IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Forwarded from IT bilim
📍Тіркелу:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfMnkA2gC_re7_68Ha2Cw6_Ess0L-BbnwKCs-WVBhPYuv4P1w/viewform

❗️Ескерту:
13-20 шілде аралығы грант конкурсына өтініш беру мерзімі
IT-дің ең бір ұнайтын жері - қашықтан жұмыс жасай алу.

Программирование жайлы айтып жатқанда бұл факторды айтпай өту мүмкін емес.
Бұл деген тым үлкен артықшылық.

Үйден жұмыс жасайтын болсаңыз, өз уақытыңызды өзіңіз қадағалай аласыз.
Бастысы жұмысыңыз жүріп жатса болды .

Арасында бала шағамен ойнауға болады.
Арасында қора тазалап келуге болады.
Екі подход турник ұрып қайтсаңыз болады.
Үйге су толтырып қойсаңыз болады.
Тіпті ноутыңыз бен интернетіңізді құшақтап алып басқа қалаға қайын жұртқа қыдырып барып қайтсаңыз да болады.

Жанұяның анасы болсаңыз оның да рақаты өз алдында, қалаған уақытта 20-30 минут демалыс жариялап, майда-шүйде тірлікпен айналысып келсеңіз болады🍼.

Жұмыс берушіге бастысы сіздің тапсырмаларыңыз уақытылы жабылып отырса болғаны.

Қысқасы, программирование азаннан кешке дейін жұмыс істей алмаймын, жиі үзіліс керек деген адамдарға ыңғайы бар сала.

Жалғасы бар...
"Программист болдым дегенше еркетай болдым дегейсің". Тақырыпты жалғастырайық.

Бір әзіл әңгіме айтып берейін.

Осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға. Қолымнан түк келмесе де кеудеме нан пісіп жүрген кезім ғой әдеттегідей )
Бір проектке жұмысқа кірдім. Laravel-де жазылған проект.
Бастапқы бетін ашып көрсем ~52-56 секунд бойы ашылып тұр екен. Масқара, иә, бұл?!
Әбден батып қалған проект. Бір қадам жылжудың өзі қиын. Ми батпақ.
Әркімнен көмек сұрап жүріп, үйтіп-бүйтіп, бұйырғаны сол, ана беттің кодын жөндеп-жөндеп, 2 секундта ашылатын қылдық, Аллаһтың қалауымен.
Бірақ біраз жылап алдық басында. Бір жерін білсең, бір жерін білмейсің. Дедлайндарға кешігесің.
Біреудің легаси кодын жөндеу миға салмақ қой )
Оның үстіне арасында біреулерден сөз естисің. Маған мүлдем жақпайтын нәрсе.
Себебі, сол кездері менің түсінігімде компанияда программист - Майк Тайсон, ал қалғандары соның айналасындағылар, секундант, диетолог, бапкер, психолог, спарринг партнер еді .

Бұларды қалай орнына қойсам екен, өздеріне көп алып, бізді тым бағаламай кетті ғой деп ойлап жүргем іштей.

Сөйтіп жүргенде өздері туғызды ыңғайлы жағдайды.

Бір жиналыс болып жатты. Жиналысқа әлгі "ерекше басқара білуінің арқасында проектті тащить етіп жүргендер" де қатысты.
Соңғы демонстрациялардан жақсы өтіп біраз көңілдері көтеріліп қапты.
Тілді "Вкл"-ға, миды "Выкл"-ға қойып тастаған)
Бір кезде маған менің жасауым тиісті емес тапсырмаларды бере бастады. Дәл сол тапсырмаларды жасау үшін алынған арнайы адамдар бар. Сонда да мені соқаға жеккісі кеп кетті )
- Ана кнопканың түсін перламутрово-голубой қыл. Сосын ана жердегі текстті біраз түсінікті қылып өзгерт,- дейді кеп.
- Жоқ, мен оларды жасай алмаймын.
- Неге? Сен үшін қиын тапсырма ма ?
- Жоқ, сен мені дұрыс түсінбедің. Не царское это дело!!! - деп кесіп айттым )

Оған әзілім жақпады. Маған да керегі сол еді. Шығара алса шығарсын ал проекттен. Көрейік, кімнің күріш, кімнің күрмек екенін дедім іштей)

Қорытынды ретінде жастарға айтпағым:

Болсаң егер зерек шын,
Қай кезде де керексің.
Оңайлықпен жұлынбас
Тамыры терең терексің.

Тек сабыр қып басында,
Уақытыңды қия алсаң.
Жарты жолдан тастамай,
Жалқаулықты тия алсаң.

Қысы жазы күзде сен
Жаңа білім іздесең.
Тұрақты алға талпынып,
Арасын ешбір үзбесең.

Программист болмай немене ?
Жұрттар да жетіп жатыр ғой.
Уақытым жоқ қой демегін
Ойнаумен кетіп жатыр ғой.

Жас болсаң тіптен керемет!
Шаршамассың, талмассың.
Тасты да кесіп өтетін
Жарқылдап тұрған алмассың!

Бұйырған күні өсерсің.
Бос жүрген біреу болмассың.
Қазіргі батыр - программист,
Бағаланбай қалмассың!
Flutter SDK көшіріп жатыр едім. ~800Mb.
Чета 10-15 секундта көшіріп тастады. Бұл қалай боп кетті деп жылдамдықты тексерсем 100Mbps. (O_O)
Елорданың төрінде болған соң осы ғой )
Ауылда жүргенде Теле2 ~2.5-4Mb беретін еді. Телефонмен wifi тарататын ек. Еһһһ)
Стажерларды жинап алғаннан кейін программисттерді жаңа қырынан таныдым.
Бұрыннан да білетінмін, бірақ осы жолы қаттырақ байқалды.

Жұмыс берушінің қойған мәселесін шешуден гөрі ғажап технологиялармен жұмыс істеуді жоғары қояды екенбіз.

Бір тапсырма бересің, уақытын шамалайсың, біраздан соң айналып келіп сұрасаң әлі орындамаған. Есесіне, крутой бір технологияның шетін шайнап отырады ))
"Жоқ, ол бізге керек емес дәл қазір. Дәл қазір бізге мына мәселені шешу керек, болды!" деген сөзді жиі қайталауға тура келеді.

Футбол ойнағанда да болады ғой кейбір ойыншылар, қақпаның алдына келгенде өнерпаздығы ұстап кететін. Жай ғана бір теуіп гол сала салудың орнына қиыннан қиыстырып финт жасай бастайды. Командаластары жыртылып жатады бір жағынан "тепсейш, салсайш" деп.
Ол болса құйынпаздығы тыныштық бермей, барлық қарсыласы жиналғанша өнер көрсетеді. Ақырында гол да жоқ, өзі де шаршап қалады. Команданың ұнжырғасы түсіп, құлдырай бастайды.

Осы мысалдағы ойыншы сияқты болмауға тырысу керек программисттерге )

Тапсырма берілді ме, жай ғана соны орындап, әрі қарай жылжи беру керек.

PS:
Каналымда менеджерлер бар болса іштерінен "иә, десейші" деп қалған шығар ))
Жұрттың стажерлары:
Біз бүгін X баг түзеттік. N жаңа фича қостық.

Менің стажерларым:
Біз бүгін X баг түзеттік. N жаңа баг қостық )))
Бірінші тапсырма.
Бірінші қабылданған Pull Request

Жеп-жеңіл тапсырма болса да карьераның басы ғой.

34 жастағы Жалғас ағамызды бірінші жұмыс күнімен, программист карьерасының басталуымен құттықтап қояйық !

———————
"10 күндік" тағылымдамамыз өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, ақылдаса кеп Жәкеңді жұмысқа алуға бел будық.
Толығырақ бөлек постта жазармын, бұйыртса ✊🏽
Dart дейміз, оған үміт арт дейміз )

Соңғы уақытта маған Dart бағдарламалау тілі ұнап жүр.
Әмбебап тілдердің бірі екен.
cmd tools-тан бастап, серверлерді, web-тың алдын да, артын да жаза беруге болады.
Мен үшін ең қызық тұсы Flutter-де мобилдік қосымшалар жазу боп тұр.

Иә, соңғы уақытта PlayMarket/AppStore-ға бірдеңе шығарып қойғым кеп, ойым кетіп жүр)

Қатты бір кәсіби деңгейде айналысар ойым жоқ. Дегенмен хоббиларымның қатары тағы біреуімен толықтырылмақ : )
Dart-ты үйренуді неден бастаймын ?

Кезінде бір тәлімгер ағамыз осы сияқты тым қарапайым сұрақ қойсам ұрысатын:
— Сен мені өлтіретін болдың ғой ! Осы айтқаныңды google-ға тер де бірінші шыққан сілтемені аш. Сол жерде сенің жауабың! — деп )

Сол сияқты сізде де қалай мобильный разработчик болам, қалай dart үйреніп алсам деген сұрақтар туса google-ға "dart" теп теріңіз.

Топқа мына сайт шығу керек
👇🏽
https://dart.dev
👆🏽

Соны ашып Get Dart деген бетіне өтесіз де, өзіңізге орнатып бастайсыз.

Орнату барысында сұрақтар туып жатса чатқа беймарал жаза беріңіздер)
Мына сұрақ тым қарапайым, мұны сұрағаным ұят боп кетеді деп қысылмаңыз.
Бас жағында норма.

keep calm & ask beimaral !

Бүгін орнатып алайық әншейін. Ертеңнен бастап жайлап шұқылап көреміз, бұйыртса.
Forwarded from IT bilim
REST API деген не? 🧐

Толық түсіну үшін бұрыңғы постымызды да қараңыз:
📍https://t.iss.one/it_bilimkz/11

@it_bilimkz