Digital Dala
727 subscribers
121 photos
2 videos
20 files
84 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
Digital Dala
Сонымен 🤘 Эрик Рис ең басында өзінің тәсіліндегі ең маңызды әрі бірнәрсе бастаған сәттегі ең алғашқы қадам validate learning екенін түсіндіреді. Ал Validate Learning дегеніміз не? Мұны сөзбе-сөз қазақ тіліне аудару өте қиын. Қарапайым тілмен түсіндірсек…
Бәріне сәлем 🥰,

Lean Startup тақырыбын жалғастырамыз ба? 🙏

Validate Learning естеріңізде ме? Келесі бөлімге өтеміз бе?
Онда кеттік, гипотеза құрып алдыңыз, оны тексердіңіз, ары қарай не істейміз?

🚩🚩🚩🚩
MVP
дегеніміз не?

Бұл - минималды жарамды өнім. Қисық болса да, қиғаш болса да, оның басты жұмысы - тұтынушының алдында тұрған негізгі мәселені шешу. 💡

Мысалы, клиентте шеге бар делік. Ол шегені қаққысы келеді. Ал ол үшін оған шегені соғатын құрылғы қажет. Әрине, сіз керек құралдың балға екенін білесіз, бірақ бір сәтке ондай құрал жоқ деп ойлайық. Сіз осы шегелерді қағатын құрылғы ойлап тапқыңыз келеді. Бұл құрал қызыл 🔽 немесе жасыл 🔼болады ма, әлде ағаш немесе пластик тұтқасымен болады ма маңызды емес. Сізге жай сол шегелерді қағамын деген басты мәселені шешу керек, соған қарай өнім шығарасыз. 🛠

Қорытындылай келе 👩‍💻:
Өніміңіздің mvp-і қарапайым және сіз ойлаған ең маңызды мәселені шешуі керек. Сонымен қатар, ол ең соңғы әрі идеалды нұсқа емес немесе толық бағдарлама, дайын өнім емес. Бұл - клиенттің негізгі мәселесін шешетін және сіз барынша жылдам жасай отыра, өнімнің шынымен қажеттілігін тексеруге әрі қарай тексеруге көмек беретін құрал. 👏🆒

#leanstartup #product #startup #validating #mvp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
13🔥6👍2🤓2🦄2👌1🐳1👨‍💻1🫡1
Сәлем достар!

Сіздерге хабарландыру! Digital Dala - ның ұйымдастырушылары GDG (Google Developers Group) мүшелері болғандықтан біз ұйымдастырып жатқан ивенттің өткізу тілі орыс тілі болғанына қарамастан сіздерге пайдалы болар деп бөлісуді шештік.

GDG Almaty #BuildForAl оқиғалар легімен таныстырамыз!

Осы жолы Flutter және Dart-тағы GDE, Саша Денисов қызықты семинар өткізбек. Онда сіз Gemini Al-ді платформалық Flutter қосымшаларыңызға қалай жеңіл интеграциялау жолын зерттейсіз.

EPAM Flutter Discipline бөлімінің басшысы ретінде (Германияның Мобильді бөлімі) Саша арнайы Алматыға ұшып келіп ертең сіздермен өз білімімен және тәжірибесімен бөліспек.

• СЕМИНАР АЛДЫНДАҒЫ ТЕЗ ОРЫНДАЛУ КЕРЕК ҚАДАМДАР:

💻 Ноутбукке немесе компьютерге Flutter бағдарламасын орнатыңыз: https://docs.flutter.dev/get-started/install
💻 Семинарға Google-дан танымбелгілерге қол жеткізу үшін Google әзірлеуші профилін толтырыңыз: https://developers.google.com/profile/u/me
💻 Мына форманы толтырыңыз (мында тегін бейдж алып, сосын курстерде қолданса болады): https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe86OO6Tew0SqNIJzhjUcl0Fb9khwlbpVUVBAw_nPjFXJQwvQ/viewform?usp=sf_link
💻 Орын алу үшін және AI-мен жұмыс істейтін қосымшалардың болашағын жасау үшін қазір тіркеліңіз!
https://gdg.community.dev/events/details/google-gdg-almaty-presents-ai-battle-in-your-flutter-app-with-genai/

Воркшопте бірге сіздермен код жазамыз 😓


Семинар ақпараттары:
📅 Күні: 18 сәуір
🕒 Уақыты: 18:30-21:00
📍 Орналасқан жері: AlmaU, А401

#GeminiAI #Flutter #AIIntegration #event #livecoding🚀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍421🔥1🐳1🆒1😎1
CALL FOR PAPERS!!!

Сәлем, достар

QazaqTechMeetup және
Digital Dala қазақша IT жиындар желісін жалғастырады!

Ұйымдастырушылар ұжымы кездесулерді әр бағыт бойынша өткізуді шешті.

Ендеше, келесі бағыт -
Data/Business/System аналитика саласы. 🦋

Осы бағдар бойынша өз тәжірибесімен бөлісе алатын IT мамандарын іздейміз!

Егер сіздің тәжірибеңізде бөлісетін қызықты жағдаяттар, баяндамалар болса - мархаббат немесе сондай таныстарыңызды пікірде белгілеп кетіңіз!

Осы бағытта спикер болуға қызықсаңыз сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdz9BZCUTKAdm-Z3Rp5Sxhpeu-On38-6xqfnDbM2j7HaevY0w/viewform?usp=sf_link
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🔥3🐳2💯1👨‍💻1🆒1
Digital Dala
Бизнес Аналитик мамандығына нұсқаулық (гайд) 💯 Бизнес-аналитик деген кім? 👉 IT саласында не өзгереді? Бағдарлама әзірлеушісінің (разработчик) құралдары мен тілдері өзгереді. 🤓 IT саласында не өзгермейді? Коммуникация мен бірін-бірі түсіну қажеттілігі…
Шайыңызды құйып, отырып, біздегі жаңа постты оқыңыз ☕️

Ал біз Бизнес анализ бағдарын жалғастырамыз 🙏

Бизнес анализдің алдыңғы постында маманға диаграммаларды сызып біліп, ақпаратты жеңіл әрі ыңғайлы түрде жеткізе білу керектігін атап өткенбіз.

Бүкіл ақпараттың бірнеше саласында визуалдауға, талдауға арналған құралдары:

- Деректерді модельдеу
- Процесстерді модельдеу
- Жұмыс көлемін басқару

Енді әрқайсысының өзіндік бірегей көзқарасымен, құралдарымен таныс болайық:

Деректерді модельдеу 🔝:

a) ER-диаграммалары:

XXI ғасырда, ақпарат дәуірінде қолда бар деректерді деректер қорында (база данных) үйіп-төгіп қоя сала алмаймыз, әрине. Кез келген өзін құрметтейтін, деректерге негізделген кәсіпорынның негізінде деректерді модельдеу өнері жатыр. Дата инженерлер мен аналитиктер арқасында көптеген пайдалы ақпарат сол деректердің жиынтығы - қордан алынып жатыр. Кез келген софт, мейлі сайт, мейлі қолданба болсын - деректерді алып-салып, тасымалдайды. Сол деректерді дұрыстап сақтап, өзара байланысын көрсету үшін қолданылатын құрал - Нысан-қатынас диаграммалары. Нысан-қатынас (ER) диаграммалары жүйедегі әртүрлі нысандар арасындағы қарым-қатынастарды жарықтандыратын тірек ретінде пайда болады. Әр нысан - белгілі бір класс немесе объект. Әр нысанның қасиеттері көрсетіліп, өзара қатынастары сызықтар арқылы салынады. Бұл сенімді дерекқорларды жобалауға, деректер ағынын оңтайландыруға және нақтылықпен әрекет ететін түсініктерді шығаруға мүмкіндік береді.

b) Процесті модельдеу: BPMN

Бизнес-процесс моделі мен нотациясы (BPMN) - белгілі бір процесстің жоғары деңгейлі жобасын салуға мүмкіндік беретін модельдеу. BPMN күрделі бизнес-процестерді жалпылама, ыңғайлы түрде суреттеп, түсіндіруге арналған. Таңбалар мен конвенциялардың стандартталған жиынтығы арқылы BPMN диаграммалары жұмыс үрдістерін, әрекеттерді, таңдауларды, шешімдерді бейнелеп, басынан аяғына дейін жолды көрсете алады. Процестерді сіңімді компоненттерге бөлу арқылы BPMN ұйымдарға тиімділікті оңтайландыруға, үздіксіз жақсартуға және өзгеретін нарық динамикасына тез бейімделуге мүмкіндік беріп, мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) ортақ түсінігін арттырады.

c) Жұмыс көлемін басқару: Контекст диаграммалары және қолдану жағдайлары (Use Сases)

Көлемді басқару талаптар мен шектеулер негізінде құрылғалы жатқан жобаның іргетасын қалау ретінде десек болады. Контекст диаграммалары қарастырылып отырған жүйені және оның сыртқы интерфейстерімен бейнеленетін ұлы жобаны ұсынады. Use Case диаграммалары - акторлар (жүйемен әрекетке түсетіндер) мен жүйе функциялары арасындағы өзара әрекеттесуді бейнелейтін құрал. Олар бірге жоба топтарына жоба шекараларын анықтауға, мүдделі тараптардың қалауларымен жұмысты жеңілдетіп, стратегиялық мақсаттарға сәйкес келетін шешімдерді жеткізуге мүмкіндік береді. ✔️

Бизнесті басқару оркестрінде модельдеу және басқару әдістері симфония іспеттес жетістікке алып келеді. ER диаграммаларының, қолдану жағдайлары, BPMN және контекст диаграммалырының күшін пайдалана отырып, жұмысыңызды жеңілдетіңіз 😉.

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!



#businessanalyst #businessanalysis #bagdar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12👍4👏3🍓211🐳1
Сүйінші, достар! 👋👋

Digital Dala ютуб каналында алғашқы подкаст жарыққа шықты! Каналымызға тіркеліп, пікір, қолдау не критика қалдырып кетіңіздер! 👍👍

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=-u4ohrIGkZ4

Подкаст тақырыбы MAANG-қа апарар жол жайлы болмақ. 2023 жылғы статистика бойынша әлемге әйгілі Google компаниясында 100-ге жуық қазақстандық жұмыс жасайды.

Бұл подкастта Кербез Оразғалиеваның осы жолдағы тәжірибесімен және бағдарламаушыларға кеңестерімен бөлісетін боламыз. 👏👏

Түсірілім қонағы: 📣🔝
Кербез Оразғалиева - ex-Google Software Engineer
LinkedIn: https://www.linkedin.com/in/kerbez-orazgaliyeva-5a2953176/;

Подкаст жүргізушісі: 🎤
Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert;


Келесіде қонақ ретінде кімді көргілеріңіз келеді? ☝️☝️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👍4😍4👏2🤩21🐳1
Logo Presentation - Digital Dala.pdf
7.6 MB
Достар, сіздерге қуанышты жаңалығымыз бар!🚀🎉

Digital Dala-да логотип жасалынды.
Оның концепциясы бойынша шаңырақ еліміздегі басы біріккен IT мамандарын білдірсе, оны айнала қоршаған сызықтар цифрландыру векторын көрсетеді, яғни, қоғамды бірге қазақша цифрландырайық деген түсінік береді.👨‍💻

Қазақша IT медианы жаңғыртуға деген алғашқы қадамдарымыздың бірі. Пікірде логотип туралы өз ойларыңызды, қолдауларыңызды жазсаңыздар болады! 💌

Команда дизайнері @sayin_yereke - ге алғыс айтамыз!🤝
17🔥8👏7👍2💯21🥰1🎉1🐳1
Достар, демалыстарда көп күттірмей подкастар ізін жалғайық ☺️

Growth Hacking жайлы бұрын соңды естіп пе едіңіз?

Ол стандартты емес, оңай шешімдер мен тәсілдер арқылы компанияны немесе стартапты кеңейтуді және жылжытуды қамтитын маркетингтегі тұжырымдама.

Ендеше бұл подкастта Ғинаятова Софияның шетелдегі Growth Hacker ретіндегі тәжірибесі туралы сөз қозғадық. Қазақ жастарының шетелді бағындыруы, мүмкіндітерді қолдану, мультипотенциал адамдар тақырыбы сізді қызықтырса, онда Софиямен подкаст сізге арналады. 🤩

Подкаст тақырыбы: Өсу хакері (Gowth Hacker) деген кім?

Подкастқа сілтеме: https://youtu.be/EWEJfYpCmEo?si=oITqfrZuTXDgcZ8p


Түсірілім қонағы:

София Ғинаятова - Сингапур компаниясында Growth Hacker, Сауд Арабиясының проектінде Project Manager;
LinkedIn: https://www.linkedin.com/in/sofiya-ginayatova/ 👩‍💻

Подкаст жүргізушісі:

Римма Төлеуғали – СДУ 4-курс студенті, 1Fit компаниясының маркетинг аналитигі. 💃
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13👏3🙏2
Forwarded from Nurzha
Cәлем, достар👋
Қалдарыңыз қалай?!

Сіздерге жақсы жаңалықтармен оралдық🥳

‼️Мұқият талқылаудан кейін біз IT-дің әртүрлі салалары бойынша митап ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Міне, келесі кезекте - Аналитиканың қызықты әлеміне арналған митап👨‍💻

Сіздерді 18 мамыр сағат 13:00-де AlmaU университетінде асыға күтеміз. Спикерлер жайлы ақпарат кейірінірек жіберілетін болады.

📅 18.05.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/kpWVDWErAwbLwHpo7

🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып сіздерді осы кезедсуімізге шақырамыз🎉

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏104🔥1🐳1
Сәлем достар 🏔

Қалайсыздар? ☕️👩‍🦰

Бізде екі подкаст шыққан, олардың мақсатының бірі - ауылдық жерлерде тұратын не орысша жақсы түсінбейтін жаңдарға IT-дегі көп мүмкіншілірктер жайлы ақпарат беру болатын. Жалпы қалай сіздерге, ұнады ма? Қарадыңыздар ма? Егер ашпасаңыздар, неліктен? 📽🎧

Басқа сұрақ - кімді келесі эпизодқа шақыруға ұсыныс білдіресіздер? ☕️💻
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
15💅3🤝2🐳1
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

Аналитика саласында жұмыс істейтін білікті спикерлерімен таныса отырыңыздар!

👥Спикерлер:

🧑‍💻ТЕМІРБЕК ИСЛАМБЕК
SENIOR DATA ANALYST, QIC (ex. Kolesa Group)
📋“ML-дің көмегімен болашақ трендтерді қалай болжауға болады?”

👩‍💻МУКАШЕВА ДАМИРА
PRODUCT ANALYST, Easytap
📋“Инвесторлар үшін маңызды метрикалар”

🧑‍💻КӘРІМ ӘДІЛЕТ
SENIOR DATA ANALYST, Kazakhtelecom
📋“Телекомда клиенттерді сегментациялау ерекшеліктері”

👩‍💻МАРАТОВА АЛТЫНАЙ
SYSTEM ANALYST, FreedomPay (ex. Bank CenterCredit)
📋“System Analyst: IT және бизнес арасындағы адам-аудармашы”

👩‍💻КАНИЕВА НАРГИЗ
ADVISER Data&Analytics, PwC Kazakhstan
📋“Azure Stream Analytics арқылы деректерді өңдеу желісін оптимизациялау”

🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
LEAD PRODUCT ANALYST, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“Деректерді талдаудағы тосынсыйлар”

👩‍💻АЧИЛОВА АЛИНА
Senior Professor of Practice & IT Startup Mentor at AlmaU, Google Developer Expert Organizer (ex. Senior Business/System Analyst at Air Astana)
📋“Аналитик бесаспап маман: мамандықтың қырлары мен сырлары”

🗣️Кездесу модераторы:
Досмұхамед Али
Analyst, Freedom Bank
(New Delta Research, BI Group)

📅 18.05.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/kpWVDWErAwbLwHpo7

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
17🔥3👍2❤‍🔥1🐳1
Forwarded from QazTech Meetup
Сәлем достар👋

Ертең өтетін кездесуіміздің уақыт кестесімен таныса отырыңыздар:

🕑 12:50 - 13:00
Танысу және жиналу

🕑 13:00 - 13:25
👨‍💻АЧИЛОВА АЛИНА
Senior Professor of Practice & IT Startup Mentor at AlmaU, Google Developer Expert Organizer (ex. Senior Business/System Analyst at Air Astana)
📋“Аналитик-бесаспап маман: мамандықтың қырлары мен сырлары”

🕑 13:25 - 13:50
🧑‍💻ТЕМІРБЕК ИСЛАМБЕК
SENIOR DATA ANALYST, QIC (ex. Kolesa Group)
📋“ML-дің көмегімен болашақ трендтерді қалай болжауға болады?”

🕑 13:50 - 14:15
👩‍💻МУКАШЕВА ДАМИРА
PRODUCT ANALYST, Easytap
📋“Инвесторлар үшін маңызды метрикалар”

🕑 14:15 - 14:30
Үзіліс

🕑 14:30 - 14:55
🧑‍💻КӘРІМ ӘДІЛЕТ
SENIOR DATA ANALYST, Kazakhtelecom
📋“Телекомда клиенттерді сегментациялау ерекшеліктері”

🕑 14:55 - 15:20
👩‍💻МАРАТОВА АЛТЫНАЙ
SYSTEM ANALYST, FreedomPay (ex. Bank CenterCredit)
📋“System Analyst: IT және бизнес арасындағы адам-аудармашы”

🕑 15:20 - 15:45
👩‍💻КАНИЕВА НАРГИЗ
ADVISER Data&Analytics, PwC Kazakhstan
📋“Azure Stream Analytics арқылы деректерді өңдеу желісін оптимизациялау”

🕑 15:45 - 16:10
🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
LEAD PRODUCT ANALYST, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“Деректерді талдаудағы тосынсыйлар”

🕑 16:10 - 17:00
Нетворкинг, сұрақ-жауап уақыты


📅 18.05.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/kpWVDWErAwbLwHpo7

🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып сіздерді осы кезедсуімізге шақырамыз🎉

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍1🐳1🍓1
🌟 Жаңа постымызды қабыл алыңыз! Бүгінгі тақырыбымыз - IT жоба басқаруындағы екі негізгі әдістемелері: Waterfall және Agile

🔍 Біз сіздерге әр әдістің сипаттары, мықты және әлсіз тұстарын салыстыра отырып, негізгі білімдерін қамтып, меңгеруге көмектесеміз!

☕️ Әдеттегідей, шайыңызды құйып алыңыз да, біздің жаңа постымызды оқып, жоба басқарудың қыр-сырын меңгеріңіз!

Жоба басқарудағы кең таралған әдістемелер: Waterfall мен Agile (Scrum, Kanban)

Кез-келген жоба мына сатылардан өтеді: талдау, жоспарлау, орындау, және іске асыру, сынау, енгізу және әрқашан қолдау.

Waterfall әдісі
Waterfall әдісі - бұл жоба басқарудағы дәстүрлі көзқарас. Рисктер мен белгісіздікті азайту мақсатында бақылауды барынша арттыруға бас назар аударылады. Осылайша өзінің қатаң құрылымымен ерекшеленеді. Бұл болжамды және алдын-ала жоспарланған жобалар үшін өте ыңғайлы.

Agile әдісі
Agile - жобаны басқарудағы заманауи әдіс, ол жұмыс процесінің икемділігіне және жеделдігіне негізделген. Жұмыс процесі қысқа мерзімді спринт/итерацияларға бөлінеді. Ол белгісіздіктің жоғары дәрежесін қабылдай отырып, қысқа уақытта бизнес құндылығын жылдам жеткізуге бағытталған. Agile моделінде ең танымал екі үлгі: Scrum және Kanban бар.

Екеуінің айырмашылығы:

Waterfall әдісінде проекттің өмірлік циклдарында басқа этапқа көшіп кете алмайсыз, бір қадамнан кейін екінші қадамға өтесіздер. Мысалы, сынау (testing) кезінде егер бір қателіктер тапсаңыз, орындау (разработка) кезеңіне қайтып орала алмайсыз, сол қатені жөңдеу үшін; Бүкіл циклді бітіріп, проектті енгізіп, қайтып жаңа цикл бастау керек сол қатені жөндеу үшін.

Ал Agile-да кезеңдердің арасында қыдырып жүре беруге болады: мысалы, орындау (разработка) кезеңінде, дизайнда өзгеріс жасағыңыз келді, сол этапқа (жоспарлау) көшесіз де, спринтке тапсырма ретінде алып, өзгерістер енгізе бересіз. ✏️

Ал сіздер қай әдіспен жұмыс жасайсыздар? Пікірде бөлісіп отырыңыздар ☕️

#agile #waterfall
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🍓31🐳1
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем достар, сіздердің сұрауларыңызбен 18 мамыр өткен митаптың презентациялары🚀

Митап туралы фидбэкті төменге қалдырып кетіңіз💌
👏4🕊3🐳1