IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Boom💥 Amazon курстары на доступ ашылды !
Курстардың құны: 0$ ,
Тек VPN қолданып ала аласыз!
Сілтеме -> https://www.amazon.com/s?rh=p_27%3AAWS+Training+%26+Certification&page=2&qid=1636712113&ref=sr_pg_2

Ақпаратпен бөліскен @nixwins
15 минуттан соң қысқаша google meet болады.
Тақырып: JavaScript-тегі циклдер. while, for

Егер қызығушылар бар болса taskbook бойынша есептер шығарып көрсетем.
комментке + қойып кетіңіздер

UPD: google meet өтіп кетті. қатысқандарға рахмет. ертең 20-00-де тағы өтеміз, бұйыртса
2.13 JavaScript-тегі циклдер. 2-бөлігі. for
https://youtu.be/FIxZZeEP4Gc

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
2.15 JavaScript-тегі функциялар жайлы бірер сөз
https://youtu.be/mfs5PN3O-3I

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
2.17 lambda functions (arrow functions, "стрелочные функции")
JavaScript-тегі функция құрудың жаңа бір керемет түрі.
https://youtu.be/1y0y5PbmAWQ

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
JavaScript негіздері бойынша қорытынды

Сенбі, 20 қараша · 16:00–17:00PM

Кездесу болмайды. Адам аз (2 адам)
3.1-3.6 код жазу сапасын арттыру үшін керек нәрселер
https://youtu.be/oG67bNNNDko

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
Ал енді объектілер тақырыбына да кірісіп бастадық.
Фреймворк қашан өтеміз дегендер, осыны жақсы түсініп алсаңыздар дұрыс)

4.1 Объектіге кіріспе
https://youtu.be/q72uxyscJYo

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
☝🏽Бүгіннен басталып жатқан тақырып ЕҢ маңызды тақырыптардың бірі.

Value type, reference type.

Қазақшалап мәндік тип және сілтемелік тип десек болатын шығар.

JS-те 8 түрлі тип болса солардың 7-еуі қарапайымға жатады.
Қарапайымның барлығы value type.
Number, BigInt, String, Boolean, null, undefined, Symbol.

Жалғыз ғана сілтемелі тип бар. Ол - Object.
Жалғыз ғана күрделі тип. Не үшін төбедегі 7-еуі қарапайым, ал бұл күрделі ?

Себебі, қарапайым типтер өз ішінде нақты бір ЖАЛҒЫЗ мәнді ғана ұстап тұрады. Ал объекті болса бірнеше айнымалыға сілтеме жасап тұрады.

Объекті өз ішінде басқа объектіге де, тіпті өз-өзіне де сілтеме жасай береді.

Объектінің құрылу мақсаты - қарапайым мәндерді топтастыру, соларға жасалатын сілтемені бір жерде ұстап тұру.

Алдағы посттарда осы тақырыпты әрі қарай да аша түсеміз 👉🏽

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
Мәндік тип пен сілтемелік типтердің көшірілу механизміндегі айырмашылық.

Қарапайым типтерді көшіргенде жаңадан тағы бір клоны құрылады.
Мысалы,
let x = 5;
let y = x; // көшіріп жатырмыз. осы жерде жадыдан тағы бір орын бөлінеді.

y = 6;
console.log ( x ); // 5
console.log ( y ); // 6
Бұл жерде жадыдан екі рет орын бөлінді.
Әр сан өз жадысында өмір сүруде.
Біреуін өзгертсең екіншісіне әсер етпейді.

Ал енді объекті ішінде болса ше ?
const obj1 = { x: 5 };
const obj2 = obj1; // көшіріп жатырмыз. жадыдан тағы бір орын бөлініп жатқан жоқ.
// Екі айнымалы да бір объектіге сілтейді.

obj2.x = 6;

console.log (obj1.x); // 6
console.log (obj2.x); // 6

Алда тағы да талқылай береміз, бұйыртса. Іштеріңіз пысқанша ))
Неге объектілерді көшіргенде бір-біріне әсер етеді ?

Мысалмен түсіндіріп көрейік. Сізде теледидар бар делік.
Және сол теледидарды басқару үшін қолыңызға пультті алдыңыз. Әрі бері арналарды ауыстырып жатырсыз. Дауысын қаттырақ шығарасыз, азайтасыз, әйтеуір қожайындық етіп жатырсыз )

Бір кезде бір досыңыз келді де ол да ортақтаса кетті теледидарға. Интерпретатор оның да қолына пульт ұстатып қойды.

Енді не болды ? Пульт екеу, теледидар біреу.

Сіз Хабарға қоясыз, анау Қазақ Спортына қояды.
Сіз дауысын басасыз, анау бақыртып қояды.

Сіз өшіресіз, анау қайтадан қосып алады. Рақат )


Осы жердегі пульт ол объектіге сілтеме. Ал теледидар нақты объектінің өзі.

Пультті әрі бері көшіргеннен жаңа теледидар пайда болмайды.

Ол үшін нақты жаңа теледидар сұрап алу керек JS-тен )
👍1
жоғарыдағы мысалда консолға не шығады?
Anonymous Quiz
65%
5, 6
35%
6, 6
ал мына жерде не шығады ?
Anonymous Quiz
13%
runtime error
16%
9, undefined
66%
9, 10
5%
8, 10
👍1