IT Path Kz
289 subscribers
226 photos
3 videos
11 files
273 links
IT және Технологиялар туралы арна
Әңгімелесу орны: https://t.iss.one/itpathkz_chat

Барлық сұрақтар бойынша, баннан шығару - @fafnirdragon (Егер жарнама, болса жаза беріңіз осыған)
Download Telegram
Койылган сурактар сал жогары денгейде болды🤓.
Оларды кунделикты практикада колданбаймыз.
Ал практикада жии кездесетин сурактарды кешке дайындап коямын, буйыртса.
Соны 80% отсениздер демек бари жаксы деген соз🥳
4 пен 5-теринизди койып берем😄
"Кешке" деп ем, кешім түнгі төрт болыпты ғой. Тесттер енді дайын болды. Еш айып етпеңіздер, жұмыстан алаңдататын факторлар өте жиі қайталанды бүгін. Өзім де зығырым қайнап, бір көтеріліп, бір басылдым. Үй мен жұмыстың ортасында бес қатынаған шығармын кемінде. Біресе анау, біресе мынау. Әрі-бері "қыдырып" жүргенде жұмысыма деген махабатым басылып, қайта қаным басыма теуіп бастады. Не деген бітпейтін тірлік) Айдалада өсіп тұрған терек пен жолда жатқан шелек таяқ жеп қала жаздады.

бірдеңе басып "поддержка" көрсетіп қойыңыздар

✊🏽 - өз-өзіңді ұста, боп тұрады ;)
😆 - ахаха, не істейсің ашуланғанмен ? )
html css бойынша тест

Былай деп келісейік. Сіздер жоғарыда берілген тестті зырылдатып бір деммен өте шығасыздар.
Небәрі 40 сұрақ. Шамамен 10 минут уақыттарыңызды алар.
Сөйтіп нәтижесін маған немесе чатқа жазасыздар.
Барлығыңыз жақсы ұпай аласыздар деген үміттемін : )

Сөйтіп, барлығы javascript-ке өте беруге дайын деп шешеміз, бұйыртса.

PS: ертең демалам бір күн. Сосын барып жалғастырармын жобаның жұмыстарын
html, css-ке бір видео түсірейін бе (тестті талқылау)
әлде javascript-ке өте берейік пе ?
Anonymous Poll
77%
иә. бір қайталап, қорытып алайық
23%
жоқ. әрі қарай кете берейік
javascript regular expression.

"регулярное выражение" деген тақырып бейтаныс болса осы видеоны қараңыз.

Толық талқыланбаса да бастапқы кіріспеге жарап қалады.
Түсінбей қалған жерлеріңіз болса чатта бірге талқылайық

_______________
PS: Бұл тақырыпты бір кісі арнайы тапсырыспен сұрап алған😉
қарапайым html - 5 видео

Барынша қарапайым етіп түсіруге тырыстым. Сұрақтарыңыз болса қоя беріңіздер.
Немесе тым қарапайым болса да айтыңыздар, жайлап күрделендіріп көрейін
Жақсы жаңалықтар тоқтамасын🔥

Кешелері біздің клубтың студенті Жасұлан алғашқы табысын 100 мыңнан асырды : )
Осы каналда бұрын жазған ем ғой, ҰБТ-ға дайындайтын бір жігіттердің сайтын жасап жатырмыз деп.
Соның фронтендімен айналысты.
Бір айта кетер тұсы, проект уақытша тоқтады. Заказчиктің қалауымен. Дәл қазір күшімді басқа бір дүниеге жұмсаймын, кейін қайта жалғастырамыз деп шешті. Бастысы біздің қызметімізге риза. Енше жақсы екен. Бір галочка қойып қойдық )

Айтқым келгені, оқыңыздар, ізденіңіздер, талпыныңыздар📚📱💻
Ақша жайлап өзі келе береді бұйырған күні 💰🤩
Қайырлы күн, проргаммисттер : )
🔥кайтемиз ? жақсы жаңалықтарымызды жалғастырамыз ба ?🙃

Сіздер github.io сайтында тегін 1 домен+хостинг алсаңыздар болатынын білетін бе едіңіздер ?
Ол үшін
1 - github.com сайтына тіркелесіз
2 - арнайы репо ашасыз. формуласы: сіздің аккаунтыңыз+.github.io. мысалы, менің аккаунтым karnurmax демек менің арнайы репомның аты karnurmax.github.io
3 - өнеріңізді паш етесіз. (басқаша айтсам, мощный мощный кодтарыңызды пуш етесіз 🤓)


Ал енді сонда да түсінбедім, әлде де түсіндіре берш десеңіздер мархабат
мына сілтеме бойынша видеосабақтар сериясын тамашаласаңыздар болады
Forwarded from IT bilim
Консольды бағдарламалау

Неліктен қазіргі заманғы программисттерге консольді бағдарламалау дағдылары қажет?

Жұмыста ыңғайлылық. Серверде жобаны көтеру және оны басқарудың түрлі жолдары бар. Уақыт және ыңғайлылық жағынан ең тиімдісі терминал арқылы SSH немесе басқа әдіспен қосылу. Жұмыс барысында бірнеше сервермен жұмыс істер кезде консольді бағдарламалау таптырмас бір қабілет дер едім :)

Ұзақ мерзімді перспектива. Жоба тағдыры IDE-мен байланысты болмауы керек. Open source жобалардың көбісі белгілі бір IDE-ге, әсіресе меншікке тәуелді болмауға тырысады.

Open source жобалар. IDE-дің көмегінсіз жоба жасай алатындар open source проектті қолданарда қиындыққа тап болмайды. Бұндай қабілетті дамытпағандар форумдарға «жігіттер, маған көмектесіңдер, Kitap деген библиотеканы ProgramStudio-ға қалай импорт жасаймын?!» деп жазады.

Әлсіз комппен жұмыс істеу. Заманауи IDE-лер жоғары жад пен процессорды жейді, ыңғайлы жұмыс үшін үлкен мониторды қажет етеді. Ыңғайлы кеңседе, жұмсақ креслода үлкен және таза үстелдің басында отырсаңыз, бұл проблема емес. Бұл сіз шалғай жерге іссапармен жүргенде, жол талғамайтын көлікте немесе ұшақ салонында немесе тізеңізде 10 дюймдік ноутбукпен пойыз вагонында жұмыс істегенде қиындық тудырады.

Жоба бойынша қашықтықтан жұмыс жасау. Ия, мұнда балама нұсқалар бар: TeamViewer, TigerVNC. Әрине, өз проблемаларымен.

Психологиялық аспект. Өзіңе деген сенімділік артады, тінтуірдің(мышка) көмегінсіз көп шаруаны тындыра аласың. Хакер тәріздес :)

Программистердің басым көпшілігі Windows және Linux/Ubuntu ОС-пен жұмыс істейді. Консольді бағдарламалауға керекті командалар тізімі сілтемеде көрсетілген. Windows және Linux консоль командаларының сәйкестігі.
Өзімді бір сынап алғым келеді деген жігіттер болса маған жекеге жазсаңыздар болады.
Қысқа уақыттық практика жүргізейік(~10 күн).
Тапсырма аласыздар.
Орындайсыздар.
Бағалаймыз, қателері болса талқылаймыз.

Бұл практиканың артықшылығы :
реальный заказдарды орындайсыздар.
💰 өздеріңізді жақсы көрсетсеңіздер ақша да беріледі
❇️ қолыңыздан келмей қалып жатса ештеңе етпейді, кешіріммен қараймыз.
👌🏽 клиент алдындағы жауапкершілік тек өзімде
📁 өзіңіз қатысқан проекттерді жеке портфолиоңызға алып кетуге рұқсат
📈 ӨСЕСІЗ - тіпті ақша ала алмай қалсаңыз да, міндетті түрде тәжірибе аласыз. заказдарды алу үшін не білу керек екенін шамалап түсіне бастайсыз.

өсем деген жан болса бұдан артық тағы не ұсына аламын ?
Практикаға кіріспе видео түсірдім

Бірінші жолы барлығымыз тек 1 интернет магазин жасайтын болдық.
Егер осы практикадан жақсы өтсек келесі жолы тағы да күрделендіреміз : )

Бастау үшін не орнату керек ?
Сіздерден не талап етіледі ?
Және жақсы өтсеңіздер қандай сыйлықтар күтіп тұр ?
Видеоны мұқият әрі толық қарап шығыңыздар.
сұрақтарды жекеге және чатқа жаза беріңіздер
github,gitlab аккаунттарыңызды маған жекеге жібере беріңіздер. сол бойынша доступ беремін проекттерге.
ең бастысы гит орнатып алыңыздар бірінші кезекте👌🏽
OK let's go !
1 күн күттік.
Қосылатын адамдар қосылды, личкаға github аккаунттарын жіберді.
Барлықтарыңызға қуаныштымын.
Бастай берейік.
Интернет магазиннің фронтендін жасаймыз.
Қолданылатын фреймворк nuxtJs.
Өте ыңғайлы, қарапайым фреймворк. Өзім осы фреймворкты қолданғалы көптеген проблемалардан арылдым )

Реальный проект. Тек фронтендтен тұрмайды. Бэкенді де болады. Бірақ сіздерге оңай болсын деп әуелі тек фронтын жасаймыз. Кейін осындай практика ұнаса жайлап күрделендіреміз.
Қазір git-ке қатысты бір видео саламын. Сол жерден өзіңіз дұрыс жасап жатырсыз ба тексеріп аласыз
практикаға қатысам дегендер мына чатқа қосылыңыздар👇🏽
https://t.iss.one/zh_it_practics_1_e_shop

дауыс, аудио, видео, сурет ата беріңіздер беймарал. бастысы ортаны сыйлаңыздар.
"үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар " : )
https://github.com/zhalagash-it/building-materials-store/
мынау біздің негізгі гит репомыз. осыдан барлығымыз форк жасаймыз.

ал оны қалай жасаймыз десеңіздер мына видеоны қарап жіберіңіздер:

https://youtu.be/e0tdXKHug1Q
https://youtu.be/ptWA6E8ze4U
мына жерде тек сызбасы ғана.
сәлден соң практикада көрсеткен видеоны шығармақпын
git fetch upstream
мынау үй жұмысына керек болатын видео : )

ең бастапқы реподан қалай өзгерістерді алып отырасыз сол туралы айттым.
🏠 - үй жұмысы.
1) ~/pages/students.vue деген бетте
өзіңіздің гитхаб аккаунтыңызды жазып кетіңіз жаңа қатарға.
2) pull request жасаңыз

ертең 2 рет zoom конференция жүргізіледі.
11-12 арасында бір рет

кешке 20-21 сағат арасында

кім тапсырманы орындай алмаса осы zoom конференцияға қатысып жетіп алсын
Қазір Ахмет пен Жасұлан бірінші оффлайн потоктан аман қалған.

Жасұлан үзбей бірдеңе жасап жүр.
2 проектке қатысты. Екеуінде де өзін жақсы көрсете білді. Азын-аулақ ақшасын алды.
Ауыл үшін 100мыңнан басталған табыс та өте жақсы. Құттықтап қоярға тұрарлық.

Ал Ахметтің 1 ай паузасы бар ортада.
1 айдың өзінде дайындалып жүрген адам мен дайындалмай қалған адамның арасы қатты байқалады.
Ахмет негізі бұрын фавориттер қатарында еді. Қазір өткізіп алғанын қуалаумен келеді.
Бірақтан тағы 1 ай өткен соң толықтай өз күшіне енеді деген үміттемін.
Қазір бірінші тапсырысты орындап көруде(лендинг сайт). Бітірген бойда алғашқы табысын алады, бұйыртса.

Осылай...
Менің жұмыс істеу режимім "тарс-тарс в продакшн".
Өйткені ауылдамыз. Жасымыз да кеп қалды.
Жас балдар сынды жылдап оқу оқып жүре алмаймыз.
Тезірек бірінші ақшаға қол жеткізуге тырысамыз.

2-3 ай өліп-талып үйреніп бірінші ақшаңды тауып көрсең, әрі қарай оқуды қайта жалғастыра бересің ғой сосын