Forwarded from Narikbi LIVE
🎙Episode #27: Talk (Nurlan, Aman, Narikbi): Ауылда IT маман дайындау
Ауылдан программист мамандау мүмкін бе? - біз осы сұрақтың жауабын іздедік.
Бүгінгі Talk айдарында еліміздің IT саласын дамытуға ат салысып жүрген азаматтарды шақырдық.
Нұрлан Қарақұлов - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында IT клуб ашып, ауыл жастарынан программисттер дайындап жүр. Мектептегі физрук жұмысын тастап, программист болып шыққан адам.
Аман Утемуратов - Швейцария, Цюрих қаласында Google компаниясында жұмыс істеп, қазақ тілді IT блог жасап жүр. Қазақстанда банктегі тұрақты жұмысын тастап, арманына жету үшін 5 жыл дайындықтан өткен азамат.
Эпизодта қозғалған тақырыптар:
🔹 Ауыл жастарынан программист дайындау
🔹 Өңірлердегі сауат және білім
🔹 Google-ға жұмысқа тұру
🔹 Дисциплина, ментор және мақсатыңды табу
Нұрланның парақшасы:
https://t.iss.one/zhalagash
Каспи: +7 707 862 9827
Аманның парақшасы:
https://t.iss.one/amanutemuratov
https://instagram.com/aman.utemuratov
Біздің парақшамыз:
https://t.iss.one/narikbi_live
https://instagram.com/narikbi.live
Біздің подкастты қолдау:
Каспи: 5169 4931 5231 8567 (Нәрікби М.)
Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз 👇🏻

welcome-to-jit.gif
41.9 MB
Ассаламуалейкум! Баршаңызға сәлем🤚🏽!
Соңғы күндері лек-лек болып қосылып жатырсыздар каналыма. Мен үшін қуанарлық жағдай🙂.
Нәрікби мен Аманға үлкен алғысымды білдіремін. Өздері ұсынып, қолдауларын көрсеткені үшін💪🏽.
Және подкастты кеңінен таратқан әріптестеріме де ризамын✊🏽.
Каспи голдқа донат лақтырған кісілерге де үлкен рахмет🥰)
Чатқа қосылып, өздеріңізді таныстырып әрі не қызық сомен бөлісе отырыңыздар.
https://t.iss.one/jalagash_it_chat
Өзімді қысқаша таныстырсам:
спорт + it + шығарма жазу == Нұрлан 😎

Forwarded from AI trends kz (Ержан Домақов)
Сәлем Достар!
NAURYZ CONTEST 2021!
Информатика каналы админдері бағдарламалау бойынша онлайн жарыс өткізеді.
Басталу уақыты 2021 жылдың 27 наурызы сағат 11:00-де Астана уақытымен
Контест 2 жарым сағатқа созылады.Контест Yandex платформасында өтеді.Қатысушыларда Yandex аккаунт болуы керек.
Қатысу тегін. Жүлдегерлерге дипломдар беріледі. Олимпиадаға дайындықты қазірден баста!!!

Қайырлы кеш!
Мені әлі күнге дейін мазалайтын бір сұрақ бар. Түбіне жете алмай келем.
Ол - "жақсы курс қандай болуы керек ?"
Мысалы, біреулер айтады "бір сатып алған соң материалдар әрдайым қол жетімді болып тұруы керек" дейді.
Біреулер "тегін болсын, болмаса арзан, қолжетімді болсын" дейді.
Тағы біреулер "дизайны мықты, көзтартарлық болсын" десе,
біреулер "дизайн маңызды емес, жақсы түсіндірілсе болды" дейді.
"Асықпай барлығын шайнап түсіндірілсін" десе, оған басқалар қарсы болады "не керек, бос сумен толтырып уақытты. Қысқаша айтса қалғанын өзіміз гуглдан ақ тауып, түсініп аламыз" деп.
Сіздер қалай ойлайсыздар ?
Сын түзелмей, мін түзелмейді деген ойларыңызды тарсылдатып айта беріңіздер

Forwarded from IT bilim
IT_Мамандарға_Сөздік_Ағылшын_Қазақша.pdf
693.5 KB
Жә, қағып ал!
IT мақала, кітаптардағы ең жиі кездесетін негізгі ағылшынша сөздердің сөздігі 😍

Жақсы жаңалықтар легінен...🔥🔥🔥
Цифрлық даму министрлігі 🤝 Qwant 🤝 Жалағаш it (ауылдық it клубтар атынан)
Бүгін түсте Цифрлық Даму Министрлігі кабинетімен zoom кездесу жүргіздік.
Соңғы рет жиналысқа мектепте физрук болып жүргенде қатысып ем. Сөз сөйлеуді ұмытып қаппын, біраз қобалжумен басталды презентациям🙃. Бірақ артынша тез ес жиып алдым да қызу әңгімеміз басталып кетті.
Өзімнің арқалаған 2 сұрағымды қойдым.
Біріншісі, Курс жүргізетін мұғалімдер арасында жарыс ұйымдастыру.
Және екіншісі, ақпараттық/методологиялық/бағыт-бағдарлық қолдау көрсетіңіздер, өтіп жатқан курсымыз пайдалы болып, өтіп шыққан адам нарықтың бір жеріне кірпіш болып қалана қалсын дедім.
Енді күндегі айналысатын ісі осы сала болған соң, өздері де бәрін жақсы түсініп тұр екен. Мен айтып болам дегенше жауаптары да дайын тұрды.
Жиналысты "четко" жүргізеді екен, байқағаным )
Қысқасы, толықтай қолдайтынын жеткізді.
Және бірден өздерінің жағынан басқа да қолдаудың түрлерін ұсынды.
Тым қатты қолдай алады екен министрлік. Көрсететін қолдауының масштабы өте үлкен.
Мен тыңдап отырып сәл сасып қалдым тіпті. Бірнеше рет қатарынан микрошок болды іштей.
Әрине, ол тек ұсыныс деңгейіндегі әңгіме ғой. Әлі де алда осы бағытта жұмыстар жүргізіледі. Бір аптадан кейін тағы да кездесу жоспарлануда. Аллаһ қаласа, бәрі ойдағыдай болса, келесі этапқа жылжып көреміз.
"Концепцияңыз керемет, қуанатын жағдай. Келесі этапқа бүге-шігесіне дейін дайындалып келіңіз" деп шығарып салды😊👍
Егер жасалынып жатқан жұмысты қолдайтын болсаңыздар
донат жасауды тоқтатпаңыздар😎
💰Каспи голд: +77078629827 Нұрлан.
Көңіл ғой. Кәдімгідей қанаттандырып қояды екен комментарийлеріңіз🥰

Жұмысқа енді шығып бара жатыр едім...
Есіктің алдында сырт киімдерімді киініп тұрғам.
Алыстан төрт жасар қызым жүгіріп келе жатыр.
Қолдарын көтеріп алған. Арыстан болып қорқытып жатыр екен мені.
— Әке! Ғыр-р-р-р-р !
— Убаай, қорқып кеттім ғой, - деп қоям.
— Жоқ, әке, қарасайш. Ғыр-р-р-р-р !!! - дейді тағы да.
— Ааа, қорқынышты-қорқынышты, - десем көңілі толмай тұр сонда да.🧐.
— Жоқ, әке, түсінбедің. Ғыр-р-р-р-р-р-р-р, — деп ұзақ істеді.
Сол кезде ғана түсіндім.
Қызым "р" әрпін анық айтуды үйреніп алған екен ғой сөйтсем.
Соны көрсетіп жатыр екен маған.😊.
— Қане, тағы істеші, деп ем қысылып қалды.
— Кешке істеймін, - деді.
Ондайда қинамаймын. Кешке болса кешке. Келістік де жөнімізбен тарқадық. Кешке көреміз енді )
Жұмыс-жұмыс дей бермей, жанұяның да қызығын көре білейік🥰

Бір сұрағым бар еді сіздерге...
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кезінде Coursera платформасында біраз лицензияларды сатып алып, тегін қылып берген еді ғой.
Сол кезде программирование оқып алғандар бар ма екен 🧐?
Өз тәжрибелеріңізбен бөлісесіздер ме😊?
Кім жай жазылды да тастап қойды?
Кім бастап, сосын аяқтай алмай қалды?
Кім толық өтіп пайдасына жаратып алды дегендей
Мүмкін, естімей де қалған шығарсыздар ондай мүмкіндіктің болғанын. Кеш естіп, барсаңыз жабылып та қалып па ...

Егер де сізге сіз қалаған курсты біреу сатып алып берсе, мысалы, мемлекет гранты есебінен қаржыландырылсаңыз, толыққанды өтер ме едіңіз🧐 ?
Ескерту: немқұрайлылық танытып, дұрыс қатыспаған жағдайда жай ған "отчислениеге" кетпейсіз, грант құнын төлейсіз.

Anonymous Poll
61%
иә. қуана-қуана
5%
иә. бірақ сұрағым бар...(комментке жазыңыз)
10%
жоқ, өз бетімше де жақсы жылжимын
2%
жоқ. себебі...(комментке жазыңыз)
16%
білмеймін. ол қалай болады екен ?
6%
қатысушы ем. бірақ кедергі бар. (комментке жазыңыз)
https://t.iss.one/it_bilimkz/140 👈🏼 it bilim каналынан алынды
Спорттық бағдарламалау - жүйрік ойлар додасы 🔥
📣 📣📣 Дәл қазір Ресейде, Санкт-Петербург қаласында ICPC спорттық бағдарламалау сайысының жартылай финалы өтіп жатыр !
☝🏽 Бұл жарыс әлемнің 100-ден аса елінен келетін студенттердің басын қосады. Өткен жылдары сайысқа әлем бойынша 3400-ден аса оқу орны қатысып, Мәскеу мемлекеттік университеті, MIT, University of Tokyo, University of Warsaw сияқты белді университет командалары жүлделі орындарды алып кете жатыр.
☝🏽 Қазақ елінің атынан СДУ, КБТУ, МУИТ және НУ командалары қатысып жатыр.
Соңғы 20 жылда бұл сайысқа қызығушылық 2000 пайызға өсіп, спорттық бағдарламалауға деген қызығушылық артып келе жатыр.
Білімгерлерімізге сәттілік тіледік!
Жарысты төмендегі сілтеме арқылы онлайн тамашалай аласыздар!
https://neerc.ifmo.ru/archive/2020/standings.html

Telegram
IT bilim

☝🏽 Бұл жарыс әлемнің 100-ден аса елінен келетін студенттердің басын қосады. Өткен жылдары…

#javascript
console жайлы бірер сөз...
Javascript үйреніп жүрген адам әуелден console-мен танысады ғой, әдетте.
Бірі білсе де бірі білмес деп console-ға қатысты кейбір нәрселерді тізіп өтейін деп шештім. Кеттік👇🏽
0️⃣ console.log - консолға қандай да бір ақпаратты шығарудың қарапайым жолы. Мұны барлығыңыз білетін шығарсыздар. Түсіндіріп қажет емес-ау. Әлде қажет пе ? Хмм... көреміз.
1️⃣ console.warn - консолға ескерту шығару. тура console.log сияқты, бірақ алдында ескерту белгісі тұрады және жазуыңыз сары фонмен безендіріліп, ескерту бар екені көзге бірден көрініп тұрады.
2️⃣ console.error - консолға қатені шығару. Консолға шыққан ақпараттың артқы фоны қып-қызыл болып "дабыл қағып" тұрады. Назардан тыс қалуы қиын )
3️⃣ console.trace - консолға қандай да бір ақпаратты шығарумен қатар сол код орындалам дегенше келген жолын көрсетіп береді. Әуелі мына функция шақырылды, ол функция мына файлдың мына қатарында тұр. Оның ішінде мына функция шақырылды, деп ата-тегін, шежіресін толық айтып береді.
4️⃣ console.count - өзінің неше рет шақырылғанын санап отырады : ) Не үшін керек деп ойлайсыз 🧐 ?
5️⃣ console.time, console.timeEnd - осы екеуінің ортасындағы кодтың қанша уақытта орындалғанын есептейді. Кодыңыздың қаншалықты жылдам/баяу екенін зерттеп көрсеңіз болады ⏱
6️⃣ console.group, console.groupEnd - осы екеуінің ортасында шақырылған output-тарды топтастырады. Рақат қой. Коды жинақының ойы жинақы☝🏽.
7️⃣ console.table - консолға құрылымы бір типтес объектілерді кесте ретінде шығарған өте ыңғайлы. Серверден не келіп жатқанын осылай қарасаңыз рақат.
Javascript-ке қатысты сұрақтарыңыз болса чатқа қойып отырыңыздар 🤓

жай әңгіме... оқымасаңыз да болады )
Айтсам ба, айтпасам ба деп ойланып жүргем. Айта салайын, қате десеңіз түзерсіз.
Кеттік👇🏽
Енді-енді аяққа тұрып келе жатырмыз ғой it жағынан ел ретінде.
Осы салаға енді кіріп жатқан новичектардың саны да артып келеді, шүкір 🤓++).
Ал көбіміз білетіндей, новичек пен профи программисттың айырмашылығы Google-дан өзіне керек ақпаратын іздей алуында ғой )
Өзі қалай іздерін білмеген соң чатта сұрақ қояды. Сұрағының өзін дұрыс құрастыра алмайды әуелгі кезде. Енді түсініп қарауға болатын сияқты басында.
Қайта қандай keyword-тармен іздесе дұрыс екенін сілтеп жіберсек тіпті жақсы.
Күнде айналысып жүрген нәрсеңіз болса жіліктеп берсеңіз тіпті зор👍.
Бастысы бетін қайтармау деп ойлаймын.
Чатта сұрақ қойып отыр ма демек оты бар бала да )
Ұмтылып жатыр, тырысып жатыр👍.
Бұлақ көрсең - көзін аш дейді мұндайда.
Бірақ кейде новичектар тым элементарный сұрақ қойса let me google it for you деген сынды приколды жабыстырып жібереміз маңдайға ) Осы жерде білетін қазақтар отыр, осылар маған көмектесетін шығар деп үміттеніп келген адамның аузын айға қаратып жібереміз.💪🏽
Е-е-е ма, жизнь боль дейтін шығар іштей😄)
Ешкім біліп тумайды. Біреуден ақпарат жетіп көзі ашылады.
Өзімді еске алсам, о баста дәл осылай аңырап жүрдім ғой. Тапсырманы шешу жолын гуглдау былай тұрсын, менен не сұрап тұрғанын да түсіне алмай дал болатынмын.
Сол кезде сұраған сайын сарказмды сапырып бере берсе, кім біледі, бәлкім, программированиеден көңілім қалар ма еді.
["Еске алсам" деп қоям, қазір де біреулер үшін "маңыраған" сұрақ қойып жүрмін ғой, қысылатын не жасыратын ештеңесі жоқ🤓]
Қорытындыға айтпағым, новичексыз ба? бірдеңе түсінбей тұрсыз ба ? Сұраңыз !
Тым элементарный ғой деп қаймықпаңыз.
Бастысы чаттағы диалог мәдениетін сақтасаңыз бопты👌🏽
Ағалар, сіздер де туылмай жатқан құлынды бас салып шайнамаңыздар, аяғына тұрып алсын әуелі.
Флудер болса жөні бір бөлек)

📣📣📣 nFactorial-да байқау болып жатыр. 3 грант тігіліпті сыйлыққа 🔥🔥🔥.
nFactorial жайлы білетін бе едіңіз ? Арман Сүлейменовтың мектебі ше👍
Мықты курстардың бірі ғой. Құны да мықты )
10-15 қойдың құнындай дейін, қазір курстың құнын қоймен өлшейтін болыпты ғо😄
Ол курстың түлектерінің араcында facebook, google деген сияқты компанияларға жұмысқа тұрғандары бар. Бұл деген жақсы көрсеткіш.
Енді сондай курсты тегін өтіп алғым келеді десеңіз,
байқауға қатысып, тегін өту мүмкіндігіне таласып көріңіз👇🏽
https://discord.com/channels/781466874750828544/829007552544768041/829011395357311006
nFactorial Discord👆🏽
Байқау ережесі қарапайым:
1️⃣ "Неге мен грантқа лайықтымын?" деген сұраққа эссе-жауап жазасыз.
2️⃣ Жоғарыда көрсетілген Дискорд каналға саласыз эссеңізді.
3️⃣ Достарыңызды ертіп кеп, өз постыңызға "лайк" қойғызып аласыз
Осы ғана талабы. Көп болса 1-2 сағат уақытыңыз кетер. Ұтып алсаңыз мықты курсқа қатысып шығасыз, бұйыртса.
Кеттік! Жүгірдік-жүгірдік! Топи-топи-топ 🎁 )
———————
PS: ағай, маған эссе жазып бересіз бе деп жүрмеңіздер личкада 😄)

Discord
Discord - A New Way to Chat with Friends & Communities
Discord is the easiest way to communicate over voice, video, and text. Chat, hang out, and stay close with your friends and communities.
Ауылдан бастау алған канал болған соң ауылдың бір жаңалығын салып қояйын.
Жар салатындай жаңалық енді біздің ауыл үшін )
Бүгін біздің ауылымызда үлкен бір мешіт ашылып, халыққа қолданылысқа берілді.
Сыйымдылығы 900 адамға арналған деді. Салыстыру үшін Нұр-Астана мешіті 5000 адам сыйғызады екен. Аудан орталығы үшін өте үлкен деп айтса болады.
Толықтай біткен. Ерлер мен әйелдер емін-еркін өз залдарында болады екен. 2 қабатты мешіт. Көпшілікке қызық болып жатса ғана суреттерін қоярмын.
Ашылуына біраз адамдар қатысты. Халық боп мәз болып қарап тұрдық.
Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке көнген құл болмас деген, жасы бар, қарты бар, барлығы дерлік маскасын тағып келіпті. Бірақ амандасуға келгенде патырлатып қол алысып, құшақтасып амандасып жатырмыз )
Мешіттің ашылу салтанатына әкімдер, имамдар бар, тіпті ҚМДБ бас мүфтиі деп келіпті . Жалағаштан шыққан депутат көкелеріміз де келді.
Ағалар мен қарттар сөз сөйлеп, біраз бөрік-шапандар сыйға берілді.
Өзім бұл жолы ішке кіре алмадым. "Сары" зонаға кіріп тұрмыз. 100 ғана адам кірсін, қалғандарымыз сыртта тұрсын деді.
Енді еркек кіндіктілерге құлаққағыс, мешітті салған ауылдан шыққан жігіт екен. Саудагер . Үш жыл бойы өз қаражатына салғызып келіпті.
Осылайша барлығымыз есейіп, ер жетіп, бір істің мықты маманына айналып, елге пайда әкеп жатсақ нұр үстіне нұр емес пе, иә ?
PS: өзімнің қиялым ғой. Қызылордадан it мектеп ашылып, программисттерді мықтап дайындап, елден ақша сыртқа кетуі азайып, қайта сырттан ішке ағыла бастаса, әә? Еһһһ

— Сіздің ОЗУыңыз қанша ? (ОЗУ - RAM)
— 8Гб. Сіздікі ше,16 ма ?
— А, жоқ. Менікі сол 32 ғой, - деп шіреніп жүр ек,
Samsung 512Gb RAM құрып, айды аспаннан бірақ шығарыпты 🦾🦾🦾
Жайлап өсетін шығар деп жүргем. Әуелі 4, сосын 8, 16, 32, ендігі кезек 64 шығар. Оған дейін қанша уақыт бар екен деп жүрсем.
🔥 Мә, саған 512🙀 !!!
Мысалы, қазір көп студентте 8Гб десек. 50 студенттің ОЗУын қоссақ та жетпей тұрады екен 512-ге )
Менде 32 деп кеудесіне нан пісіріп жүргендердің 16-сына тең екен.
Әшейін де it жаңалықтармен бөлісе бермейтін ем, мынауысы енді қырғын болды мен үшін ) Бөліспесем болмас деп шештім.
дереккөз 👈🏽 Самсунгтың ресми сайтынан алында

Samsung Global Newsroom
Samsung Develops Industry’s First HKMG-Based DDR5 Memory; Ideal for Bandwidth-Intensive Advanced Computing Applications
512GB capacity DDR5 module made possible by an 8-layer TSV structure HKMG material reduces power by 13 percent while doubling the speed of DDR4
қаз қалпында...
Instagram және Facebook - лайктарды жасыруды тексеруді бастады
Әзірге пайдаланушылар «ұнаған» белгілерді көруді немесе көрмеуді таңдай алады. Бұрын функция тек шағын адамдар тобында тексерілетін. Сынақтар лайктарды жасыру кейбір қолданушылардың әлеуметтік қысымын төмендететінін көрсетті.
P.S. © QAZAQ
жаңалық авторы: https://t.iss.one/QAZAQQQQQQQQ
автордың қолданған дереккөзі

Forwarded from American Space & Makerspace ALA
Құрметті достар,
19 сәуір 18:00-де «Qazaqsha Python» воркшопымызға қосылыңыз.
Python-ді алғашқы тіл ретінде үйрену оңай және кез-келген бағдарламашыға қажет дағды! Ол веб пен ойын дамытудан, машиналық оқудан, интеллектуалдық, статистикалық және тіпті академиялық зерттеулерден бастап әр түрлі салаларда қолданылады.
🗓 Басталу күні: 19 сәуір 18:00-де
👤 Жас: 14+
Воркшоп тәлімгері: Рауан Құрмет, Kolesa Group компаниясында жоғары санаттағы программист
Воркшопқа тіркелу қажет.
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe8vFw10NhKkojjj1IigimHxu3300YsjOhlEEiExI2QcZ449A/viewform?usp=sf_link

Қайырлы күн!
Хабар алмаспағалы көп болыпты.
Каналды жүргізуге қол тимей, айтатын нәрсе жиналып қалыпты.
Алдағы уақытта мынадай посстар жарық көрмек, бұйыртса
1) Парт таймға жұмысқа тұрдым.
2) Студенттер санын іріктеп, қысқартудамын.
3) Фриланс R.I.P.
4) Жайлап команда жинап жатырмын☝🏽.
5) Министрлікпен қарым-қатынас туралы ең соңында айтайын.
Енді бастап жатқан программисттерге және стартап туралы енді ойланып жүргендерге пайдасы тиіп қалар деген үміттемін.
Хабарда болайық✊🏽

Осы проектті жасаймын деп, көп тәуекелге бардым. Және кейін ойлап қарасам, тым артық кеткен жерім көп болған екен.
Жайлап ақшасы да түсіп жатыр, жайлап жылжып та келе жатыр. Бірақ "жайлап" деген префикс маған қолдау көрсетіп жүрген жандарға "жайлап" жақпай барады уақыт өткен сайын )
Жеке өзім ғана болсам, мыңқ етпей жүре беруші ем. Ата-ана, бала-шаға бар болғандықтан, олардың да сұрауын өтеп тұру керек. Ақша берген жандар да бар. Қарыз қылып бергені бар, "жүріп кетсін, кейін көреміз" дегені бар. Қайтарымын көрсететін уақыт болса кеп қалғалы қашан.
Әр мәселенің бір шешімі ақшаға кеп тіреле берген соң, парттайм болса да жұмысқа тұруға бел будым.
Компаниям кішкентай ғана. 5-6 адамнан тұрады. Маған бастығым ұнады. Әрі қарым-қатынасты жақсы құра алатын, әрі программированиеден хабардар жан. Аналитик те өз ісінің шебері. Қатты қысып миыңды қатырмайды. Тапсырмаларға уақытты кеңінен береді.
Бұрыннан жасап келе жатқан разрабтарға проектке қатысты сұрақ қойсаң тез әрі толыққанды жауап береді екен. Вакансияларын беймарал "біз команда емеспіз, біз жанұямыз" деп бастауға болатын компания екен🥰)
Болашақта жұмысқа тұрар болсаңыз, көңіл аударатын нәрсе☝🏽
PS:
Жұмысқа тұрарды бір қызық сәт болды. Ағамды таниды екен ол компания. "Ерлан деген ағаңыз жоқ па? Кезінде пәленше деген компанияда жасады ма?" деп жөн сұрады. "иә" деп жауап беріп ем, "енше тех собес өтіп керек емес деп ойлаймын, басқа сұрақтарға өте берейік" деді. 😄.
Айлығын келісіп, әрі-бері қосымша шарттарды айтып болған соң тез арада жұмысымды бастап кеттім.
"Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың проблемасы бар"😎🤓😎

Қойш, санынан сапасы артық деп қойып қалдым үстел үстін жұдырықпен.
Студенттердің көп болғанынан сапалы болғанын жөн көрдім.
Қазір Абдулла есімді 7-ші сынып оқушысы бар. Алматыда тұрады. zoom арқылы өтіп жатырмыз.
✅ әрдайым өзі хабарласады, артынан іздемейсің☝🏽
✅ үйге тапсырма бермесең де өзі бірдеңе шұқылап көріп келеді тақырыпқа қатысты. Көп сұрақ қояды. Және орынды сұрақтар, әдетте.
✅ мінезі интроверт пен экстраверттің жақсы жақтарын жинап алған. шошаңдақ та емес, тұйық та емес. Ойын ашық айтады, әрі айтқанды тыңдай біледі.
✅ Өз бетімен питонның бас жағын үйреніп көрді. codecombat сайтынан ойын ойнап жүріп-ақ.
✅ жирный плюс, ата-анасы әрдайым көмектесіп, морально қолдап жүреді👍🏽. (Басқа да оқушыларым болды ата-анасы мықты қолдау көрсеткен, бірақ ол аздық етті мықты нәтижеге қол жетікзуге☹️. )
Екіншісі, жасы үлкен студент, Мейрамбек(96 жылғы). Жалағашқа келіп оқып жатыр. "Боевой условиеде" оқитынын оқып, жұмысқа тұрып кетуге ұмтылысын жасап жатыр күнделікті.
✅ таныстығымыз бірінші күн емес. Осы уақытқа дейін ынтасы бар екенін ұзақ уақыт бойы көрсетіп келді.
✅ алдын ала "тексерістен" өтіп алды. Өз бетінше әуелі дайындығын көтеріп алды.
✅ артынша үлкен тәуекел жасап, сапарлатып Жалағашқа келді. Әрі 50 мың курс ақысын да төлеп қойды👌🏽.
Мейрамбек қазір түнде менің үйіме ұйықтауға келеді. Керек кезде тамақ-шайын ұрып алады да шығып кетеді кеңсеге)
Берілген тапсырмаларды өз бетінше орындап отырады. Мен тек тақырыпты берем. Қиналып, батып қалып жатса демеп жіберем арасында.
Әзірге Жалағаш it жобасы осылай жылжып жатыр.
Айтпақшы, қандай "боевой" жағдайда сабақ өтіп, проект жазып жатқанымыз қызық болса коммент қалдырыңыздар😉.
Ал егер донат жиналса жұмыс жасайтын орнымызды және ауылды видеоға түсіріп жіберемін, бұйыртса.
—————
Осы уақытқан дейін жиналған донаттар 200 теңгеден басталып, 5000 теңгеге дейін жеткен екен медианасы.
Сосын бір рет ~41мың тг болды😱.
—————
Егер де донат жасауға тұрмайды деп санасыңыздар оны да жазып қойыңыздар комментке. Критика дамуға мықты көмектеседі✊🏽

Тағы бір жаңалығыммен бөлісіп қояйын😎
Базар аралап жүрсем Ерлан ағам хабарласады мана.
Жалағаштың күні жарқырап, экранда не болып жатқанын көре алмай жатырмын.
Сурет жіберіп, бірдеңе жазып жатыр екен телеграммен.
Қолмен көлеңкелееееп тұрып қарасам -
Yandex-ке жұмысқа тұрдым, бүгін бірінші жұмыс күнім. Презентацияларын қарап отырмын
деп хабар беріп жатыр екен 🥳🥳🥳