IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Ауылдан бастау алған канал болған соң ауылдың бір жаңалығын салып қояйын.

Жар салатындай жаңалық енді біздің ауыл үшін )

Бүгін біздің ауылымызда үлкен бір мешіт ашылып, халыққа қолданылысқа берілді.

Сыйымдылығы 900 адамға арналған деді. Салыстыру үшін Нұр-Астана мешіті 5000 адам сыйғызады екен. Аудан орталығы үшін өте үлкен деп айтса болады.
Толықтай біткен. Ерлер мен әйелдер емін-еркін өз залдарында болады екен. 2 қабатты мешіт. Көпшілікке қызық болып жатса ғана суреттерін қоярмын.

Ашылуына біраз адамдар қатысты. Халық боп мәз болып қарап тұрдық.
Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке көнген құл болмас деген, жасы бар, қарты бар, барлығы дерлік маскасын тағып келіпті. Бірақ амандасуға келгенде патырлатып қол алысып, құшақтасып амандасып жатырмыз )

Мешіттің ашылу салтанатына әкімдер, имамдар бар, тіпті ҚМДБ бас мүфтиі деп келіпті . Жалағаштан шыққан депутат көкелеріміз де келді.

Ағалар мен қарттар сөз сөйлеп, біраз бөрік-шапандар сыйға берілді.

Өзім бұл жолы ішке кіре алмадым. "Сары" зонаға кіріп тұрмыз. 100 ғана адам кірсін, қалғандарымыз сыртта тұрсын деді.

Енді еркек кіндіктілерге құлаққағыс, мешітті салған ауылдан шыққан жігіт екен. Саудагер . Үш жыл бойы өз қаражатына салғызып келіпті.

Осылайша барлығымыз есейіп, ер жетіп, бір істің мықты маманына айналып, елге пайда әкеп жатсақ нұр үстіне нұр емес пе, иә ?

PS: өзімнің қиялым ғой. Қызылордадан it мектеп ашылып, программисттерді мықтап дайындап, елден ақша сыртқа кетуі азайып, қайта сырттан ішке ағыла бастаса, әә? Еһһһ
— Сіздің ОЗУыңыз қанша ? (ОЗУ - RAM)
— 8Гб. Сіздікі ше,16 ма ?
— А, жоқ. Менікі сол 32 ғой, - деп шіреніп жүр ек,
Samsung 512Gb RAM құрып, айды аспаннан бірақ шығарыпты 🦾🦾🦾

Жайлап өсетін шығар деп жүргем. Әуелі 4, сосын 8, 16, 32, ендігі кезек 64 шығар. Оған дейін қанша уақыт бар екен деп жүрсем.
🔥 Мә, саған 512🙀 !!!
Мысалы, қазір көп студентте 8Гб десек. 50 студенттің ОЗУын қоссақ та жетпей тұрады екен 512-ге )
Менде 32 деп кеудесіне нан пісіріп жүргендердің 16-сына тең екен.


Әшейін де it жаңалықтармен бөлісе бермейтін ем, мынауысы енді қырғын болды мен үшін ) Бөліспесем болмас деп шештім.

дереккөз 👈🏽 Самсунгтың ресми сайтынан алында
қаз қалпында...

Instagram
және Facebook - лайктарды жасыруды тексеруді бастады

Әзірге пайдаланушылар «ұнаған» белгілерді көруді немесе көрмеуді таңдай алады. Бұрын функция тек шағын адамдар тобында тексерілетін. Сынақтар лайктарды жасыру кейбір қолданушылардың әлеуметтік қысымын төмендететінін көрсетті.
P.S. © QAZAQ


жаңалық авторы: https://t.iss.one/QAZAQQQQQQQQ
автордың қолданған дереккөзі
Құрметті достар,
19 сәуір 18:00-де «Qazaqsha Python» воркшопымызға қосылыңыз.

Python-ді алғашқы тіл ретінде үйрену оңай және кез-келген бағдарламашыға қажет дағды! Ол веб пен ойын дамытудан, машиналық оқудан, интеллектуалдық, статистикалық және тіпті академиялық зерттеулерден бастап әр түрлі салаларда қолданылады.

🗓 Басталу күні: 19 сәуір 18:00-де
👤 Жас: 14+
Воркшоп тәлімгері: Рауан Құрмет, Kolesa Group компаниясында жоғары санаттағы программист
Воркшопқа тіркелу қажет.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe8vFw10NhKkojjj1IigimHxu3300YsjOhlEEiExI2QcZ449A/viewform?usp=sf_link
Қайырлы күн!
Хабар алмаспағалы көп болыпты.
Каналды жүргізуге қол тимей, айтатын нәрсе жиналып қалыпты.

Алдағы уақытта мынадай посстар жарық көрмек, бұйыртса
1) Парт таймға жұмысқа тұрдым.
2) Студенттер санын іріктеп, қысқартудамын.
3) Фриланс R.I.P.
4) Жайлап команда жинап жатырмын☝🏽.
5) Министрлікпен қарым-қатынас туралы ең соңында айтайын.

Енді бастап жатқан программисттерге және стартап туралы енді ойланып жүргендерге пайдасы тиіп қалар деген үміттемін.
Хабарда болайық✊🏽
Осы проектті жасаймын деп, көп тәуекелге бардым. Және кейін ойлап қарасам, тым артық кеткен жерім көп болған екен.
Жайлап ақшасы да түсіп жатыр, жайлап жылжып та келе жатыр. Бірақ "жайлап" деген префикс маған қолдау көрсетіп жүрген жандарға "жайлап" жақпай барады уақыт өткен сайын )
Жеке өзім ғана болсам, мыңқ етпей жүре беруші ем. Ата-ана, бала-шаға бар болғандықтан, олардың да сұрауын өтеп тұру керек. Ақша берген жандар да бар. Қарыз қылып бергені бар, "жүріп кетсін, кейін көреміз" дегені бар. Қайтарымын көрсететін уақыт болса кеп қалғалы қашан.
Әр мәселенің бір шешімі ақшаға кеп тіреле берген соң, парттайм болса да жұмысқа тұруға бел будым.

Компаниям кішкентай ғана. 5-6 адамнан тұрады. Маған бастығым ұнады. Әрі қарым-қатынасты жақсы құра алатын, әрі программированиеден хабардар жан. Аналитик те өз ісінің шебері. Қатты қысып миыңды қатырмайды. Тапсырмаларға уақытты кеңінен береді.
Бұрыннан жасап келе жатқан разрабтарға проектке қатысты сұрақ қойсаң тез әрі толыққанды жауап береді екен. Вакансияларын беймарал "біз команда емеспіз, біз жанұямыз" деп бастауға болатын компания екен🥰)

Болашақта жұмысқа тұрар болсаңыз, көңіл аударатын нәрсе☝🏽

PS:
Жұмысқа тұрарды бір қызық сәт болды. Ағамды таниды екен ол компания. "Ерлан деген ағаңыз жоқ па? Кезінде пәленше деген компанияда жасады ма?" деп жөн сұрады. "иә" деп жауап беріп ем, "енше тех собес өтіп керек емес деп ойлаймын, басқа сұрақтарға өте берейік" деді. 😄.
Айлығын келісіп, әрі-бері қосымша шарттарды айтып болған соң тез арада жұмысымды бастап кеттім.

"Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың проблемасы бар"😎🤓😎
Қойш, санынан сапасы артық деп қойып қалдым үстел үстін жұдырықпен.

Студенттердің көп болғанынан сапалы болғанын жөн көрдім.
Қазір Абдулла есімді 7-ші сынып оқушысы бар. Алматыда тұрады. zoom арқылы өтіп жатырмыз.
әрдайым өзі хабарласады, артынан іздемейсің☝🏽
үйге тапсырма бермесең де өзі бірдеңе шұқылап көріп келеді тақырыпқа қатысты. Көп сұрақ қояды. Және орынды сұрақтар, әдетте.
мінезі интроверт пен экстраверттің жақсы жақтарын жинап алған. шошаңдақ та емес, тұйық та емес. Ойын ашық айтады, әрі айтқанды тыңдай біледі.
Өз бетімен питонның бас жағын үйреніп көрді. codecombat сайтынан ойын ойнап жүріп-ақ.
жирный плюс, ата-анасы әрдайым көмектесіп, морально қолдап жүреді👍🏽. (Басқа да оқушыларым болды ата-анасы мықты қолдау көрсеткен, бірақ ол аздық етті мықты нәтижеге қол жетікзуге☹️. )

Екіншісі, жасы үлкен студент, Мейрамбек(96 жылғы). Жалағашқа келіп оқып жатыр. "Боевой условиеде" оқитынын оқып, жұмысқа тұрып кетуге ұмтылысын жасап жатыр күнделікті.
таныстығымыз бірінші күн емес. Осы уақытқа дейін ынтасы бар екенін ұзақ уақыт бойы көрсетіп келді.
алдын ала "тексерістен" өтіп алды. Өз бетінше әуелі дайындығын көтеріп алды.
артынша үлкен тәуекел жасап, сапарлатып Жалағашқа келді. Әрі 50 мың курс ақысын да төлеп қойды👌🏽.

Мейрамбек қазір түнде менің үйіме ұйықтауға келеді. Керек кезде тамақ-шайын ұрып алады да шығып кетеді кеңсеге)
Берілген тапсырмаларды өз бетінше орындап отырады. Мен тек тақырыпты берем. Қиналып, батып қалып жатса демеп жіберем арасында.

Әзірге Жалағаш it жобасы осылай жылжып жатыр.

Айтпақшы, қандай "боевой" жағдайда сабақ өтіп, проект жазып жатқанымыз қызық болса коммент қалдырыңыздар😉.
Ал егер донат жиналса жұмыс жасайтын орнымызды және ауылды видеоға түсіріп жіберемін, бұйыртса.
—————
Осы уақытқан дейін жиналған донаттар 200 теңгеден басталып, 5000 теңгеге дейін жеткен екен медианасы.
Сосын бір рет ~41мың тг болды😱.
—————
Егер де донат жасауға тұрмайды деп санасыңыздар оны да жазып қойыңыздар комментке. Критика дамуға мықты көмектеседі✊🏽
Тағы бір жаңалығыммен бөлісіп қояйын😎

Базар аралап жүрсем Ерлан ағам хабарласады мана.
Жалағаштың күні жарқырап, экранда не болып жатқанын көре алмай жатырмын.
Сурет жіберіп, бірдеңе жазып жатыр екен телеграммен.
Қолмен көлеңкелееееп тұрып қарасам -
Yandex-ке жұмысқа тұрдым, бүгін бірінші жұмыс күнім. Презентацияларын қарап отырмын
деп хабар беріп жатыр екен 🥳🥳🥳
Фриланс R.I.P. ☠️🚫👻

Стартапқа ақша керек болып қап, фриланс алу өте тиімсіз екен. Стартапты тоқтатып тастайды. Даму үзіледі. Ал ол ең маңыздысы.

Дәл қазір екі заказым қалған. Біреуі жай верскта еді. Оны біреуге беріп қойғам алдында. Заказчик арасында бір ескерту жасайды, соны түзетіп отсаң болды деп.
Екінші бір заказым әлі де бітпей жатыр. Берейін десем алып кете алатын адам жоқ. Проект почти аяқталып қалған соң оны басынан бастап оқып-түсінуге де уақыт кетеді ғой. Ал тез қағып алып, ұрып тастайтын жігіттер(мидл төңірегі) қымбат сұрап, бағасымен келісе алмай жатырмыз. Амал жоқ өзім жылжытып жатырмын. Сәл ғана қалды. Бірақ эмоционально өте ауыр жүк болды. 42км марафон жүгіріп соңғы 3-4 км қалған сияқты )
Бірақ бұған да шүкір. Жақсы сабақ болды. Ендігіде фриланс келсе тек біреулерге өткізіп жіберіп отырам ау чатқа☝🏽

Қысқасы, осы объем біткен соң қайтып қарағым жоқ фрилансқа🥴

PS: Фриланс жалпы жаман дегенім емес.
Нақты мен үшін өте тиімсіз, пайдасыз, берерінен алары көп дегенім бұл пост.
Ал былай фриланстан тау қопарып жатқандар қаншама👌🏽
Программированиенің бас жағы қиын, әдетте.
Ол сіздің ыңғайыңыз жоқ дегенді білдірмейді мүлдем. Сәл сабыр керек жай ғана.
Кім шыдаса, сол әрі қарай өседі, шыдамаса ойыннан шығады )
Бұл қиындық барлығында болып тұратын нәрсе.
Тіпті Google-да жұмыс істеп жүрген Аманның да басынан жиі өтіп тұрады екен😊

Осы жайлы Аманның жазған постын оқып көріңіздер.
👇🏽👇🏽👇🏽
https://t.iss.one/amanutemuratov/122

#қазақшаконтент⁣⁣
#amangoogle #google #қазақшаконтент

Айтпақшы, қазақша контент көбейсе екен деп жүруші едіңіздер,
ерінбей Аманның каналына жазылып, посттарын бөлісіп тұрсаңыздар керемет болушы еді😉
https://t.iss.one/amanutemuratov 👈🏼
Жаңадан бастап жатқандарға бір кеңес

Тезірек жақсы жер тауып, жұмысқа тұрып алуға асығыңыздар.

Кейде біреулердің бастап, үйреніп, бірақ екі ортада тастап қойып жатқанын естимін.
Өз көзіммен көрген бірнеше мысал бар.
Тастап қойғандағы көп себептің бірі сол жақсы жерге жұмысқа тұрып кетпеуі деп ұқтым.

Енді бастап жатқандар өзіне сырттан баға бере алмайды.
Өзін тым кереметпін деп ойлап кетуі де мүмкін. Сөйтіп біраз шайып жүруі де ғажап емес.
Керісінше, өзін тым төменсітіп қоятындар да бірталай.
Бір мәселеге қадалса бітті менен программист шықпайды ау деген күмәнге тез бой алдырады.

Ал бір жерге жұмысқа тұрсаңыз. Ол жерде командада аға программист бар болса. Сомен қатар, сізге ақша тәп-тәуір ақша төлеп жатса. Демек, жақсылап тұрып жұмсайды да )

Нарықта бар тапсырма беріледі!
Толыққанды проекттің басынан аяғына дейін қатыстырады. Кей видеолардағыдай екі күнде өз фейсбугіңді жасата салмай )
Білмей қалсаңыз сұрайтын адам дәл қасыңызда.
Жатып та, батып та қалмайсыз. Күнделікті талап қойылып отырады.

Сіздерге керегі де сол емес пе ?🤓
#flood_time #әзіл_уақыты

Новичек пен профессионалдың айырмашылықтарының бірі мынадай.
❗️ Новичек көп код жазуға ұмтылады. Қиыннан қиыстырып, тау қопарып тұрып жұмыс істеуге бір иығы тартып тұрады.
Профи аз код жазуға ұмтылады. "Ең жақсы төбелес - болмай қалған төбелес" деген сияқты, "Ең жақсы код - жазылмаған код" дейді.

Солай, бүгін мүлдем код жазғыңыз келмей тұрса, мүмкін, сіз нашар программист емес, қайта профессионал боп кеткен шығарсыз ? 😄)
Forwarded from AI trends kz (Информатика каналы)
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
MAMYR contestтен қалып қоймаңыздар!⌚️
Forwarded from IT bilim
Файл және файлдар жүйесімен жұмыста буыны қатпаған Python бағдарламашыларда мәселелер жиі туындайды❗️

Сондықтан сіздер үшін файл, каталог, файлдар жүйесіне арналған маңызды 8 командадан тұратын карталар жиынтығын дайындадық 😍

Командалар жайлы сұрақтар болса, мысалдар керек болса қысылмай сұра 😊