IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Dart тілінде не жазуға болады ?
Anonymous Quiz
13%
Frontend
6%
Backend
39%
Mobile App
42%
барлық жауап дұрыс
Хымм, әңгімелеріңізге қарасам JavaScript қызық сияқты ғой сіздерге.
Сол рас болса Zoom-ға қосылып кетіңіздер.
Tелеграмға бот жазып бастайық.

Қолданылатын стэк:
backend: NodeJs, expressJs
database: mongodb (AWS)
Hosting: heroku
Git, GitHub
frontend: bot-қа фронт керек емес

📆 13 тамыз
🕰 20-00 (Нұр-Сұлтан бойынша)
Сілтемесін уақыт таяғанда қоям

Сәл де болсын JS-тен хабары бар,
Фреймворк оқуға деңгейі жеткілікті новичектарға арналады.

Портфолио толтырып, жұмыс іздеп жүргендерге пайдаға жарап қалар
Кешке жоспарлаған "Телеграм бот құру" туралы әңгімеміз осы телеграм чатымызда болатын болды.

Бір кесе шайларыңыз,
нанға жаққан майларыңыз дайын болсын ; )

чат:
https://t.iss.one/jalagash_it_chat
Қатысқандарыңызға рахмет.
Қатыса алмай қалғандар мына сілтеме бойынша қарай аласыздар.

"шай үстіндегі әңгіме" болды )

портфолио толтырып, жұмыс іздеймін дегендерге жақсы бір плюс соңына дейін қарап, қатысып шықсаңыздар

https://youtu.be/jGUjGgzGdMQ
30 минуттан соң кешегі видеоны жалғастырмақ ойым бар.
Қолым бос, қатысам деушілер болса дайын отырыңыздар.

🕰 17-30 18-00 аралығында.
📱 Zoom-да

☕️ "шай үстінде" стилінде
Forwarded from IT bilim
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Python программалау курсы 🐍

Басталады: 19.08.2021 ‼️


Курс біткен соң нәтиже:
1) Код жазуды меңгересіз 👩🏻‍💻
2) Есеп/мәселе шешіп үйренесіз 🧑🏻‍🏫
3) Жоба жасап шығасыз 📈 📂


Бағасы: 2̶5̶ ̶0̶0̶0̶ ̶т̶г̶
19 990 тг
20% жеңілдік

Бірақ❗️
Топтағы адам саны: 3̶ ̶а̶д̶а̶м̶
10 адам


📌 Онлайн бетпе бет сабақтар (google meet / zoom)
📌 12 сабақ + 2 тегін сабақ (21 сағат, сабақ 1.5 сағат)
📌 2̶5̶ ̶0̶0̶0̶ ̶т̶г̶ ~20 % 19 990 тг
📌 947 тг / 1 сағаты
📌 Онлайн сабақтарды видеоға жазып, ютубқа салып отырамыз
📌 Сабаққа қатыса алмасаңыз, видео жазбасын қарай аласыз
📌 Тапсырмалар, үй жұмысын талқылау (сұрақ-жауап)
📌 Жеке менторлық жасау (
hackerrank.com, acmp.ru)
📌 WhatsApp, Telegram талқылау чаттары
📌 Барлық материалдар Classroom платформасында шексіз тұрады


Курс мазмұны:
https://telegra.ph/Piton-kursy-IT-bilim-05-26


Байланыс 📲
@Muqammedali
@Edigerad
@it_bilim_chat
Бір кездері мен таксист болған ем. Сол кезде екі түрлі қызмет көрсету тарифын ұсынатынмын.
Егер қымбатқа келіссе тек қана өзін, төтелетіп керек жеріне жеткізіп тастайтынмын.
Ал егер арзан баға айтса, қасына жол-жөнекей тағы адам мінгестіретінмін, кейде бір көше оңға-солғасы бар)

Сол сияқты қазір біз отырған коворкингтің бағасы арзан. Бірақ жиі "бөтен" біреулерді кіргізіп тұрады.
Жұмыс істеп отырсаң маңайыңда біреулер видеоға түсіп, интервью беріп отырады. Алдында бір әнші кеп көмейінің кеңдігін дәлелдеп кетті тіпті )
Тып-тыныш жұмыс істеп отырасың, бір қарасаң біреудің тусовкасында массовка болып жүресің )
Кейде телефоныңа қоңырау келсе "өтініш, мұнда видео түсіріп отыр едік, телефоныңызды үнсіз қыласыз ба, кедергі жасап жатырсыз" дейді.

Еһһһ, ал менен ешкім сұрамады да видеоға түсіп қап жатырсыз, қарсы емессіз бе деп.

Тезірек стартап тезірек аяққа тұрып кетсе екен. Бір-ақ күнде "IQ коворкингке" көше салушы ма ем
Кезінде бізде чатта бір кісі "болашақта фронтенд өледі" деп айтқан еді.

Сол кезде "местный білімі кемел эксперттер" жабылып тастаған едік.
"Қалай ол, фронт өледі дегені несі? Фронт болмаса сервермен қалай тілдесесің?" деп.

Енді қарап отырсам жұмыста барынша фронттан қашады екенбіз.
Фронтқа кез-келген дайын бірдеңелерді қоя сап, бэкендте өзіміз логикасын жалғап отырады екенбіз.
Клиент ретінде вацап бот/телеграм боттарды қолданамыз.
Алдағы уақытта инстаграм боттарын қолданбақшымыз.

Сайт құру мүлдем керек болмай бара жатыр.

Сайт тек "сайттарыңыз қайда?" деп сұрайтын клиенттер үшін құрылып тұр.
Және админдерге настройка жасағанға керек. "тяп-ляп" стайл )

Сайт құрсаң жоқ жерден конкуренцияға түсесіз.
Сіз жасаған сайт сіздің конкуренттеріңізден әдемірек болуы тиіс.
Сайттың қалай жасап тұрғанына қарап, жұмыстары да сондай сапада деген ойға келеді.
Сол үшін жанын салады бизнес иелері, ақшасын құяды.

Ал енді басқа жағынан қарасаңыз, instagram + telegram bot арқылы бірден сата берген әлдеқайда ыңғайлы.
Жұрттың да көзі үйреніп қалған интерфейстер. UI/UX сіз үшін жасалынып тұр.

Қорытындысы, қатардағы фронтендщиктің жұмыс көлемі тұтастай жоқ болып кетпес, дегенмен азайып бара жатқанға ұқсап тұр.
Өткен дүйсенбіде кешкілік уақытта бастық хабарласты.
Әдетте жұмыстан тыс уақытта мазаламайтын. Сөйтсем шұғыл хабарламасы бар екен.
Біздің стартап команданың инвесторлары қаржыландыруды тоқтатыпты.
Сол себепті соңғы 2 апта жұмыс жасап, әрі қарай тарқауымыз керек екен(15 қыркүйек соңғы жұмыс күні).
3-4 жылдай қаржыландырып келіпті де әрі қарай қолдау көрсетпейміз деп түйіпті.
А, солай ма дедім де қоя салдым.
Ертеңіне жұмысқа келсем әріптестерімнің көңіл-күйі жоқ. Ақша емес, өмір бітіп жатқандай )
Көздегі от жоқ бұрынғы. Күнделікті "ана клиент мақтап жатыр, мына клиент даттап жатыр" деген фидбэктер де жоқ.
Жүректеріне жақын қабылдап қалғаны байқалды барлығының. Не дейміз жастар ғой. Қуанышты сәтте қатты тасып кетуі, кейде салмақ түссе қатты басылып қалуы кешірімді жағдай.
Жұмыс мүлдем жасалынып жатқан жоқ. Сосын командасыз жалғыз алға баса алмайтыным да түсінікті.
Бастыққа хабар бердім. Мән-жайды жеткіздім. Ол да стартаптың құлағанын мойындағандай сыңай танытты.
Өзін сабырлы күйде ұстады, дегенмен, болып жатқан жағдайдың салмағы болғанын білдірді.

Тәк, сонымен не боп жатыр ? Құлдырап барамыз ба ? Ендеше, қара жұмысты тоқтатып, жақсылап ойланып алатын уақыт екен.

Сөйттім де жұмысты қойып, жұрттан жұққан аурудан құтылып алайын деп шештім әуелі. Олардың уайымы маған да сәл жұғып кетті. Ал оның түк пайдасы жоқ.
Ойынотерапиямен емделдім. Қарным ашса барып асханадан ауқаттанып аламын да қайтып кеп жалғастырамын. Арасында ұйқыны періп алам.

2-3 жұмыс күнін солай өткіздім. Қалай дұрыс жол тауып кетсем болады деп ойлап жүрем іштей.

Сосын барып ойлар келе бастады. Командамен бөлісіп отырып, талқылап, жақсы шешімге тоқтай алдық ( бөлек постта жазайын толығырақ)

Команданы сақтап қалдық. Маған қызығы сол ғана болатын. Әйтпесе, қара басыма жұмыс табуды уайымдамайтынмын әдеттегідей.
Айлық vs стартап

Бүгін осы екеуінің біреуін таңдауым керек болып тұр.

Сәл бір қадам ертеден бастайын.
Соңғы стартап копаниямыз тоқтағаннан кейін, аяқ астынан команданың алғасүйрері мен болып қалдым.
Қолға алатын жоба ретінде осы Jalagash it-ді ұсындым.
Қазақтарды қолдан келгенше дайындап, шетелдің нарығына ұсынып көрмекшіміз.
Қатты бір ұстаздығым да жоқ, қатті бір программисттігім де жоқ, бизнеске де жоқпын. Бірақ романтика ұрып тұр.

Қазір де жалпы бірнеше кісіні жеке үйретіп жүрмін. Айына 50 мыңнан. Негізгі бағыт web, JavaScript.

Енді осы нәрсеге шындап кірісіп, бағдарламаны нақтылап, бұрынғы қателіктерді ескеріп, жаңадан бір кіріссем болады.
Соңғы "иә-жоғы" енді айтылатын инвесторым да бар кішігрім ) Жоспарымды пысықтап алып, әңгімемді сезімнен цифраға ауыстырсам әлі де шыға беретін сияқты инвесторлар.

Енді міне кеп бір компания қолға таза 1 млн береміз, келсейші бізге деп тұр. Біреулер үшін аз шығар. Мен үшін тәп-тәуір айлық.
Бала-шаға да мектеп жасына таяп келеді. Өмір көргендер өзіңді ойла дейді.

Отан от басынан басталады. Әуелі үйдің міндетін орында, содан артық қалсаң басқа іске тәуекел қыларсың дейді. Әйтпесе, стартап қуып жүргеніңде үйдегілер саусақ сорып жүрсе ақымақтың ісі ғой.

Қайтсем екен ?

Бір жағынан көргенім мен түйгенім бар.
Бір жағынан қарызданып күйгенім бар.
Бір жағынан ып-ыстық арманым бар.
Бір жағынан бала-шағам, сүйгенім бар.

Қай жағына бұрылсам да тезірек таңдау керек болып тұр.
"Ел іші - алтын кеніші" демекші...

Әр адамның өмірлік тәжірибесі бар. Жеке көз-қарасы, әр сұрақ өзіндік бір жауабы бар. Үлкен қазына екен бір жерге қоссаң.
Уақыт өткен сайын жұртпен кеңесуді жақсы көріп келемін.

Күткенімнен де көбірек пайда алып жатырмын әр ақылдасқан сайын.

Бұл жолы да солай болды.
Сіздердің кеңестеріңізді қорыта келе айлық пен стартап екеуінің қайсысын таңдайтынымды анық шештім бүгін:
Жарты күндік жұмысқа тұрдым 700-ге) Күніне 4 сағат уақытымды сонда беріп тұрсам. Қалған уақытым стартапқа қалады.

Осы постымда сіздерге үлке рахметімді айтқым келеді. Кәдімгідей жеңілдетіп тастадыңыздар жүгімді.
Нәтижесінде менде "бұқа да тірі, арбам да аман", Аллаһқа шүкір.

Әрбір қиын шешім қабылдайтын сәт туғанда ақыл қосуға дайын кішігірім комьюнити бар екенбіз ғой, ә ? )
Мен оқыған интернаттың есімде қалған ең ыстық тұсы тәрбие жұмыстары еді.
Үлкен жетістіктерге жеткен спортшылармен жиі кездесулер жүргізіліп тұратын.
Бір есімде қалғаны Дәулет Тұрлыханов ағамызбен болған кездесу еді. Кездесудің соңғы жағында сұрақтар қоямыз әдетте. Әуелі тәрбиеші апайлар дайындап берген 4-5 сұрақ қойылады. Ояту сұрақтары ғой) Солардан кейін жайлап оқушылар өздері де сұрақ қойып бастайды.
Дәулет ағамызға менің бір сыныптасым "кейде жарыста төрешілер жеңісті қолдан басқаға беріп қояды, сондайда не істейміз?" деп сұрақ қойды.
Дәулет ағамыздың берген жауабын қорыта келе өз сөзіммен түсінгенімді жеткізіп берейін:
1) мүмкін, шынымен де ұтылған шығарсың? Төреші қылып сайлады ма, демек, бірдеңе біледі екен де.
2) шын спортшыда "төреші үйтті-бүйтті" деген сөз жоқ, қарсыластан бір бас жоғары тұра алмадың деген сөз бар.
3) бір жарыста ұтылғаннан дүние тоқтап қалмайды. Әрі қарай да жанды салып жаттығуды жасай беру керек. Алда әлі талай жарыстар бар. Бұйыртса, дәл сол қарсыласпен тағы да кездесерсің. Сол кезде тағы да қапыда қалмауды ойлау керек, өткенге өкіне бермей.


Өтірік намыс бір күндік эмоция шығарумен бітеді.
Шынайы намыс күнделікті шынығуға итермелейді !
Forwarded from Үздік БІЛІМ
E-gov дамуы туралы

Жалпы осы IT саласында түрлі зерттеулер жасап жүргеннен, кішігірім осы жайында түсініктеме жазып өтейін. Пайдалы ақпарат ретінде қабылдарсыздар.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ- UN) әр бір екі жылда бүкіл мемлекеттердің (190 елден аса) электронды үкіметтің даму рейтингісін жариялап отырады. Оны қысқаша EGDI (Electronic Government Development Index) деп атайды. Осы аталмыш индекс үш түрлі өлшемнен тұрады.

1) Онлайн қызметтерді жеткізу индексі (OSI - online services index), яғни қысқаша айтқанда, ол бәріміздің білетініміз сол e-gov сайты, яғни электронды қызметтерді қашықтықтан, жылдам, әрі оңай алу, мәселен, туу туралы күәлік алу, тұратын жер туралы анықтама, не салық төлеу дегендей.

2) Телекоммуникация инфраструктура индексі (TII - telecommunication infrastructure index), бұл жерде елдің технологиялық және техникалық жағдайы, яғни мобильдік желінің (3G-4G) қамтылуы, интернет жылдамдығы мен тұрақтылығы, компьютер не мобильді телефондардың халық арасында қолданылуы, сол секілді 7-8 параметрден тұрады.

3) Адами капитал индексі (HCI - human capital index), бұл жерде енді қолданушылардың қаншалықты әзір болуы, не дайындығы, не басқаша айтқанда білімі мен денсаулығы, жалпы қолдану жағдайы.

Әр елдің осындай үш индекстің қосындысының орта шамасын алып, сол елдің EGDI индексі мен рейтингі шығады.

Сіздерге түсінікті болу үшін, кішігірім салыстыру анализін жасадым, соңғы 10 жыл бойынша жоғарғыдағы аталған көрсеткіштер бойынша үш ел алынды:
Қазақстан 🇰🇿, Ресей 🇷🇺 және Корея 🇰🇷 (мұндағы Корея елі - EGDI рейтингі бойынша соңғы 10 жылда топ бастаған ел болғандықтан ғана, яғни кәзіргі оқу елім болғандықтан емес 😂)

Бұдан не түсінуге болады:
1) Салыстырмалы түрде онлайн қызметтерін қөрсету бойынша (e-gov сайты) Ресейден жоғарыдамыз.
2) Біздің кем тұсымыз ол тек телекоммуникациялық инфраструктура (TII) бойынша жете алмай келеміз. Яғни осы көрсеткішті ойлану керек деп ойлаймын.
3) Адами капиталмен (HCI) де жұмыс істегеніміз абзал!

PS. Деректер https://publicadministration.un.org/egovkb/en-us/Data-Center алынды.
increment

Тым қарапайым нәрсе болса да кейде джуниор боп жұмысқа тұрып жатқанда сұрап қалуы мүмкін )

Айнымалының мәнін бірге арттыру деген сөз.
Бірақ "i++" пен "++i" арасында айырмашылық бар. Кім біледі ? )

Мына код орындалғанда консолға не шығатынын түсіндіріп берсеңіз тіпті жақсы👇🏽
let i = 0
console.log( i++ )
console.log( ++i )
Forwarded from Қазақша webdev.
JetBrains компаниясы (PyCharm, RubyMine, PHPStorm, WebStorm, т.б мықты IDE-лер мен продукттерді шығарған) толықтай тегін 53 сағаттық фронтенд веб-разработканы үйрететін курс шығарды.

Курс барысында сіз HTML5, CSS3 мен JavaScript-ті биік деңгейде ғана оқып қоймай, React, Angular, Vue секілді фреймворктарды да меңегеретін боласыз. Курс толықтай тегін, 53 сағатқа созылған, және толығымен ағылшын тілінде өткізіледі.

Курсқа жазылу »

#course / #free / #frontend / #pro
———
@frontend_with_backend
@frontender_kz
Forwarded from Nurlybek
Құрметті достар! Сіздерді Progress Academy курстары аясында өтетін "IT саласынан өзіңді қалай табуға болады?" атты Digital Talk-қа шақырамыз! Арнайы қонағымыз - Үрпекова Айгүл, Akvelon Inc. компаниясының техникалық рекрутері. Компания Microsoft, Intel, HP, Reddit, Pinterest, T-Mobile, Starbucks, LinkedIn, Amazon, Google секілді алпауыт компанияларға керекті адамдарды тауып берумен айналысады. Бұл кеште:
- Қазақстандағы және шетелдегі IT рекрутмент туралы;
- интервьюлерді қалай жеңіл өтіп шығудың жолдары;
- жас програмисттерге қажетті стажировкалар туралы;
- мінсіз түйіндеме жазу туралы сөз қозғаймыз.

Пайдасы мол қызықты кештен құр қалма!
Болатын күні: 25.09.2021, сағат 17:00
Тегін, онлайн форматта өтеді
Адамға таудай алтын берсең не дейді ?

Иә, тағы да осындай бір тау болса ғой дейді.
Тура үш ай бұрын 700мың айлық мен үшін көп көрінетін. Уақыт өте келе аз болып көріне бастады.
Жайдан-жай емес, әлбетте.

Сыртқы нарыққа көз салсам біздің айлығымыз жүдә төмен екен. Маған бірнеше таныс, дос-жаран программированиеңді әрі қарай дамытқанша ағылшынша үйреніп дәл осы деңгейіңмен-ақ жұмысқа тұра берсейші деген.

Бірнеше рет талпынып көрдім. Ағылшынша курсқа қатыспақшы болдым. Бір немесе екі сабақтан ішім пысым, миым қайнап, бетім қайтып қалып жатты. Сабақтар тым қиын. Ережелер тым көп. Іштей "ағылшынша менікі емес" деген ойға тоқтағам да тіпті.

Бірақ ойдың бәрі ана жақта. Айлықтарын көріп ес кетіп жүр. Сосын бұрын өзіммен бірге жұмыс жасаған әріптесім бір вакансияны берді.
"Мынаған тапсырып көрсеңізші, JavaScript қой" деп.

Болса болды, болмаса қойды. Бұйырғанын көрейік ал деп отклик жасадым. Үш этаптан өтті интервью.
Біріншісінде орысша сөйлестік hr-менеджермен.

Қызықтың бәрі екінші интервьюде басталды. Ағылшынша өттік.
"I have bad English, but have good experience in web development and I hope that I can be helpful for you" деп бастадым))
Бір сағат бойы таза JavaScript-тен сұрақтар қойды. Есептер берді және оларды талқыладық, түрлендірдік, жай-жай күрделендіріп көрдік.
Қате сөйлеп жатқаным анық қой. Шүлдір-шүлдір.
Интервьюде бастысы жайдары көңіл-күй, нық сөйлеу, сүрінсең де жылжи беру деп ұра бердім.

Әйтеуір өз ісіме келгенде жақсы жауап бердім. 100% дұрыс шығарып бердім барлық есебін, Аллаһқа шүкір.

Интервью соңында "Сізбен міндетті түрде хабарласады. Сіз интервьюді өте жақсы өттіңіз. Сіз туралы өте жақсы фидбэк беремін" деп шығарып салды. Йоооохххх! Өз-өзіме сене алар емеспін.
Ертеңіне соңғы этап. Соңғысы қалай өтті дейсіз ғой ? Есімнен шығып кетті интервью болатыны. Ааххахахах ))) Жай ғана түскі асымды ішіп отыр ем. Үйдегілер интервью не болды дегенде ғана есіме түсті )))

Сосын хабарластым. Олар мені күтіпті. Сосын мен жауап бермеген соң уақытын өзгертіп, жаңа дата белгіледі.

Жексенбі тағы бір сағат ағылшынша интервью өттім. Нәтижесінде жұмысқа қабылдандым(сынақ мерзімі бар, әрине)


Бүгін менің жаңа компаниядағы алғаш жұмыс күнім. Бұйыртса, қазір 17-00-де басталады : )
Жалағаш it-ге оралсақ.
Арна соңғы уақытты тынышталып қалды. Арасында ғана басқа жақтан жақсы ақпарат көріп қалсам бөлісіп отырам.

Дегенмен, бір рет те қолым түскен емес. Қолым тимей жатса да ойымның бір бөлігі осы жобада.
Жобаның өзектілігі жоғары. Мақсаты айқын.

Қазақтарды(қазақстандықтарды) it-ге үйретіп, мүмкіндігінше шетелге жұмысқа тұрғызу.

Негізі осы ойға соңғы бірнеше айда келгем. Бірақ сыртқа айта алмай жүрдім.
Біреуді үйретем десең әуелі өзің білуің керек деді.
Біреуді шетелге жұмысқа тұрғызам десең, әуелі өзің сол жолды өтіп көруің керек.
Әйтпесе, өзіңде жоқты біреуге қалай бермекшісің ?

Жөн сөз. Осылай ескерту жасайтын ағаларға алғысым зор.

Сөйтіп дәл қазір бірнеше адамды жеке шетелге жұмысқа тұрғызуға дайындап жатырмын.
Әдеттегідей экспериментал топ )

Жаңа топ. Жаңа нысана. Үйретудің жаңа форматы. Бұйырғанын көрерміз.

Әлі 2 айлары бар. Тәк что жақын арада жобамыз тыныштықта тұра тұрады )


PS: "Ағылшынам әйәй ғой,
тек программированиемді шыңдап жіберсеңіз,
артынан бірге шетелге тұрып кетсек зор болушы еді.
Тағы бөлек эксперимент топ ашайық та" десеңіздер жазасыздар ғой