Digital Dala
727 subscribers
121 photos
2 videos
20 files
84 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
Сәлем, оқырман! 🥺

Осыдан он күн бұрын кезекті Qazaq Tech Meetup ұжымымен бірге митаптар желісі аналитика тақырыбында болған еді! 🙌

Митапқа 70-тен аса көрермен жиналып, 6 спикер аналитиканың 6 қырына шолу жасады. ❤️

Еске сала кетсек, Digital Dala фаундері Ачилова Алина аналитик мамандығының IT саласындағы түрлеріне тоқталды. 🤔

Ал дата аналитик Темірбек Исламбек уақыт қатарларын деректерді талдауда қалай пайдалануға болатыны туралы, оның ішінде Prophet кітапханасы мен оның ерекшеліктері туралы айтып берді. Оны сақтандыруда және Катардағы маусымдық пен мерекелерді ескере отырып қалай қолдануға болатыны туралы өз тәжірибесімен бөлісті. ✍️

Келесі спикеріміз қазақстандық қарқынды дамып келе жатқан EasyTap стартапының продакт аналитігі Мукашева Дамира стартаптағы инвесторлар үшін маңызды метрикалармен баяндама жасады. Стартапыңызға инвестор тартқыңыз келіп жүрген болса, онда бұл баяндама сіз үшін таптырмас кеңес болғаны. 🤑

Кәрім Әділетпен телекоммуникация әлеміне шолу жасадық. Онда қалай клиенттеі сегментация жасайды және оның маңыздылығы, сонымен қатар клиентті ұстап қалу үшін қандай әдіс қолданады, талдау мен болжау қалай өтеді деген тақырыптарды Әділет ашып берді. 📞

Ал Маратова Алтынай жүйелік талдаушының (системный аналитик) бизнес пен бағдарламаушы арасындағы аудармашы рөлін ашып, ол маман иесі болу үшін не білу қажеттігі туралы баяндама жасады. ☕️

Соңғы спикеріміз әрі осы митап ұйымдастырушыларының бірі Тоқтағанов Әділхан аналитика туралы қызықты да тың ақпараттармен бөлісті. Оның баяндамасынан Симпсон парадоксы, Уилл Роджерс феномені, іріктеу кезіндегі бұрмаланулар тақырыбын өте жеңіл түсінген болатынбыз.🤔

Ал сонымен достар, әрі қарай да осындай ана тілімізде қызықты баяндамалардың қаласаңыздар, бізді барлық әлеуметтік желіде қолдап, достарыңызға айтып жүріңіздер!

Біздің қоңағымыз болып қолдауларыңызға мың алғыс 😍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
15🤩6💅4🔥2👍1🙏1
Forwarded from Beautiful Flower in IT 🌸 (Assemgul Sukhambekova)
IT_әлеміне_шолу,_өз_бағытымды_таңдау.pdf
3.8 MB
Қайырлы кеш! Бүгінгі күндерін жақсы өтті деген сенімдемін. Апталарыңыз одан да керемет, продуктивно өтсің!
Кешегі семинардың презентациясы 👌🏻
6🕊2🔥1🐳1
Достар, мұнда IT-де бағыт таңдай алмай жүрген жандар бар ма екен? Мүмкін әлі де өзіңіздің таңдаған бағытыңызға сенімді емес шығарсыз? 🤪

Онда мына кеңес сіздерге арналады. Әсемгүл Сухамбекова атты бағдарламаушы IT-ға енді аяқ басқан немесе бағытын таңдамаған жандар үшін осындай бағыттарға шолу жасады. 👌

Студенттерімізге пайдалы болар деген ниетте сіздерге “IT әлеміне шолу және өз бағытымды таңдау” атты кішігірім гайдын ұсынамыз. Соңында бағыттарға байланысты тест те бар, пайдаларыңызға жарасын! 👩‍❤️‍👨

#guide #itгекіру
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🕊4🔥3👌1🐳1
Сәлем, әлем! Жобамыздың басталғанына алты айдай болыпты, бірақ сіздермен таныспаппыз, ендеше түзетейік! 🥹

Digital Dala деген не?
☝️

Digital Dala -
қазақ тілінде IT және Технология әлемі жайлы жазбалар мен ақпараттар тарататын медиа ресурс. 👨‍💻


Біздің мақсатымыз қандай?
🤘

👍 Қазақша сапалы мақала жазатын авторлардың жұмыстарын біріктіретін платформа жасау;
👍 Сапалы да сауатты жазылатын нөмірі бірінші медиа контент алаңы болу;
👍 Қазақ тілін Tech әлемінде жаңа деңгейге көтеру;
👍 Кітаптарды/мақалаларды қазақ тіліне түсінікті етіп аудару;
👍 Ауылдағы балаларға IT туралы қолжетімді ақпарат дайындау;
👍 Сапалы материал жасау үшін әр саланың мамандарымен коллаб жасау;
👍 IT жайында танымдық анимациялық бейнелер/оқулық жасау;
👍 Митаптармен коллаб жасап, қазақ тілінде сапалы баяндама жасайтын мамандармен бірге жұмыс істеу.

Сіздерге не ұсына аламыз?
👍

👍QazaqTech meetup командасымен болатын ай сайынғы әр сала бойынша қазақша митаптар желісі;
👍Еліміздегі IT саласында және стартап салаларында жүрген мамандармен YouTube желісіндегі подкасттар айдары;
👍Бағдарлар айдары: IT бағыттары бойынша әр бағытқа кіріспе және минимум білу керек білім туралы ақпарат береміз;
👍Мүмкіндіктер айдары: сіздерге бағдарламалар, жарыстар іздеп қазақ тілінде анонс жасаймыз;
👍Тикток және Инстаграм желілері жеңіл қабылдауға болатын ақпараттарға және анонстарға арналады;
👍Сапалы мақалаларды аударып не қазақ тілінде жазылған мақала авторларынан рұқсат сұрап бір алаңға салу жасалуда;
👍IT-бизнес дүниетанымын кеңейтетін кітаптардың (әзірге шағын) қазақша аудармасын ұсына аламыз.

Команда мүшелері:

Сұрақтар, ұсыныстар бойынша Алинаға не Әйгерімге жаза аласыздар. Сонымен қатар командада SDU студенттері Бексұлтан, Римма, Нұрбол, Еркебұлан, AlmaU студенті Жазира, KBTU студенті Асылниет бар. 🤝

Ендеше сіздермен де таныса отырайық? Қай саланың маманысыз және бізге қалай қосылдыңыз? Бізден не күтесіз және бізге қалай пайдалы бола аласыз? 😺

Tech әлемінде қазақ тілінде бірге сапалы контент жасайық! 👌

Ізгі ниетпен, Digital Dala командасы! 🫶

📱 https://t.iss.one/digitaldala

📱 https://www.instagram.com/digitaldala?igsh=ODN1M25mbG05azNu&utm_source=qr

📱 https://youtube.com/@digitaldala-rh7wl?si=jNkCC9kD1Gp5XboE

📱 https://www.linkedin.com/company/digitaldala/
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥105❤‍🔥4🐳1💯1🍓1🆒1
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар!👋

📣Қазақ тілді митаптар желісі жалғасуда.

💥Бұл жолы митапта - «Жасанды интеллект және машинаны үйрету” әлемімен танысамыз👨‍💻

22 маусым сағат 13:00-де AlmaU университетінде сіздерді күтеміз. Спикерлер жайлы ақпаратты жақынарада жариялаймыз.

📅 22.06.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8fpPoyeRc4i49nvL6

🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып сіздерді осы кездесуімізге шақырамыз🎉

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11🍓31🤩1🐳1💅1
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

Жасанды интеллект және машинаны үйрету саласында жұмыс істейтін білікті мамандармен таныса отырыңыздар!

👥Спикерлер:

🧑‍💻ЖАРМАҒАМБЕТОВ АРМАН
AI Researcher, Meta AI (FAIR)
📋“LLM модельдерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі”

🧑‍💻ЖАРҚЫНБЕК ТЕМІРЛАН
ML Engineer, Dereknet AI
📋“Металлургия саласындағы ML проектер”

👩‍💻ИКРАМ ҒАЙНИ
Data Scientist, Tele2
📋“ML алгоритмдерін үйрету үшін жасанды деректерді құру”

🧑‍💻АМРИН АЙДАР
ML Engineer, Cerebra
📋“Medtech саласындағы Machine learning”

🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
Lead Product Analyst, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“AutoML: Уақытты үнемдеңіз, өнімділікті арттырыңыз!”

🗣️Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, Freedom Finance

📅 22.06.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8fpPoyeRc4i49nvL6

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🍾3🔥2🤔1🐳1
Forwarded from qara
Нарық көлемін қалай бағалауға болады (TAM / SAM / SOM)?

Market Size (Нарық көлемі) — белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір нарықта әлеуетті клиенттердің жалпы саны немесе өнімді немесе қызметті сату көлемі. Бұл стартаптарға өздері бағдарланған нарықтың ауқымы мен әлеуетін түсінуге көмектесетін маңызды көрсеткіштердің бірі.

TAM, SAM және SOM — нарықты бағалау әдістерінің бірі. Бұл әдіс стартаптарға нарықтағы жағдайын жақсырақ түсінуге және тиімді өсу стратегияларын жасауға көмектеседі.

TAM (Total Addressable Market) — нарықтың әлеуетті көлемі немесе оны қанағаттандыру тәсіліне қарамастан тұтынушылардың қажеттілік көлемі. Бұл тек осы мәселеге назар аударса және барлық бәсекелестер өз үлестерін өз еркімен берсе, өнім өсе алатын жоғарғы шек. Әдетте, бұл бағалау экономиканы есептеу үшін аз пайда әкеледі, бірақ тұтынушылар сегментіне және оның қасиеттеріне назар аударуға мүмкіндік береді.

SAM (Serviceable Available Market) — бәсекелестік жағдайды ескере отырып, нарықтың қолжетімді көлемі. Бұл таңдалған қажеттілік контекстінде өнімді дамытудың анағұрлым барабар жоғарғы шегі, өйткені бәсекелестердің профиліне назар аударуға және біз басып алғымыз келетін нарық үлесінде көрсетілген бизнес-модельдің ұзақ мерзімді мақсатты мәндерін тұжырымдауға мүмкіндік береді.

SOM (Serviceable Obtainable Market) — нақты уақыттағы ресурстарымызды ескере отырып, нақты қол жеткізуге болатын нарық көлемі. Бұл бағалау компанияның ағымдағы әлеуетіне, оның таңдалған қажеттілікті қанағаттандыру үшін құндылық ағынын құру қабілетіне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл бағалау бизнес-модельдің жылдық мақсаттары сияқты қысқа мерзімді тұжырымдау үшін жақсы.

Осылайша, деңгейлердің әрқайсысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, өз проблемасына назар аударады және жоспарлаудың нақты көкжиегінде мақсаттарды тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Әрине, бұл нарықты бағалаудың жалғыз жолы емес. Тіпті ең жақсы болмауы мүмкін, алайда, ең көп қолданылатын әдіс.

Линкединдағы пост: https://lnkd.in/eJT6CiPx
🔥31👍1🐳1
Сәлем, достар! Байланыста мүмкіндіктер айдары. Бұл пост аруларымызға арналады! 🧁


WOMEN@DIOR & UNESCO туралы естіп пе едіңіз? 💄

Бұл 2017 жылы негізі қаланған мыңдаған аруға кәсіби түрде өсуге көмектескен әлемдік тәлімгерлік және оқыту бағдарламасы. Қатысушылар Франция, Қытай, Нигерия, Кения, Коста-Рика, Бразилия, Иран және Бангладеш сияқты 58 дерлік әртүрлі елдерді қамтитын әртүрлі бизнес, инженерия, өнер және сән мектептерінен таңдалады. 💐

Шәкірттер білім беру бағдарламасы арқылы гендерлік теңдік және әйелдер көшбасшылығы сияқты бірнеше тақырыптар бойынша көшбасшылар мен қонақ спикерлерден оқытылады. Қатысушыларды мансаптағы алғашқы қадамдарын жасағанда және кәсіби тәжірибесін қалыптастырған кезде Dior тәлімгерлері басшылыққа алады. Әрбір тәлімгер/қатысушы үйлесімділіктеріне негізделген инновациялық тәсіл арқылы сәйкестендіріледі. 🌕

Бағдарлама басты 5 құндылыққа негізделген:

1) Өз-өзіңе деген қамқорлық және өзіңді-өзің тану:

2) Автономия: бостандыққа қол жеткізу - бірге өмір сүрудің этикалық тәсілдерін ойлап табу және құру үшін маңызды негіз. Еркіндік шығармашылыққа жол ашады.

3) Шығармашылық: шығармашылық инновацияларды ынталандырады жарқын болашақ үшін әртүрлі идеялар,ға шабыттандырады.

4) Инклюзив: Инклюзия әр адамға қоғамда заңды, құрметті орын ұсына отырып, дауыс береді.

5) Тұрақтылық

Курстық жұмыстың қорытындысы бойынша қатысушылар жас қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдайтын жоба – «Өзгеріс арманы» (Dream for Change) жобасын құру арқылы үйренгендерін іс жүзінде қолдануға шақырылады. ❤️


БАҒДАРЛАМАНЫҢ 5 НЕГІЗІ

1) Келешегі зор Dior Talent жетекшілігімен жас әйелдерге көшбасшы болуға арналған бірегей тәлімгерлік бағдарламасы.

2) Әлемдегі ең беделді институттардан таңдалған профессорлар, сондай-ақ сұхбатқа қатысуға шақырылған спикерлер басқаратын эксклюзивті курстар арқылы қыздарға жарқын болашақты елестетуге және құруға мүмкіндік беретін заманауи онлайн білім беру бағдарламасы.

3) Жас қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдайтын бастаманы құру арқылы оқуды тәжірибеде жүзеге асыруға арналған жергілікті және нақты жоба: «Өзгеріс үшін арман» жобасы.

4) Жергілікті белсенді іс-шаралармен байланыстырылған және желідегі топтың қолдауына негізделген қауымдастық

5) ЮНЕСКО-да жас әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін шабыттандыратын спикерлердің қатысуымен өткен жаһандық конференция


ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕСІ:

Барлық қатысушылар 3 критерий бойынша таңдалады: талант, амбиция және жомарттық. Олардың барлығы армандары және потенциалы бар жас қыздар болуы тиіс. Сонымен қатар оларды өздерінің кәсіби табыстары әйелдердің қоғамымен байланысты деген түсінік біріктіреді. 🎀


ТЕК ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛАДЫ:

⁃ Қазіргі уақытта университетте оқитындар
⁃ Соңғы курстағы бакалавриат студенттері НЕМЕСЕ аспиранттар (магистратура, PhD…)
⁃ 30 жасқа толмағандар
⁃ Ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындар
⁃ Бұрын Women@Dior бағдарламасына қатыспағандар
Егер сіз бұл мүмкіндік туралы ЮНЕСКО арқылы білсеңіз, оны түйіндемеңізде (CV) және ілеспе хатыңызда (cover letter) нақты көрсетіңіз.

МҮМКІНДІКТЕРДІ ЖІБЕРІП АЛМАЙЫҚ! ⏰️

Толығырақ ресми сайтында: https://womenatdior.com/?li_fat_id=8284896e-391a-4de0-a982-61b5698ca3dd

#мүмкіндіктер #қыздарға #мүмкіндіктерайдары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🥰1👌1🐳1😇1
#itnomads_events #bigdata
Big Data Platform Meetup 📢 Қазақ тіліндегі алғашқы Big data-митап!

👋🏼 Баршаңызға сәлем! Big Data Platform арнасына қош келдіңіз 🤗

20 маусымда data science, инженерия және аналитика саласындағы жетекші мамандардың басын қосатын қазақ тіліндегі Big Data Platform Meetup өтеді.

Кездесуде біз Machine Learning дегеніміз не, деректерді талдау не үшін қажет екенін және деректерді сақтау мен өңдеу, сондай-ақ автоматтандырумен не істеу керектігін түсінеміз.

Толық бағдарлама мен спикерлерді тіркелу сайтынан көре аласыздар 🙂.

📍 Мәңгілік Ел даңғылы, С4.6, Astana Hub, Астана, Казахстан

@itnomads_kz
6🐳3🔥2
Forwarded from QazTech Meetup
‼️‼️‼️‼️Өзгерістер‼️‼️‼️

Сәлем, достар!👋

Біз белгілі бір себептерге байланысты митаптың өткізілетін орнының өзгергендігін хабарлаймыз.

📍Жаңа өтілетін орын: Абай көшесі 8а, UIB университеті, 113 аудитория

Уақыты өзгеріссіз қалады.

Барлықтарыңызды асыға күтеміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
UI/UX дизайнның қызықты әлеміне қош келдіңіз!
(бір кесе шәй ұзақтығы)

Егер сіз осы қызықты бағытта өз жолыңызды енді бастап жатқан болсаңыз, онда бұл бағдар сізге арналады.

UI/UX дизайн дегеніміз тек әдемі интерфейстер жасау емес, бұл - пайдаланушыларды бір қарағанда ғашық қылдыратын өнімдерді жасау үшін функционалдылықты және эстетиканы біріктіру өнері. Ол пайдаланушы тәжірибесін соңғы тұтынушы үшін мүмкіндігінше ыңғайлы, түсінікті және жағымды етуге бағытталған сала.

Сіз бастаушы дизайнер болсаңыз да, әзірлеуші болсаңыз да, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан болсаңыз да, мұнда сіз өзіңіздің шығармашылық сапарыңызға көмектесетін пайдалы ақпарат пен кеңестер таба аласыз.

UI/UX дизайн әлеміне қызықты саяхатты бастайық және сіздің өнімдеріңізді пайдаланушылар үшін ерекше және таңғажайып етіп жасауды бірге үйренейік!

Сонымен, UI/UX дизайн дегеніміз не?

UI/UX дизайн - бұл екі терминнің аббревиатурасы болып табылады:
UX - пайдаланушы тәжірибесі. UX дизайнерлер өнімді ыңғайлы етеді, пайдаланушыға қажетті ақпаратты тез табуға және онымен оңай араласуға мүмкіндік береді. Қай беттен кейін не ашылу керек екенің жоспарын құрады.

UI - пайдаланушы интерфейсі. Дизайнерлер өнімнің сыртқы түріне жауап береді: түстер, қаріптер, батырмалар және басқа элементтер. Олардың міндеті - интерфейсті әдемі және түсінікті ету.

Қысқасы, UX және UI дизайн бір-бірімен тығыз байланысты: UX не істеу керектігін, ал UI оның қалай көрінетінін анықтайды. Жақсы өнімді жасау үшін екі аспект те маңызды.

Осылайша, UI/UX дизайн өнімнің сәтті болу мүмкіндігін едәуір арттырып, пайдаланушылар үшін тартымды және жағымды етеді.

Ал сіз UI/UX дизайнерлердің жұмысын қалай елестетіп едіңіз?

#uiux #bagdar #design #ui/ux
4👏3🕊2🐳2
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

«Жасанды интеллект және машинаны үйрету» саласындағы кездесуіміздің уақыт кестесін назарларыңызға ұсынамыз!

🕐12:45-13:00
Жиналу уақыты

🕐13:00-13:25
🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
LEAD PRODUCT ANALYST, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“AutoML: Уақытты үнемдеңіз, өнімділікті арттырыңыз!”

🕐13:25-13:50
🧑‍💻ЖАРҚЫНБЕК ТЕМІРЛАН
ML Engineer, Dereknet AI
📋“Металлургия саласындағы ML проектер”

🕐13:50-14:15
👩‍💻ИКРАМ ҒАЙНИ
Data Scientist, Tele2
📋“ML алгоритмдерін үйрету үшін жасанды деректерді құру”

🕐14:15-14:40
🧑‍💻АМРИН АЙДАР
ML Engineer, Cerebra
📋“Machine learning in Medtech”

🕐14:40-15:05
🧑‍💻ЖАРМАҒАМБЕТОВ АРМАН
AI Researcher, Meta AI (FAIR)
📋“LLM модельдерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі”

🕐15:05-16:00
Нетворкинг, сұрақ-жауап уақыты

🗣️Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, Freedom Finance

📅 22.06.2024 13:00 - 17:00
📍 Абай көшесі 8а, UIB университеті, 126 аудитория
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8fpPoyeRc4i49nvL6

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐳5🦄2
Forwarded from QazTech Meetup
Қайырлы күн, достар 👋

Бүгінгі митаптың өтетін орынына төмендегі картамен бара аласыздар

📅 22.06.2024 13:00 - 17:00
📍 Абай көшесі 8а, UIB университеті, 126 аудитория
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8fpPoyeRc4i49nvL6

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🕊1