Жалғасы:
✔️ IT мен технология әлеміндегі маңызды оқиғаларға арналған 9 Event мақала жазылды.
✔️ Жеке веб-сайтымыз іске қосылды.
✔️ Технологияларды үйренуге арналған 25 нұсқаулық (Guide) дайындалды.
✔️ YouTube арнамызда 100-ден аса, ал Instagram-да 200-ден аса, LinkedIn-де 300-ден аса тіркелуші жинаппыз.
✔️ YouTube арнасында ең көп қаралым мыңға жуық болыпты.
Cанға емес сапаға жұмыс жасайтын жас команда үшін бұл жетістік. Cіздерден қолдау болса, біз әрі қарай да сіздерді сапалы дүниелермен қуантамыз деп сенеміз.
Егер қандай да бір үлес қосамын десеңіз, кез келген идея мен ұсынысқа ашықпыз👌
Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет, ана тіліміздегі контентті бірге дамытайық❤️
#қорытынды #1жыл
Cанға емес сапаға жұмыс жасайтын жас команда үшін бұл жетістік. Cіздерден қолдау болса, біз әрі қарай да сіздерді сапалы дүниелермен қуантамыз деп сенеміз.
Егер қандай да бір үлес қосамын десеңіз, кез келген идея мен ұсынысқа ашықпыз
Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет, ана тіліміздегі контентті бірге дамытайық
#қорытынды #1жыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5❤🔥1👍1🔥1👏1
Ozon компаниясының дизайн бойынша тегін гайды!
Сәлем, достар!😊
Жақында Ozon компаниясы дайындаған дизайн жөніндегі керемет гайдпен бөліскіміз келеді. Ол интерфейс, UX/UI және визуалды стильге қатысты пайдалы ақпараттарға толы.
📌 Гайдта 9 негізгі бөлім бар:
1️⃣ Белгілер
🔣 Нүкте, сызықша, бос орындарды қайда және қалай қою керек?
2️⃣ Сөздер
✅ Грамматика мен сауаттылықты қалай жақсартуға болады?
3️⃣ Интерфейс мәтіндерін қалай тексеру керек?
🔍 Контекст пен өзін-өзі тексеру тізімі
4️⃣ Бос күйлер
📦 Қолданушыға қажет ақпаратты дұрыс көрсету ережелері
5️⃣ Сәттілік экрандары
🎉 Жақсы жаңалықтарды қалай дұрыс жеткізу керек?
6️⃣ Қателер
⚠️ Қолданушыны қорқытпай, дұрыс бағыттау жолдары
7️⃣ Форматтар
📩 Тақырыптар, батырмалар, push-хабарламалар, хаттар
8️⃣ Жалпы ережелер
ℹ️ Ақпараттылық, safe choice принципі, мәтін өлшемі
9️⃣ Пайдалы ресурстар
🔗 Жұмыс барысында қолдануға болатын маңызды дереккөздер
⏩ Сілтеме⏪
#мүмкіндік #пайдалы_ресурс #дизайн
@digitaldala
Сәлем, достар!
Жақында Ozon компаниясы дайындаған дизайн жөніндегі керемет гайдпен бөліскіміз келеді. Ол интерфейс, UX/UI және визуалды стильге қатысты пайдалы ақпараттарға толы.
#мүмкіндік #пайдалы_ресурс #дизайн
@digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Figma
Гайд по текстам в интерфейсе [desk]
Created with Figma
👍8❤2
Google WTM Амбассадорлары ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы іс-шараның биылғы тақырыбы – "Redefine Possible".
Технология саласындағы қыздарға арналған жаһандық еріктілік бағдарлама. Кремний алқабында (АҚШ) әзірленген білім беру бағдарламасының негізінде, менторлар мен сарапшылардың қолдауымен, қыздар топ болып мобильді қосымша немесе жасанды интеллект алгоритмін жасайды.
#мүмкіндік
@digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Google Developer Groups
International Women's Day 2025 Almaty, Kazakhstan
Hybrid Event - IWD 2025 Almaty: Redefine Possible
Присоединяйтесь к IWD 2025 Almaty – ежегодному событию от Women Techmakers by Google и Women in Tech Kazakhstan! Вас ждут вдохновляющие выступления, актуальные tech-темы, нетворкинг и подарки. Давайте вместе…

❤8🔥1
РЕЙТИНГ_Топ_Анти_топ_компаний_по_версии_ИТ_сообщества_2025_для.pdf
2.4 MB
Сәлем, достар 👋
Көктем мезгілі HR-лар үшін науқанды жұмыс болатын кезең🔈
Сол үшін сіздермен 2025 жылдағы Қазақстандағы IT компаниялардың рейтингісі бар зерттеумен бөліскіміз келеді📈
Ал сіз осы зерттеумен келісер ме едіңіз⁉️
Көктем мезгілі HR-лар үшін науқанды жұмыс болатын кезең
Сол үшін сіздермен 2025 жылдағы Қазақстандағы IT компаниялардың рейтингісі бар зерттеумен бөліскіміз келеді
Ал сіз осы зерттеумен келісер ме едіңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2🤔2
Бетіңізді телефон неге таниды? Камера затты қалай ажыратады?
Бұл — сиқыр емес, сүтқоректілердің көру жүйесіне негізделген жасанды интеллект технологиясы.
Сүтқоректілер (соның ішінде адам да) әлемді былай таниды:
Көз жарықты қабылдайды 🟡
Сигнал миға барады (көру қыртысы — Visual Cortex)
Алдымен жиек пен сызықтарды, кейін пішіндер мен объектілерді таниды
CNN (Convolutional Neural Network) – бұл табиғи көру жүйесінің цифрлық нұсқасы.
Ол да дәл осылай үйренеді:
1-қабат – сызықтарды көреді
2-қабат – пішіндерді
Соңғы қабаттар – "мысық па, ит пе?" анықтайды
Face ID – бетіңді автоматты тану
Instagram фильтрлері – бет контурын дәл табу
Google Lens – камера арқылы затты анықтау
Tesla – жолдағы объектілерді көру
Сүтқоректілердің көру қабілетін зерттей отырып, адамзат өзіне ұқсас "көретін" нейрондық желі жасады.
Жасанды интеллект — бұл жай ғана код емес, табиғаттан үйренген даналық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤15👍6🆒4🐳3🔥1
Бір сәт елестетіп көріңізші: сіздің қазіргі смартфоныңыздың орнына қолыңызда цифрлық фотоаппарат
Ал енді қызығы: Android «ішінде» Linux өмір сүреді дегенді естіген шығарсыздар? Шын мәнінде Android-тың жүрегі – Linux-тың ядросы. Бірақ Linux пен Android «туыс» болса да, мінездері мүлде бөлек екі ағайын сияқты.
Қарапайым тілмен айтқанда:
* Linux – толық еркіндікке құмар, бәріне ашық, тәжірибеге дайын, бағдарламашылардың сүйікті «ойын алаңы».
* Android болса – Google тәрбие берген, белгілі шекаралары бар, бірақ миллиардтаған адам қолданатын ең атақты «балақай».
Қалай болғанда да, екеуі де сіздің қалтаңыздағы смартфоннан бастап, ғарыш станциясына дейінгі әлемді жаулап алды.
💬 Сіз қалай ойлайсыз, егер Android шынымен фотоаппарат болып қалғанда, қазіргі әлем қандай болар еді? Қиялдарыңызды жазып қалдырыңыздар!
Автор: Султан Сулейменов
#бағдар #android #linux #қызықты_тарих
https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Digital Dala
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
❤8🔥4👍2🤯1
Бір код бәрін өзгертті:
AlexNet және Deep Learning дәуірінің бастауы
🎯 2012 жылы Торонто университетінен бір топ студент терең нейрожеліні (CNN) ImageNet байқауына ұсынды - және бәрін таң қалдырды.
📉 Қате көрсеткіші бірден ~26%-дан 15.3%-ға түсті.
GPU + үлкен деректер + ReLU + Dropout = 💣
📈 Осы сәттен бастап Deep Learning жарылысы басталды:
Google, Facebook нейрондық желілерге миллиондаған қаржы салды
ResNet, Transformers, ChatGPT сияқты технологиялар пайда болды
Жасанды интеллект күнделікті өмірге енді
Енді, 2025 жылы, AlexNet-тің бастапқы коды ресми түрде GitHub-та жарияланды:
👉 github.com/computerhistory/AlexNet-Source-Code
P.S. Тарихты өзгерткің келе ме? Код жазудан баста.
AlexNet және Deep Learning дәуірінің бастауы
GPU + үлкен деректер + ReLU + Dropout = 💣
Google, Facebook нейрондық желілерге миллиондаған қаржы салды
ResNet, Transformers, ChatGPT сияқты технологиялар пайда болды
Жасанды интеллект күнделікті өмірге енді
Енді, 2025 жылы, AlexNet-тің бастапқы коды ресми түрде GitHub-та жарияланды:
👉 github.com/computerhistory/AlexNet-Source-Code
P.S. Тарихты өзгерткің келе ме? Код жазудан баста.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
GitHub
GitHub - computerhistory/AlexNet-Source-Code: This package contains the original 2012 AlexNet code.
This package contains the original 2012 AlexNet code. - computerhistory/AlexNet-Source-Code
👍12🐳2❤1
Күтпеген сигналдар миға тез жетеді
“Ең маңызды” деп санаған ақпаратты ұзақ есте сақтаймыз
Қайталап көрсеңіз, әдетке айналады (habit formation)
Сегменттерге бөлу (Segmentation)
Пайдаланушыларды жасына , геолокациясына, әрекеттеріне (app usage) қарай топтау арқылы хабарламаны дәл керек аудиторияға жеткізе аламыз.
Жекелендіру (Personalization)
Пуш хабарламаны адамның атымен бастау, өткен әрекеттер мен қызығушылықтар негізінде динамикалық контент - конверсияны ұлғайтады.
Дәл оқитын уақытты табу (Send-Time Optimization)
AI және машиналық оқыту модельдері (ML) арқылы әрбір қолданушы үшін ең қолайлы уақытта жіберу.
A/B тестілеу
Мәтін, CTA батырмасының әртүрлі нұсқаларын сынау, аудиторияны өзгерту арқылы ең жоғары конверсия әкелетін нұсқаны анықтау.
Predictive Analytics
Пайдаланушының болашақ әрекеттерін (мысалы, қоржынға зат салатынын) болжау және сәйкес push-trigger жасау. Айтпақшы, танымал Kaspi дүкені осы әдісті жиі қолданады
Сурет, бейне, GIF қосу;
“Көруге” немесе “Сатып алуға” сілтейтін батырмалар – интерактивтілікті арттырады.
Duolingo – тіл үйретуге арналған қосымша, push-хабарламаларын ерекше шеберлікпен қолданады: Мысалы , “Жарысыңды үзбе! 7 күндік streak-іңізді тоқтатпа
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍2🐳1
Kolesa Conf 2025-ке https://kolesa-conf.kz қатысатын Data бағытындағы үздік спикерлерді іздейміз
Қазақ тілінде мына бағыттар бойынша баяндамалар қажет:
- Data-Science
- ML-инженерия
Мынандай баяндамаларға ерекше назар аударамыз:
- Қолданбалы: келген қатысушылар күнделікті жұмыстарында қолдана алатын нақты идеялар мен құралдармен кетуі үшін нәтиже көрсеткен практикалық кейстер, мысалдар мен әдістермен бөлісіңіз.
- Ерекше: бұрын еш жерде ашық жарияланбаған және басқа баяндамаларды қайталамайтын материалдар болғаны дұрыс.
Kolesa Conf — өзіңізді көрсетіп, жетістіктерің туралы айтатын және Қазақстанның data-қауымдастығының дамуына үлес қосатын таптырмас мүмкіндік. Егер қызықты жобаңыз болса, елеулі нәтижелерге жеткен болсаңыз немесе жәй тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, міне, сәті туып тұр!
Өтінім қалдыру үшін @akzhnva-ға жазыңыз.
Керекті ақпараттар: аты-жөніңіз, компанияңыз, баяндамаңыздың атауы, сипаттамасы және көздеген аудиториясы.

⚡4❤1👍1
Сәлем достар👋
Қазір TechOrda бағдарламасы арқылы көптеген IT мамандықтарын тегін игеруге болады. Бұл IT әлеміне қадам басу үшін таптырмас мүмкіндік🎉
Курстардың ішінен қазақ тілінде өтетін Docker Academy курсын көзіміз шалып қалды👀
Олар сізге нарықта сұранысқа ие екі мамандықты тегін меңгеруге мүмкіндік береді:
1️⃣ "AI-ды Product Management-те қолдану" курсы.
Өнімді басқаруға AI-ды біріктіруді үйреніп, болашақтың мамандығын игер.
✅ 9 стипендиялық орын.
2️⃣ "Laravel-де бэкенд әзірлеу" курсы.
Заманауи веб-қосымшалар жасауды үйреніп, кәсіби бэкенд әзірлеуші бол.
✅ 9 стипендиялық орын.
Оқу туралы маңызды ақпарат:
Оқу форматы: Онлайн.
Кім қатыса алады: 18-45 жас аралығындағы ҚР азаматтары.
Гарантиялық жарна: 100 000 теңге. Бұл жарна оқуды сәтті аяқтаған және барлық шарттарды орындаған жағдайда толық көлемде қайтарылады.
➡️ Сілтеме арқылы өтінім бер
P.S Бұл сайтта өзге де IT курстарға өтінім бере аласыз.
Қазір TechOrda бағдарламасы арқылы көптеген IT мамандықтарын тегін игеруге болады. Бұл IT әлеміне қадам басу үшін таптырмас мүмкіндік
Курстардың ішінен қазақ тілінде өтетін Docker Academy курсын көзіміз шалып қалды
Олар сізге нарықта сұранысқа ие екі мамандықты тегін меңгеруге мүмкіндік береді:
Өнімді басқаруға AI-ды біріктіруді үйреніп, болашақтың мамандығын игер.
Заманауи веб-қосымшалар жасауды үйреніп, кәсіби бэкенд әзірлеуші бол.
Оқу туралы маңызды ақпарат:
Оқу форматы: Онлайн.
Кім қатыса алады: 18-45 жас аралығындағы ҚР азаматтары.
Гарантиялық жарна: 100 000 теңге. Бұл жарна оқуды сәтті аяқтаған және барлық шарттарды орындаған жағдайда толық көлемде қайтарылады.
P.S Бұл сайтта өзге де IT курстарға өтінім бере аласыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9🥰1
Core 24/7 Tech Orda және Astana Hub-пен бірлесіп 1 грант ойнатпақ:
DevOps Upgrade - көп жүктемесі бар үлкен нәтижелерге жеткізетін курс. Hard skills-ін дамытып, еңбек нарығындағы сұранысын арттырғысы келетін және DevOps инженері болғысы келетін IT-мамандарға арналған.
Жоғары немесе орта-арнаулы білімі бар қазақстандықтар. Әр қолданушыдан тек бір ғана дауыс есепке алынады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
core247.kz
DevOps Upgrade: Интенсивное погружение в профессию
6 месяцев, 80% практики: Ansible, Docker, Kubernetes, CI/CD, Terraform, Grafana. Диплом гос. образца, 2 сертификации и финальный проект в портфолио
👍7
Киберқауіпсіздік десе, көбісі “антивирус”, “қорғаныс жүйесімен” шектеледі деп ойлайды. Ал команданың мына авторы болса, сол киберқауіпсіздік саласы жайлы тереңінен зерттеп кітап жазған.
MD – Malware Development
MZ – ескі MS-DOS EXE файлдарының қолтаңбасы
Бірақ ең бастысы, автордың жүрегіндегі шын мағынасы – My Daughter Munira Zhassulankyzy
- Malware құрастыру тәсілдері;
- Антивирусты айналып өту жолдары;
- Жүйеге орнығып алу (persistence);
- Криптография, зерттеу мақалалары;
- Linux үшін зиянды код жазуға кіріспе;
🔥 Автордың өмір жолы да кітап секілді:
Автордың өзі айтқандай:
Келесі посттарда тереңірек үңілетін боламыз, Оны #MDMZ #cybersecutiry хештегімен іздей аласыздар!
Кітапқа дереккөз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤17
Forwarded from Shekaradan Tys
Shekaradan Tys: Ішкі Әлем
#3 шығарылым
Жасанды интеллектінің «мінезін» қалай басқаруға болады? Цифрлық психология.
Біз жасанды интеллектіні (ЖИ) мемлекеттік қызметтерге үйретеміз. Бірақ егер ол заңдар мен ережелерді жаттай отырып, байқаусызда дөрекі, жалған сөйлейтін (галлюцинация) немесе тым жағымпаз (sycophancy) болып кетсе ше? Цифрлық көмекші бұл үкіметтің азаматтармен тілдесетін бет-бейнесі, сондықтан оның «мінезі» өте маңызды.
Модельдердің де өз «тұлғасы» (persona) бар. Оны оқыту жай ғана деректерді жүктеу емес, бұл цифрлық психологияға жақын процесс.
Жақында жарияланған "Persona Vectors" (arXiv:2507.21509v1) зерттеуі бізге ЖИ-дің ішкі «мінезін» басқарудың жаңа, тіпті парадоксалды әдістерін ұсынады.
Күтпеген өзгерістер қаупі
Мәселе мынада: модель пайдалы ақпаратпен бірге, диалогтардағы жасырын агрессияны немесе қателерді де бойына сіңіріп алуы мүмкін. Бұл құбылыс "Кенеттен пайда болатын сәйкессіздік" (Emergent Misalignment) деп аталады. Нәтижесінде, бір салада үйретілген модель мүлдем басқа салада дөрекі жауап бере бастауы мүмкін.
«Тұлға Векторлары» (Persona Vectors): ЖИ мінезінің математикасы
Зерттеушілер ЖИ-дің ішкі кеңістігінде (активацияларында) адам мінезінің белгілері – мейірімділік, апатия, галлюцинацияға бейімділік – белгілі бір математикалық бағыттарға (векторларға) сәйкес келетінін анықтады.
Бұл қалай жұмыс істейді?
1. Векторды анықтау: Біз модельге қарама-қайшы рөлдер береміз. Мысалы, бір жағдайда ол – «өте дөрекі ЖИ», екіншісінде – «өте сыпайы ЖИ». Екі рөлдегі жауаптардың активацияларының айырмашылығы бізге «Дөрекілік векторын» береді.
2. Мониторинг: Енді біз кез келген сұхбат кезінде модельдің активациялары осы векторға қаншалықты сәйкес келетінін өлшей аламыз. Бұл ЖИ-дің жауап генерациясын бастамай тұрып-ақ оның «көңіл-күйін» болжауға мүмкіндік береді.
Ең қызығы: Превентивті басқару (Preventative Steering) – «Вакцина» әдісі
Егер біз модельдің оқыту барысында белгілі бір мінезді (мысалы, галлюцинацияны) бойына сіңіргенін қаламасақ, не істеуіміз керек? Логикаға салсақ, оны азайту керек сияқты. Бірақ зерттеу парадоксалды шешім ұсынады.
Модельді оқыту кезінде біз оның активацияларына сол қажетсіз мінездің векторын (мысалы, «Галлюцинация векторын») әдейі қосамыз.
Неге бұл жұмыс істейді? Модель оқыту деректеріне бейімделуге тырысады. Егер біз сырттан қажетсіз векторды қоссақ, модельге осы бағытта өзінің ішкі параметрлерін өзгертудің қажеті болмай қалады. Ол тапсырманы үйренеді, бірақ оның базалық тұлғасы өзгеріссіз қалады.
Бұл – мінез-құлық вакцинасы сияқты. Біз модельге жасанды түрде «қысым» жасаймыз, сондықтан ол өзінің ішкі тұрақтылығын сақтап қалады.
Техникалық бөлшектер: GovTech-те қалай қолдануға болады?
1. Деректерді «Ақылды» Фильтрациялау (Projection Difference):
Кейде пайдаланушы фидбэгі сырттай таза болып көрінгенімен, ішінде жасырын токсикалық әсер болуы мүмкін. "Проекция Айырмашылығы" (Projection Difference) әдісі мұны анықтауға көмектеседі.
Қалай жұмыс істейді: Біз оқыту деректеріндегі жауап пен модельдің сол сұраққа берген «табиғи» жауабын салыстырамыз. Егер оқыту жауабы қажетсіз векторға (мысалы, «Апатия») әлдеқайда жақын болса, бұл диалогты қауіпті деп белгілейміз. H200 қуаты бұл талдауды ауқымды деректер қорында жылдам жүргізуге мүмкіндік береді.
2. DPO пайплайнындағы Превентивті басқару:
QLoRA+DPO арқылы адаптерлерді оқыту кезінде, біз тренировка цикліне (training loop) араласамыз. Әрбір forward pass кезінде біз «Галлюцинация» және «Жағымпаздық» векторларын белгілі бір коэффициентпен модельдің аралық қабаттарына қосамыз.
3. Нақты уақыттағы түзету (vLLM):
vLLM инфрақұрылымы инференс кезінде мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Егер модель қауіпті бағытқа ауытқыса, біз жауап генерациясы кезінде активацияларды түзете аламыз (Post-hoc Steering).
Қорытынды: Цифрлық тұлғаны қалыптастыру
Біз жай ғана құралдарды баптап жатқан жоқпыз. Біз миллиондаған азаматтармен қарым-қатынас жасайтын цифрлық тұлғаларды қалыптастырудамыз. Жасанды интеллектінің «мінезіндегі» нәзік өзгерістерді түсіну және басқару – сенімді және қауіпсіз цифрлық үкіметке апаратын жол.

❤8👍1👏1
Қазір ЖИ-ді сурет жасауға, стилін өзгертуге немесе өңдеуге қолдану көпшілікке тосын жаңалық емес. Мысалы, соңғы айда TikTok пен Instagram-да кең тараған «AI professional headshot» тренді бар: қарапайым күнделікті суреттерді жүктеп, ЖИ көмегімен бірнеше минут ішінде LinkedIn-ге лайық кәсіби фотоларды алуға болады. Сапасы жақсы болғанымен, адамның бет әлпеті мен ұсақ бөлшектері өзгеріп кететін жағдайлар жиі кездеседі. Ал егер сіз суретті сақтап оның тек бір бөлігін өзгерткіңіз келсе суреттің толық өзгеріп кететіні ЖИ арқылы сурет өңдеуді әуесқойлық деңгейден жоғары көтермей тұрған еді.
- Сіз мәтіндік промпт бересіз (мысалы, «generate an image of a living room with view to Almaty mountains»).
- Немесе өз суретіңізді жүктеп, үстінен нұсқау қосасыз («change the background from office to park»).
- Модель осы екі ақпаратты біріктіріп, ең сәйкес жаңа суретті жасайды.
Ал қазір бұл модельді превью ретінде Google AI Studio-да өзіңіз тексеріп көріңіз.
#AI #ЖИ #GoogleAI
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2