IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
20 минуттан соң WEB негіздері бойынша кішігірім сұрақ-жауап сеансын ұйымдастырып көрейік.
Кім қолы бос, осы бағыт қызық болса мархабат.
Қосылыңыздар 19-30-да

https://us02web.zoom.us/j/86108936656?pwd=aHpEV3h3bTJpR0xKRUNNbzdVZTIwZz09

Код : A8VrnG
"Академия Шаг-ты оқыған дұрыс па әлде қысқаша курс оқиын ба ?"

Көп жағдайда оқығысы кеп тұрған адамның жасына, тұрмыс-тіршілігіне қарайды.

Мектеп оқушысы немесе 1-2 курс студенті болса академиялық жол дұрыс.
Әр тақырыпты асықпай, жеке-жеке шайнап, ауыр тақырып келсе бірнеше сабаққа бөліп, қорытып, сіңіріп, аз-аздан жылжып отырған жақсы.
[Нақты Академия Шаг-ты жарнамалап тұрғам жоқ. Жалпы академиялық жол туралы айтудамын.]


Ал универ бітірген, жұмыс істеп жүрген, бала-шағасы бар жандар үшін курстар қарап, жеке ментор жалдап, барынша тез жұмысқа тұрып алған жақсы. Hexlet курстары жақсы деп жатыр. Неғылса, сол жаққа да бір қарап қойыңыздар : )
Forwarded from Meirambek
Онлайн редактор (https://stackblitz.com/) ті қолданып көріпбедіңіздер? Ең жақсы жағы - енді StackBlitz -те GitHub репозиторийіндегі проектіңізді іске қосуға болады. Бұл қалай жұмыс істейді? Жәй ғана, мекенжай жолағына келесілерді жазу қажет:
stackblitz.com/github/GH_USERNAME/REPO_NAME
Мына жерде менің еңбегім шамалы-ақ. Тегін келген статистика деп қана қабылдаймын)
Алмаз бен Қажымұқан екеуімен EMEN жобасында танысқан едік. Қасында тағы да жап-жақсы жігіттер болды. Бірақ разработчиктермен көбірек сөйлескесін осы жігіттер есімде қалды.
Мықты жігіттер. Кеше бұларға ментор болып ек, бүгін бұлар конкурент болып жатыр ғой нарықта ) ықық ))
JavaScript бойынша бір мықты материал тауып алып, қазақшаға аударып, түсіндіріп шыққым келіп еді.
Қандай ресурстарды білесіздер ?
Сайт болсын, youTube-тағы видеолекциялар болсын, ұсыныстарыңызды тастайсыздар ма.
Міне мынау енді бастағандарға ең керек материал дейтіндей не бар ?
#flood_time #әзіл_уақыты

Ағылшыншам нашар. Ешқашан speaking дамытпағанмын.
Кезінде таксилетіп жүргенде бірен-саран туристтерді тасыған кездегі диалогтарды санамасақ )
Ауызша айтылғанды зорға түсінемін. Жұмыста басында қиналып жүргем, сосын қулыққа көштім.

Жұмыстағылар ағылшынша сөйлеп жатқанда экранымды жазып аламын видеоға.
Yes, yes, ok ok, I will do my best деп шығарып саламын.
Сосын ол видеоны YouTube-қа саламын.
Сосын субтитрларын қосып қойып, асықпай аударып отырамын.

Өстіп тірлік қылып жүрміз әзірге )
Bootcamp-тың бас жағы мен үшін өте қиын болды.
Бірінші күні берген тапсырманы бір апта бойы орындадым.
"Ай, осы сен бұл жұмыста қалмайсың-ау" дегенді де естіп жүрдім арасында )

Барлық жұмыс vim арқылы. Терминалдан басқа ештеңе көрмедім әлі.
Мен көрген ең үлкен файл жиырма мың қатар кодтан тұрады екен!

JavaScript-те debug жасау қиын. console log-пен біраз ми ашыды.
Ақыры болмаған соң дәптерге қолмен көшіріп бастадым кодтың өзіме керек жерлерін.
Ерінбей дебагты дәптерге түсіріп отырдым. Есесіне біраз көзім ашылып, қатысып жатқан жобамның қыр-сырын түсіне бастадым.

Сосын тапсырманы орындай алмасам да қалай орындағым келетіні жайлы ойларымды айтып бастадым.
Менторым түзетулер енгізіп отырды керек жерінде.
Жайлап маған көзқарастары жақсара түскенін байқадым.
Кеше бірінші рет жақсы сөздер ести бастадым.
Сынақ мерзімінен жақсы өтіп жатқанға ұқсаймын соған қарағанда. Аллаһқа шүкір )
📣📣📣
Кім программист болғысы келеді ?

Осы жексенбі онлайн кездесейік.
🗓31 қазан
түскі 12-де google meet-те .

Тақырып: WEB және JavaScript 💻

Тағы қызығып жүргендер болса, осы хатты тара салыңыздар.

Арнамызға жазылып қоя берсін.
https://t.iss.one/jalagash_it
Жауабы: undefined және number !
Негізінде, let x = (y = 10) 👈 осы жер y = 10 ; let x = y; дің қысқартылған түрі;
let x ол Block Scope Variable бул дегеніміз сырттан айнымалыға доступ жоқ сол себепті undefined;
y тің алдында ешқандай айнымалының түрі болмағандықтан, ол Глобалдық обьектіге қосылады яғни кез келген жерден қол жетімді сондықтан number болып қалады,
Сіздерді Kolesa Conf 2021 атты тегін IT-конференцияға шақырамыз! Ол 13 қарашада онлайн режимінде өтеді.

Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 5 бағыт: Data Science, Management, Web, Mobile және Administration & Infrastructure. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff Business, Avito, Циан, Yandex Cloud, Kcell, Beeline, Tele2, Kaspi, Halyk, Top Secret Inc, ЦАРКА, Sergek Development және т.б. компаниялардың сарапшылары 8-13 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.

Әрбір бағыттың жеке онлайн бөлмесі болады, сол бөлмелерді еркін ауыстырып қарауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.

Былтырғы Kolesa Conf-ті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және басқа да ТМД елдерінен 5 911 қатысушы тамашалады.

Онлайн-конференцияға қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.

Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.
Jogary da gy surette, consoledan ne shygady ?
Anonymous Poll
24%
test = undefined
35%
test = 5
36%
test = 10
5%
error status = 123
IT Path Kz
📣📣📣 Кім программист болғысы келеді ? Осы жексенбі онлайн кездесейік. 🗓31 қазан түскі 12-де google meet-те . Тақырып: WEB және JavaScript 💻 Тағы қызығып жүргендер болса, осы хатты тара салыңыздар. Арнамызға жазылып қоя берсін. https://t.iss.one/jalagash_it
📣📣📣 Кім 0-ден программист болғысы келеді ?

Шамамен бір сағаттан астам уақыттан соң онлайн кездесуімізді бастаймыз.
Google Meet-ке сілтеме қоямын басталарға 15 минут қалғанда✊🏽

Тақырып: web & JavaScript

Енді бастағысы келетіндерге арналады.
Сұрақтарыңызды дайындап келіңіздер.
Білетін нәрсеміз болса жауап береміз, бұйыртқанынша )

https://t.iss.one/jalagash_it
Қатысқан қонақтарға үлкен рахмет👍👍👍
__________________________________________________
Ендігі сұрақ, кім әрі қарай JavaScript үйренгісі келеді ?

Мына форманы толтырып жіберіңіздерші.

google_form

Шамамен қанша адам, кімдер екенін біліп отырайын
___________________________________________________
PS: Ертеңнен бастап видеоларды салып отырамын, бұйыртса.
Қалаған уақытта сұрақтарыңызды чатта қоя беріңіздер
#learn_javascript_kz

Кіріспе
1.1 JavaScript-ке кіріспе
https://youtu.be/m4-kYvyFhQE

1.2 (ECMA) спецификация дегеніміз не ?
1.3 Код жазатын редакторлар (Visual Studio Code)
1.4 Developer Tools. Console - сіздің ең жақын көмекшіңіз
https://youtu.be/p9H9HVfNUQc

https://t.iss.one/jalagash_it
JavaScript негіздері

2.1 Браузердегі JavaScript
2.2 Код құрылымы
2.3 Қатаң режим "use strict"
https://youtu.be/rtctYX09rrk

2.4 Деректер типі
https://youtu.be/mEbY6KPPqHU

#learn_javascript_kz
https://t.iss.one/jalagash_it
Қатысатын 15 адам жиналса ертең
20-00-де google meet-те
сұрақ жауап ойнаймыз. Тақырып: JavaScript негіздері
Anonymous Poll
47%
иә, қатысамын
24%
қатыса алмаймын
29%
не туралы болады ?
JavaScript негіздері

Бүгін таңертең видео болмайды.
Одан да мына тестті өтіп,
сәл де болсын дайындалып алсаңыздар
және сұрақ қойсаңыздар күшті болушы еді.
google forms
_____________

📣📣📣 Ал кешке онлайн кездесуімізде тағы да сұрақ-жауап ұйымдастырамыз. бұйыртса.

🗓Сәрсенбі, 3 қараша
20:00 - 21:00
💻Google Meet link