5 сағат бойы қалай болса солай шұқылай беру сізді 5-10 минут бойы документацияны оқудан сақтап қалады !
#Javascript #junior #nur_sultan
📣📣📣Командамызға әрі қарай жұмысқа алу мақсатында бірнеше стажер іздеп жатырмыз.
🗓 Небәрі 10 күн ғана өтіледі стажировка.
🏆 Кейін солардың ішінен жақсы көзге түскен тек қана біреуін жұмысқа алатын ойымыз бар.
💰 Айлығы қолға 200 мыңнан басталады.
✔️Одан да жылдам өтіп тастасаңыз болады.
🟢 Ағылшынша сәл-пәл қағатыныңыз бар болса ол да жақсы плюс.
Проект тым қарапайым. Реферал программалармен айналысамыз.
Өзім күнде қастарыңызда боламын. Қолымнан келгенше үйретіп, көмектесіп жүремін.
Беймарал келе беріңіздер.
Отказ алып қалсаңыз да есесіне бірдеңе үйреніп қайтасыз.
Ал жұмысқа тұрып қалсаңыздар өсемін деген адам үшін керемет мүмкіндіктердің бірі.
📱 +77078629827 Нұрлан
https://t.iss.one/karnurmax

Бірнеше күн бұрын бастығым маған "жаңа фичаларды тезірек жасасай, жай жасап жүрсің" деп ескерту жасады.
Оған мен "енді бәрі оп-оңай емес қой" деп сылтауымды айтам)
Талай сылтауды естіген адам "а солай ма" деп қоя салатын ба еді:
"Біз мына жақтан маркетинг жағын жасап қойдық, клиенттер күтіп тұр. Тезірек қолға бірдеңе бермесек суып қалады, саған тіреліп тұр шаруа" деп қыспаққа алып жатыр.
Не айтсам екен деп ойланып тұрдым да бір қулыққа бастым.
— "Напорыңыз ұрып тұр", мүмкін сіз де код жазып көресіз ? )
— Қандай код жазам сонда ?
— Shopify-мен интеграция жасап көріңіз. Ағылшыншаңыз мықты ғой, менікі нөл, - деп мақтап қоям)
Кішкене ойланып қалды. Ішінен "мынаған ақша төлеп, еще бұның жұмысын істеп берем бе" деп ойлаған шығар )))
Сосын тағы да қызықтырып көрдім:
— Кеттік, давай, "спортивный интерес" болсын. Егер мен өз тапсырмамды бітірем дегенше сіз shopify-ды бірінші бітірсеңіз менен бір түскі ас, -деп көрім едім, осы сөзім көбірек өткен сияқты болды.
— Кеттік ал! - деп қызығып кетті.
"Шаһһ" еткізіп қол алыстық та пари басталды да кетті.
Менің жасап жатқан жұмысымның көлемі үлкен еді. Ал оныкі кішкене ғана.
Сонда да алдап соқтым, ұтып кеттім деп мәз болып жүрмін.
Қысымнан да құтылдым, кодымның бір бөлігін өзіне жаздыртып жібердім, көп болса бір түскі ас ұтыламын деп қоям.
Бірақ ұзақ қуанбадым. Өзіме одан сайын көп таяқ тие бастады.
Әрбір жаңа бірдеңені үйреніп алған сайын маған кеп одан сайын прикол тастайды.
"Қара, мен shopify api-ын оқып алдым. Енді мен барлық коллекцияны шығарып бере алам.
Ал сен не істедің?"
"Қара, мен енді барлық тауарлар мен варианттарды шығаруды білем. Ал сен че ?"
"О, мен даже GraphQL оқып алдым, жақында сенің RESP API-ың қатты керек болмай қалады"
Жаман қызартты енді. Өзі мәз. Тиіскен сайын жаны кіріп қалады)
Бір кезде әбден семіріп алған "Нұрлан, сен чета сеньор емессің ғой" дейді. "Нуу, самозванецпын ғой" дей салдым.
Оған тағы бірдеңе деп ақталып одан сайын энергиясын толтырмай-ақ қояйын )

Кел, танысайық 🤝 !
Ал, қане, zoom-да кездесейік.
🗓 Ертең кешке (8 шілде)
⏰ 19-45 Нұр-Сұлтан бойынша
Ұзақтығы: шамамен 40 минут
Каналды әне жүргіземін, міне жүргіземін деп жүргенде уақыт зуылдап өтіп жатыр екен.
Иә, веб туралы әңгіме басталмады, иә JavaScript жайлы сабақтар түсірілмеді.
Осыны енді жайлап қолға алатын сәт туған сияқты.
Жұмысым тұрақталып, қолым босап, біраз өз-өзіме келіп қалдым.
web-ке қызығып жүрген барлық жанды "онлайн шайға" шақырамын

Сәлем! web-ке қызығып жүрсіз бе?
Мүмкін, бастап та қойған шығарсыз ?
Әлде программистке ауыссам ба, әлде менікі емес пе екен деп іштей ойланып жүрсіз бе.
Бір-екі рет көріп, нәтижесі шықпай қалып та жүрген жан шығарсыз, бәлкім.
Қысқасы, кешке "онлайн шайымызға" қосылыңыз.
Терлеп отырып 40 минут әңгіме соғып тастайық : )
Сілтемесін ~1 сағат қалғанда қоярмын.
⏰ 19-45 Нұр-Сұлтан бойынша бастап кетеміз

15 минуттан соң бастаймыз, бұйыртса.
Тақырып:
❇️ web-ке қысқаша кіріспе
https://us02web.zoom.us/j/86118734804?pwd=M2VEMlBZZkg0QW9vdmNoeHhGZHVSUT09
web-ке қызығады-ау деген достарыңызға бөлісіп қойыңыз : )

Zoom Video
Join our Cloud HD Video Meeting
Zoom is the leader in modern enterprise video communications, with an easy, reliable cloud platform for video and audio conferencing, chat, and webinars across mobile, desktop, and room systems. Zoom Rooms is the original software-based conference room solution…
IT-дің несі қызық ?
Расында, it әркімге әртүрлі себеппен қызық.
Біреулер үшін керемет табыс көзі.
Тағы біреулер үшін тренд, ешқашан жұмыссыз қалмайсың деген сөз.
Ал біреулер үшін мимен жасалатын жұмыс болған соң да қызық.
Ал маған жоғарыда айтылғанның барлығы келеді.
Осыдан 10 жыл бұрын. it-ден мүлдем алыс кезім. Мектепте дене шынықтырудан сабақ беретінмін.
Жұмысым маған ұнады. Бірақ айлығы өте аз еді. 54 мыңнан басталатын.
Университетте 4 жыл оқып 54 мыңға жұмысқа тұру керемет перспектива емес қой енді )
Сөйтіп жүргенде ағам кеп "Басың бар. Не өзіңді қинап жүрсің? Программист болып алсайшы" деп ағалық кеңесін айтып кетті.
2 жыл мектепте жұмыс істедім де, кейін өз бетімше үйреніп, программистке ауысып кеттім.
Осылай мен it-ге ақша үшін келдім әуелі.
Бірақ, мимен жұмыс жасайтын сала болған соң да күн өткен сайын ұнай бастады.
Жарысып есептер шығардық арасында.
Арасында жаңа бірдеңе үйренген сайын достарыңмен бөлісіп отырасың. Олар да білгенін айтады.
Сондай ортадан шықпайтын болдық.
Сөйтіп зырылдап уақыт өтіп, біраз өз орнымды тапқандай болдым.
Бірақ, it-ге деген шынайы махаббаттым осыдан 2-3 жыл бұрын басталған шығар.
2019 республикалық бюджетті зерттеп көрдім.
Біз сол жылы шамамен 12.5 трлн теңге жұмсаппыз.
Соның шамамен 25 пайызы тек қана құрылысқа кетеді екен. 3,5трлндай теңге.
Назар аударыңыз! 3,5 трлн деген ол тым үлкен сома. Оны 1000 рет азайтсаңыз 3,5 млрд.
Оны тағы да 1000 рет азайтсаңыз 3,5млн тг)))
Енді осы құрылыс саласындағы қаншама it өнімдер бар. Олардың санынан тек JavaScript фреймворктардың саны көп шығар.
Басым көпшілігі шетелдік it өнімдер. Олардың лицензиясын қараңыз.
Мысалы, Autodesk Revit бір ДК-ге жылына 2000$.
Бұл біздің еліміздің ақшасын сыртқа құбырмен айдағандай көрініс берді көз алдыма.
Қазіргі көп арманымның бірі - өзіміздің жыртығымызды өзіміз жамай алатындай it өнімдер шығаратын болсақ қой. Сыртқа әркімнің өніміне "инеге отыра бермей".
Егер елімізде программисттер көбейсе, олардың ішінен мықтылары шықса, қаншама елге де пайда әкелуші ме едік, тіпті сырттан да қайта ел ішіне ақша кіргізуші ме ек деп ойлаймын.
Қатты ойлап кеттім бе деп қоям іштей) Бұл ойым кімге қызық. Сөздерім иесін таба ма деген ойлар кеп қалады осындайда ))
Не істейін бірақ? Сезімімді жасыра алмаймын )))
Бүгін мен it-ді еліме қызмет етудің үлкен бір мүмкіндігі деп жақсы көремін. [Қарық қылып жатқан түгім жоқ болса да]
Ал сіз не үшін жақсы көресіз ? Өзіңіз үшін бір анықтап қойыңыз ✊🏽

Программист болдым дегенше, еркетай болдым дегейсің...
Бұрын мектепте мұғалім болып жүрген кезімде бір жаман әдеттерім болатын.
Олар - тамақ пен ұйқы. Сабақ өтіп тұрсам да қарным ашса болды, бәрін тастап, асханаға барып келетінмін. Оқушыларыма тапсырма беретінмін де көзді жұмып, ауызды ашып, екі қолды алға созып жүгіріп кететінмін тамақтың иісіне қарай. Бірақ завучтар ұстап алып, ұрсып-ұрсып онымды тыйып тастады (
Сосын түстен кейін сағат екілерде ұйқы қысатын. Не істерімді білмейтінмін. Қайта-қайта сыртқа шығып бетімді жуып келем. Сонда да болмайды. Арасында оқушыларға жаттығу көрсеткен болып секіріп-секіріп ұйқымды ашып алатынмын болмай бара жатса)
Уақытпен бекітіліп қойған жұмысқа көне алмадым қысқасы. Қай уақыттан қай уақытқа дейін жұмыс істейтініңді, қай уақытта тамақ ішетініңді минутына дейін бекітіп қойған жұмыс қиын екен маған)
Кейін программистке ауысқаннан кейін ең қатты сезінген нәрсем еркіндік болды.
Қарның ашса жұмысты тоқтатып, тамақ-шай ұрып аласың. Ұйқың келсе ыңғайлы жер тауып ап пырылға басасың. Tom & Jerry-дегі мысық құсап жастығыңды қайта-қайта түртіп түзетіп қойып))
Программист болғанның несі жақсы деп сұраса ең үлкен аргументтің бірі - ЕРКІНДІК немесе еркелік десек те болады.
PS: Әрине, бірден еркелеп керек емес. Әуелі біраз тер төгу керек қой орнығып алғанша. Ақылыңыз бар ғой, бәрін дұрыс түсініп тұрсыз ғой, иә ? :)

Түскі үзілісте бір әзіл оқи отырыңыздар
Стажерлармен жұмыс жасаған қызық екен. Былайынша барлығына ризамын. Жұмыстарын жақсы жасап жатыр. Тек арасында сервер құлап қалады.
Сол кезде "Linguini ! Ти што наделял ? Как ти пасмел трогать мой суп ?!" деп дауыстағың келеді екен )))
© Рататуй

Forwarded from IT bilim
📍Тіркелу:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfMnkA2gC_re7_68Ha2Cw6_Ess0L-BbnwKCs-WVBhPYuv4P1w/viewform
❗️Ескерту:
13-20 шілде аралығы грант конкурсына өтініш беру мерзімі

IT-дің ең бір ұнайтын жері - қашықтан жұмыс жасай алу.
Программирование жайлы айтып жатқанда бұл факторды айтпай өту мүмкін емес.
Бұл деген тым үлкен артықшылық.
Үйден жұмыс жасайтын болсаңыз, өз уақытыңызды өзіңіз қадағалай аласыз⏱.
Бастысы жұмысыңыз жүріп жатса болды ✅.
Арасында бала шағамен ойнауға болады.
Арасында қора тазалап келуге болады.
Екі подход турник ұрып қайтсаңыз болады.
Үйге су толтырып қойсаңыз болады.
Тіпті ноутыңыз бен интернетіңізді құшақтап алып басқа қалаға қайын жұртқа қыдырып барып қайтсаңыз да болады.
Жанұяның анасы болсаңыз оның да рақаты өз алдында, қалаған уақытта 20-30 минут демалыс жариялап, майда-шүйде тірлікпен айналысып келсеңіз болады🍼.
Жұмыс берушіге бастысы сіздің тапсырмаларыңыз уақытылы жабылып отырса болғаны.
Қысқасы, программирование азаннан кешке дейін жұмыс істей алмаймын, жиі үзіліс керек деген адамдарға ыңғайы бар сала.
Жалғасы бар...

"Программист болдым дегенше еркетай болдым дегейсің". Тақырыпты жалғастырайық.
Бір әзіл әңгіме айтып берейін.
Осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиға. Қолымнан түк келмесе де кеудеме нан пісіп жүрген кезім ғой әдеттегідей )
Бір проектке жұмысқа кірдім. Laravel-де жазылған проект.
Бастапқы бетін ашып көрсем ~52-56 секунд бойы ашылып тұр екен. Масқара, иә, бұл?!
Әбден батып қалған проект. Бір қадам жылжудың өзі қиын. Ми батпақ.
Әркімнен көмек сұрап жүріп, үйтіп-бүйтіп, бұйырғаны сол, ана беттің кодын жөндеп-жөндеп, 2 секундта ашылатын қылдық, Аллаһтың қалауымен.
Бірақ біраз жылап алдық басында. Бір жерін білсең, бір жерін білмейсің. Дедлайндарға кешігесің.
Біреудің легаси кодын жөндеу миға салмақ қой )
Оның үстіне арасында біреулерден сөз естисің. Маған мүлдем жақпайтын нәрсе.
Себебі, сол кездері менің түсінігімде компанияда программист - Майк Тайсон, ал қалғандары соның айналасындағылар, секундант, диетолог, бапкер, психолог, спарринг партнер еді .
Бұларды қалай орнына қойсам екен, өздеріне көп алып, бізді тым бағаламай кетті ғой деп ойлап жүргем іштей.
Сөйтіп жүргенде өздері туғызды ыңғайлы жағдайды.
Бір жиналыс болып жатты. Жиналысқа әлгі "ерекше басқара білуінің арқасында проектті тащить етіп жүргендер" де қатысты.
Соңғы демонстрациялардан жақсы өтіп біраз көңілдері көтеріліп қапты.
Тілді "Вкл"-ға, миды "Выкл"-ға қойып тастаған)
Бір кезде маған менің жасауым тиісті емес тапсырмаларды бере бастады. Дәл сол тапсырмаларды жасау үшін алынған арнайы адамдар бар. Сонда да мені соқаға жеккісі кеп кетті )
- Ана кнопканың түсін перламутрово-голубой қыл. Сосын ана жердегі текстті біраз түсінікті қылып өзгерт,- дейді кеп.
- Жоқ, мен оларды жасай алмаймын.
- Неге? Сен үшін қиын тапсырма ма ?
- Жоқ, сен мені дұрыс түсінбедің. Не царское это дело!!! - деп кесіп айттым )
Оған әзілім жақпады. Маған да керегі сол еді. Шығара алса шығарсын ал проекттен. Көрейік, кімнің күріш, кімнің күрмек екенін дедім іштей)
Қорытынды ретінде жастарға айтпағым:
Болсаң егер зерек шын,
Қай кезде де керексің.
Оңайлықпен жұлынбас
Тамыры терең терексің.
Тек сабыр қып басында,
Уақытыңды қия алсаң.
Жарты жолдан тастамай,
Жалқаулықты тия алсаң.
Қысы жазы күзде сен
Жаңа білім іздесең.
Тұрақты алға талпынып,
Арасын ешбір үзбесең.
Программист болмай немене ?
Жұрттар да жетіп жатыр ғой.
Уақытым жоқ қой демегін
Ойнаумен кетіп жатыр ғой.
Жас болсаң тіптен керемет!
Шаршамассың, талмассың.
Тасты да кесіп өтетін
Жарқылдап тұрған алмассың!
Бұйырған күні өсерсің.
Бос жүрген біреу болмассың.
Қазіргі батыр - программист,
Бағаланбай қалмассың!

Стажерларды жинап алғаннан кейін программисттерді жаңа қырынан таныдым.
Бұрыннан да білетінмін, бірақ осы жолы қаттырақ байқалды.
Жұмыс берушінің қойған мәселесін шешуден гөрі ғажап технологиялармен жұмыс істеуді жоғары қояды екенбіз.
Бір тапсырма бересің, уақытын шамалайсың, біраздан соң айналып келіп сұрасаң әлі орындамаған. Есесіне, крутой бір технологияның шетін шайнап отырады ))
"Жоқ, ол бізге керек емес дәл қазір. Дәл қазір бізге мына мәселені шешу керек, болды!" деген сөзді жиі қайталауға тура келеді.
Футбол ойнағанда да болады ғой кейбір ойыншылар, қақпаның алдына келгенде өнерпаздығы ұстап кететін. Жай ғана бір теуіп гол сала салудың орнына қиыннан қиыстырып финт жасай бастайды. Командаластары жыртылып жатады бір жағынан "тепсейш, салсайш" деп.
Ол болса құйынпаздығы тыныштық бермей, барлық қарсыласы жиналғанша өнер көрсетеді. Ақырында гол да жоқ, өзі де шаршап қалады. Команданың ұнжырғасы түсіп, құлдырай бастайды.
Осы мысалдағы ойыншы сияқты болмауға тырысу керек программисттерге )
Тапсырма берілді ме, жай ғана соны орындап, әрі қарай жылжи беру керек.
PS:
Каналымда менеджерлер бар болса іштерінен "иә, десейші" деп қалған шығар ))

Жұрттың стажерлары:
Біз бүгін X баг түзеттік. N жаңа фича қостық.
Менің стажерларым:
Біз бүгін X баг түзеттік. N жаңа баг қостық )))

Бірінші тапсырма.
Бірінші қабылданған Pull Request ✅
Жеп-жеңіл тапсырма болса да карьераның басы ғой.
34 жастағы Жалғас ағамызды бірінші жұмыс күнімен, программист карьерасының басталуымен құттықтап қояйық !
———————
"10 күндік" тағылымдамамыз өз мәресіне жетті. Нәтижесінде, ақылдаса кеп Жәкеңді жұмысқа алуға бел будық.
Толығырақ бөлек постта жазармын, бұйыртса ✊🏽

Dart дейміз, оған үміт арт дейміз )
Соңғы уақытта маған Dart бағдарламалау тілі ұнап жүр.
Әмбебап тілдердің бірі екен.
cmd tools-тан бастап, серверлерді, web-тың алдын да, артын да жаза беруге болады.
Мен үшін ең қызық тұсы Flutter-де мобилдік қосымшалар жазу боп тұр.
Иә, соңғы уақытта PlayMarket/AppStore-ға бірдеңе шығарып қойғым кеп, ойым кетіп жүр)
Қатты бір кәсіби деңгейде айналысар ойым жоқ. Дегенмен хоббиларымның қатары тағы біреуімен толықтырылмақ : )

Dart-ты үйренуді неден бастаймын ?
Кезінде бір тәлімгер ағамыз осы сияқты тым қарапайым сұрақ қойсам ұрысатын:
— Сен мені өлтіретін болдың ғой ! Осы айтқаныңды google-ға тер де бірінші шыққан сілтемені аш. Сол жерде сенің жауабың! — деп )
Сол сияқты сізде де қалай мобильный разработчик болам, қалай dart үйреніп алсам деген сұрақтар туса google-ға "dart" теп теріңіз.
Топқа мына сайт шығу керек
👇🏽
https://dart.dev
👆🏽
Соны ашып
Орнату барысында сұрақтар туып жатса чатқа беймарал жаза беріңіздер)
Мына сұрақ тым қарапайым, мұны сұрағаным ұят боп кетеді деп қысылмаңыз.
Бас жағында норма.
keep calm & ask beimaral !
Бүгін орнатып алайық әншейін. Ертеңнен бастап жайлап шұқылап көреміз, бұйыртса.
Кезінде бір тәлімгер ағамыз осы сияқты тым қарапайым сұрақ қойсам ұрысатын:
— Сен мені өлтіретін болдың ғой ! Осы айтқаныңды google-ға тер де бірінші шыққан сілтемені аш. Сол жерде сенің жауабың! — деп )
Сол сияқты сізде де қалай мобильный разработчик болам, қалай dart үйреніп алсам деген сұрақтар туса google-ға "dart" теп теріңіз.
Топқа мына сайт шығу керек
👇🏽
https://dart.dev
👆🏽
Соны ашып
Get Dart деген бетіне өтесіз де, өзіңізге орнатып бастайсыз.Орнату барысында сұрақтар туып жатса чатқа беймарал жаза беріңіздер)