IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Есіме түсіп кетті ғой... ) еһһ, сетевой маркетингтің сабаздары ай

кіріспе

Сонау бір 2013-інші жылдар еді деп бастайын әңгімені соғыс көрген адам ұқсап😄
Мектептен шығып, мұғалімдікті тастап программист болып жұмыс іздеп бастаған күндерім.
Жазғы отпускке кетіп бара жатқанда бір завуч айтқан еді "ай, осы сен бала келер жылы жұмыс істей алмайсың-ау" деп. Оның үстіне айлығым да мәз емес еді. Астананың төріндегі лицейде істеп жүріп бар алғаным 54мың болды. Пәтерақым болса 75мың. Келер жылы 75мыңға өсті, бірақ есесіне пәтерақым да 85-ке өсті )
Қысқасы, не керек, айлығым да мәз емес, бірен-саран кісінің маған деген көзқарасы да мәз емес, жұмыстан кететінімді шамалап, екі ай жазғы отпускімді барынша программирование үйренуге жұмсадым. Күніне 30-40 минуттан 2 рет дайындалатынмын. Таңертең жарты сағатым бір кетсе, кешке тағы бір жарты сағатым осыған кетіп жүрді. Бірақ қызығына бір түссең шаршамай қаза бересің ғой программированиені.
С# негіздерін және ".NET" платформасын үйрететін курсымды қағып тастап, артынша базамен жұмыс жасауды үйрендім. Екі айым зыр етіп өте шықты. 1 қыркүйекте, білім күнінде "өз еркіммен" жұмыстан шықтым...

қызық мынада

шықтым да саламды ауыстырып, програмист болып жұмыс қарастыра бастадым.
Ақшам да таусыла бастады. Ана жерге барам собеседованиеге - өтпей қалам, мына жерге барам - тағы бір гәп туады. Сөйтіп сандалып, таксимен, маршрутпен ақ соңғы ақшамды тауыстым. Арасында бірнеше рет сетевиктерге соқтығып қалдым. Оларда бет жоқ екен, программистсің бе, келе ғой деп шақырып алып өздерінің "сектасына" тығып жібергісі келеді. Бір-екі соқтыққан соң хабарласқан адамдардан бірінші сұрайтыным "сетевик емессіңдер ме?" болды )
Бір күні жұмыс іздеп сарылып, ақшамды тауысып пәтерде енді не план деп жатсам біреулер звондайды. Жүрегім дүрс-дүрс. Үміт зор. Программист іздеген біреулер екен. Аузы күйген үріп ішеді деген, бірден сұрап алдым сетевик емессің бе деп. Жоқ дейді. Сонда да қоймаймын. Қайта-қайта сұрадым. Жоқ, жоқ, бізге нақты программист керек, басқа ешкім болып емес программист болып жұмыс жасайыз дейді. Қуанып барам-барам деп тұтқаны қойдым. Қалтамды сипасам соңғы тиындарым қапты. Тиындардан құралған 70 теңге. Ол кезде жол жүру құны қанша екенін ұмытып тұрмын, бірақ тек бір жаққан ғана жететіні есімде қапты. Барарда маршрутпен барсам қайтарда жаяу қайтады екем. Не де болса тәуекел деп міндім маршрутыма.
Мүмкін бұл сондай тағдырдың сыйы шығар деп қоям. Ең соңғы ақшама жұмыс тауып кетсең де қызық қой, ә? )
"Будет что детям рассказывать в старости" дейді ғой ішкі дауысым.

Айтқан адрес бойынша келсем, Жастарға қарама-қарсы Абай қонақ үйінде екен шақырған жер. Қызық, бұл не компания деп ішке жайлааап кіріп келем. Жан жағыма бақырайып, екі демалып бір аттап, "в ожидании неожиданного"
Подвалда екен компания. Дәу бөлмелер. Ішінде құжынаған адамдар. Кіреберіске алтын-қызыл түспен "ТяньШи" деп жазып қойыпты. Әлгіге звондаймын ғой қайдасыз деп. Келді де қуанып қарсы алды. Мақтап-мақтап бір қырық адам отқан бөлмеге кіргізді. Қазір күте тұрыңыз, сізге аға менеджер келіп бәрін түсіндіреді дейді. Ағасы келем дегенше жан-жағыма қарайм ғой. Әңгімелері сетевикке қатты ұқсап барады. Уақыт өткен сайын күдігім бекіп, тағы бір көксоққыр сетевиктер екеніне көзім жете бастады. Тұрып кетіп қалсам ба дедім де тоқтадым, жоқ, келсін бетіне қарайын суайттың, циркті аяғына дейін тамашалайын деп шештім. Келді бір кезде "жылан арбағыш" біреуі. Бірден өз продукцияларын мақтай бастады. Мен дереу тоқтаттым. "Сіздер мені программист керек деп шақырдыңыз ғой?!" дедім. "А, сіз программистсіз бе?" "Иә! "
"А, енше тіптен жақсы сіздің программисттік тәжірибеңіз біздің компанияда байып кетуге үлкен септігін тигізеді" деп маңқ еткізді.
Қатты ашуым келді. Шықтым да пәтеріме қайттым. Не істеймін басқа? Жер теуіп келем жаяу мұса. Аяғымды аямай теуіп келем бар күшпен. Ішім толған ыза. 5-10 метр жүрем де біррр тебем. Қаным басыма шапты әбден.
Сонша алдауға бола ма адамды?

Еһһ, сетевой маркетингтің сабаздары ай
Сіз білесіз бе ? 🧐
https://leetcode.com/ деген әдемі сайт бар 👍👍👍
Ішінде есеп шығарасыз.

C,C++,Java, C#, JavaScript,Go,PHP,Python тсс тілдерде
мен JavaScript-те шығарып жүрмін, арасында С++

Тәжірибе жинақтауға болатын керемет алаң.
Есепті үйтіп-бүйтіп бір шығарып алсаңыз болды, басқалардың да шығарған жауаптарын көруге болады.
Олардың жауабымен өзіңіздікін салыстыра отырып кемшілік кеткен тұстарыңызды байқайсыз. Қалай әлде де жақсырақ шығаруға болушы еді, соны үйренесіз.
Сіздің функцияңыз мынша уақытта орындалды, мынша память жеді деп көрсетіп тұрады.
нешінші орында екеніңізді шамалап отырасыз )) қызық🙃

Егер де тілдердің біреуінің болсын негізін жақсы меңгерген болсаңыз кірісе берсеңіз болады.

Қызық па ?
Басыңыз алға енше !

программированиеден скиліңіз көтеріледі
ағылшыншаңыз да көтеріліп қалады кішкене : )
өзіңіздің әлсіз тұстарыңызды байқайсыз, түзетесіз
бір есепті талықлай отырып өзіңізге мақсаттас достар тауып аласыз


UPDATED
🔥🔥🔥 огонь, а не вести 😆)) [ а может и не огонь 😕]

Прохожу leetcode задачи для nFactorial🚀

Если все будет nice, то, возможно, буду преподавать на казахском по основам computer science

Начнем с предыстории:
🤧 я приболел и конкретно перебираю с "тайлол-хот" 🤧
и получил побочные эффекты: сонливость и усталость, рассеянность. Раньше не верил побочным эффектам, теперь буду )

вчера [или уже позавчера]:
Меня попросили решить две задачи за час и записать экран на видео в zoom, и сдать файлы по итогу.
Я задачи решил, но забыл включить демонстрацию экрана😆 это первый фейл.
После объяснился перед менеджером, сдал аудиозапись и файлы с решением.

Потом, чуть позже попросили еще раз пройти такой тест. Так обрадовался ! Классно же, дали второй шанс👍
Следующие задачи были слишком легкими и я потратил на них 15 минут. Не спеша вслух объяснял как я это решаю.
Но ☝🏽 А где тут фейл ?

Я включил zoom, демонстрацию включил, но забыл записать😆😆 второй фейл

Так глупо вышло. Вроде рвусь стать преподом, которому можно доверить вести курсы, а на деле забываю кнопочку нажать )))

Мне сказали, что это не беда, и все нормально.
Но мне этого мало. Я хочу показать что я тоже из числа "жұрттың баласы"😎, а не "халям-балям"🤣

Решил что буду решать задачи весь день и покажу себя с хорошей стороны.

Все, я настроен, а не расстроен ! Сегодня я проведу все время в офисе ! Я челюсть! Я акула !
Именно так я себя подбадривал, предвкушая сладость грядущего рабочего дня.
И что же тут случилось ?

Когда у меня есть мощнейший настрой.
Когда у меня появились важные дела.
Когда мне это очень нужно.

Ответьте мне, пожалуйста, казахи ! Вы должны уже знать что случилось😄

Гости пришли ! Бабуля, дяди, тети, братаны да братишки, сестренки, и даже сват )
10-15 человек на пару дней.

Пришлось бросить все дела и сидеть с гостями.

Но задачи сами себя не решат и я пришел в офис ночью.

В начале чувствовал себя бодро и потихоньку начал записывать видео.
Решил 4-6 easy уровня задач.

А после перешел на medium.
На часах уже ~2-30
И я начал чувствовать усталость, сонливость, мозг начал намекать что пора бы и отдохнуть.

Но я очень хотел заснять задачу medium.
Задача оказалось сложной для меня.
8 сабмитов не прошли.
Конечно, ведь мне еще расти и расти.
Перебирал разные подходы к решению. Все не то.
В какой то момент я заметил что я не думаю, а просто делаю вид.
Ясно - надо отдохнуть. Несколько раз ложился по 5-10 мин.

Каждый раз ложась находил идею. Вставал и пробовал, обламывался )

Но с 9-ой попытки наконец-то решил.
И результат был faster than 100.00%, Memory Usage: less than 100.00%🔥🔥🔥

Это было классно ! Оправданный труд - отдых.
Завтра ночью хочу повторить, но сразу же начать с уровня medium. А может сразу hard? 🧐

———————
PS: по инструкции "тайлол-хот" надо пить каждые 6 часов и в день максимум 4 раза,
а я почти каждые 2-3 часа и уже вторую пачку открыл😬
31-желтоқсан мен 1-қаңтар күндері мен үшін күнтізбенің кезекті 2 парағы ғана.
Дегенмен, жылдың соңғы күні болған соң, өткен жылды бір қорытындылап өткенді жөн көрдім.

Биыл әдеттен тыс көп ұмтылдым, көп ұрындым, сан түрлі қателіктерге бой алдырдым.
Әрине, еш өкініш жоқ. Тәжірибенің жаманы болмайды, дұрыс шешім қабылдасаң болды қорытындысында.

Бұрын жылдамдыққа және көп жұмыс жасауға қатты көңіл бөлетінмен.
Сапаға жұмыс жасайтын уақыт келіпті енді.

Біздің елде оқығысы келетін жастар және оларға үйретемін деген аға буынның бар екеніне көзім жетті биыл🔥

"Компьютер ғылымының негіздерін үйрету" деген біздің елде әлі игерілмей жатқан тың жер екен.
Конкуренция жоқ емес, бар. Дегенмен. жасалынуы тиіс, өз кезегін күтіп отқан іс-шаралар қаншама.

Осы уақытқа дейін қолдау көрсетіп,
💡 ақыл-кеңестеріңізбен,
💰 тіпті қаражаттарыңызбен бөлісіп(донат),
👍👎🏽 лайк/дизлайк қойып,
бағыт табуға көмектескендеріңіз үшін рахмет ❤️

P.S: Айтпақшы, алдағы жылдың бір спойлері - Едіге мен Ержан ағайларыңыз курс жүргізбекші 😎😎
https://it-bilim.kz/ - @edigerad Едіге Радолда сайты.
https://t.iss.one/informatika_olimp - @domaqov Ержан Домақов жүргізетін телеграм канал
Forwarded from Alibek Baiseiit
Қазақстандағы ең сұранысқа ие IT саласасының бағыты ВЕБ-РАЗРАБОТКА мамандығын небəрі 30 КҮН ішінде меңгеріп шық.

Курстан сіз қазіргі ірі IT компаниялар қолданатын технологияларды меңгере аласыз:
📍Wordpress
📍HTML
📍CSS
📍Bootstrap
📍Vuejs
📍PHP
📍SQL
📍Mysql
📍MVC
📍Framework

Курс видео-сабақтардан бөлек жоба құру мен практикалық тапсырмалардан тұрады. Курс сабақтары мен материалдарына мəңгілік доступ беріледі.

Курсты бітіргеннен кейін:
✏️Сайт құрып бизнес аша аласыз
✏️Ірі IT компанияларға junior маманы ретінде жұмысқа кіре аласыз
✏️Фрилансер болып жұмыс істей аласыз

Тек қана бүгін Жаңа Жыл мейрамына орай курстың тек қана 2⃣0⃣%-ын төлеп курсқа қатыса аласыз. Мысалы сайт құру курсын 19990 тг орнына 3990 тг төлеп қатыса аласыз.

Бұндай мүмкіндіктен құр қалып, кейін ӨКІНБЕУ үшін дəл қазір тіркел! Курс бағдарламасын көру үшін жеке жазыңыз!

Курсқа жазылу: @abaiseiit
IT саласында бір орында қалу үшін де жүгіру керек
Өзім де айналысып бастаған соң ба, жан-жағыма қарасам курстар көп екен. Әрқайсысы өз бетінше жарнамасын келістіреді ғой енді👌🏽.
Кейде "жұмысқа тұрғызамыз" деген сөздерді оқып қалам. Негізінде, сол сөз мүлдем аргумент емес.
Қаншалықты білім алып, қаншалықты шебер болып шыққаныңызға байланысты ғой. Нашар болсаң да жұмысқа ала берем дейтін жер жоқ. Бар болса ондай жерден қашқан дұрыс )
Ал енді мықты үйреніп алып, көрмедегі аттай жылтылдап тұрсаңыз алам дейтін жерлер де көп қой )

Сол себепті, келесіде бір жерден "жұмысқа тұрғызам" дегенді көріп қалсаңыз "охх, мыналардыкі күшті екен" деп, жүрекке жақын қабылдап қалып жүрмеңіз. Бопты ма ? Жақсы 🙂🤚🏽
html & css жеңіл деген сайын тым жеңіл қарап кеткен сияқтымыз🧐.
☝🏽Тиісті деңгейде мән беріп, бір қайталап, соңғы трендтерді де шолып шығатын уақыт келген секілді 🙂
Бағдарламашы болу үшін математика керек пе ?

Жиі қойылатын сұрақтың бірі ғой, иә ?
Әлдебіреу кеп "програмированиеге қатысты сұрақтарыңыз болса қоя беріңіздер" десе бітті осы сұрақ қойылып тұрады әлсін-әлсін 🤓)

Ал математика деген не өзі ?

Тым жалпы айтсақ, математика - қандай да бір туындаған мәселені заңдылықтарын зерттеу, талдау арқылы шешу.

Жай ғана кезекті формуланы тақылдатып жаттап алып, соның есебін шығарған бір бөлек.
Сөзбен жағдайды сипаттап берсе, соны өзің зерттеп, талдап, қай жолмен шығаратыныңды анықтап, теңдеуге айналдырып алып шығарсаң бір бөлек.

Қысқасы, мықты математик бірінші кезекте - problem resolver, мәселені шешуші.

Осы тұрғыдан алғанда математиканы жақсы оқығаныңыздың пайдасы зор. Есеп шешкенді сүйсеңіз, оның үстіне ыңғайыңыз да келіп тұрса үлкен бонус қой.

Ал енді кейбір формуланы білмесеңіз немесе ұмытып қалсаңыз - google бар ғо 👌🏽

Ең бастысы, "аю отыр партада" қалып қоймасаңыз бопты да )
Жақсы курс қандай болу керек ?

Аз да болса жайлап комьюнити құрылып келеді, Аллаһқа шүкір.
Новичектар да бар, старичектар да бар 🙂🤓🧐. Ара-арасында чатта қызық әңгімелер кетеді.
Тәжірибесі барлар білгенімен бөлісіп, арасында дисскуссия да болып тұрады.
Көз алдыма киіз үйде шай ішіп отқандай елестеп кетеді ортамыз ))

Жекеге де келіп жатқан сұрақтар бар. Ізденіп жүрген жастарды көріп мәз болып қалам.
Назарбаев атамыз "мен жастарға сенемін" дегенде
осыларды айтқан шығар деген ой келеді де тұрады😊)

Жақсы... Ал енді мына курс жүргізуді қолға алып бастаған соң жақсылап тұрып өткізу керек.
Дұрыс па ?

Қай технологияны үйрету керек ?
Нарықта не нәрсеге сұраныс бар ?
web master, frontend, backend + database, devOps деген не ?
формат қандай болуы тиіс ? youtube/zoom/discord/telegram etc?
қандай фишкалар студенттер үшін қажет саналады ?
қандай қателіктерге бой алдырмау керек ?
осы сынды сұрақтар көп. Өз шама-шарқым жеткенше ой түйіп, шешім қабылдап жүрмін.
Дегенмен жақсылап ортамен бір ақылдасып алғанды жөн көрдім.

Қазіргі трендке сай бағытын анықтап,
артық-кем қылмай мазмұнын құрып,
әр тақырыпты тиісінше қызықты қылып өткенге не жетсін.

Ертең студенттер оқып шыққан соң алған білімі нарықта рөл ойнап,
жақсы-жақсы жұмысқа тұрып, сол жақта мықты пайда әкеп жатса неткен рахат, иә ?

"Келісіп пішкен тон келте болмас" деген, осы тақырыпта әңгіме қозғайық ертең.
Яғни сейсенбіде, 12 қаңтарда.

Барлықтарыңызды соған шақырамын.

Оқығыс келетіндер, сіздер де қатысып, қай тақырыптарды оқығыларыңыз келеді, қалай оқығыларыңыз келеді, бөлісіп отырыңыздар.

🗓 12 қаңтар, сейсенбі
21-30 Нұр-Сұлтан бойынша
📱 zoom-да кездесеміз.

Сілтемені ертең күндіз осы каналға қоямын, бұйыртса
Бугинги конференция бирнеше кунге жылжиды. Тым такалганда айтып жатсын, сал жылжытшы деп жатыр катысуы керек адамдар. Айып етпессиздер
Hard delete vs soft delete

Білгенге маржан

Кезінде devir деген компанияда жұмыс жасағам. Олар сол кезде-ақ ақша төлеуді(биллинг) автоматтандырып жүретін. Сол проектіні боевой тест ретінде Қызылордадағы ГорВодоканалға енгізу керек болды. Соған мені командировкаға жіберді.
Келсем горводоканалда ата-әже, көке-тәтелер жұмыс жасайды екен. Олар үй-үйді аралап есебін шығарып жүреді екен. Сосын контораға келіп компьютерге енгізеді. Өте жай жүретін процесс. Таңғы 7-8ден бастап түнгі 12-ге дейін жұмыс жасады, кейбіреулері түнімен қалып жасады. Саннан қателесе береді. Қайта тексертеді, тағы, сосын тағы. Нағыз ми ашу. Зорға дегенде бітірді. Соңғы тиынына дейін дәл келтірді. Әжелердің еңбегі ауыр болды әсіресе.
Сосын бір есептеулер жүргізу керек болды жиналған деректің үстінен. Маған астанадағы старшийлар хабарласты, уақытша базадан мынадай деректерді өшіре тұр деді ауызша түсіндіріп. Мен алдым да өшіріп жібердім. Айтқанды істейтін баламын ғо 🤓) Қалай түсіндім, солай орындадым.
Сосын есептейтіндерін есептеп алды да "ал енді орнына келтір бағанағы өшіргендеріңді" дейді.
"Қалай орнына қоям, өшіріп тастадым ғой" дедім. "Тәк, стоп! Сен soft delete қолдандың ба, hard delete ме ?".
"мен тек бір ғана делете түрін білем" дедім. Панч 👊🏽. Қырғын айқай болды💣. Более красочно, но менее культурно мән-жайды түсіндіріп берді.

Түсінбегендер үшін айтып өтейін, безвозвратно өшіруге болады және уақытша өшіруге болады. Мен ондайды білмегем ғой. 3 күн қырғынмен жасалған еңбекті толықтай безвозвратно өшіре салғам ғо)
Әуелі өз конторамнан еститінді естіп алдым.
Ал мында енді әжелер бетіме қарап отыр алдымда. Бірдеңе нето кетіп жатқанын іштері сезіп отыр.
Трубканы қойған соң "Нұрлан, балам, не болды? Бірдеңе дұрыс емес пе?" дейді. Бойыма бар күшімді жинап алып шындықты айттым:
"Сіздерді үш күн жинаған данныйларыңызды қайтадан енгізу керек. Мен барлығын өшіріп тастадым".
Деуін дедім. Ал енді әжелер қатты истерикаға бой ұрды. Бетімді тырнамаса да соған жақын қалды. Ауызша фаталити жасады))

Офистағылар әдейі бірден айтпапты. Таяқ жесін деген ғо) Дамп жасап отырады екен. Соңғы күннің данныйлары жоқ. Алдыңғы 2 күннің жұмысын орнына қойып берді.

Әжелер 3 күн орнына соңғы 1 күнді ғана толтыратынын естігенде қуанып кетті. Иванды мақтап әлек. Кім жақсы Иван жақсы, кім жаман Нұрлан жаман. Орыстарға жетпейсіңдер дегенді тіке айтпасада шамасын жеткізіп тұр. Не деймін, үндемедім.

Сол себепті, деректер қорына келгенде soft delete деген не оқып алыңыздар🙂
https://www.facebook.com/100046091019596/videos/262332331979799/
Ұлттық Кітапхана мен Тимур Бектур арасындағы сұхбат.☝🏽

💻 Технологиялық трендтен хабар алып отырыңыздар.

Қандай мамандықтар өседі, қайсысы өшеді ?
Қоғамда қандай өзгерістер орын алып жатыр ?
Заманнан қалыспас үшін не істемек керек ?
Бойға нендей өнерді ілген дұрыс қазіргі заманда ?

деген сияқты сұрақтар талқылануда.

Сыртқы ресурстарға сирек сілтеме қоям. Мына тақырып біздің аудиториямызға керек ау деген оймен бөлісіп отырмын
Анти собеседование

Алдында бір қызық собеседование өтті🤣🤣. Комедия. Басқаша айту мүмкін емес.

Бір компания хабарласқан. Әуелі HR-мен ауызша сөйлестік.
Ешқандай техникалық білімімді тексеретін сұрақ қойылмады.
Тек қана софтскилл төңірегінде.
Қандай адамсың, бұрын қандай жетсітіктерің және кемшіліктерің болды, мінезің қандай деген сұрақтар.

Ештеңе жасырмадым. Тарсылдатып айтып жатырмын ащы шындықты ) Алсаң түрім осы, алмасаң амалым нешік деген ұстаным.

Барлық диалог есімде қалмады. Бірақ бір-екі есте қалғанын айтып өтейін.
— Жаман жағыңыз қандай? — дейді.
— Жауапсыздық пен жалқаулық менің сущностім, — деп бастадым әңгімені😆, жұрт 80 пайыз судан тұрса мен 80 пайыз жалқаулықтан тұрам. Менеджер үшін үлкен проблемамын. Қайта-қайта мазалай берсе миым ағып кетеді, ашулана бастаймын, ал өз-өзіммен жеке қалдырып қойса шалқайып жатып алам түк істемей.

Кішкене пауза болды. HR миығынан бір күліп алды да әрі қарай жалғастырды:
— сізді басқалар критиковать еткен кез болды ма ?
— боқтап-боқтап жұмыстан қуып шыққан жатады ма ? - дедім )
— иә, толығырақ айтып берсеңіз, — дейді, жақынырақ түсіп. Жылы шырай танытып қояды. Желкеніп отқан түрі жоқ. Құдды бір маған осы іс-қимылымен "сендейдің мыңын көргем, сен тек мың біріншісің" деп тұрған сияқты. "Жоқ, мендейді бірінші рет көруің" дедім іштей. Сөйтіп кешегі devir-де болған оқиғаны айтып бердім.


— Таңертең жұмысқа келдіңіз делік, сізді бастық күтіп тұр екен. Кешкі 5-ке дейін тапсыру керек 3 ауыр тапсырмасы бар. Бірақ олардың үшеуін түгіл біреуін тапсыру қиын ол уақытта. Сіздің іс-әрекетіңіз қандай болмақ ?
— Демек, үшеуін де провал қылам. ...Енді ол өзі 3 тапсырма болса, әрқайсысы ауыр-ауыр болса, уақытты мен қоймаған болсам, демек заранее провал жасалып қойған ғой, енді тек менің кінәлі болуым қап тұр екен, - дедім )


— Ертең сізде ауыр дедлайн. Өте маңызды майлстоун. Бір кезде сізге кеп әріптесіңіз көмек сұрап тұр делік. Оның да арты өртеніп жатыр екен. Тура осы сіз көмектеспесеңіз болмайды. Не істейсіз ? Өзіңіздікін жасайсыз ба әлде әріптеске көмектесесіз бе?
— Дұрыс емес екенін білемін. Бірақ мен әріптесіме көмектесе салушы ем.
— Сіздің дедлайныңыз ше ?
— Ештеңе етпейді. 🤣

— Конфликтный адамсыз ба әлде тыныш адаммын деп ойлайсыз ба? Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңыз қалай ?
— Былайынша тынышпын, бірақ шұқыласа біразға барып қалуым мүмкін.
— Мысалы ?
— Лаймонда төбелеспекші болғам, конфликт себепкері өзі басын алып қашты. Сол себепті әрі қарай жалғаспады, әйтпесе, аянбас ем.
— Не себепті сонша ашуландыңыз ?
— Қиқым-сиқымға ескерту жасай берді. Болмай кетті, қаным басыма шапты сосын.
— Сондайға жеткізбей-ақ шешуге болмады ма ?
— Мен басында жай үндемей құтылам ба деп ойлағам. Қасымдағы әріптес достарым қанша дегенмен бастығың саналады. Бір ауыз артық сөзін өткізе салсай деген соң үндемей жүргем. Бірақ жалғасын таба берген соң басқа выход таппадым, новичек кезім еді. Оның үстіне опенспейсте отыратынбыз. Барлық адамның көзінге ұрысатын.
— Демек сізге барлығының көзінше ұрысқаны түрткі болды ма ?
— Әрине, қатты айтқысы келсе жеке шақырып алып айтсын .

— Қандай адамды жек көресіз ?
— Өз ісін білмейтін менеджерлерді. Қоқаңдағанмен іс жүргізем деген түр көрсетті ме — болды. Это война !!! Бүгіннен бастап мен шөп жемеген, су ішпеген есекпін. Ұрғанға да, ұрысқанға да көнбеймін әрі қарай.


— Жақсы мінезіңіз қандай ?
— Есеп шығарғанды жақсы көрем. Бірақ бұл мінезге жаптайды ау. Так что не особо )

— Жаман мінезіңіз қандай ? - деп тағы сұрады.
— Жалпы көп қой. Адамға тәннің барлығы маған да жат емес, - деп әңгімеміз аяқталды.

Сол компания тағы хабарға шықты.
Бұл жолы техникалық сұрақтар қойылды. 1 сағат frontend, 1 сағат ,backend - арасында 5 минут қана үзіліс болды.
Шүкір, 99% сұрақтарына сенімді түрде жауап бердім. Айлық қанша сұрайсыз дегенде бірінші айға 500 қолға болады, әрі қарай жайлап көтере берейік деп ем, "иә иә, керемет, ол соманы төлей аламыз" деді.
Ішімнен "өй, ақымақ, 600 демейсің бе" деп бір сыбап алдым өзімді. Дүниеге адам тоя ма ? ! )
Python курсы

Басталуы: 18 қаңтар
Ұзақтығы: 2 ай

Жалағаш IT каналы оқырмандарын Python курсына шақырамын. Питон тілімен бағдарламалар жазуды 2 айда жетік меңгеріңіз.

💡IT саласында 6 жылдан астам тәжірибесі бар мамандардан білім аласыз.

💡8 аптада жаңа тілді үйренесіз.

💡Курс соңында Leetcode-тан "Medium" есепті жарты сағатта шығаратын дәрежеге жетесіз.

💡Қазақстанда практиканы (internship) 1-ші мүмкіндіктен тауып алуыңыз ғажап емес.

💡Google/Facebook-та жұмыс істейтін мамандармен онлайн кездесу мүмкіндігі болады.

2 айлық жоспар: жоспардың сілтемесі

Жоспар жайлы 2-минуттық видео: кіріспе видео

Курстың басталуына екі күн қалды.

Тіркелу үшін: ➡️ @edigerad
☀️🌸🌷

Бүгін қыстың ерекше бір жайма-шуақ күні болды.

Әрі сенбі болған соң жанұяммен уақыт өткізейін деп,
кішкентай қыздарыммен көшеде жүріп қайттым.

Бір кезде темір жолға жақын жерден өтіп бара жатсақ,
жүк таситын пойыздың вагондары тізіліп тұр екен.

Қызық болсын деп қыздарымнан "мына вагондардың ішінде не бар ?" деп сұрадым.

Төрт жасарым:
— Кітап! Ішінде кітап бар! - деп жауап берді.
— Тағы не бар ?
— Ымм... құм бар.
— Тағы не бар ?
— Енше көмір бар тағы, - дейді.

Жауаптары ұнады. Әрі қарай да сұрақ қоя бердім тоқтатпай.

— Тағы не ? - десем, балалығы ойнап кетті ме:
— "Мороженое" бар, - дейді )

— Ал сен қалай ойлайсың ? - деп ортаңғымнан сұрасам:
— Мультик бар ішінде, - дейді😊)
— Вагонның іші толған мультик па сонда ? - десем басын изеп қояды.
Үлкені болса күліп жатыр вагонның ішінде мультик болмайды ғой деп.
Әрі қарай да сұрақтарды жаудыра бердім. Әйтпесе, сәл үндемей қалсаң өздері жаудыра бастайды.
Қызықты өтті қыдыруымыз.

Артынан шұбырып жүріп қойға су-шөбін бердік. Бұзауларға да жем-шөбін бердік.
Әкемен бірге үйттік-бүйттік деп айтып жүреді сосын үйге кірген соң )

Жұмыс-жұмыс деп жүре берсең түбі сол қол тимей кете береді екен жанұяға қарауға.

Ең мықты инвестиция бала-шағаның тәрбиесі деген, жұмыстан қол қалт еткенде бала-шағамен ойнап тұрайық дегім келген осы әңгімеммен 🌷
Кейде курстардың мазмұнында өзіңіздің Facebook, VK не Instagram-ыңызды жасайсыз деп жатады ғой курс барысында. Сол туралы бір-ақ ауыз ой қосайын деп ем.

Негізінде, ол рас әңгіме. Сол сияқты сайттар жасауға болады новичектарды сүйрелеп жүріп. Курс жақсы жүргізілсе қатысушылардың көбісі жасап шығады деп үміттенемін. Көзге біп-бірдей болып көрінетініне не кем дегенде қатты ұқсайтынына күмәнім жоқ👌🏽

Бірақ бұл үлкен айсбергтің ұшы ғана.

Егер барлығы сол сайт жасаумен біте қойса әркім өз алдында бір-бір фейсбук, телеграм ашып алып мәз болып отырушы еді ғой )

Бизнеске тоқтасақ енді.
Программист үлкен жүйенің бір бұрандашасы ғана. (Всего лишь винтик в одном большом механизме). Одан бөлек қаншама мамандар бар. Аналитик, маркетолог, проект менеджер, продукт менеджер, әртүрлі директорлар да бар. Сисадмин бауырларды да ұмытпайық )
Бұл тізім тоқтамай жалғаса береді. Сіздерге құлаққа таныстарын ғана тізіп шықтым.

Манағы әңгімеге қайтып келсек, курс барысында сіз өзіңіздің бөлігіңізді ғана жасап шығасыз программист ретінде.
Оның өзінде де толыққанды емес. 10 адам кірсе құлап қалатын сайт жасап шығасыз : )
Ара-арасында қателері шығып тұрса да айыбы жоқ.

Ондай тәжірибенің мақсаты жақын арада күтіп тұрған тапсырмалармен таныстыру, негізгі түсініктерді қалыптастыру деп ұғамын. Жақын арада жұмысқа тұрсаңыз біршама дайындықпен кірісесіз.
Сөзсіз үлкен плюс👍

Бір дегеннен әлемдік деңгейдегі қосымшалар жасап тастамасаңыз да сол жолдағы бір пункт деп қарастырыңыз сол курста жасайтын проекттерді.

Жақсылап игеріп, мықты қағып алсаңыздар, кім біледі, шынымен де өз фейсбугыңызды жасап қаларсыз бір күні, Аллаһ қаласа 🙂
Көзіңді жұма тұршы.
Жұмдың ба ? Енді елестет, армандап көр... 🙂

🥰 Паһһ, шіркін !

Сен - JavaScript мастер болып кетіпсің делік👑.

Талай құнды кітаптарды қопарып тастағансың 📚.
Жай ғана оқымай алған білімді тереңінен түсініп, практикамен сіңіріп алғансың ❗️.

JavaScript-ті ерекше бір шеберлікпен қолдана білесің.

Балуанға оңы не, солы не деп, кез-келген тапсырманы барынша әсем жолмен шешесің👌🏽.

Уақыт өте айлығың да тек қана өсуде💸.
Компаниялар да таласып жүр. Әркім өз командасына тартып әлек💰.
Қайда жүрсең де тек пайдаңды тигізесің, себебі🤓.

Солай уақыт өтіп жатыр делік.

Сосын бір күндері "Тағамда" тамақ ішіп отсаң, жастар кеп ақыл сұрайды ғой:
— Аға, қай фреймворк оқиын ? - деп.
Бойыңдағы бар салмақтылықты жиып алып, ағалық ақылыңды айтасың:
— Фреймворк күнде шығады. Олардың артынан жүгірмей таза Js-ті оқыңдар. Сонда ертең тағы бір фреймворк шықса, оны да тез игеріп алатын боласың, ал бірден фреймворкке жатып қалған болсаң әрі-бері фреймворк ауысқан сайын біраз уақыт құртатын боласың.

————
Ал енді көзіңді аш, Мұқаш 🙃
Таза тіл оқы, қалғаны өзі келе береді.
Тек js-ке қатысты емес бұл әңгіме, түсінген шығарсың : )
Монополияның буы

Астана мен Қызылорданың арасында Жезқазған арқылы өтетін автобус маршруты бар.
Былайынша жол мәз емес, ойқыш-ойқыш, тас пен құм араласқан. Кейде ми батпақ, кейде құм боран. Барам дегенше тулағың шығады. Нәзік жандарға арналмаған сынақ, қысқасы)

Сол жолдың бойында бір үлкен кафе бар. Шопырлар сол жерге тоқтайды.

Төбесінде шатыры көк. Іші кең. Зәулім ғимарат. Оның үстінде айналасы көкжиегіне көз жетпейтін шөлейт екенін ескерсек, оазис тапқандай қуанасыз ол кафені көріп.

Бірінші рет кіріп жатсаңыз мәз боп қаласыз.
Айдалада мынадай кафе салып қойған кім болса да жараған екен дейсіз.

Бірақ қуанышыңыз ұзаққа созылмайды.
Өйткені, сатушы болып бір қырғын мінезді қарындас тұратын😡👹👺.
"Раздачаның" королевасы👑. Клиентті адам көрмейтін.

"Жасың болсын, кәрің де,
Жақпай тұрсың бәрің де" - деп кім көрінгенмен қызыл кеңірдек болып тұратын әрдайым.

Клиенттер де шетінен қойдан жуас емес қой, кейбірі кері пікір айтып, мұның дұрыс емес қой деп бастаса жауабы дайын. "Ұнамаса тайып тұр!" дейді.

Ол клиент тайып тұруға риза ғой мұндай сервистен, бірақ қайда барады ?

Айналасы шөл дала )

Амал жоқ үнсіз көнеді. Ол көнгенмен, шүйлігіп алған қыз көнбейді бірақ ))
Қайта-қайта "добивка" жасайды алыстан айқайлап.
Сол қыздың ұрысын тыңдааап отырып тамақ ішеді лажсыз клиент.
Рақат. Құлақтан кіріп бойды алады😄

Әрдайым сол сахнаны көрген сайын мына жерде, көшенің қарама-қарсысында тағы бір конкуренты болғанда ғой деп тілеп отыратынмын🥺
Бүгінгі әңгіменің кейіпкері өзімнің студенттерімнің бірі.

Ол өзі мықты тырысатын бала еді әрдайым.

Ең алғаш осыдан пәленбай жыл бұрын алғаш рет программированиеге тартып көрдім.

Ол кезде қабылдауы өте қиын болды😀.

Үй жақта жұмыс істеп жүріп if-else,switch-case деп сабақ өтіп жүретінбіз. Бір сөзді бес қайталаймын.
"Ой, қарасайшы, былай ғой" деп отыра қап жерге таяқпен сызып түсіндірем сосын.
"мынау шарты, мынау блогы, ал мынау else-нің блогы.
if-тің шарты орындалса соның блогы орындалады да else-нің блогына кірмейді.
Ал if-тің шарты орындалмаса else-нің блогына міндетті түрде кіреді" деп нервім шығатын )

Бес минуттан кейін қайтып сұрасаң білмей тұрады. Қайттан басталады басынан😤

"Қойш, сенен түк шықпайды!" деп шауып айтайын десем ынталанып тұр. Ондай адамға қалай қой дейсің. Мұғалім ретінде ақым жоқ қой. Ол да ұрыстың ғой демейді, артымнан қалмайды. Бірақ, қанша тырысса да бірінші ұмтылысымыздан түк шықпады.

Кейін шаруалар шығып, заман өтіп, ол Атырауына кетті универге. Мен де өз жөніммен кеттім, құтылғаныма шүкір деп.


... арада біраз жылдар өтті


Былтыр ауылда it клуб ашқанда оған хабар бірден жетпеген еді.
10-15 бала жиналдық, арасында ол жоқ. Сабағымызды бастап та кеттік.

Бір күні хабарласты. Мен де қатысам деп. Өлмейтін біреу екен өзі де )

Бірақ бұл жолы басқаша. Көзінде оты сол күйі, қабылдауы да жақсарып қапты ) Топқа тез қуып жетіп алды.

Аттап-аттап html,css, js basic өттік. Аттап-аттап VueJs өттік. Заказдар алып, ақша тауып, басқалар жетпеген нәтижеге қол жеткізді.

Әрі қарай не қызық болды дейсіз ғой? )
Сөйтіп жүргенде ол программированиеден де аттап кетті😆🤣

Стартап бастап кетті "ауыл такси" деген 🚕.

Ауылдағы таксисттер мен клиенттердің арасын байланыстырып жүр.

Индрайвер десе болады ғой жергілікті. Әзірге тек вацап арқылы диспетчер болып отыр.
Бір апта енді болады ау бастағанына. Көше кезіп таксисттерге, адамдарға визиткасын таратып шықты.
Офиске келсе бітті қой бар, бірдеңе жаса дейм. Құжаттарын, жарнамасын реттеп жүр. Жолай құлағында телефоны. Әрі-бері клиенттермен сөйлесіп терлеп-тепшуде.

Мынша тұрақты клиент, мынша тұрақты таксиым бар, жалпы мынша заказ орындадым деп деп бір есебін көрсетіп қойды. Блокнотқа қаламмен жазып жүр екен. Цифраларын жария еткім келмей тұр. Көз тиіп кетпесін дейік. 500 тапсырыс орындаса айтар өзі жарыққа шығып )

Біраз адам жиналған соң сайт/приложение керек болады ау деп қоямыз.

Бір күні кеп тұрса тағы "Нұреке, нормальный учениктеріңіз бар ма? Бір заказ бар еді" деп ))
Жә, бұйыртса, бір-ақ ай қалды...

Оңтүстікке көктем тез кіріп келеді. Нұр-Сұлтандағыдай мамырға дейін созылмайды.

Басқаны қайдам, өзім далада азанмен жүгіретін күндерді асыға күтіп отырмын.

Еһһ, куртка орнына спортивканы, етік орнына кроссовки киіп алып, Күншуақтың алаңында басып тұрып бір сағат атша шауып қайтатын күндер тезірек келсе ғой😍

Қыс бойы қамалған бұзаулар көктемде қорадан шыққанда қалай жүгіретінін көргесіздер ме ?))
Көрмеген болсаңыз бұл дүниедегі бір қызықтан құр қалыпсыз.

У-у-у-у-у !! шабады ғой, шабады 🚀

Тігінен салып бір шауып өтеді. Тоқтайды. Тұрып-тұрып бір жанға қарай тағы шабады.
Тоқтағанда шаршағаннан тоқтамайды. "Приключение" іздеп тұрады.
Өтірік бір себеп туса болды. Мысық мяу десе де "мәәә мынау мяу" деді деп тағы да шабады 😆

Жанымен жүгіреді. Доңқиды. Ауаны тебеді. Кунг-фудан да хабарым бар дегендей.

Өз-өзін жоғалтып қояды ғой, қысқасы, далаға шыққанда )

Мен де солай шабам ғой, Аллаһ қаласа, аз қалған шығар.

________________
PS:
Бұзаудың шапқаны әдемі ғой, бірақ қамауды айтсаңызшы сосын 😊