IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Жалағаш it-ге оралсақ.
Арна соңғы уақытты тынышталып қалды. Арасында ғана басқа жақтан жақсы ақпарат көріп қалсам бөлісіп отырам.

Дегенмен, бір рет те қолым түскен емес. Қолым тимей жатса да ойымның бір бөлігі осы жобада.
Жобаның өзектілігі жоғары. Мақсаты айқын.

Қазақтарды(қазақстандықтарды) it-ге үйретіп, мүмкіндігінше шетелге жұмысқа тұрғызу.

Негізі осы ойға соңғы бірнеше айда келгем. Бірақ сыртқа айта алмай жүрдім.
Біреуді үйретем десең әуелі өзің білуің керек деді.
Біреуді шетелге жұмысқа тұрғызам десең, әуелі өзің сол жолды өтіп көруің керек.
Әйтпесе, өзіңде жоқты біреуге қалай бермекшісің ?

Жөн сөз. Осылай ескерту жасайтын ағаларға алғысым зор.

Сөйтіп дәл қазір бірнеше адамды жеке шетелге жұмысқа тұрғызуға дайындап жатырмын.
Әдеттегідей экспериментал топ )

Жаңа топ. Жаңа нысана. Үйретудің жаңа форматы. Бұйырғанын көрерміз.

Әлі 2 айлары бар. Тәк что жақын арада жобамыз тыныштықта тұра тұрады )


PS: "Ағылшынам әйәй ғой,
тек программированиемді шыңдап жіберсеңіз,
артынан бірге шетелге тұрып кетсек зор болушы еді.
Тағы бөлек эксперимент топ ашайық та" десеңіздер жазасыздар ғой
Forwarded from Deleted Account
Thousand 1000 теңгелік қызметтен ірі компаниялар тапсырысына қалай өтті?

Қазақтан шығып жатқан жақсы стартап-компания бар екен Thousand деген.
Ел көрген, Apple, Google, Facebook сияқты алпауыт компаниялардың инкубаторында болып, тәжірибе жинақтаған.
Төменнен бастап, біраз тер төгіп, ыстық пен суықтың арасынан шығып, қазір еңбегінің жемісін көріп жатқан команда.
Бір қазағымның өнері өрге жүзіп жатыр екен деп қуанғыларыңыз келсе мақаланы оқып көріңіз.

👉👉сілтеме👈👈

Авторы: Kaniya Tabys
Бір шектен бір шекке шығып кетіппін.

Соңғы стартап компанияда жұмыс жасаған кез тым қызық болатын(Avalanche, Saletastic).

Және бір күні сау етіп "компания жабылды" деген суық хабар келгенде бірден байқалмаса да қатты стресске түсіппін.

Уақыт өте келе ол стресстің белгілері үлкейген сайын тағы үлкейе берді.
Өзімді нашар сезіндім. Мүлдем жұмыс жасағым келмеді. Өз-өзіме ұқсамай қалдым.
Мен үшін бұл нәрсе масаның шаққанындай ғана әсер етуі тиіс еді.
Ешқашан жұмыссыз қалдым деп уайымдамаған адам едім. Маған не болды деп ойланып жүрдім.

Шамамен үш аптадай ауа тебумен айналыстым. Келем де ойнаймын. Жұмыс күнінің бірер сағатын ғана пайдамен жұмсап жүрдім.

Өзімді алға сүйрер жігер таппадым. Бір нәрсе мазалап, еңсемді түсірді де тұрды.

Сосын барып мәселенің төркінін тауып алып, сырын шештім, Аллаһтың қалауымен.

_________________________________________
Енді әңгімені тағы да басынан айтайын.
Бұрын мен жұмысқа тым жеңіл қарайтынмын. Оп-оңай бірінен шығып, біріне кіріп жүре беретінмін.
Проект үшін жаным күймейтін. Компания үшін де. Паразит болғанмын ғой таза )
Күнтізбенің парақтарын ауыстырумен ақшам жүріп жатса болды еді.

Басқа программист дос-жаранмен сөйлессем олар бір компанияға кіріп алса, сол проекттің нәтижесін көргенше отырған жерінен жылжымайды екен. Мен сияқты жыртыңбайын көрмейсіз арасынан.
Бір компаниядан мен шығып кеткен соң сонда қалған жігіттерге бастық "өтініш, 50мың теңге айырмашылық үшін ауыса салмаңдаршы, сол айлықты біз де береміз ғой, бір ауыз ақылдассаңдаршы" деп айтыпты)

Енді келіп мына стартап командаға жұмысқа кіргенде осы жолы барлығы басқаша болады деп өзіме іштей сөз берген едім.
Барынша осы проекттің жүруіне жаным ашитын болады. Барынша пайдалы болуға тырысамын деп. Жауапты боламын, үйтем-бүйтем деп анау-мынау қоса бергем ғой. Сөйтіп өзіме көп алып қойсам керек. Кәдімгідей өзімді сол жұмыспен байлап қойыппын. Бір тұтас болып қалыппын. Жұмыс кеткенде өзімнің бір бөлігім кеткендей құлазуымның себебі де сол екен.

Қай жағынан болса да тым артық шектен шығып керек емес екен.

Қандай жұмыс жасап жатсаң да жұмыс ол жай жұмыс қана. Жүрекпен қабылдап керек емес
Жұмыс күндерім басталды деп қоямын, бірақ әлі кодқа жолатпады)

Әңгіменің басы өздерінің мәдениеттерін үйретумен басталып жатыр.

Пәленбай бет документация мен видеоларын беріп қойды.
Сағаттап аударып отырдым. YouTube субтитрлары мен Google translate аман болсын )

Жұртқа қызық, бөлісуге тұрады-ау деген жерлерін түртіп өтейін.

1) Түк жасамағаннан қате жасаған құндырақ.
Ертеңгі жақсы нәтижеден бүгінгі қате нәтиже құндырақ.

2) Компанияның ең құнды алтыны - жұмысшылардың қателіктері.

3) Ешкім біреуді бірдеңе білмей қалғаны үшін сөкпейді. Қайта сол білмегенін жасырып қалса мәселе туындайды.
Барынша ашық болу керек. Білмесең барынша тез айту керек. Әр жаңадан келген адамды үйретіп отыратын бір ментор болады екен.
"Бәрін өзім істеймін. Мына тауды мен өзім қопарамын" дейтіндерді басынан сипамаймыз дейді.

4) Жұрттың уақытын бағала. Осы бөлімнің ішінде тармақтары тым көп екен. Код жазғанда, хат жазғанда, смс жазғанда, қоңырау шалғанда, тб кез-келген коммуникация бар жерде қысқа-нұсқа әрі түсінікті болу керек.

Осымен жетер. Бүгін менде 3-те бірінші экзамен. Бұйырғанын көрерміз.
Бір ұйықтап алу керек тақалғанда ))
Еһһһ )
Баспен қадап тастады ғой bash basic commands туралы сұрақтарымен.

Бірінші сынақтан-ақ қадалдым.

Біраз сүйрелеп көрді - болмады.
"Теория аз оқығансың, ал практика мүлдем жасамағансың. Ертеңге дейін мықтап дайындалып келесің деген үміттемін" деп шығарып салды )

Қадалған сұрақтарым:
1) барлық html файлдарды таңдап ал
2) барлық файлдарды, бірақ /build деген директорияны қоспа
3) /node_modules деген директорияны қоспа
4) тапқан файлдарыңды сана
5) тапқан файлдарыңды архивке сал, сық
Қазан айы келсін - күнделікті бір есептен шығарып отырам деп жүрген ем.

Уақыты келді, бастайық ал !

💡 leetcode.com сайтында тіркелмеген болсаңыз тіркеліп алыңыз.

💻 Мен JavaScript-те шығаратын боламын.

💻 Ал Python керек болса IT-bilim-нің тобы бар : )

💻 Аманның тобында да тас берсең тас шайнайтындар отырады.

PS: Бір ай бойы үздіксіз шығара алмаймын деп ойлаймын. Себебі, қиын есептер кездескенде миым жетпей қалады.
Дегенмен, қолдан келгенше тырыса берейік ! Go challenge ! 🚀🚀🚀

Жұмысқа тұрар кезде есеп шығаршы десе тарсылдатып тұрсаңыз өзіңізге рақат қой.
Шүкір, "Linux Terminal basics" сынағын жаптым.

Бірақ зорға жаптым )
Тым көп сұрақ қойды. 2 рет құлатқам алдыңғы аптада.
Үшіншісінде ғана сүрініп-жығылып бірдеңе қылып өттім.

Терминалдағы мүмкіндіктерді жаттау мүмкін емес. Ұшы-қиыры көрінбейтін мүмкіндіктерге тола.
Қанша дайындалсам да, ақыры білмейтін нәрселерді тауып алып соларды сұрай бастады.
Үшінші рет тағы да "білмеймін" дегім келген жоқ бұл жолы.
"Қазір тұра тұрыңыз, мағынасын түсініп тұрмын...
...Мынадай функциялар бар екенін білемін, тек синтаксисін көріп жіберейін ...
...логикаға салсақ былай костыль жасауға болатын сияқты..." деп көзінше барынша тырысып, мануалдарды қарап, былай да былай шұқылап жауап беріп отырдым.

Бір кезде "терген командаларың дұрыс, енді осыларды ашып түсіндіріп берші" дейді.
Ағылшыншам нашар деп айтқым келмеді. Болса болды, болмаса қойды, нем кетіп бара жатыр деп сөйлей бердім.
Кейбір сөздерімді өзі түзетіп, көмектесіп отырды. Ағылшыншам быт-шыт қой. Бірақ оған бұл нәрсе түк маңызды емес екен. Соны байқадым.

Сонымен қатар, сынақтан өту барысында мынадай ойға келдім. Дәл солай екеніне сенімді емеспін, жай пайымдауым ғана.

Оларға менің терминалды толықтай жаттап алғаным керек емес. Жаттап алуға тым ұзақ уақыт кетеді.
Әу бастан сұрақтарға 100% жауап бере алмайтынымды біліп тұрды деп ойлаймын. Бұл сынақтың мақсаты қолдан стресс туғызып, сол жағдайдан қалай шығатынын байқау деп ұқтым.

Өйткені, болашақта да осы жағдай қайталануы мүмкін ғой.
Маған мен білмейтін бірдеңелерді тапсырады. Сол кезде мен тосылып қалмай, ұра беруім керек қой.
Егер осы сынақта табандылық танытсам, демек болашақта да солай болуы мүмкін.
Ал егер қойған сұрақтардың жауабын білмейді екем деп беріліп қойсам, болашақта да командаға ауыр уақыт туғанда өз бөлігімді орындай алмай бәрін құрдымға кетіріп қойып қарап отыруым мүмкін.

Солай деп ұқтым, қысқасы. Ал шын мәнінде қалай болғанын бір Аллаһ біледі, мүмкін шайып отырған да шығармын өзім ))
Бүгінге дейін біреу ағылшынша сөйлесе түсінемін деп ойламаппын.

Әрине, күнделікті бірдеңені ағылшынша оқимыз ғой.
Көптеген сайттарда ағылшынша документация қараймыз.
Күнделікті бір сөздер қайталана берген соң жайлап-жайлап миға сақтала береді екен.

Бірақ оның барлығы тек жазбаша түрде еді. Ауызша ешкіммен сөйлеспеген ем. Практика жоқ.

Енді кеп қарасам, ә жоқ, біршама сөзді түсінуге болады екен.
Оның үстіне сөйлеп отырған адам жағдайыңды түсініп, өзі де көмектесіп, асықпай, ойды бөліп-бөліп жеткізіп отырса.

💡 Мүмкін осы постты оқып отырған адамдардың ішінде де қаншама "ағылшынша білетінін білмейтін" адамдар бар шығар деп қалдым.

"Тисе терекке, тимесе бұтаққа" деп шетелге remote position жұмыстарға тапсырып көрсеңіз қалай ? Өтпей қалсаңыз дымыңыз кетпейді ғой
Telegram-ыңыздың тілін қазақшаға ауыстырып алыңыз. Ештеңе орнатып қажет емес, Telegram тілді өзі бірден ауыстырып береді. Мына сілтемеге бассаңыз жеткілікті:

https://t.iss.one/setlanguage/kk-beta

❗️Осы хатты ары қарай таратсаңыз, қазақша Telegram жылдамырақ дамиды.

Аударма авторы: @QazaqshaJaz
20 минуттан соң WEB негіздері бойынша кішігірім сұрақ-жауап сеансын ұйымдастырып көрейік.
Кім қолы бос, осы бағыт қызық болса мархабат.
Қосылыңыздар 19-30-да

https://us02web.zoom.us/j/86108936656?pwd=aHpEV3h3bTJpR0xKRUNNbzdVZTIwZz09

Код : A8VrnG
"Академия Шаг-ты оқыған дұрыс па әлде қысқаша курс оқиын ба ?"

Көп жағдайда оқығысы кеп тұрған адамның жасына, тұрмыс-тіршілігіне қарайды.

Мектеп оқушысы немесе 1-2 курс студенті болса академиялық жол дұрыс.
Әр тақырыпты асықпай, жеке-жеке шайнап, ауыр тақырып келсе бірнеше сабаққа бөліп, қорытып, сіңіріп, аз-аздан жылжып отырған жақсы.
[Нақты Академия Шаг-ты жарнамалап тұрғам жоқ. Жалпы академиялық жол туралы айтудамын.]


Ал универ бітірген, жұмыс істеп жүрген, бала-шағасы бар жандар үшін курстар қарап, жеке ментор жалдап, барынша тез жұмысқа тұрып алған жақсы. Hexlet курстары жақсы деп жатыр. Неғылса, сол жаққа да бір қарап қойыңыздар : )
Forwarded from Meirambek
Онлайн редактор (https://stackblitz.com/) ті қолданып көріпбедіңіздер? Ең жақсы жағы - енді StackBlitz -те GitHub репозиторийіндегі проектіңізді іске қосуға болады. Бұл қалай жұмыс істейді? Жәй ғана, мекенжай жолағына келесілерді жазу қажет:
stackblitz.com/github/GH_USERNAME/REPO_NAME
Мына жерде менің еңбегім шамалы-ақ. Тегін келген статистика деп қана қабылдаймын)
Алмаз бен Қажымұқан екеуімен EMEN жобасында танысқан едік. Қасында тағы да жап-жақсы жігіттер болды. Бірақ разработчиктермен көбірек сөйлескесін осы жігіттер есімде қалды.
Мықты жігіттер. Кеше бұларға ментор болып ек, бүгін бұлар конкурент болып жатыр ғой нарықта ) ықық ))
JavaScript бойынша бір мықты материал тауып алып, қазақшаға аударып, түсіндіріп шыққым келіп еді.
Қандай ресурстарды білесіздер ?
Сайт болсын, youTube-тағы видеолекциялар болсын, ұсыныстарыңызды тастайсыздар ма.
Міне мынау енді бастағандарға ең керек материал дейтіндей не бар ?
#flood_time #әзіл_уақыты

Ағылшыншам нашар. Ешқашан speaking дамытпағанмын.
Кезінде таксилетіп жүргенде бірен-саран туристтерді тасыған кездегі диалогтарды санамасақ )
Ауызша айтылғанды зорға түсінемін. Жұмыста басында қиналып жүргем, сосын қулыққа көштім.

Жұмыстағылар ағылшынша сөйлеп жатқанда экранымды жазып аламын видеоға.
Yes, yes, ok ok, I will do my best деп шығарып саламын.
Сосын ол видеоны YouTube-қа саламын.
Сосын субтитрларын қосып қойып, асықпай аударып отырамын.

Өстіп тірлік қылып жүрміз әзірге )
Bootcamp-тың бас жағы мен үшін өте қиын болды.
Бірінші күні берген тапсырманы бір апта бойы орындадым.
"Ай, осы сен бұл жұмыста қалмайсың-ау" дегенді де естіп жүрдім арасында )

Барлық жұмыс vim арқылы. Терминалдан басқа ештеңе көрмедім әлі.
Мен көрген ең үлкен файл жиырма мың қатар кодтан тұрады екен!

JavaScript-те debug жасау қиын. console log-пен біраз ми ашыды.
Ақыры болмаған соң дәптерге қолмен көшіріп бастадым кодтың өзіме керек жерлерін.
Ерінбей дебагты дәптерге түсіріп отырдым. Есесіне біраз көзім ашылып, қатысып жатқан жобамның қыр-сырын түсіне бастадым.

Сосын тапсырманы орындай алмасам да қалай орындағым келетіні жайлы ойларымды айтып бастадым.
Менторым түзетулер енгізіп отырды керек жерінде.
Жайлап маған көзқарастары жақсара түскенін байқадым.
Кеше бірінші рет жақсы сөздер ести бастадым.
Сынақ мерзімінен жақсы өтіп жатқанға ұқсаймын соған қарағанда. Аллаһқа шүкір )
📣📣📣
Кім программист болғысы келеді ?

Осы жексенбі онлайн кездесейік.
🗓31 қазан
түскі 12-де google meet-те .

Тақырып: WEB және JavaScript 💻

Тағы қызығып жүргендер болса, осы хатты тара салыңыздар.

Арнамызға жазылып қоя берсін.
https://t.iss.one/jalagash_it
Жауабы: undefined және number !
Негізінде, let x = (y = 10) 👈 осы жер y = 10 ; let x = y; дің қысқартылған түрі;
let x ол Block Scope Variable бул дегеніміз сырттан айнымалыға доступ жоқ сол себепті undefined;
y тің алдында ешқандай айнымалының түрі болмағандықтан, ол Глобалдық обьектіге қосылады яғни кез келген жерден қол жетімді сондықтан number болып қалады,
Сіздерді Kolesa Conf 2021 атты тегін IT-конференцияға шақырамыз! Ол 13 қарашада онлайн режимінде өтеді.

Бір күннің ішінде IT саласында сұранысқа ие 5 бағыт: Data Science, Management, Web, Mobile және Administration & Infrastructure. Әрбір бағытта Kolesa Group, Tinkoff Business, Avito, Циан, Yandex Cloud, Kcell, Beeline, Tele2, Kaspi, Halyk, Top Secret Inc, ЦАРКА, Sergek Development және т.б. компаниялардың сарапшылары 8-13 қызықты және пайдалы баяндама жасайды.

Әрбір бағыттың жеке онлайн бөлмесі болады, сол бөлмелерді еркін ауыстырып қарауға болады. Және де әрбір баяндаманың соңында спикерге сұрақтар қоюға болады.

Былтырғы Kolesa Conf-ті Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Беларусь және басқа да ТМД елдерінен 5 911 қатысушы тамашалады.

Онлайн-конференцияға қатысу үшін тіркеліп, ұнаған бағытты таңдаңыз.

Маңызды: конференция толығымен орыс тілінде өтеді.