IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from IT bilim
REST API деген не? 🧐

Толық түсіну үшін бұрыңғы постымызды да қараңыз:
📍https://t.iss.one/it_bilimkz/11

@it_bilimkz
Dart-ты жалғастырамыз ба?

Бірнеше кісі Dart орнатумен қиналып қапты )

Егер сізде де сондай мәселе бар болса онлайн-ақ ойнай беріңіздер.

Ол үшін жай ғана:
Мына сайтты ашып жіберіңіз dartpad.dev
*Run* батырмасын басыңыз👍
Бір ағамыз бұрын Python оқып жүрген.
Кейін Dart-қа ауысты.
Сол кісі:
"Айнымалыны құрып жатқанда алдына тип жазып қойып отырған ыңғайлы екен", - деп жатыр.

Бірінші рет естуім мұндайды)
Жұрт қайта питонды мақтаушы еді, тип жазбайсың, қалаған мән бере бересің деп )

Қысқасы, Dart-та айнымалының құру мысалын мына сілтемеден көре аласыздар:
https://dartpad.dev/0f042f6d905747888a1ac26e052bfe9e
Dart. Қарапайым типтер.

Егер басқа кез-келген бағдарламалау тілін оқыған болсаңыз, бұл сабақ сізге еш жаңалық әкелмейді.

Баяғы сол сандық типтер. Оның ішінде бүтін және бөлшек сандар болып бөлінеді.

Баяғы сол жазу қатары(string).
JavaScript, Python-дағыдай бір тырнақшамен де, қос тырнақшамен де құрыла береді.

Баяғы сол логикалық тип (bool)

мына сілтеме бойынша тамашалай аласыздар:👇🏽
https://dartpad.dev/77f6b1c7db129b1d2abb045f9fbdd551

Әзірге тек қысқаша түртіп өтейік, ертеңдері, бұйыртса, кішігірім трюктарды жасап көреміз.
dartpad.dev аман болсын )
Forwarded from О, Идея 🙇
Даму үшін курс оқып жүргендер оқымаса да болады.

Көңіл күйлері түсіп кетеді. Үміттерін үкілеп отыр ғой.

Жақсы өмірді аңсап, байлықты армандап оқиды. Үйренсем, білсем дейді. Дұрыс қой. Тек..

Курс оқығанның көбісі рекламаға алданып жүр. «Мен көрсетемін. Маған келсең от қыламын» дегенге мастанып барады. Көппен бірге жүргенде бәрі күшті. Мотивация шар құсап үрлеп қояды. Бәрі бітіп өзіімен-өзің қалғанда, желі шығып үрленген шарлар бырт-бырт жарылады. Нәтиже жоқ.

Содан әне жетем, міне жетем деп курстан курсқа секіріп жүре береді. Неге?

Өйткені, әрекет аз. Керек дүниемен айналыспаудан. Осы жерде отырғандардың көбі дәл осы жағдайда жүр. Оқыған дұрыс, бірақ нені оқуды білу керек.

Шындыққа тіке қарап көрейік.
Кім нәтиже көріп жүр?
Кім әлі іздеуде?
Кім ойланып жүр?

Ақылдасайық. Бірге әрекет жасап, миллионер болайық.
Үйде үлкен екі қызым үй құрастырып ойнап жатса ең кішкентайым шетте алақанын ысқылап күтіп жүреді.
Әлде де үлкенірек қылып құрастырып алсын деп. Сосын, міне боп қалдық ау дегенде жүгіріп кеп қиратып кетеді.
Сол сияқты, жұмыстағы новичектар да еееенді жұмысқа басыммен кіріп бара жатқанымда "Нұреке, бірдеңе сұрап жіберсем бола ма?" деп барлық настройымды қиратып кете береді. Не істесем болады екен ? )
IT Path Kz
Dart. Қай қатарларда қате код жазылған ?
Жауаптары:
🔺 int x = '5';
Қате, себебі айнымалының типі int, ал оған String беріліп тұр.

🔺 String for = "нан мен май";
Қате, себебі айнымалының аты Dart тілінде резервтелінген сөз. for - циклдық оператор

bool b = true;

🔺 int 25years = 25;
Қате, себебі айнымалының аты санмен басталмауы тиіс.

var y = 5;

dynamic y = 6;

String food = 'қауынішек';

🔺 String animal = "айғыр'
Қате. Біріншіден, қандай тырнақшамен ашылса, сондай тырнақшамен аяқталуы тиіс.("word", 'word')
Екіншіден, ең соңында нүктелі үтір жоқ " ; ". Dart тілінде инструкциялардың соңында міндетті түрде " ; " қойылады

___________________
UPD: осылай жазсам түсінікті ме ?
☝🏽
"Жұмысты найман істемейді, сайман істейді.
Сайман болмаса найман қайдан істейді?!"
деген мақал естідім.

Қызық екен. Рас қой)
Қанша жерден пысық болып тұрсаң да ыңғайлы құралың болмаса жұмыс өнбейді.

Жаңа ноут сатып алсам ба әлде ескіммен арбалай тұрсам ба деп екі ойлы боп жүргендерге арналған пост ))
Dart тілінде не жазуға болады ?
Anonymous Quiz
13%
Frontend
6%
Backend
39%
Mobile App
42%
барлық жауап дұрыс
Хымм, әңгімелеріңізге қарасам JavaScript қызық сияқты ғой сіздерге.
Сол рас болса Zoom-ға қосылып кетіңіздер.
Tелеграмға бот жазып бастайық.

Қолданылатын стэк:
backend: NodeJs, expressJs
database: mongodb (AWS)
Hosting: heroku
Git, GitHub
frontend: bot-қа фронт керек емес

📆 13 тамыз
🕰 20-00 (Нұр-Сұлтан бойынша)
Сілтемесін уақыт таяғанда қоям

Сәл де болсын JS-тен хабары бар,
Фреймворк оқуға деңгейі жеткілікті новичектарға арналады.

Портфолио толтырып, жұмыс іздеп жүргендерге пайдаға жарап қалар
Кешке жоспарлаған "Телеграм бот құру" туралы әңгімеміз осы телеграм чатымызда болатын болды.

Бір кесе шайларыңыз,
нанға жаққан майларыңыз дайын болсын ; )

чат:
https://t.iss.one/jalagash_it_chat
Қатысқандарыңызға рахмет.
Қатыса алмай қалғандар мына сілтеме бойынша қарай аласыздар.

"шай үстіндегі әңгіме" болды )

портфолио толтырып, жұмыс іздеймін дегендерге жақсы бір плюс соңына дейін қарап, қатысып шықсаңыздар

https://youtu.be/jGUjGgzGdMQ
30 минуттан соң кешегі видеоны жалғастырмақ ойым бар.
Қолым бос, қатысам деушілер болса дайын отырыңыздар.

🕰 17-30 18-00 аралығында.
📱 Zoom-да

☕️ "шай үстінде" стилінде