Digital Dala
726 subscribers
121 photos
2 videos
20 files
84 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

Біздің @digitaldala-мен біріккен кездесуміздің спикерлерімен таныса отырыңыздар!

👥Спикерлер:

🧑‍💻 Рахым Тасқын
Senior Business Analyst, QalanKZ
Ex Data Analyst, Ergeon.inc (California USA)
📋“SMART Cұрақ шешімнің жартысы”

👩‍💻Аяулым Әлжан
Beeone, Mobile әзірлеушісі
📋“Фигма токендерінің React-native-те қолданылуы”

🧑‍💻Темірбек Ислам
Startios.kz мектебінің негізін қалаушы.
ex Kolesa, sber, abr
📋“IT кәсіпкерлік: Қалай тәлімгер болуға және өз курсыңызды ашуға болады?”

👩‍💻Айгүл Үрпекова
Bereke Bank, DevRel
📋“DevRel әдістерін қолданып қызметкерлерді қалай жұмыс істеуге қызықтыруға болады?”

🧑‍💻Оразалы Нұрсұлтан
CEO/Co-founder at Event Go 📋“Product Discovery процессін қалай өткізуге болады?”

🧑‍💻Сыдықов Сәкен
Senior PM/Game Producer, Qalan
📋“IT өнімдерін геймификациялау”


🗣️Кездесу модераторы:
Досмұхамед Али
Analyst, Freedom Bank
(New Delta Research, BI Group)


📅 13.04.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/oicv8tmWM9WVgwhS7

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥81🐳1
Бизнес Аналитик мамандығына нұсқаулық (гайд) 💯

Бизнес-аналитик деген кім? 👉

IT саласында не өзгереді?
Бағдарлама әзірлеушісінің (разработчик) құралдары мен тілдері өзгереді. 🤓

IT саласында не өзгермейді? Коммуникация мен бірін-бірі түсіну қажеттілігі өзгермейді. 🙂

Бизнес-аналитик өмірінің мәні - әріптестердің өзара және клиент арасындағы қарым-қатынасты орнатып, қажетті өзгерістерді сәтті жүзеге асыру. 💃

Біздің нұсқаулығымыз бизнес аналитик білу керек құралдар, дағдылар мен ресурстар туралы болады. Егер сіз бизнес аналитик мамандығымен қызықсаңыз және неден бастайтыңызды білмесеңіз, біздің нұсқаулықты оқуға кеңес береміз.
Немесе БА деген кім екенін білмесеңіз. 👨‍💻

Қызық ақпарат: Бизнес анализ бен Бизнес аналитика - екі түрлі ұғымдар 😲

Бизнес Анализ мамандығында жұмыс жасағысы келетін маманда арнайы бір қабілеттерінің болуы және де әртүрлі құралдарды білуі өте маңызды. ✔️

#businessanalyst #businessanalysis
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5👍2🔥2🐳1
Бизнес аналитик үшін маңызды:

1. Техникалық тапсырма (ТЗ, техническое задание) құра білу.

Бизнес-аналитик жұмысының бастамасы - клиент сұранысын түсініп соған жарамды болатын өнім жасай алу 👍

Бұл мақсатта бизнес-аналитик мынаны білу қажет:
a) Талаптардың (Requirements) түрлерін білу;
b) Талаптарды анықтау жолдары (Requirements Elicitation/Gathering);
c) Талаптардың өмірлік циклі (Requirements Lifecycle);
d) Талаптардың қайсысы басым екенін анықтай білу (Prioritization);
e) Рисктермен жұмыс (Risk Management);

2. Диаграммалармен жұмыс істеу.

Бизнес-аналитик көптеген ақпаратпен жұмыс істейді. Сол ақпаратты талдауға, көрсетуге және әңгімелеуге диаграммалар көмектеседі 📊

Бұл мақсатта Бизнес Аналитик мынаны білу қажет:
a) Деректерді Модельдеу (Data Modeling): ER-диаграммалар;
b) Бизнес Процесстерді көрсету үшін модельдер құрастыру (Process Modeling): BPMN мысалы;
c) Жұмыс көлемін анықтап-басқару (Scope Management):
Context, Use Case диаграммалар;
d) Рисктерді модельдеу (Risk management): ROAM Моделі;

3. Талдау (Анализ) жасау.

Бизнес-аналитик ұзақ мерзімге, алдын ала процесстердің болашағын көріп, талдап білуі тиіс. Бұл мақсатта неше түрлі ақпаратты зерттеп, үлкен деректертермен, сандармен жұмыс жасап, сол сандармен деректердің астында қандай құнды ақпарат жатқанын түсіне білу 📉.

Мысалы:
a) Стейкхолдерлерді Талдау/ Stakeholder Management
(Бүкіл проектке қызығушы, қатысы бар адамдар);
b) SWOT Талдау(Мықты және әлсіз тұстар, проекттің мүмкіндіктері мен қауіптерін талдауы);
c) Қабылдау Шарттары(Жұмыстың бітті деп саналуын қадағалайтын ресми талаптар тізімі);
d) Себеп-салдар Талдауы/Root Cause Analysis(Ақиқатты анықтау үшін жасалатын қадамдар);
e) Бәсекелестерді Анықтап Талдап-зерттеу/ Competitive Analysis;

#businessanalyst #businessanalysis
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥42🐳1
QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋 Біздің @digitaldala-мен біріккен кездесуміздің спикерлерімен таныса отырыңыздар! 👥Спикерлер: 🧑‍💻 Рахым Тасқын Senior Business Analyst, QalanKZ Ex Data Analyst, Ergeon.inc (California USA) 📋“SMART Cұрақ шешімнің жартысы” 👩‍💻Аяулым Әлжан…
Кеш жарық, достар 🌛

Ертең қазақша митап болатынын еске сала кетеміз. IT саласының білікті мамандарынан ана тіліміздегі бағдарламаны жіберіп алмаңыздар.

Формаға тіркелу өте маңызды❗️

Update: Ислам мырза белгілі жағдайларға байланысты келе алмайды.

Алайда сіздерді тағы бір құпия спикер және ойын күтетін болады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👍4🔥3👏2👌1🐳1🤝1
Кеш жарық, достар 🌛

Бүгінгі митапқа қолдап келгендеріңізге рақмет! 🙏


Бізге сіздерден митап туралы фидбэк керек 🙏

Не ұнады/ұнамады? 🎈

Келесі жолы митапта нені ескеру керек деген сұраққа жауап бере кетсеңіздер 💌🔍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
17👍1🕊1🐳1
Digital Dala
Сонымен 🤘 Эрик Рис ең басында өзінің тәсіліндегі ең маңызды әрі бірнәрсе бастаған сәттегі ең алғашқы қадам validate learning екенін түсіндіреді. Ал Validate Learning дегеніміз не? Мұны сөзбе-сөз қазақ тіліне аудару өте қиын. Қарапайым тілмен түсіндірсек…
Бәріне сәлем 🥰,

Lean Startup тақырыбын жалғастырамыз ба? 🙏

Validate Learning естеріңізде ме? Келесі бөлімге өтеміз бе?
Онда кеттік, гипотеза құрып алдыңыз, оны тексердіңіз, ары қарай не істейміз?

🚩🚩🚩🚩
MVP
дегеніміз не?

Бұл - минималды жарамды өнім. Қисық болса да, қиғаш болса да, оның басты жұмысы - тұтынушының алдында тұрған негізгі мәселені шешу. 💡

Мысалы, клиентте шеге бар делік. Ол шегені қаққысы келеді. Ал ол үшін оған шегені соғатын құрылғы қажет. Әрине, сіз керек құралдың балға екенін білесіз, бірақ бір сәтке ондай құрал жоқ деп ойлайық. Сіз осы шегелерді қағатын құрылғы ойлап тапқыңыз келеді. Бұл құрал қызыл 🔽 немесе жасыл 🔼болады ма, әлде ағаш немесе пластик тұтқасымен болады ма маңызды емес. Сізге жай сол шегелерді қағамын деген басты мәселені шешу керек, соған қарай өнім шығарасыз. 🛠

Қорытындылай келе 👩‍💻:
Өніміңіздің mvp-і қарапайым және сіз ойлаған ең маңызды мәселені шешуі керек. Сонымен қатар, ол ең соңғы әрі идеалды нұсқа емес немесе толық бағдарлама, дайын өнім емес. Бұл - клиенттің негізгі мәселесін шешетін және сіз барынша жылдам жасай отыра, өнімнің шынымен қажеттілігін тексеруге әрі қарай тексеруге көмек беретін құрал. 👏🆒

#leanstartup #product #startup #validating #mvp
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
13🔥6👍2🤓2🦄2👌1🐳1👨‍💻1🫡1
Сәлем достар!

Сіздерге хабарландыру! Digital Dala - ның ұйымдастырушылары GDG (Google Developers Group) мүшелері болғандықтан біз ұйымдастырып жатқан ивенттің өткізу тілі орыс тілі болғанына қарамастан сіздерге пайдалы болар деп бөлісуді шештік.

GDG Almaty #BuildForAl оқиғалар легімен таныстырамыз!

Осы жолы Flutter және Dart-тағы GDE, Саша Денисов қызықты семинар өткізбек. Онда сіз Gemini Al-ді платформалық Flutter қосымшаларыңызға қалай жеңіл интеграциялау жолын зерттейсіз.

EPAM Flutter Discipline бөлімінің басшысы ретінде (Германияның Мобильді бөлімі) Саша арнайы Алматыға ұшып келіп ертең сіздермен өз білімімен және тәжірибесімен бөліспек.

• СЕМИНАР АЛДЫНДАҒЫ ТЕЗ ОРЫНДАЛУ КЕРЕК ҚАДАМДАР:

💻 Ноутбукке немесе компьютерге Flutter бағдарламасын орнатыңыз: https://docs.flutter.dev/get-started/install
💻 Семинарға Google-дан танымбелгілерге қол жеткізу үшін Google әзірлеуші профилін толтырыңыз: https://developers.google.com/profile/u/me
💻 Мына форманы толтырыңыз (мында тегін бейдж алып, сосын курстерде қолданса болады): https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe86OO6Tew0SqNIJzhjUcl0Fb9khwlbpVUVBAw_nPjFXJQwvQ/viewform?usp=sf_link
💻 Орын алу үшін және AI-мен жұмыс істейтін қосымшалардың болашағын жасау үшін қазір тіркеліңіз!
https://gdg.community.dev/events/details/google-gdg-almaty-presents-ai-battle-in-your-flutter-app-with-genai/

Воркшопте бірге сіздермен код жазамыз 😓


Семинар ақпараттары:
📅 Күні: 18 сәуір
🕒 Уақыты: 18:30-21:00
📍 Орналасқан жері: AlmaU, А401

#GeminiAI #Flutter #AIIntegration #event #livecoding🚀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍421🔥1🐳1🆒1😎1
CALL FOR PAPERS!!!

Сәлем, достар

QazaqTechMeetup және
Digital Dala қазақша IT жиындар желісін жалғастырады!

Ұйымдастырушылар ұжымы кездесулерді әр бағыт бойынша өткізуді шешті.

Ендеше, келесі бағыт -
Data/Business/System аналитика саласы. 🦋

Осы бағдар бойынша өз тәжірибесімен бөлісе алатын IT мамандарын іздейміз!

Егер сіздің тәжірибеңізде бөлісетін қызықты жағдаяттар, баяндамалар болса - мархаббат немесе сондай таныстарыңызды пікірде белгілеп кетіңіз!

Осы бағытта спикер болуға қызықсаңыз сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdz9BZCUTKAdm-Z3Rp5Sxhpeu-On38-6xqfnDbM2j7HaevY0w/viewform?usp=sf_link
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🔥3🐳2💯1👨‍💻1🆒1
Digital Dala
Бизнес Аналитик мамандығына нұсқаулық (гайд) 💯 Бизнес-аналитик деген кім? 👉 IT саласында не өзгереді? Бағдарлама әзірлеушісінің (разработчик) құралдары мен тілдері өзгереді. 🤓 IT саласында не өзгермейді? Коммуникация мен бірін-бірі түсіну қажеттілігі…
Шайыңызды құйып, отырып, біздегі жаңа постты оқыңыз ☕️

Ал біз Бизнес анализ бағдарын жалғастырамыз 🙏

Бизнес анализдің алдыңғы постында маманға диаграммаларды сызып біліп, ақпаратты жеңіл әрі ыңғайлы түрде жеткізе білу керектігін атап өткенбіз.

Бүкіл ақпараттың бірнеше саласында визуалдауға, талдауға арналған құралдары:

- Деректерді модельдеу
- Процесстерді модельдеу
- Жұмыс көлемін басқару

Енді әрқайсысының өзіндік бірегей көзқарасымен, құралдарымен таныс болайық:

Деректерді модельдеу 🔝:

a) ER-диаграммалары:

XXI ғасырда, ақпарат дәуірінде қолда бар деректерді деректер қорында (база данных) үйіп-төгіп қоя сала алмаймыз, әрине. Кез келген өзін құрметтейтін, деректерге негізделген кәсіпорынның негізінде деректерді модельдеу өнері жатыр. Дата инженерлер мен аналитиктер арқасында көптеген пайдалы ақпарат сол деректердің жиынтығы - қордан алынып жатыр. Кез келген софт, мейлі сайт, мейлі қолданба болсын - деректерді алып-салып, тасымалдайды. Сол деректерді дұрыстап сақтап, өзара байланысын көрсету үшін қолданылатын құрал - Нысан-қатынас диаграммалары. Нысан-қатынас (ER) диаграммалары жүйедегі әртүрлі нысандар арасындағы қарым-қатынастарды жарықтандыратын тірек ретінде пайда болады. Әр нысан - белгілі бір класс немесе объект. Әр нысанның қасиеттері көрсетіліп, өзара қатынастары сызықтар арқылы салынады. Бұл сенімді дерекқорларды жобалауға, деректер ағынын оңтайландыруға және нақтылықпен әрекет ететін түсініктерді шығаруға мүмкіндік береді.

b) Процесті модельдеу: BPMN

Бизнес-процесс моделі мен нотациясы (BPMN) - белгілі бір процесстің жоғары деңгейлі жобасын салуға мүмкіндік беретін модельдеу. BPMN күрделі бизнес-процестерді жалпылама, ыңғайлы түрде суреттеп, түсіндіруге арналған. Таңбалар мен конвенциялардың стандартталған жиынтығы арқылы BPMN диаграммалары жұмыс үрдістерін, әрекеттерді, таңдауларды, шешімдерді бейнелеп, басынан аяғына дейін жолды көрсете алады. Процестерді сіңімді компоненттерге бөлу арқылы BPMN ұйымдарға тиімділікті оңтайландыруға, үздіксіз жақсартуға және өзгеретін нарық динамикасына тез бейімделуге мүмкіндік беріп, мүдделі тараптардың (стейкхолдерлер) ортақ түсінігін арттырады.

c) Жұмыс көлемін басқару: Контекст диаграммалары және қолдану жағдайлары (Use Сases)

Көлемді басқару талаптар мен шектеулер негізінде құрылғалы жатқан жобаның іргетасын қалау ретінде десек болады. Контекст диаграммалары қарастырылып отырған жүйені және оның сыртқы интерфейстерімен бейнеленетін ұлы жобаны ұсынады. Use Case диаграммалары - акторлар (жүйемен әрекетке түсетіндер) мен жүйе функциялары арасындағы өзара әрекеттесуді бейнелейтін құрал. Олар бірге жоба топтарына жоба шекараларын анықтауға, мүдделі тараптардың қалауларымен жұмысты жеңілдетіп, стратегиялық мақсаттарға сәйкес келетін шешімдерді жеткізуге мүмкіндік береді. ✔️

Бизнесті басқару оркестрінде модельдеу және басқару әдістері симфония іспеттес жетістікке алып келеді. ER диаграммаларының, қолдану жағдайлары, BPMN және контекст диаграммалырының күшін пайдалана отырып, жұмысыңызды жеңілдетіңіз 😉.

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!



#businessanalyst #businessanalysis #bagdar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥12👍4👏3🍓211🐳1
Сүйінші, достар! 👋👋

Digital Dala ютуб каналында алғашқы подкаст жарыққа шықты! Каналымызға тіркеліп, пікір, қолдау не критика қалдырып кетіңіздер! 👍👍

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=-u4ohrIGkZ4

Подкаст тақырыбы MAANG-қа апарар жол жайлы болмақ. 2023 жылғы статистика бойынша әлемге әйгілі Google компаниясында 100-ге жуық қазақстандық жұмыс жасайды.

Бұл подкастта Кербез Оразғалиеваның осы жолдағы тәжірибесімен және бағдарламаушыларға кеңестерімен бөлісетін боламыз. 👏👏

Түсірілім қонағы: 📣🔝
Кербез Оразғалиева - ex-Google Software Engineer
LinkedIn: https://www.linkedin.com/in/kerbez-orazgaliyeva-5a2953176/;

Подкаст жүргізушісі: 🎤
Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert;


Келесіде қонақ ретінде кімді көргілеріңіз келеді? ☝️☝️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👍4😍4👏2🤩21🐳1
Logo Presentation - Digital Dala.pdf
7.6 MB
Достар, сіздерге қуанышты жаңалығымыз бар!🚀🎉

Digital Dala-да логотип жасалынды.
Оның концепциясы бойынша шаңырақ еліміздегі басы біріккен IT мамандарын білдірсе, оны айнала қоршаған сызықтар цифрландыру векторын көрсетеді, яғни, қоғамды бірге қазақша цифрландырайық деген түсінік береді.👨‍💻

Қазақша IT медианы жаңғыртуға деген алғашқы қадамдарымыздың бірі. Пікірде логотип туралы өз ойларыңызды, қолдауларыңызды жазсаңыздар болады! 💌

Команда дизайнері @sayin_yereke - ге алғыс айтамыз!🤝
17🔥8👏7👍2💯21🥰1🎉1🐳1
Достар, демалыстарда көп күттірмей подкастар ізін жалғайық ☺️

Growth Hacking жайлы бұрын соңды естіп пе едіңіз?

Ол стандартты емес, оңай шешімдер мен тәсілдер арқылы компанияны немесе стартапты кеңейтуді және жылжытуды қамтитын маркетингтегі тұжырымдама.

Ендеше бұл подкастта Ғинаятова Софияның шетелдегі Growth Hacker ретіндегі тәжірибесі туралы сөз қозғадық. Қазақ жастарының шетелді бағындыруы, мүмкіндітерді қолдану, мультипотенциал адамдар тақырыбы сізді қызықтырса, онда Софиямен подкаст сізге арналады. 🤩

Подкаст тақырыбы: Өсу хакері (Gowth Hacker) деген кім?

Подкастқа сілтеме: https://youtu.be/EWEJfYpCmEo?si=oITqfrZuTXDgcZ8p


Түсірілім қонағы:

София Ғинаятова - Сингапур компаниясында Growth Hacker, Сауд Арабиясының проектінде Project Manager;
LinkedIn: https://www.linkedin.com/in/sofiya-ginayatova/ 👩‍💻

Подкаст жүргізушісі:

Римма Төлеуғали – СДУ 4-курс студенті, 1Fit компаниясының маркетинг аналитигі. 💃
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13👏3🙏2
Forwarded from Nurzha
Cәлем, достар👋
Қалдарыңыз қалай?!

Сіздерге жақсы жаңалықтармен оралдық🥳

‼️Мұқият талқылаудан кейін біз IT-дің әртүрлі салалары бойынша митап ұйымдастыруға шешім қабылдадық. Міне, келесі кезекте - Аналитиканың қызықты әлеміне арналған митап👨‍💻

Сіздерді 18 мамыр сағат 13:00-де AlmaU университетінде асыға күтеміз. Спикерлер жайлы ақпарат кейірінірек жіберілетін болады.

📅 18.05.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/kpWVDWErAwbLwHpo7

🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып сіздерді осы кезедсуімізге шақырамыз🎉

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏104🔥1🐳1
Сәлем достар 🏔

Қалайсыздар? ☕️👩‍🦰

Бізде екі подкаст шыққан, олардың мақсатының бірі - ауылдық жерлерде тұратын не орысша жақсы түсінбейтін жаңдарға IT-дегі көп мүмкіншілірктер жайлы ақпарат беру болатын. Жалпы қалай сіздерге, ұнады ма? Қарадыңыздар ма? Егер ашпасаңыздар, неліктен? 📽🎧

Басқа сұрақ - кімді келесі эпизодқа шақыруға ұсыныс білдіресіздер? ☕️💻
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
15💅3🤝2🐳1
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

Аналитика саласында жұмыс істейтін білікті спикерлерімен таныса отырыңыздар!

👥Спикерлер:

🧑‍💻ТЕМІРБЕК ИСЛАМБЕК
SENIOR DATA ANALYST, QIC (ex. Kolesa Group)
📋“ML-дің көмегімен болашақ трендтерді қалай болжауға болады?”

👩‍💻МУКАШЕВА ДАМИРА
PRODUCT ANALYST, Easytap
📋“Инвесторлар үшін маңызды метрикалар”

🧑‍💻КӘРІМ ӘДІЛЕТ
SENIOR DATA ANALYST, Kazakhtelecom
📋“Телекомда клиенттерді сегментациялау ерекшеліктері”

👩‍💻МАРАТОВА АЛТЫНАЙ
SYSTEM ANALYST, FreedomPay (ex. Bank CenterCredit)
📋“System Analyst: IT және бизнес арасындағы адам-аудармашы”

👩‍💻КАНИЕВА НАРГИЗ
ADVISER Data&Analytics, PwC Kazakhstan
📋“Azure Stream Analytics арқылы деректерді өңдеу желісін оптимизациялау”

🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
LEAD PRODUCT ANALYST, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“Деректерді талдаудағы тосынсыйлар”

👩‍💻АЧИЛОВА АЛИНА
Senior Professor of Practice & IT Startup Mentor at AlmaU, Google Developer Expert Organizer (ex. Senior Business/System Analyst at Air Astana)
📋“Аналитик бесаспап маман: мамандықтың қырлары мен сырлары”

🗣️Кездесу модераторы:
Досмұхамед Али
Analyst, Freedom Bank
(New Delta Research, BI Group)

📅 18.05.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/kpWVDWErAwbLwHpo7

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
17🔥3👍2❤‍🔥1🐳1