Жаңадан бастап жатқандарға бір кеңес
Тезірек жақсы жер тауып, жұмысқа тұрып алуға асығыңыздар.
Кейде біреулердің бастап, үйреніп, бірақ екі ортада тастап қойып жатқанын естимін.
Өз көзіммен көрген бірнеше мысал бар.
Тастап қойғандағы көп себептің бірі сол жақсы жерге жұмысқа тұрып кетпеуі деп ұқтым.
Енді бастап жатқандар өзіне сырттан баға бере алмайды.
Өзін тым кереметпін деп ойлап кетуі де мүмкін. Сөйтіп біраз шайып жүруі де ғажап емес.
Керісінше, өзін тым төменсітіп қоятындар да бірталай.
Бір мәселеге қадалса бітті менен программист шықпайды ау деген күмәнге тез бой алдырады.
Ал бір жерге жұмысқа тұрсаңыз. Ол жерде командада аға программист бар болса. Сомен қатар, сізге ақша тәп-тәуір ақша төлеп жатса. Демек, жақсылап тұрып жұмсайды да )
✅ Нарықта бар тапсырма беріледі!
✅ Толыққанды проекттің басынан аяғына дейін қатыстырады. Кей видеолардағыдай екі күнде өз фейсбугіңді жасата салмай )
✅ Білмей қалсаңыз сұрайтын адам дәл қасыңызда.
✅ Жатып та, батып та қалмайсыз. Күнделікті талап қойылып отырады.
Сіздерге керегі де сол емес пе ?🤓

#flood_time #әзіл_уақыты
Новичек пен профессионалдың айырмашылықтарының бірі мынадай.
❗️ Новичек көп код жазуға ұмтылады. Қиыннан қиыстырып, тау қопарып тұрып жұмыс істеуге бір иығы тартып тұрады.
✅ Профи аз код жазуға ұмтылады. "Ең жақсы төбелес - болмай қалған төбелес" деген сияқты, "Ең жақсы код - жазылмаған код" дейді.
Солай, бүгін мүлдем код жазғыңыз келмей тұрса, мүмкін, сіз нашар программист емес, қайта профессионал боп кеткен шығарсыз ? 😄)

Forwarded from AI trends kz (Информатика каналы)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
MAMYR contestтен қалып қоймаңыздар!⌚️
Forwarded from IT bilim
Файл және файлдар жүйесімен жұмыста буыны қатпаған Python бағдарламашыларда мәселелер жиі туындайды❗️
Сондықтан сіздер үшін файл, каталог, файлдар жүйесіне арналған маңызды 8 командадан тұратын карталар жиынтығын дайындадық 😍
Командалар жайлы сұрақтар болса, мысалдар керек болса қысылмай сұра 😊

#javascript #fullstack #qwant
🗓 1 маусымда QWANT мектебі JavaScript Fullstack курсын бастамақшы.
⏱ Ұзақтығы: ~6 ай (ертерек бітіруге де болады)
💰 Құны: 72мың теңге (36+36 деп екі бөліп төлейсіз)
Толық ақпаратты мына супервайзерден алыңыздар:
🧑🏽💻 Олег Ким
📱 87772722547
0-ден junior-ға дейін өсіреміз дейді.
курс барысында проект жазып, стартап қорғап, инвесторлармен байланысқа шығып көруге болады.
Платформа толықтай ағылшынша.
Бірақ енді бастап жатқандарға арналған. Сол себепті қиналмайсыздар деп үміттенем.
Топ болып жұмыс жасау барысында қазақша талқылай бересіздер.
Өте керемет мүмкіндік.
✅ Ең бастысы roadmap дайын !
✅ Енді бастап жатқандарға арналған
✅ Бағасы қолжетімді
✅ Топтық жұмыс
✅ ағылшыншаңызды да көтересіз : )
web-тен курс қашан деп хабарласып жүргендеріңізді осы курсқа шақырамын.
Кеп тұрған пойызға мініп кетіңіздер🤓

Ақша vs денсаулық
Ақша керек деп көп проект алдым.
Көп проект алдым деп тәулігімнің көп бөлігін жұмысқа бердім.
Қозғалысым азайып, отыра беруім көбейген соң денсаулығым да сыр бере бастады.
Денсаулық сыр бергенде ақша да жұмсалды, проекттер де аяқталмай жарты жолда тасталды.
Мен тастағаннан заказчик мені тастай ма ))
"Че там брат че там" деп аптасына бірнеше рет хабарласады.
Басында әрі емделіп жүрдім, әрі проекттерді де "тасбақалатып" сүйреп көрдім. Болмады.
Арқадан арқа, бастан бас, көзден көз қалмады, айтарға сөз қалмады, абыройдан абырой қалмады.
Достан дос қалғанына шүкір тек )
Амал жоқ басқа адамдарды жалдап, ақшасын соларға өткіздім. Басында үнемдемек боп "балмұздақтарға" беріп көрдім. Ол батырлар барын салғанмен, әлі қылышы қайралмаған. Атойлап барып қанша қырғын салса да, проекттің ат-қорасын шығарғаннан басқа әкелген пайдасы болмады.
Артынан профиларға хабарластым.
"Я к вам пишу - чего же боле,
Дедлайн прошел полгода назад" — деп бастаймын ғой хатымды )
Сөйтіп не болды қорытындыда ?
👎🏽 Ұтылғаным денсаулық, қарым-қатынас, уақыт, ақша.
✅ Ұтқаным - тәжірибе. (деп өзімді жұбатып қоям ғой)
Ал не себепті осылай болды ? Әу баста дұрыс саудаласу керек еді.
Уақытын да кең алып, ақшасын да көбірек келісіп жасауым керек еді.
Әрі-бері асықпай ойланып, жұртпен қосымша тағы ақылдасып алып.
Мұның бәрін өкініштен жазып отқам жоқ, жай әңгіме болсын деп қой.
Бұқаға туған күн бұзауға да туады деген. Арттан өкшелеп қуып келе жатқан жастарға бір ауыз ескертуім ғой ) Көп ақылдасыңыздар жұртпен !
☝🏽 100 пайыз сенімді болсаңыздар да бір ауыз тағы біреумен ақылдасып алған жөн

Forwarded from Aman world
Qazaqsha programming
Біз шетелде істейтін достарымыз бірігіп(@datbayev, @narikbi, Темірұлан) жаңа проект бастағалы жатырмыз.
Қазіргі таңда программалауға қатысты қазақ тілінде жазылған кітап жоқтың қасы шығар. Осы жағдайды ескере отырып Антидің "Competitive Programmer's Handbook" деген кітабын қазақ тіліне аударайық деп шештік.
Кітапқа сілтеме : https://cses.fi/book/book.pdf
Әрине, кітапты тек 3-4ға адамға аудару қиынға соғады. Сондықтан бұл кітапты бүкіл халық болып аударайық. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді ғой.
Бұл коммерциялық емес проект. Қазақ тілінің жанашыры болсаңыз үлесіңізді қоссаңыз болады. Әрбір адам өзінің көмегін тигізе алады. Ағылшын, орыс, қазақ тілін білетін адамдар өте қажет. Аудару тобына қосылғыңыз келсе төмендегі форманы толтыруыңызды сұраймыз.
https://forms.gle/Fi277JnpT93iBybX7. Толтырсаңыз жақын арада сізбен хабарасамыз.
Репост жасап септігіңізді тигізсеңіз болады.

"че там, кешегі собеседованиең не болды?"
Соңғы уақытта бірнеше кісілерді көзім шалып жүр.
Шетінен жас жігіттер.
Былайынша кішігірім оқығаны бар, тоқығаны бар.
Дұрыстап қазып сұрасаң портфолиосы да бар.
html, css тақырыбын баяғыда өтіп қойған.
Javascript-тен де сәл-пәл хабары бар.
Шала болса да бір фреймворктың басын шалған. Серверге request жіберуді біледі.
todo list, my shop деңгейінде бірнеше проектілері де бар github-та☝🏽.
Ашып қарасаң былайынша новичекқа жарасатын код жазған.
Әрине, сапасы жоғары емес, қателері бар. Бірақ жұмысқа джуниор боп тұруға жақсы аргумент екені анық.
Енді кеп жайлап итермелеп көрем ғой жұмысқа тұрсайшы деп.
Бір қарасаң резюмесін толтырып қояды. — О, Жақсы✅
Бір қарасаң тарсылдатып откликтер де жіберіп жатады вакансияларға. — О, тіптен күшті✅
Арасында собеседование өтіп жатқанын да естисің. — Ііі, керемет-керемет ✅
Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін бір қарасаң әлі жұмыссыз жүр де.
"Ана жер де алмады, мына жер де алмады" деген күрсінген әңгімелерін бастайды дейсің кеп.
Сол жастарға айтарым:
Собеседованиеде "жоқ", "өтпедің" десе немесе үндемей қалса қоя саласыздар да.
Кейде іштей ойлам "осылар үйлене ме екен" деп )))
"жоқ" десе бітті қолды төмен тастап қоясыздар.
Артынан қалмау керек қой.
Тағы хабарласу керек. "не жетпей қалды ? қай жерім нашар ?
Маған тағы бір тест беріңіз, мен соны патырлатып орындап көрейін" деп.
Қысқасы, білім жетпейді емес, жалындаған от жетпейді мен көріп жүрген жастарға.
Кейбіреулер "білмедім, алмайтын сияқты. ештеңе деп айтпады" деген кезде жастықпен қуалап жүріп ұрғылағым келед )))
Саған керек пе, маған керек пе. керегі рас болса неге тормозить етіп жүрсің деп )

🔥PYTHON Программалау тілі курсына тіркелу басталды!🔥
Тіркелу мерзімі: 5 маусым, 18:00-ге дейін.
Тіркелу үшін жекеге жазыңыз:
@edigerad
@mukhammedaliiii

Бастық бір разработчикті жұмыстан шығарып жатты.
Ол разработчик әбден масыл болған екен.
Әкелетін пайдасы аз, ал ақша алуға келгенде алдына жан салмайды.
Қай жағынан алсаң да қуғынға ұшырайтын адамның себебін жасап тұр екен )
Бірақ ұрсып-ұрсып қуып жіберудің орнына оған тағы бір жұмыс тауып беріп жатыр екен де бір қызығы. Бара жатқан жерінің айлығы бұрынғысынан көбірек.
Мен үшін біртүрлі болып көрінді.
Неге олай жасайсыз, қайта барлық нәрсені бетіне айтып-айтып, ит терісін басына қаптап, шығарып салмайсыз ба деймін ғой.
Сөйтсем былай деп жауап берді:
— Біріншіден, ұяты бар адам болса, басында ақылы болса, былай шыққан соң өзі ойланып, түсінеді. Немесе уақыты келгенде түсінер. Ал түсінгісі келмейтін адамға айтқанмен пайда жоқ. Қайта одан сайын таласып мазаңды алады, уақытыңды құртады. Және де бонус, жүрген жерінде сен мына жерде істеп едің ғой, қалай ол компания десе жақсы фидбэк айтуға себеп болады. Ал бұл уже тегін рефералка, — деді.
Ымм дедім де қойдым...

https://t.iss.one/qwantkz/104
Qwant мектебі қыздарға арнап гранттар таратып жатыр екен тегін.
Грантты сіздер үшін АХҚО төлейді
IT-де өзін сынап көргісі келген қыздар болса барып көріңіздер
Толығырақ сілтеме бойынша біле аласыздар
https://t.iss.one/qwantkz/106

Тегін программалау сабағының жазбасы ✅
Сабақ тақырыптары:
• Бағдарламалауға кіріспе және Питон тілін орнату
• Айнымалылар мен операторлар
Видео астында сабақ материалдарына (слайдтар, нұсқаулықтарға) сілтемелер тұр 📚
Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар берілген 👩🏻💻
https://youtu.be/l6uwqcrZxJY

YouTube
1.1 Бағдарламалауға кіріспе және Питон тілін орнату 1.2 Айнымалылар мен операторлар
💳 Каналды қолдағыңыз келсе👇🏻
Kaspi Gold: 4400 4301 1620 9583
Kaspi нөмірі: 87025975778 (Едіге Р.)
Сабақ материалдары:
Слайдтар:
1) https://drive.google.com/file/d/1CIkW4j0JKXDDq32kW9p-77RExdw2-xpk/view?usp=sharing
2) https://drive.google.com/file/d/1EWh…

"Не үшін ?"
Кезінде бір компанияда жұмыс жасағанда бір аға программист бар болатын командамызда.
Тәжірибесі мол, көргені көп, түйгені көп.
Барлығы соны мазалайтын әртүрлі сұрақтармен.
Программисттер бар, аналитиктері бар, әртүрлі менеджерлері бар, барлығы кеп сұрақ қоя беретін соған. Проекттің ядросы болып тұр ғой енді ол ағамыз )
Әбден миын ашытатын ек ол кісінің.
Ол да бір кезде, шаршай бастағаннан ба әлде бірдеңеге көзі жетті ме, бір айлаға көшті.
Сұрақ қойып жатқан адамды тыңдап болар-болмастан "не үшін?" деп өзіне сұрақ қоя беретін.
Әлгі адам бірдеңе деп жауап берген болады, ағамыз "не үшін?" деп тағы сұрайды. Сөйтіп жалғаса береді.
"Былай жасайын деп ем, мынадай қате шыға береді. неге?"
"не үшін олай жасап жатырсың?"
"өйткені маған мынадай нәрсе керек."
"не үшін керек?"
"себебі, былай былай" деп тағы бірдеңе айтқан боласың.
"не үшін?" деп ол да қояр емес)
Сөйтсек, көп сұрақтар оңай шешіле береді екен өздігінен.
"Мынаны ҚАЛАЙ жасайды?" деп келіп жатқан он адамның тоғызы өз-өзіне "осыны НЕ ҮШІН жасап жатырмын? анық керек нәрсемен айналысып жатырмын ба?" деген сұрақты қоймайды екен ))

Forwarded from Alibek Baiseiit
🔥Сізді "Қалай IT саласына оңай, әрі жылдам кіруге болады" атты тегін вебинарға шақырамыз
✔Бұл вебинардан IT саласына кірудің ең оңай, әрі жылдам жолын білетін боласыздар. Вебинарда аз уақытта қалай сұранысқа ие мамандықты жылдам меңгеріп, ірі IT компанияларға жұмысқа тұрып кету жолдары айтылады. Вебинарда сіздермен өз тәжірибемді бөлісемін. IT саласын меңгеретін кезде студенттердің жіберетін басты қателіктері, сұранысқа ие IT бағыттары, және олардың жалақылары мен талаптары жайлы айтатын боламыз.
Вебинар жүргізушісі (Байсейіт Әлібек)
🔸IT саласында 5 жылдық тәжірибесі бар
🔸Бірнеше жобаның авторы
🔸Әлемдік деңгейдегі инновациялар жасады
🔸Mycup.site платформасының негізін қалаушы
🔸ТМД мемлекеттерінен 3450 студент оқытты.
📌 Уақыты:
24.06.21 сағ. 20:00
Вебинардың қызықты, және пайдалы өтетіне сізге кепіл береміз.
✔Вебинарға тіркелу:
https://t.iss.one/webdevkzchat