IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Анти собеседование

Алдында бір қызық собеседование өтті🤣🤣. Комедия. Басқаша айту мүмкін емес.

Бір компания хабарласқан. Әуелі HR-мен ауызша сөйлестік.
Ешқандай техникалық білімімді тексеретін сұрақ қойылмады.
Тек қана софтскилл төңірегінде.
Қандай адамсың, бұрын қандай жетсітіктерің және кемшіліктерің болды, мінезің қандай деген сұрақтар.

Ештеңе жасырмадым. Тарсылдатып айтып жатырмын ащы шындықты ) Алсаң түрім осы, алмасаң амалым нешік деген ұстаным.

Барлық диалог есімде қалмады. Бірақ бір-екі есте қалғанын айтып өтейін.
— Жаман жағыңыз қандай? — дейді.
— Жауапсыздық пен жалқаулық менің сущностім, — деп бастадым әңгімені😆, жұрт 80 пайыз судан тұрса мен 80 пайыз жалқаулықтан тұрам. Менеджер үшін үлкен проблемамын. Қайта-қайта мазалай берсе миым ағып кетеді, ашулана бастаймын, ал өз-өзіммен жеке қалдырып қойса шалқайып жатып алам түк істемей.

Кішкене пауза болды. HR миығынан бір күліп алды да әрі қарай жалғастырды:
— сізді басқалар критиковать еткен кез болды ма ?
— боқтап-боқтап жұмыстан қуып шыққан жатады ма ? - дедім )
— иә, толығырақ айтып берсеңіз, — дейді, жақынырақ түсіп. Жылы шырай танытып қояды. Желкеніп отқан түрі жоқ. Құдды бір маған осы іс-қимылымен "сендейдің мыңын көргем, сен тек мың біріншісің" деп тұрған сияқты. "Жоқ, мендейді бірінші рет көруің" дедім іштей. Сөйтіп кешегі devir-де болған оқиғаны айтып бердім.


— Таңертең жұмысқа келдіңіз делік, сізді бастық күтіп тұр екен. Кешкі 5-ке дейін тапсыру керек 3 ауыр тапсырмасы бар. Бірақ олардың үшеуін түгіл біреуін тапсыру қиын ол уақытта. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ ?
— Демек, үшеуін де провал қылам. ...Енді ол өзі 3 тапсырма болса, әрқайсысы ауыр-ауыр болса, уақытты мен қоймаған болсам, демек заранее провал жасалып қойған ғой, енді тек менің кінәлі болуым қап тұр екен, - дедім )


— Ертең сізде ауыр дедлайн. Өте маңызды майлстоун. Бір кезде сізге кеп әріптесіңіз көмек сұрап тұр делік. Оның да арты өртеніп жатыр екен. Тура осы сіз көмектеспесеңіз болмайды. Не істейсіз ? Өзіңіздікін жасайсыз ба әлде әріптеске көмектесесіз бе?
— Дұрыс емес екенін білемін. Бірақ мен әріптесіме көмектесе салушы ем.
— Сіздің дедлайныңыз ше ?
— Ештеңе етпейді. 🤣

— Конфликтный адамсыз ба әлде тыныш адаммын деп ойлайсыз ба? Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз қалай ?
— Былайынша тынышпын, бірақ шұқыласа біразға барып қалуым мүмкін.
— Мысалы ?
— Лаймонда төбелеспекші болғам, конфликт себепкері өзі басын алып қашты. Сол себепті әрі қарай жалғаспады, әйтпесе, аянбас ем.
— Не себепті сонша ашуландыңыз ?
— Қиқым-сиқымға ескерту жасай берді. Болмай кетті, қаным басыма шапты сосын.
— Сондайға жеткізбей-ақ шешуге болмады ма ?
— Мен басында жай үндемей құтылам ба деп ойлағам. Қасымдағы әріптес достарым қанша дегенмен бастығың саналады. Бір ауыз артық сөзін өткізе салсай деген соң үндемей жүргем. Бірақ жалғасын таба берген соң басқа выход таппадым, новичек кезім еді. Оның үстіне опенспейсте отыратынбыз. Барлық адамның көзінге ұрысатын.
— Демек сізге барлығының көзінше ұрысқаны түрткі болды ма ?
— Әрине, қатты айтқысы келсе жеке шақырып алып айтсын .

— Қандай адамды жек көресіз ?
— Өз ісін білмейтін менеджерлерді. Қоқаңдағанмен іс жүргізем деген түр көрсетті ме — болды. Это война !!! Бүгіннен бастап мен шөп жемеген, су ішпеген есекпін. Ұрғанға да, ұрысқанға да көнбеймін әрі қарай.


— Жақсы мінезіңіз қандай ?
— Есеп шығарғанды жақсы көрем. Бірақ бұл мінезге жаптайды ау. Так что не особо )

— Жаман мінезіңіз қандай ? - деп тағы сұрады.
— Жалпы көп қой. Адамға тәннің барлығы маған да жат емес, - деп әңгімеміз аяқталды.

Сол компания тағы хабарға шықты.
Бұл жолы техникалық сұрақтар қойылды. 1 сағат frontend, 1 сағат ,backend - арасында 5 минут қана үзіліс болды.
Шүкір, 99% сұрақтарына сенімді түрде жауап бердім. Айлық қанша сұрайсыз дегенде бірінші айға 500 қолға болады, әрі қарай жайлап көтере берейік деп ем, "иә иә, керемет, ол соманы төлей аламыз" деді.
Ішімнен "өй, ақымақ, 600 демейсің бе" деп бір сыбап алдым өзімді. Дүниеге адам тоя ма ? ! )
Python курсы

Басталуы: 18 қаңтар
Ұзақтығы: 2 ай

Жалағаш IT каналы оқырмандарын Python курсына шақырамын. Питон тілімен бағдарламалар жазуды 2 айда жетік меңгеріңіз.

💡IT саласында 6 жылдан астам тәжірибесі бар мамандардан білім аласыз.

💡8 аптада жаңа тілді үйренесіз.

💡Курс соңында Leetcode-тан "Medium" есепті жарты сағатта шығаратын дәрежеге жетесіз.

💡Қазақстанда практиканы (internship) 1-ші мүмкіндіктен тауып алуыңыз ғажап емес.

💡Google/Facebook-та жұмыс істейтін мамандармен онлайн кездесу мүмкіндігі болады.

2 айлық жоспар: жоспардың сілтемесі

Жоспар жайлы 2-минуттық видео: кіріспе видео

Курстың басталуына екі күн қалды.

Тіркелу үшін: ➡️ @edigerad
☀️🌸🌷

Бүгін қыстың ерекше бір жайма-шуақ күні болды.

Әрі сенбі болған соң жанұяммен уақыт өткізейін деп,
кішкентай қыздарыммен көшеде жүріп қайттым.

Бір кезде темір жолға жақын жерден өтіп бара жатсақ,
жүк таситын пойыздың вагондары тізіліп тұр екен.

Қызық болсын деп қыздарымнан "мына вагондардың ішінде не бар ?" деп сұрадым.

Төрт жасарым:
— Кітап! Ішінде кітап бар! - деп жауап берді.
— Тағы не бар ?
— Ымм... құм бар.
— Тағы не бар ?
— Енше көмір бар тағы, - дейді.

Жауаптары ұнады. Әрі қарай да сұрақ қоя бердім тоқтатпай.

— Тағы не ? - десем, балалығы ойнап кетті ме:
— "Мороженое" бар, - дейді )

— Ал сен қалай ойлайсың ? - деп ортаңғымнан сұрасам:
— Мультик бар ішінде, - дейді😊)
— Вагонның іші толған мультик па сонда ? - десем басын изеп қояды.
Үлкені болса күліп жатыр вагонның ішінде мультик болмайды ғой деп.
Әрі қарай да сұрақтарды жаудыра бердім. Әйтпесе, сәл үндемей қалсаң өздері жаудыра бастайды.
Қызықты өтті қыдыруымыз.

Артынан шұбырып жүріп қойға су-шөбін бердік. Бұзауларға да жем-шөбін бердік.
Әкемен бірге үйттік-бүйттік деп айтып жүреді сосын үйге кірген соң )

Жұмыс-жұмыс деп жүре берсең түбі сол қол тимей кете береді екен жанұяға қарауға.

Ең мықты инвестиция бала-шағаның тәрбиесі деген, жұмыстан қол қалт еткенде бала-шағамен ойнап тұрайық дегім келген осы әңгімеммен 🌷
Кейде курстардың мазмұнында өзіңіздің Facebook, VK не Instagram-ыңызды жасайсыз деп жатады ғой курс барысында. Сол туралы бір-ақ ауыз ой қосайын деп ем.

Негізінде, ол рас әңгіме. Сол сияқты сайттар жасауға болады новичектарды сүйрелеп жүріп. Курс жақсы жүргізілсе қатысушылардың көбісі жасап шығады деп үміттенемін. Көзге біп-бірдей болып көрінетініне не кем дегенде қатты ұқсайтынына күмәнім жоқ👌🏽

Бірақ бұл үлкен айсбергтің ұшы ғана.

Егер барлығы сол сайт жасаумен біте қойса әркім өз алдында бір-бір фейсбук, телеграм ашып алып мәз болып отырушы еді ғой )

Бизнеске тоқтасақ енді.
Программист үлкен жүйенің бір бұрандашасы ғана. (Всего лишь винтик в одном большом механизме). Одан бөлек қаншама мамандар бар. Аналитик, маркетолог, проект менеджер, продукт менеджер, әртүрлі директорлар да бар. Сисадмин бауырларды да ұмытпайық )
Бұл тізім тоқтамай жалғаса береді. Сіздерге құлаққа таныстарын ғана тізіп шықтым.

Манағы әңгімеге қайтып келсек, курс барысында сіз өзіңіздің бөлігіңізді ғана жасап шығасыз программист ретінде.
Оның өзінде де толыққанды емес. 10 адам кірсе құлап қалатын сайт жасап шығасыз : )
Ара-арасында қателері шығып тұрса да айыбы жоқ.

Ондай тәжірибенің мақсаты жақын арада күтіп тұрған тапсырмалармен таныстыру, негізгі түсініктерді қалыптастыру деп ұғамын. Жақын арада жұмысқа тұрсаңыз біршама дайындықпен кірісесіз.
Сөзсіз үлкен плюс👍

Бір дегеннен әлемдік деңгейдегі қосымшалар жасап тастамасаңыз да сол жолдағы бір пункт деп қарастырыңыз сол курста жасайтын проекттерді.

Жақсылап игеріп, мықты қағып алсаңыздар, кім біледі, шынымен де өз фейсбугыңызды жасап қаларсыз бір күні, Аллаһ қаласа 🙂
Көзіңді жұма тұршы.
Жұмдың ба ? Енді елестет, армандап көр... 🙂

🥰 Паһһ, шіркін !

Сен - JavaScript мастер болып кетіпсің делік👑.

Талай құнды кітаптарды қопарып тастағансың 📚.
Жай ғана оқымай алған білімді тереңінен түсініп, практикамен сіңіріп алғансың ❗️.

JavaScript-ті ерекше бір шеберлікпен қолдана білесің.

Балуанға оңы не, солы не деп, кез-келген тапсырманы барынша әсем жолмен шешесің👌🏽.

Уақыт өте айлығың да тек қана өсуде💸.
Компаниялар да таласып жүр. Әркім өз командасына тартып әлек💰.
Қайда жүрсең де тек пайдаңды тигізесің, себебі🤓.

Солай уақыт өтіп жатыр делік.

Сосын бір күндері "Тағамда" тамақ ішіп отсаң, жастар кеп ақыл сұрайды ғой:
— Аға, қай фреймворк оқиын ? - деп.
Бойыңдағы бар салмақтылықты жиып алып, ағалық ақылыңды айтасың:
— Фреймворк күнде шығады. Олардың артынан жүгірмей таза Js-ті оқыңдар. Сонда ертең тағы бір фреймворк шықса, оны да тез игеріп алатын боласың, ал бірден фреймворкке жатып қалған болсаң әрі-бері фреймворк ауысқан сайын біраз уақыт құртатын боласың.

————
Ал енді көзіңді аш, Мұқаш 🙃
Таза тіл оқы, қалғаны өзі келе береді.
Тек js-ке қатысты емес бұл әңгіме, түсінген шығарсың : )
Монополияның буы

Астана мен Қызылорданың арасында Жезқазған арқылы өтетін автобус маршруты бар.
Былайынша жол мәз емес, ойқыш-ойқыш, тас пен құм араласқан. Кейде ми батпақ, кейде құм боран. Барам дегенше тулағың шығады. Нәзік жандарға арналмаған сынақ, қысқасы)

Сол жолдың бойында бір үлкен кафе бар. Шопырлар сол жерге тоқтайды.

Төбесінде шатыры көк. Іші кең. Зәулім ғимарат. Оның үстінде айналасы көкжиегіне көз жетпейтін шөлейт екенін ескерсек, оазис тапқандай қуанасыз ол кафені көріп.

Бірінші рет кіріп жатсаңыз мәз боп қаласыз.
Айдалада мынадай кафе салып қойған кім болса да жараған екен дейсіз.

Бірақ қуанышыңыз ұзаққа созылмайды.
Өйткені, сатушы болып бір қырғын мінезді қарындас тұратын😡👹👺.
"Раздачаның" королевасы👑. Клиентті адам көрмейтін.

"Жасың болсын, кәрің де,
Жақпай тұрсың бәрің де" - деп кім көрінгенмен қызыл кеңірдек болып тұратын әрдайым.

Клиенттер де шетінен қойдан жуас емес қой, кейбірі кері пікір айтып, мұның дұрыс емес қой деп бастаса жауабы дайын. "Ұнамаса тайып тұр!" дейді.

Ол клиент тайып тұруға риза ғой мұндай сервистен, бірақ қайда барады ?

Айналасы шөл дала )

Амал жоқ үнсіз көнеді. Ол көнгенмен, шүйлігіп алған қыз көнбейді бірақ ))
Қайта-қайта "добивка" жасайды алыстан айқайлап.
Сол қыздың ұрысын тыңдааап отырып тамақ ішеді лажсыз клиент.
Рақат. Құлақтан кіріп бойды алады😄

Әрдайым сол сахнаны көрген сайын мына жерде, көшенің қарама-қарсысында тағы бір конкуренты болғанда ғой деп тілеп отыратынмын🥺
Бүгінгі әңгіменің кейіпкері өзімнің студенттерімнің бірі.

Ол өзі мықты тырысатын бала еді әрдайым.

Ең алғаш осыдан пәленбай жыл бұрын алғаш рет программированиеге тартып көрдім.

Ол кезде қабылдауы өте қиын болды😀.

Үй жақта жұмыс істеп жүріп if-else,switch-case деп сабақ өтіп жүретінбіз. Бір сөзді бес қайталаймын.
"Ой, қарасайшы, былай ғой" деп отыра қап жерге таяқпен сызып түсіндірем сосын.
"мынау шарты, мынау блогы, ал мынау else-нің блогы.
if-тің шарты орындалса соның блогы орындалады да else-нің блогына кірмейді.
Ал if-тің шарты орындалмаса else-нің блогына міндетті түрде кіреді" деп нервім шығатын )

Бес минуттан кейін қайтып сұрасаң білмей тұрады. Қайттан басталады басынан😤

"Қойш, сенен түк шықпайды!" деп шауып айтайын десем ынталанып тұр. Ондай адамға қалай қой дейсің. Мұғалім ретінде ақым жоқ қой. Ол да ұрыстың ғой демейді, артымнан қалмайды. Бірақ, қанша тырысса да бірінші ұмтылысымыздан түк шықпады.

Кейін шаруалар шығып, заман өтіп, ол Атырауына кетті универге. Мен де өз жөніммен кеттім, құтылғаныма шүкір деп.


... арада біраз жылдар өтті


Былтыр ауылда it клуб ашқанда оған хабар бірден жетпеген еді.
10-15 бала жиналдық, арасында ол жоқ. Сабағымызды бастап та кеттік.

Бір күні хабарласты. Мен де қатысам деп. Өлмейтін біреу екен өзі де )

Бірақ бұл жолы басқаша. Көзінде оты сол күйі, қабылдауы да жақсарып қапты ) Топқа тез қуып жетіп алды.

Аттап-аттап html,css, js basic өттік. Аттап-аттап VueJs өттік. Заказдар алып, ақша тауып, басқалар жетпеген нәтижеге қол жеткізді.

Әрі қарай не қызық болды дейсіз ғой? )
Сөйтіп жүргенде ол программированиеден де аттап кетті😆🤣

Стартап бастап кетті "ауыл такси" деген 🚕.

Ауылдағы таксисттер мен клиенттердің арасын байланыстырып жүр.

Индрайвер десе болады ғой жергілікті. Әзірге тек вацап арқылы диспетчер болып отыр.
Бір апта енді болады ау бастағанына. Көше кезіп таксисттерге, адамдарға визиткасын таратып шықты.
Офиске келсе бітті қой бар, бірдеңе жаса дейм. Құжаттарын, жарнамасын реттеп жүр. Жолай құлағында телефоны. Әрі-бері клиенттермен сөйлесіп терлеп-тепшуде.

Мынша тұрақты клиент, мынша тұрақты таксиым бар, жалпы мынша заказ орындадым деп деп бір есебін көрсетіп қойды. Блокнотқа қаламмен жазып жүр екен. Цифраларын жария еткім келмей тұр. Көз тиіп кетпесін дейік. 500 тапсырыс орындаса айтар өзі жарыққа шығып )

Біраз адам жиналған соң сайт/приложение керек болады ау деп қоямыз.

Бір күні кеп тұрса тағы "Нұреке, нормальный учениктеріңіз бар ма? Бір заказ бар еді" деп ))
Жә, бұйыртса, бір-ақ ай қалды...

Оңтүстікке көктем тез кіріп келеді. Нұр-Сұлтандағыдай мамырға дейін созылмайды.

Басқаны қайдам, өзім далада азанмен жүгіретін күндерді асыға күтіп отырмын.

Еһһ, куртка орнына спортивканы, етік орнына кроссовки киіп алып, Күншуақтың алаңында басып тұрып бір сағат атша шауып қайтатын күндер тезірек келсе ғой😍

Қыс бойы қамалған бұзаулар көктемде қорадан шыққанда қалай жүгіретінін көргесіздер ме ?))
Көрмеген болсаңыз бұл дүниедегі бір қызықтан құр қалыпсыз.

У-у-у-у-у !! шабады ғой, шабады 🚀

Тігінен салып бір шауып өтеді. Тоқтайды. Тұрып-тұрып бір жанға қарай тағы шабады.
Тоқтағанда шаршағаннан тоқтамайды. "Приключение" іздеп тұрады.
Өтірік бір себеп туса болды. Мысық мяу десе де "мәәә мынау мяу" деді деп тағы да шабады 😆

Жанымен жүгіреді. Доңқиды. Ауаны тебеді. Кунг-фудан да хабарым бар дегендей.

Өз-өзін жоғалтып қояды ғой, қысқасы, далаға шыққанда )

Мен де солай шабам ғой, Аллаһ қаласа, аз қалған шығар.

________________
PS:
Бұзаудың шапқаны әдемі ғой, бірақ қамауды айтсаңызшы сосын 😊
топчик қой сервис😎👍)

Ауыл такси жақсы қарқынмен өсіп келеді.
Бар білгенім, ақша ойлама қызмет етуді ойла, қалғаны өзі келеді деп айтып келем.
Студентім онсыз да сол ойдағы жігіт.

Алдында мынадай қызық болыпты.
Бір клиент апай хабарласып тұр дейді. Пәлен жерге апарып таста деп. Қай жерден алып кетейік десе "ЦОНнан" дейтін көрінеді.
Ал біздің ауылда ЦОН, Вокзал, Автовокзал бір-бірімен тиіп тұр жабысып. Көшенің екі жақ беті әшейін. Таксисттер ең көп шоғырланған жер ғой )
Барып солармен саудаласқаннан біздің сервистің қолданған оңайырақ екен🥰.
Оны естіп бір мәз болып қалдым.
Мықты жанкүйеріміз болып алыпты.
Хабарласып кейде бірдеңе жақпай қалса телефонмен сөгіс жариялап қояды екен )
"Сендер не мені подводить етесіңдер, мен сендерге расчет жасап жүрмін мында!" деп😆.

Қызығам ше, рақат қой. Критика жасайды, жарнамаңды жүрген жерге таратады.
Таңертең 7-де телефоның қосылмай тұрса ұрсады.
Мұндай адамды жұрт ақшаға таба алмайды ғо ))
Рас қой?! Кейбіреулерге ақша төлесең де дәл осылай жаны күйіп көмектеспейді ғой тірлігіңе.

Сол кісіге бүгін бонус беріп қойдық. 500тг дейін тегін 1 поездка деп.

Басқа не істесек болады екен ол кісіге рахметімізді білдіріп ?

———————
Бүгіннен бастап Жалағаш it-ді программирование үйрететін клуб + Астана Хаб сияқты стартап акселератор деп атай берсем болады ма ?😄)
Бүгін Цукерберг мырза анау-мынау күдіктерге өз жауабын беріпті.

"Ең әуелден кіші бизнесті қолдаймыз, бұрынғы ірі бизнестерді де дамыта береміз.
онлайн ақша төлеу, тб фишкаларды қоса береміз. Астыңа тай, аузыңа май гарантировано" деп біраз жақсылығын жеткізіп тұр.

Әрине, қуанышты жаңалық қой.

Бірақ, неге екенін білмедім, осындай жаңалықтар қатты бір қуантпайтын бопты мені.
Мүмкін, сәл паранояға бой алдырып қойдым ба.

Жақсы, басынан бастайын ойымды.
IT саласында жиі айтылатын сөз тіркесі бар ғой "маляр мен художник" деген.
Осы сөз құлағымның шыңылына айналды. Жиі ойлаймын осы ойды )

Оны кез-келген масштабта қолдана берсе болады.

Мысалы, framework үйренбе - тіл үйрен. Фреймворк өзгергенде мыңқ етпейсің, тірлігің жүре береді. Өйткені, тілді мықты білген адам фреймворктен тәуелсіз

Одан сәл жоғары көтерілсек, тіл үйренбе программирование үйрен дейді. Догмаларды түсін, паттерндерді жатта, дата струкура, тсс басқа да тілге байланбаған негізгі ұғымдарды үйрен дейді. Сонда тілден тәуелсіз программист боласың дейді .

Одан тағы сәл көтерілсек, қашанғы программист болып жүре бересің, біреудің арбасын жылжытып, өзің де бірдеңе ашсайшы, продукт құр. стартап көр немесе дейміз .

Тура осы ойда ел деңгейінде де қолдануға болады ма екен деп ойланам. Неге айдаладағы біреу біздің бизнесімізді жүргізіп береді ? Су тегін не тым арзанға болған күннің өзінде. Айдала батпан құйрық, неғып тегін жатқан құйрық ☝🏽🧐?

Осы тұста біреулер айтады ғой, не бопты, жарнамаңды жүргізіп береді. Сырттан күдіктеніп қайда қашасың ? Бәрібір құрықтан шыға алмайсың. Локальный бірдеңе құрсаң оны кім керек етеді деп ?
Рас. Жауап қатарға сөзім жоқ. Шын сөзге не деп жауап қайтарам.

Бірақ іштей келіспеймін ) Себебі...

Алдында бір үлкен вендордың локальный тех поддержкасының чатына кірдім.
BIM360, Autodesk Forge ғой білетіндер болса.
Сонау бір көп IP-лер блокталған және санкциялар қойылған кезеңдер ғой.
Сыртқы серверлерге тәуелді қазекеңдер мен орекеңдер біраз ашулы болып отыр.
Ашуланбағанда ше ? Бір-біріне құжат беріп/ала алмай отыр. Бір түйір құжатсыз құрылыс жүрмей тоқтап қалады ғой кейде. Ал құрылыс басында қаншама техника мен адам күші жалданылады. Ол деген қыруар ақша. Бір күннің өзі қымбат. Застройщиктерге тимейді ол таяқ, пәтердің ақысын өсіре салады. Соңғы тұтынушыға түседі салмақ.

"Цифрлық құлдықтың" көрінісі деп ойлаймын мұны.
Алдында "Ауыл Такси" деген стартап бастап жатқан студентім жайлы айтып едім ғой 🚕.
Соған бүгін бір конкурент пайда болды 🚗.
Кім дейсіз ғой ?
Осыдан пәленбай жыл бұрын Қызылордаға бір келгенде программированиеден курс өткенім бар-тын. Сол кездегі ең алғашқы тобымның студенті🤓.

Түсте хабарласып, хал сұрасып, маған қарай ауылға келе жатқанын айтты.
Ол да Жалағаштан такси сервис ашпақшы екен. Өзі біраз уақыт интернет саудамен айналысқан екі ортада. Қазақстан бойынша тірлігін жүргізген. Тәжірибе жинақтаған екен уақытын бос өткізбей.

Кеңсемізде кездесіп, әңгіме соқтық шай үстінде. Дәл осы жерде конкуренті бар екенін айттым.
Айтпауға ыңғайсыздандым. Екеуіне де бірдей жанкүйер болуға міндеттімін. Екеуі де өзімде оқыған студент.

Бірі "местный", бұл сөзсіз үлкен плюсі. Оған да сырттан біреу базарына кіріп жатқанын ескерттім.
"Нарығымды бере қоймаспын" деп емін-еркін түрде айтты. Сөзі ұнады. Жай қызбалық емес, бір есебі бар адамның бейнесін байқадым бойынан.
Сырттан келгені де мыңқ етер емес, маркетингтен хабарымыз бар ғой деп.

Маған жалпы екеуінің конкуренцияда қалай талас құратыны қызық болып тұр.
Қайсысы қандай фишкалар ойлап табады екен ?
Қаншалықты батыл әрі ұтымды қадамдарға барады екен?
Қайсысы клиенттер мен таксисттерге мықты ұсыныс тастай алады екен ?
Өзіне қайдан және қандай қолдау тартады екен ? Сұрақ көп. Жауабы уақыттың еншісінде.

Маған қайсысы ұтса да бәрібір. Басты білетінім, талас бар жерде сервис мықты болады.

Іштей өлшесем, мүмкіндіктері бір-бірінен қалыспайды екен.
Бір "местный" әрі мотивациясы мықты, ісіне тиянақты жігіт.
Екіншісі мотивацияға мұқтаж емес еті сірі саудагер) Бірдеңеге көзі жетсе соған асықпай, байыппен кірісе алады. Тәуекелге бара алатын ойыншы.

Жалын мен тәжірибенің арпалысы ғой меніңше)

Қысқасы, таяқ жерге тасталды. Не боларын көре жатармыз, аманшылық болса.
Барлығыңызға сәлем 🤓🤚🏽

Сайт жасауды үйренем деушілерге арнап "web негіздері" курсын құрдық.

Тарыдай болып кіріп, таудай болып 2 сайт жасап шығыңыздар 😊

https://youtu.be/iOBU40ntYA8
youtube-та курс жайлы кіріспе видео қараңыздар👆🏽

28 сабақ
теория және практика (zoom арқылы)
күнделікті мұғаліммен сұрақ-жауап
💰 курс құны 17000 тг
🌟 2 адамға тегін грант беріледі
📆 8 ақпанда басталады курсымыз

💻Верстальщик мамандығына алғашқы қадамыңызды бізбен бірге жасаңыз.
Тіпті сіз бұрын бастап көрген болсаңыз да алған біліміңізді бекітіп алуға мықты практикалық курс👌🏽

көмекші сайт:
https://html-css.kz

Курс жүргізушілері:
🤓 Нұрлан Қарақұлов
😎 Алмаз Бисенбаев

Курсқа жазылу үшін мында хабарласыңыз:
@karnurmax
📱 +77078629827

репост таратуларыңызды сұраймын🤓
Чаттағы бір әңгіме бұрын өз басымда болған оқиған бір қызық оқиғаны есіме түсірді )

Біраз жыл бұрын бір ағайын хабарласқан:
— Нұрлан, бір інім бар. Программистке оқып жатыр. Оқуын бітірейін деп қалды. Соған жұмыс тауып берші, - деп.
— Жақсы, әуелі бір кездесіп өзімен сөйлесіп көрейік, - дедім.
Сөйтіп бір жерде кездеспекші болдық.
Межелескен уақытта шақырған жерге келді.
Әп-әдемі мәшинесі де бар екен. Сол мәшинесінде сөйлесе салдық. Өте қысқа сөйлестік.

Мүмкін ең қысқа собеседованием болған шығар 👇🏽😄

— Программистке оқып жатырсың ба?
— Иә, аға.
— Қалай, жақсы оқып жатырсың ба ?
— Пойдет.
— Қай тілде жазып жүрсің ?
— Пока қазақша.

Біраз күліп алдым. Үшінші курстағы программист c#,js,python деген сияқты дүниелерден мүлдем хабары жоқ екен шынымен. Қалай және не жазып жүргенін ақыры түсіне алмай кеттім.
Өйткені ол жерден тез кеттім 👣)

Бұл енді біраз жылдар бұрын болған оқиға.
Ал қазір қайта жағдай біраз жақсарып қалған секілді.
Тіпті мектептердің өзінде программирование тілдерін үйретіп жүрген ұстаздарды естіп қап мәз боп жүрген жайымыз бар
🤓👍
Шайнек қайнап, буы шығып, қақпағы ойнап...


Кеше ерекше бір уақытым тығыз әрі жұмысым көп күн болды.

Қазір ойланып отсам, стресс алған сияқтымын сәл🤪.

Оны қалай анықтадым ?
Жұмыс істеп отырып, қосымша телеграмда көп адаммен сөйлесіп отырыппын.
Танитыным бар, танымайтыным бар. Клавиатураның "буын шығардым" )
Жазған сөздерімде көп мағына да жоқ. Бос әзілдің үстіне тағы әзіл төге беріппін.

Бірнеше адам жақсы бағалады "юмор жақсы деңгейде екен" деп😄

Қазір не жазғаныма қарап ыңғайсызданып отырмын
мынаның барлығын мен жаздым ба деп 🤐

Сіздерде сондай жағдай болатын ба еді ?
Украдено отсюда (The Tech)
...

Ни в коем случае не читайте этот пост о создании платформы для подготовки it кадров в Алматы🤫
Так вы спалите чего я добиваюсь в целом😱

https://www.inform.kz/ru/edinuyu-cifrovuyu-platformu-po-podgotovke-kadrov-zapustyat-v-almaty_a3748964
әзіл уақыты😊

Мүмкін, араларыңызда біреулеріңіз "осы менен программист шыға ма жоқ па" деп ойланып жүрген шығарсыздар.

Өздеріңізді мына мысықтарға арналған тесттен өткізіп алыңыздар.


Ағылшыншаңыз няшар болса
Google translate-пен достасып та қаларсыз, бәлкім 😉


[nFactorial discord-ында көріп қалдым]
Мотивацияны абайлап беру керек қой балаға 😆

Мен ес білгелі жүгірумен айналысамын.
Кішкентайымнан әкеміз жүгіртетін бізді.
Алдымдағы 2 ағам бар, әкем және салпақтаған мен бармын, қысы-жазы таңертең жүгіретінбіз.
Күнделікті 6 шақырымдай жүгіріп қайту 3-4 оқитын бала үшін мықты жаттығу ғой.
Ой, несін айтам, 30-ға келгендер үшін де мықты жаттығу ғой күнде 6 шақырым дегенім)))

Әкем бізді Сырдарияның көпіріне дейін апаратын жүгіртіп. Сосын сол жерде таңның атқанын қарсы алатынбыз. Бір орында қыздырынып, бел айналдырып, аяқ-қолды қыздырып, сіңір созып тұрамыз ғой әңгіме айтып. Небір мықты мотивация беретін әңгімелерді айтатын. Талай мықты желаяқтардың өмірін, қалай шыныққанын, қандай таңқаларлық жетістіктерге жеткенін тыңдап тұрып өзім де қанаттанатынмын.

[Әкем беріп кеткендей мотивацияны осы күнге дейін ешкім қайталап бере алмады]

Содан не керек, жүрегімдегі жалын тасып, арман қуып, бір күні бір идея келді💡.

Ешкімге айтпадым өстейін деп жатырмын деп. Жайлап әкемнен сұрадым "адам бір күнде қанша шақырым жүгіре алады?" деп. Әкем өз стилінде ЗМСтың стандартын айтып жіберген ғой. Бір тәулікте мынша деп 200-300 арасында бір санды айтты.
"Неше жастағы адам ?" дедім тағы қызығып. Пәленше жас деп бір жасты айтты, әйтеуір ересек адам екенін ұқтым.

Сосын ішімнен жоспарымды орындай алатыныма одан сайын көзім жете бастады😆)

Жоспарым мынау: Жалағаш пен Қармақшының арасы 70 шақырым. Ересек адам бір тәулікте 200-300 шақырым жүгірсе мен неге 70шақырым жүгіріп өте алмаймын? Темір жолмен жүгіріп отыра берсем болды емес пе, ақыры сол Қармақшыға апарады ғой деп шештім.

Жаздың ыстық күндері. Шілде не тамыз айлары болса керек.

Бір күні нақты шешім қабылдадым да ешкімге айтпай үйден шығып кете салдым жүгіруге киетін киімдерімді киіп алып. Темір жолға түстім де Қармақшыға қарай жүгіріп кеттім сөйтіп...

жалғасы бар...
...Қанатымды қағып жіберіп, теміржолдың бойымен ұшып келемін.

Осылай ешкімге айтпай жүгіріп шыққаныма мәзбін.
Кешке нағашымның үйіне жетіп сол жақтан "мен мындамын" деп хабарласып батыр болмақ ойым бар.
Бәрі таңғалып, жаға ұстап жатқанын көз алдыма елестетіп қоям.
"Нұрлан, сен осы бетіңнен қайтпа, Олимпиада чемпионы боласың" деп айтады ғой деген сенімдемін.

Сөйтіп, әрнәрсені ойлап, қиял қуып келе жатып, қалай күннің де ұясынан көтерілгенін байқамай қалыппын. Жайлап ыстықтайын дедім. Дегенмен, артқа қайтар ойым жоқ. Бір темпты ұстап алып ұрып келем. 1-2 сағаттай жүгірсем керек. Тіпті ауылдың элеваторы да көзден көрінбей кетті.

Бір кездері әуелі шөлдей бастадым, артынша қарным ашты. Ауылдан сүйреп шыққан қиялым айдалаға келгенде жалғыз тастап, ізім-қайым жоқ болып кетті.

Артқа бұрылсам ба екен әлде ? Әлде мүмкін кішкене қалған шығар ? Не де болса жылжи берейін.

Шаршап, біресе жүгіріп, біресе жүріп, күнге қақталып келе жатсам алдымнан бір қой баққан ата шықты. Бір отар қойы бар екен. Қасында тазы иті бар. Тоқтатып алып жөн сұрасып бастады. Кімсің, қайдансың, неге бір өзің жүрсің ?
Әртүрлі жауаптарды ойдан құрастырып бере салдым, сырымды ішке бүгіп. Тезірек құтылғым кеп тұр. Атам болса жіберер емес әңгімеге тартып.
Қасымда сәл отыра тұршы, қызық айтам деп өтініш қылды. Кішкентай баламын, үлкеннің сөзіне қарсы келе алмай қасында отыра тұрайын дедім. Оның үстіне кішкене демалып алсам да артық болмас.

Қанша сөйлескенімізді білмеймін, бір кезде ұйықтап кетіппін. Ұйықтағанда да тас болып ұйықтағам ғой.
Оянсам күн деген біраз жылжып қапты. Басымды тесіп тұр екен )
Ата да жоқ, қой да жоқ. Жапа далада жалғыз жатыр екем.
Туфф, кетіп бара жатқанда оятып кетсе несі кетеді деп ренжім қоям. Енді Қармақшыға жете алмайтын болдым ғой.

Амалым таусылып, қарын да ашып, кері қайттым. Мәәәә, не деген ұзақ жол болды десеңізші қайтар жол. Қатты шаршадым. Ауылға жетем дегенше тас қараңғы, нағыз түн болды. Тура ауылға келгенде ғана ми кіре бастады.
Мәәә, мен күні бойы үйде болмадым, жұмыс та істемедім, кетерде айтып та кетпедім. Алда мені не күтіп тұр екен ?

жалғасы бар...
Таяқ күтіп тұр да, басқа не күтуші еді )
Қой құрсын үйге бармаймын енше деп, арғыбеттегі туысқан ағамның үйіне қарай бұрылып кеттім.
Үсті басым шаң-шаң. Түннің бір уағында кеп тұрмын терезелерін қағып.
Ағам қарсы алып, жеңгеме шайын қойғызып жатыр.
— Бір өзің бе ? Не істеп жүрсің ? Жайша келдің бе ? - дейді. Мен не айтарымды білмей:
— Бекош пен Марданға әліппе үйретейін деп келдім, - деп былш еткіздім. Ағам "ымм" деп күлді де қоя салды.
Таңертең шай үстінде "ай, қашқын, айтпай кетіпсің ғой" деп күліп тиісіп отыр.

Сөйтсем, түнде ағам келіпті. Бүкіл ауыл болып іздепті. Ол кезде ұялы байланыс түгіл қарапайым телефонның өзі екінің бірінде бар дүние емес. Бүкіл кластасымның, туған-туыс, жақындарға жар салып іздеген ғой. Бала жоқ үйде. Қайдан іздерін білмейді. Осы ағамның үйіне соңғы болып келген екен түнгі үште.
Сонда олар ойласа керек, кішкентай бала ғой ауылдың арғы басына бара қоймас деп, ал мен Қармақшыға бармақшы болып жүрмін )

Ағам тиісіп болып, бір кезде "жарысқа қатысасың ба жүгіруден?" деді. Мен қуанып келісе кеттім. Сөйтіп стадионға жарысқа қатыспаққа жол тарттық.

Стадионға келгенде қарасам әкем де жүр екен. Енді ауылдағы жүгіруден беретін жалғыз бапкер болса ол жүрмегенде кім жүреді )
Қап, енді қайттім ? Өтірік көрмегенсіп, жерге қарап, аспанға қарап тығыларға тесік таппай тұрғам.
Өзі жайлап келіп "ау, әкеңмен амандаспайсың ба" деді. Амандастым. Қорқып тұрмын қатты. Плотно ұратын шығар деп амалым таусылып тұрсам "100 метрге қатысасың ба әлде 1000-ға ма?" дейді. Мәәә, қатты қуанып кеттім. 1000-ға дедім.
Енді менде выход біреу ғана. Ұту керек, хотя бы жай таяқ жеу үшін үйге барғанда)
Әкем мені жасы үлкендермен жарыстыратын. Ол жарыста да солай болды. Бірақ жан керек кезде шаршай ма адам. Басып тұрып бірінші орын алдым. Ол кезде неге екенін білмеймін жеңіске ваза сыйға бере беретін )
Вазамды құшақтап үйге келдім. Мамам бар екен үйде. Көрген бойда жарысқа қатысып, бірінші орын алғанымды айтып бердім жағдайымды жеңілдетпекке.
Сөйтсем, мүлдем ұрыспады. Ағаларым да көрді. Олар да үндемеді.
Құдды мен бір күн жоғалып келмегендей. Тәк стоп, чето нето. Қалай ешкім ештеңе демейді ? Шоктамын.

Сөйтсем әкем ешкім ештеңе демесін, ұрмасын да ұрыспасын деп айтып қойған екен.
Бірнеше күн өткеннен кейін барып ортаңғы ағам не болғанын айтып берді. Өте бір қатты уайым болған екен. Құмалақшылар, балгерлер, милициялар, вобшым барлығынан іздеген ғой )
Хит едік қой не керек 😄

аяғы...
Мен үшін сайт жасаудың ең қиын тұсы әдемі дизайн құрастыру.
Біреу дизайнды сызып берсе соны html-css-ке айналдыра аламын тек.
Тіпті біреудің әдемі шаблонын сәл өзгертсем болды бірден быт-шытын шығарамын🤪.
Себебі, талғамым төмен. Ненің әдемі, ненің ұсқынсыз екенін айыра алмаймын.

Егер сіздің де диагнозыңыз осындай болса мына сайтты қарап көріңіз:
CAN'T UNSEE 👉🏽 https://cantunsee.space/
жақсы мен жаман дизайнды айырып үйреніңіз 😎

[Ойнап жүріп-ақ біраз көзіңіз ашылып қалады. Бұйыртса, біреулерге ақыл айтып бастайсыз әлі-ақ😄]
Сәлем, css үйренуші !🤓🤚🏽

CSS selector-ларды жақсы жаттап алдыңыз ба ?

Мүмкін бір тексеріп алғыңыз келетін шығар өзіңізді ?

Мына сайтта ойнап көріңіз де нәтижесімен бөлісіп қойыңыз
Көрейік, кім 32 турдың барлығын өте алатынын👇🏽😉

https://flukeout.github.io/