IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Ауф! Қасқыр ғой, қасқыр!!!💪🏽💪🏽💪🏽

Бүгінгі сабақ қызық болды🙃.

https://flukeout.github.io/ сайтындағы тапсырмаларды zoom-да бірге шешіп шықтық. [23/32]

Былайынша қарасаң қарапайым-ақ болды сабақтың мазмұны.
Бірақ, сол қарапайым сабақтың өзін қызықты қылып өттік, шүкір.
Студенттер әрқайсысы өз үлесін қосып отырды. Осы тұсы маған қатты ұнады.
Қойылған сұрақтарға қысылмай жауап беріп, өз ойларын ортаға тастап отырды.
Бұл деген дамудың, программист болудың бірінші қадамы ғой👍.

Айтпақшы, арамызда бір студент қонақта отырып зумға қатысып шықты😆
Жай ғана "галочка үшін" қатыспай, мықты ат салысып отты🔥
Ынтасына риза болдым)
Өспейтін бала "қонақта боп қалдым, қатыса алмадым" дейді.
Өсетін бала қонақта отса да қатысып шығады )))
Backend dev негіздері мен мансабы

Қарапайым тілде:

• веб әзірлеу саласына шолу;
• веб әзірлеу саласының нарық жағдайы, жалақы жайлы;
• мансап жолын қалай бастау керек?
• мансап бойынша қалай даму керек?
• қандай программалау тілдері қазір қолданыста?

Тағы басқа тақырыптарды қозғап, сұрақтарға жауап береміз, қосылыңыздар!

Күні: 13.02
Уақыты: 18:30 (UTC +6)

Бұйырса жарты сағаттан кейін бастаймыз.

Join Zoom Meeting
https://zoom.us/j/3944354487?pwd=aG52MTJHdnFKeU4vVzZ1Z1R6Z2dxdz09

Meeting ID: 394 435 4487
Passcode: 123456
Соңғы күндері студенттер жекеге хат жазып, көмек сұрап хабарласып жатыр.

Көбіне есеп шығаруға көмек сұрайды.
Әдетте С++, арасында Python💪🏽.

Әрине барлығы жақсы ақыл-кеңес алғысы келеді ғой хабарласқан соң.
Жақсылап түсіндіріп берсе, қай жерде қате кетіп тұр көрсетіп жіберсе екен дейді ғой. Дұрыс па?

Осы орайда лайфхактармен бөлісіп жіберейін. Қалай мұғалімнен максимум пайда алуға болады ?

0️⃣ - Қысқаша амандасыңыз да жөн айтыңыз👇🏽
Сәлеметсіз бе, ағай ! С++ бойынша мына есепті шығара алмай тұр ем, уақытыңыз бар ма түсіндіруге ? [ артынша есептің берілгені кетеді ]

Осылай басталған хатты көрген бойда бір студент хабарласып тұрғанын ұғам. Ыңғайыма қарай, тез қол ұшын тигізуге тырысам👌🏽.


1️⃣ - Менің орныма жасап берші демеңіз, көмектесіп, жөн сілтеп жіберші деңіз:
Мына есепті шығарайын десем неден бастарымды білмей тұрмын
Ағай, өтініш, тез шығарып бересіз бе, срочно. плз, плз, плз

Мен ешкімнің орнына шығарып бермеймін. Ол көмек емес, зұлымдық.

2️⃣ - Еш уайымдамаңыз. Бәрі жақсы👍
Сіз оқуға ниет білдіріп, өз еркіңізбен хабарласып тұрсыз!

Демек ә дегеннен мұғалімнің көз алдында ұпайыңыз бар.
Өзі хабарласып, ұмтылыс білдіріп тұрған оқушының бетін қайтармайды мұғалім.
Жақсы оқи ма, нашар оқи ма маңызды емес бұл сәтте.

3️⃣ - Тура олимпиада немесе басқа да сынақ кезінде көмек сұрамаңыз.
Ал енді біраз уақыт бұрын "алдыда олимпиада, дайындалайықшы" десеңіз
Немесе "кешегі өткен олимпиаданы талқылайықшы, аз алып қалдық" десеңіз мұғалім "сынып қалады" ғой, былайша айтқанда )
Бір қазаққа көмектесіп жіберші, брат. 1 есеп болса да. Ақшасын келісеміз ғой.

Академиялық тазалықты сақтайық. Олимпиада ұту үшін емес - жарысу үшін !

4️⃣ - Өзіңіздің деңгейіңізді бірден білдіріңіз. Мұғалім кіммен жұмыс істегелі отқанын бірден білсін.
Мына тақырыпты енді бастап жатырмыз, мүлдем білмеймін
Мен тек if-else,айнымалы құруды өттім. Циклдарды дұрыс түсінбедім
Бұлардың барлығын білем жалпы. Бірақ бір жерден логикалық қате кетіп тұр, таппай жатырмын.
Барлық нәрсені мұғалім өзі сұрамайынша үндемей отыра беру

5️⃣ - Есепті шығарып отқанда сабырлы әрі "шустрый" болу. "Ымды түсінбеген дымды түсінбейді" болмасын) Мұғалім подсказка беріп отқанда қағып алып отырсаңыз сізге де жақсы, оған да жақсы.
Өзіңіз ұсынып отырыңыз. Былай жасайын ба, әлде былай дұрыс па деп.
Толық 100% нәтижеге қол жеткізгенше жұмыс жасаңыз.
Өтірік тисе терекке, тимесе бұтаққа деп ұра бермеңіз былай ма, былай ма деп 🤣 Бірден көрініп тұрады.
Жарты жолдан таймаңыз.

6️⃣ - Дұрыс қоштасу.
Рахмет, ағай👍. Есепті дұрыс түсіндім. Тағы да талқылап тұрсақ бола ма ?
Рахмет, ағай. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз✊🏽
бәрібір түсіне алмадым ) дегенмен рахмет
еш фидбек қалдырмай, үнсіз кету.

P.S: Субъективтік көзқарас, дегенмен көпшілік келіседі деп үміттенем😊

Тағы нені айтуды ұмытып кеттім ? Ой қоса отырыңыз, басқаларға да пайдалы болсын
"Қандай ойын ойнасақ болады" деп сұраған еді алдында чатта бір жан🧐

https://codecombat.com/

☝🏽Осы сайтта ойын ойнау арқылы бағдарламалау негіздерін үйренсе болады екен.

Таңдауға болатын тілдер:
Python (бастауға оңай тіл. новичектар да эксперттер де қолдана береді)
JavaScript (web үшін қажетті тіл)
CoffeeScript (JavaScript-тің синтаксисінен қиналам дегендерге)
C++ (күрделі ойындар мен қиын есептеулерге кірісем десеңіз)

Ата-анаңыз кіріп кеп "анау не, ойынды тастасай" десе сенімді түрде "сабақ оқып отырмын" деп айтасыз 🤓)
Жақсы жаңалықтар легі үзілмесін✊🏽

Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өз facebook парақшасында "IT-мамандарды даярлау" тақырыбында біраз сөз қозғапты.

Сол жиыннан үзінді келтірейін:
5. Тағы бір маңызды мәселе – IT-мектептерді дамыту болып табылады.
Бұл тұрғыда екі бағыт бар.
Біріншісі – IT саласын тереңдетіп оқытатын мектептер. Біз өңірлерде осындай 25-тен астам лицей аштық.
Екіншісі – бейресми білім беру және Alem, Qwant, «ШАГ» академиясы сияқты мектептерді белсенді дамытқымыз келеді. Біздің бастамамызбен мұндай мектептерді институционалдық тұрғыда қолдау үшін заңнамаға түзетулер енгізілді. Бұл түзетулер мемлекеттік тапсырысты орналастыруға және осындай мектептерді қолдауға мүмкіндік береді. Елімізде мұндай мектептер көп болуы керек.

Алда әлі талай қызық жаңалықтар күтіп тұр-ау
деген үмітім зор 🙂
Түнде бір hard есепті 4-5 сағаттай шығардық zoom арқылы.
Кешкі он жарымда бастап, түнгі үш жарым шамасында бітірдік.

Бас жағында Едіге екеуіміз өзара талқылап отырдық. Әуелі берілгенін, кейін шығару жолын асықпай шайнаңдап отырмыз. Еш асығыстық жоқ. Қызық болсын деп чатта отқан студент ағайындарды да тарттым конференцияға🤓*8 .
Әуелі ең қарапайым, ресурсты опыратын жолымен шығарып көрдік.
Дұрыс шықты. Қарапайым жеңіл тесттерден өтті. Бірақ ауыр тесттерге келгенде Time Limit Exceeded деп құлап қала берді🕓.

Демек оптимизация жасау керек. Есептің нағыз қызық жері.

Сөйтіп бас қатырып отырсақ, арамызда бір студент идея тастады ортаға мына есепті былай шығару керек деп. Сол идеяның артында біразға кетіп қалдық қаз қуалап) Бірақ оты бар жігіт екен. Шаршадым демейді, қазып жатырмыз, қазып жатырмыз, су көрінетін түрі жоқ)

Zoom-ның подпискасы да бірнеше күн алдын бітіп қалған еді. 40 минут сайын конференцияны қайта құрып отырдық🤪.
Шығып қайта кірген сайын қатарымыз да сиреп барады байқасам. Едіге де кетіп қалды ұйқыға. Інісі біразға дейін орнын басып шыдады, әйткенмен, біраздан соң ол да кетті.

Ақырында әлгі идея тастаған студент екеуіміз ғана қалдық😎😎.

Шыны керек, жайлап миымыз аға бастады. Болмашы нәрсеге де ойлануға шама қалмай барады. Массивтің шетін таба алмай, циклдің шегін ұстай алмай біраз далбасаладық.

Бір кезде қой құрысын, бір жеңілдік қолданайық, қандай ақыл-кеңес беріпті, көрейікші дедік(show hint). Сөйтсек мүлдем басқа жолмен шығарады екен. Ааа, былай екен ғой. Өөөй, енше мынауың hard емес, easy ғой деп қояды.
4 сағат шығарып отқанымызбен шаруасы шамалы😄)
Бірақ, айтса айтқанындай соңғы тәсілмен жауабын тез шығарды.
Және уақыт талабын оп-оңай орындап тұрғаны жай көзбен тесттен өткізбей-ақ көрініп тұрды. Шешімі тым қарапайым әрі түсінікті болып шықты. Өзімнің де қоржыныма салып қойдым еш қызармастан. Еңбегім бар ғой соңына дейін бірге арпалысқан👻)

Кейде осылай болып тұрады. Қиын есеп дегенге тым қиын жолдар іздеп кетесің. Сөйтсең, жауабы мұрныңның ұшында тұрады. Оны көру үшін жай ғана мәселеге басқа қырынан қарай білу керек💡

Runtime: 112 ms, faster than 100.00% 
of JavaScript online submissions
for Maximum Score of a Good Subarray.
Forwarded from Deleted Account
әңгіме болсын. есіме түсіп кетті ғой.
кезінде ЕНУ 3-нші жатақханасында тұрғам.
Бөлмеде АУ мамандығында оқитын 4 досым болды.
Соларға ара-арасында ақшаға autocad-тан чертеж сыздыруға кеп тұратын жұртшылық.
200тг, 500тг деп басталады бағалары. 2008жылдары степендия 5400 шамасында, 500тг деген жақсы ақша. Дүкенге барып 6 адамға 1000тг шамасында ақша құртып бюджетный обед ішетінбіз)

Қысқасы, ақшаға сызып берш деп келе берген соң көзімнің жауы бола бастады. Ой кетті.
Мен де үйреніп алып, сызып беріп, ақша таппаққа бел будым.
Сөйтіп, ұсыныс тастадым: "жігіттер, маған үйретіңдерші, қызық екен. мен сендерге тегін сызып берем. сендер ақшасын өздерің ала беріңдер" дедім.
Сөйтіп жай-жай үйрене бастадым.
Бір күндері заказ қаптап келе бастады жігіттерге. Үлгермей бастады.

Йеее, міне шанс) маған да жіберсеңдерші, көрейін деп темаға кіре бастадым.
сөйтіп микро нарықтың бір қатысушысы боп шыға келдім.

көз деген кетіп қалған. ақша ақша деп қанталап.
жайлап бағаны өсіре бастадым, өсіре бастадым.
тупо бағаны қымбаттатудың арқасында сұранысқа ие болып кеттім қайта.
әйтпесе, ана жігіттерден асып тұрған чертежым жоқ еді )
олар 200-300ге сызатын чертержды қол боста 500-ге, заказым бар болса 800-ге очередке қоятынмын.

Сөйтіп жүргенде 2D чертеждардың маусымы аяқталып, 3D чертеждар келе бастады.

Оларды бірден тым қымбат қылып жібердім.
Оқымайтын ағайындар келіп жатақхананың вахтасына кеп тұратын сырттан.
525-тегі Нұрланды бола ма деп )
Маңғазданып, қарынды сипап, тіс шұқып, попути әркімге бір прикол ұстап, көз қысып, ырбаңдап зорға жететінмін бірінші қабатқа.
12-16 детальден тұратын қол жуатын крайниктің 3D деталін сызу хит болатын сол кезде.
ең қымбаты 4500-ге сызғаным есімде.
Ең көбі бір күнде 16000тг тапқанмын.
Қысқа оймен, кеп тұрған ақшаның бетін қайтармайық деп талай адамға сызып бердік қой.
Мен істемесем, басқа біреу істеп береді бәрібір деген күшті сылтауымыз да болды )
Ар-ұятымен де доляда дейді ғой ондай адамдарды ))

Бірақ уақыт өте келе түсіндік дұрыс емес екенін.
Былай ойлап қарасаң таза біреулердің өміріне зиян әкелу ғой.
Біреу шын ынтасымен, оқып тырысады.
Бір жерін түсінбесе күйініп, интернеттен іздеп, көз майын тауысып.
Біреу бақыр тиынын төлеп жасатып алады.

Қазір қанша ақша төлесе де жасап бере салуды қойдым.
Одан да түсіндірген дұрыс, сүйрелеп отырып.
Қазір шүкір технология дамыған. Интернет арзан. Зум тегін.
Оқимын деген адамға мүмкіндік тола.

Мұрынға тақалғанда анау-мынауды сылтауратып, ақша ұсынғанды қою керек)

Сонымен қатар, тегін-ақ өз білгенімен бөлісе салатын аға буын да баршылық.
Күн өткен сайын қазақша комьюинитдің қалыптасып келе жатқанын байқаймын.
Алдын-ала уақытылы хабарлассаңыз болды тек👌🏽

Басқаларды білмедім. Өз басым ізденіп жүрген студенттерді көргенде риза болып қалам.

Назарбаев атамыз "мен жастарға сенемін" деген кезде осыларды айтқан шығар деп😄
Forwarded from Narikbi LIVE
Forwarded from Narikbi LIVE
🎙Episode #27: Talk (Nurlan, Aman, Narikbi): Ауылда IT маман дайындау

Ауылдан программист мамандау мүмкін бе? - біз осы сұрақтың жауабын іздедік.
Бүгінгі Talk айдарында еліміздің IT саласын дамытуға ат салысып жүрген азаматтарды шақырдық.

Нұрлан Қарақұлов - Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында IT клуб ашып, ауыл жастарынан программисттер дайындап жүр. Мектептегі физрук жұмысын тастап, программист болып шыққан адам.

Аман Утемуратов - Швейцария, Цюрих қаласында Google компаниясында жұмыс істеп, қазақ тілді IT блог жасап жүр. Қазақстанда банктегі тұрақты жұмысын тастап, арманына жету үшін 5 жыл дайындықтан өткен азамат.

Эпизодта қозғалған тақырыптар:
🔹 Ауыл жастарынан программист дайындау
🔹 Өңірлердегі сауат және білім
🔹 Google-ға жұмысқа тұру
🔹 Дисциплина, ментор және мақсатыңды табу

Нұрланның парақшасы:
https://t.iss.one/zhalagash
Каспи: +7 707 862 9827

Аманның парақшасы:
https://t.iss.one/amanutemuratov
https://instagram.com/aman.utemuratov

Біздің парақшамыз:
https://t.iss.one/narikbi_live
https://instagram.com/narikbi.live

Біздің подкастты қолдау:
Каспи: 5169 4931 5231 8567 (Нәрікби М.)

Подкаст тыңдау үшін төмендегі сілтемелерден өтіңіз 👇🏻
welcome-to-jit.gif
41.9 MB
Ассаламуалейкум! Баршаңызға сәлем🤚🏽!
Соңғы күндері лек-лек болып қосылып жатырсыздар каналыма. Мен үшін қуанарлық жағдай🙂.
Нәрікби мен Аманға үлкен алғысымды білдіремін. Өздері ұсынып, қолдауларын көрсеткені үшін💪🏽.
Және подкастты кеңінен таратқан әріптестеріме де ризамын✊🏽.

Каспи голдқа донат лақтырған кісілерге де үлкен рахмет🥰)

Чатқа қосылып, өздеріңізді таныстырып әрі не қызық сомен бөлісе отырыңыздар.
https://t.iss.one/jalagash_it_chat

Өзімді қысқаша таныстырсам:
спорт + it + шығарма жазу == Нұрлан 😎
Forwarded from AI trends kz (Ержан Домақов)
Сәлем Достар!
NAURYZ CONTEST 2021!
Информатика каналы админдері бағдарламалау бойынша онлайн жарыс өткізеді.
Басталу уақыты 2021 жылдың 27 наурызы сағат 11:00-де Астана уақытымен
Контест 2 жарым сағатқа созылады.Контест Yandex платформасында өтеді.Қатысушыларда Yandex аккаунт болуы керек.
Қатысу тегін. Жүлдегерлерге дипломдар беріледі. Олимпиадаға дайындықты қазірден баста!!!
Қайырлы кеш!
Мені әлі күнге дейін мазалайтын бір сұрақ бар. Түбіне жете алмай келем.
Ол - "жақсы курс қандай болуы керек ?"

Мысалы, біреулер айтады "бір сатып алған соң материалдар әрдайым қол жетімді болып тұруы керек" дейді.
Біреулер "тегін болсын, болмаса арзан, қолжетімді болсын" дейді.
Тағы біреулер "дизайны мықты, көзтартарлық болсын" десе,
біреулер "дизайн маңызды емес, жақсы түсіндірілсе болды" дейді.
"Асықпай барлығын шайнап түсіндірілсін" десе, оған басқалар қарсы болады "не керек, бос сумен толтырып уақытты. Қысқаша айтса қалғанын өзіміз гуглдан ақ тауып, түсініп аламыз" деп.

Сіздер қалай ойлайсыздар ?
Сын түзелмей, мін түзелмейді деген ойларыңызды тарсылдатып айта беріңіздер
Forwarded from IT bilim
IT_Мамандарға_Сөздік_Ағылшын_Қазақша.pdf
693.5 KB
Жә, қағып ал!

IT мақала, кітаптардағы ең жиі кездесетін негізгі ағылшынша сөздердің сөздігі 😍
Жақсы жаңалықтар легінен...🔥🔥🔥

Цифрлық даму министрлігі 🤝 Qwant 🤝 Жалағаш it (ауылдық it клубтар атынан)

Бүгін түсте Цифрлық Даму Министрлігі кабинетімен zoom кездесу жүргіздік.
Соңғы рет жиналысқа мектепте физрук болып жүргенде қатысып ем. Сөз сөйлеуді ұмытып қаппын, біраз қобалжумен басталды презентациям🙃. Бірақ артынша тез ес жиып алдым да қызу әңгімеміз басталып кетті.

Өзімнің арқалаған 2 сұрағымды қойдым.
Біріншісі, Курс жүргізетін мұғалімдер арасында жарыс ұйымдастыру.
Және екіншісі, ақпараттық/методологиялық/бағыт-бағдарлық қолдау көрсетіңіздер, өтіп жатқан курсымыз пайдалы болып, өтіп шыққан адам нарықтың бір жеріне кірпіш болып қалана қалсын дедім.

Енді күндегі айналысатын ісі осы сала болған соң, өздері де бәрін жақсы түсініп тұр екен. Мен айтып болам дегенше жауаптары да дайын тұрды.

Жиналысты "четко" жүргізеді екен, байқағаным )

Қысқасы, толықтай қолдайтынын жеткізді.

Және бірден өздерінің жағынан басқа да қолдаудың түрлерін ұсынды.
Тым қатты қолдай алады екен министрлік. Көрсететін қолдауының масштабы өте үлкен.
Мен тыңдап отырып сәл сасып қалдым тіпті. Бірнеше рет қатарынан микрошок болды іштей.
Әрине, ол тек ұсыныс деңгейіндегі әңгіме ғой. Әлі де алда осы бағытта жұмыстар жүргізіледі. Бір аптадан кейін тағы да кездесу жоспарлануда. Аллаһ қаласа, бәрі ойдағыдай болса, келесі этапқа жылжып көреміз.

"Концепцияңыз керемет, қуанатын жағдай. Келесі этапқа бүге-шігесіне дейін дайындалып келіңіз" деп шығарып салды😊👍

Егер жасалынып жатқан жұмысты қолдайтын болсаңыздар
донат жасауды тоқтатпаңыздар😎

💰Каспи голд:
+77078629827 Нұрлан.

Көңіл ғой. Кәдімгідей қанаттандырып қояды екен комментарийлеріңіз🥰
Жұмысқа енді шығып бара жатыр едім...

Есіктің алдында сырт киімдерімді киініп тұрғам.
Алыстан төрт жасар қызым жүгіріп келе жатыр.
Қолдарын көтеріп алған. Арыстан болып қорқытып жатыр екен мені.

— Әке! Ғыр-р-р-р-р !
— Убаай, қорқып кеттім ғой, - деп қоям.
— Жоқ, әке, қарасайш. Ғыр-р-р-р-р !!! - дейді тағы да.
— Ааа, қорқынышты-қорқынышты, - десем көңілі толмай тұр сонда да.🧐.
— Жоқ, әке, түсінбедің. Ғыр-р-р-р-р-р-р-р, — деп ұзақ істеді.

Сол кезде ғана түсіндім.
Қызым "р" әрпін анық айтуды үйреніп алған екен ғой сөйтсем.
Соны көрсетіп жатыр екен маған.😊.

— Қане, тағы істеші, деп ем қысылып қалды.
— Кешке істеймін, - деді.
Ондайда қинамаймын. Кешке болса кешке. Келістік де жөнімізбен тарқадық. Кешке көреміз енді )

Жұмыс-жұмыс дей бермей, жанұяның да қызығын көре білейік🥰
Бір сұрағым бар еді сіздерге...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кезінде Coursera платформасында біраз лицензияларды сатып алып, тегін қылып берген еді ғой.

Сол кезде программирование оқып алғандар бар ма екен 🧐?

Өз тәжрибелеріңізбен бөлісесіздер ме😊?

Кім жай жазылды да тастап қойды?
Кім бастап, сосын аяқтай алмай қалды?
Кім толық өтіп пайдасына жаратып алды дегендей

Мүмкін, естімей де қалған шығарсыздар ондай мүмкіндіктің болғанын. Кеш естіп, барсаңыз жабылып та қалып па ...
Егер де сізге сіз қалаған курсты біреу сатып алып берсе, мысалы, мемлекет гранты есебінен қаржыландырылсаңыз, толыққанды өтер ме едіңіз🧐 ?
Ескерту: немқұрайлылық танытып, дұрыс қатыспаған жағдайда жай ған "отчислениеге" кетпейсіз, грант құнын төлейсіз.
Anonymous Poll
61%
иә. қуана-қуана
5%
иә. бірақ сұрағым бар...(комментке жазыңыз)
10%
жоқ, өз бетімше де жақсы жылжимын
2%
жоқ. себебі...(комментке жазыңыз)
16%
білмеймін. ол қалай болады екен ?
6%
қатысушы ем. бірақ кедергі бар. (комментке жазыңыз)
https://t.iss.one/it_bilimkz/140 👈🏼 it bilim каналынан алынды

Спорттық бағдарламалау - жүйрік ойлар додасы 🔥

📣 📣📣 Дәл қазір Ресейде, Санкт-Петербург қаласында ICPC спорттық бағдарламалау сайысының жартылай финалы өтіп жатыр !

☝🏽 Бұл жарыс әлемнің 100-ден аса елінен келетін студенттердің басын қосады. Өткен жылдары сайысқа әлем бойынша 3400-ден аса оқу орны қатысып, Мәскеу мемлекеттік университеті, MIT, University of Tokyo, University of Warsaw сияқты белді университет командалары жүлделі орындарды алып кете жатыр.

☝🏽 Қазақ елінің атынан СДУ, КБТУ, МУИТ және НУ командалары қатысып жатыр.
Соңғы 20 жылда бұл сайысқа қызығушылық 2000 пайызға өсіп, спорттық бағдарламалауға деген қызығушылық артып келе жатыр.
Білімгерлерімізге сәттілік тіледік!

Жарысты төмендегі сілтеме арқылы онлайн тамашалай аласыздар!
https://neerc.ifmo.ru/archive/2020/standings.html
#javascript

console жайлы бірер сөз...

Javascript үйреніп жүрген адам әуелден console-мен танысады ғой, әдетте.
Бірі білсе де бірі білмес деп console-ға қатысты кейбір нәрселерді тізіп өтейін деп шештім. Кеттік👇🏽

0️⃣ console.log - консолға қандай да бір ақпаратты шығарудың қарапайым жолы. Мұны барлығыңыз білетін шығарсыздар. Түсіндіріп қажет емес-ау. Әлде қажет пе ? Хмм... көреміз.

1️⃣ console.warn - консолға ескерту шығару. тура console.log сияқты, бірақ алдында ескерту белгісі тұрады және жазуыңыз сары фонмен безендіріліп, ескерту бар екені көзге бірден көрініп тұрады.

2️⃣ console.error - консолға қатені шығару. Консолға шыққан ақпараттың артқы фоны қып-қызыл болып "дабыл қағып" тұрады. Назардан тыс қалуы қиын )

3️⃣ console.trace - консолға қандай да бір ақпаратты шығарумен қатар сол код орындалам дегенше келген жолын көрсетіп береді. Әуелі мына функция шақырылды, ол функция мына файлдың мына қатарында тұр. Оның ішінде мына функция шақырылды, деп ата-тегін, шежіресін толық айтып береді.

4️⃣ console.count - өзінің неше рет шақырылғанын санап отырады : ) Не үшін керек деп ойлайсыз 🧐 ?

5️⃣ console.time, console.timeEnd - осы екеуінің ортасындағы кодтың қанша уақытта орындалғанын есептейді. Кодыңыздың қаншалықты жылдам/баяу екенін зерттеп көрсеңіз болады

6️⃣ console.group, console.groupEnd - осы екеуінің ортасында шақырылған output-тарды топтастырады. Рақат қой. Коды жинақының ойы жинақы☝🏽.

7️⃣ console.table - консолға құрылымы бір типтес объектілерді кесте ретінде шығарған өте ыңғайлы. Серверден не келіп жатқанын осылай қарасаңыз рақат.

Javascript-ке қатысты сұрақтарыңыз болса чатқа қойып отырыңыздар 🤓

https://t.iss.one/jalagash_it_chat
жай әңгіме... оқымасаңыз да болады )

Айтсам ба, айтпасам ба деп ойланып жүргем. Айта салайын, қате десеңіз түзерсіз.
Кеттік👇🏽

Енді-енді аяққа тұрып келе жатырмыз ғой it жағынан ел ретінде.
Осы салаға енді кіріп жатқан новичектардың саны да артып келеді, шүкір 🤓++).

Ал көбіміз білетіндей, новичек пен профи программисттың айырмашылығы Google-дан өзіне керек ақпаратын іздей алуында ғой )

Өзі қалай іздерін білмеген соң чатта сұрақ қояды. Сұрағының өзін дұрыс құрастыра алмайды әуелгі кезде. Енді түсініп қарауға болатын сияқты басында.

Қайта қандай keyword-тармен іздесе дұрыс екенін сілтеп жіберсек тіпті жақсы.
Күнде айналысып жүрген нәрсеңіз болса жіліктеп берсеңіз тіпті зор👍.

Бастысы бетін қайтармау деп ойлаймын.
Чатта сұрақ қойып отыр ма демек оты бар бала да )
Ұмтылып жатыр, тырысып жатыр👍.

Бұлақ көрсең - көзін аш дейді мұндайда.

Бірақ кейде новичектар тым элементарный сұрақ қойса let me google it for you деген сынды приколды жабыстырып жібереміз маңдайға ) Осы жерде білетін қазақтар отыр, осылар маған көмектесетін шығар деп үміттеніп келген адамның аузын айға қаратып жібереміз.💪🏽
Е-е-е ма, жизнь боль дейтін шығар іштей😄)


Ешкім біліп тумайды. Біреуден ақпарат жетіп көзі ашылады.

Өзімді еске алсам, о баста дәл осылай аңырап жүрдім ғой. Тапсырманы шешу жолын гуглдау былай тұрсын, менен не сұрап тұрғанын да түсіне алмай дал болатынмын.
Сол кезде сұраған сайын сарказмды сапырып бере берсе, кім біледі, бәлкім, программированиеден көңілім қалар ма еді.

["Еске алсам" деп қоям, қазір де біреулер үшін "маңыраған" сұрақ қойып жүрмін ғой, қысылатын не жасыратын ештеңесі жоқ🤓]

Қорытындыға айтпағым, новичексыз ба? бірдеңе түсінбей тұрсыз ба ? Сұраңыз !
Тым элементарный ғой деп қаймықпаңыз.

Бастысы чаттағы диалог мәдениетін сақтасаңыз бопты👌🏽

Ағалар, сіздер де туылмай жатқан құлынды бас салып шайнамаңыздар, аяғына тұрып алсын әуелі.
Флудер болса жөні бір бөлек
)