер, осыны жақсы түсініп алсаңыздар дұрыс)

4.1 Объектіге кіріспе
https://youtu.be/q72uxyscJYo

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
☝🏽Бүгіннен басталып жатқан тақырып ЕҢ маңызды тақырыптардың бірі.

Value type, reference type.

Қазақшалап мәндік тип және сілтемелік тип десек болатын шығар.

JS-те 8 түрлі тип болса солардың 7-еуі қарапайымға жатады.
Қарапайымның барлығы value type.
Number, BigInt, String, Boolean, null, undefined, Symbol.

Жалғыз ғана сілтемелі тип бар. Ол - Object.
Жалғыз ғана күрделі тип. Не үшін төбедегі 7-еуі қарапайым, ал бұл күрделі ?

Себебі, қарапайым типтер өз ішінде нақты бір ЖАЛҒЫЗ мәнді ғана ұстап тұрады. Ал объекті болса бірнеше айнымалыға сілтеме жасап тұрады.

Объекті өз ішінде басқа объектіге де, тіпті өз-өзіне де сілтеме жасай береді.

Объектінің құрылу мақсаты - қарапайым мәндерді топтастыру, соларға жасалатын сілтемені бір жерде ұстап тұру.

Алдағы посттарда осы тақырыпты әрі қарай да аша түсеміз 👉🏽

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
Мәндік тип пен сілтемелік типтердің көшірілу механизміндегі айырмашылық.

Қарапайым типтерді көшіргенде жаңадан тағы бір клоны құрылады.
Мысалы,
let x = 5;
let y = x; // көшіріп жатырмыз. осы жерде жадыдан тағы бір орын бөлінеді.

y = 6;
console.log ( x ); // 5
console.log ( y ); // 6
Бұл жерде жадыдан екі рет орын бөлінді.
Әр сан өз жадысында өмір сүруде.
Біреуін өзгертсең екіншісіне әсер етпейді.

Ал енді объекті ішінде болса ше ?
const obj1 = { x: 5 };
const obj2 = obj1; // көшіріп жатырмыз. жадыдан тағы бір орын бөлініп жатқан жоқ.
// Екі айнымалы да бір объектіге сілтейді.

obj2.x = 6;

console.log (obj1.x); // 6
console.log (obj2.x); // 6

Алда тағы да талқылай береміз, бұйыртса. Іштеріңіз пысқанша ))
Неге объектілерді көшіргенде бір-біріне әсер етеді ?

Мысалмен түсіндіріп көрейік. Сізде теледидар бар делік.
Және сол теледидарды басқару үшін қолыңызға пультті алдыңыз. Әрі бері арналарды ауыстырып жатырсыз. Дауысын қаттырақ шығарасыз, азайтасыз, әйтеуір қожайындық етіп жатырсыз )

Бір кезде бір досыңыз келді де ол да ортақтаса кетті теледидарға. Интерпретатор оның да қолына пульт ұстатып қойды.

Енді не болды ? Пульт екеу, теледидар біреу.

Сіз Хабарға қоясыз, анау Қазақ Спортына қояды.
Сіз дауысын басасыз, анау бақыртып қояды.

Сіз өшіресіз, анау қайтадан қосып алады. Рақат )


Осы жердегі пульт ол объектіге сілтеме. Ал теледидар нақты объектінің өзі.

Пультті әрі бері көшіргеннен жаңа теледидар пайда болмайды.

Ол үшін нақты жаңа теледидар сұрап алу керек JS-тен )
👍1
жоғарыдағы мысалда консолға не шығады?
Anonymous Quiz
65%
5, 6
35%
6, 6
ал мына жерде не шығады ?
Anonymous Quiz
13%
runtime error
16%
9, undefined
66%
9, 10
5%
8, 10
👍1
Ok. Let’s go!
1 сагаттан сон гугл мит. Жана такырып жок, циклдарга есеп шыгарамыз.
Уакыт таяганда link коямын осы жерге
#flood_time #жай_әңгіме

Бір кездері стартап жасағым келсе айды аспаннан шығарып, әлемде жоқ бірдеңе жасағым келіп жүретін.

Қай кезде ойым өзгергенін түсіне алмай отырмын.
Қазір, керісінше, нарықта не бар, соларды айна-қатесіз көшірген дұрыс деген ойға кеп қалыппын )
Есейдім бе әлде беріліп қойдым ба ?

Ал сіз стартап жасасаңыз қай жолды таңдаушы едіңіз ?
Әлемде жоқ нәрсе ойлап табасыз ба әлде "чужая идея + чужая идея = своя идея" ма ? ))
Forwarded from Narikbi LIVE
Narikbi TECH

Достар, мен қазіргі күні әлеуметтік желіде подкаст авторы ретінде танылсам, кәдімгі өмірде software engineer, яғни IT маман болып жұмыс істеймін.

Мен алғаш рет кодты 12 жыл бұрын мектепте жазған екенмін. Turbo Pascal деген тіл болатын, қазіргі күні көп программисттер есінде де жоқ шығар. Иә, біз сондай динозаврмыз.

Кейін универ мен жұмыста С/C++, PHP, Java, Objective-C, Swift, Typescript.. және тағы басқа есімде жоқ тілдерде жаздық. Түрлі технологияларды көрдік. Ойланып қарасам, азды көпті тәжірибе жиналып қалыпты.

Мен осы жиған терген тәжірибеммен бөлісуге тырыстым. Бір уақыт тіпті KBTU сабақ бердім. Сол студенттерім талай жетістікке жетіп жатыр, Аллаға шүкір.

Енді, осыны онлайн форматта жасағым келеді. Су жаңа @narikbi_tech каналын ашып қойдым. Осы жерде тәжірибеммен, IT жаңалықтармен, жұмысқа тұру және курстарым жайлы жазатын боламын.

Тағы бұйырса, апта сайын Big Tech компанияларда жұмыс істейтін азаматтармен сұрақ-жауап тікелей эфир жасауды жоспарлап жатырмын. Общм, талай дүниені жасауға ниеттеніп отырмын.

Егер сіз IT және TECH әлемінде ең сапалы қазақ тілді ақпарат алғыңыз келсе, сізге каналға жазылу must.

https://t.iss.one/narikbi_tech/3