Digital Dala
731 subscribers
120 photos
2 videos
20 files
83 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
Digital Dala 1️⃣ жылда не жасады?

Достар, сіздермен бірге болғанымызға бір жыл болып қалыпты, ендеше сол жылда не істедік?

Бұл жыл жаңадан құрылған команда үшін жетістікке толы болды! 👨‍💻

🔼 Мақсаттарымызға сай келесі жұмыстар атқарылды:

✔️ Қазақ тілінде IT саласы туралы 5 мүмкіндік айдары жарық көрді.

✔️ Оқырмандарға пайдалы болатын 3 кеңес мақаласы жарияланды.

✔️ YouTube подкастымызда IT/бизнес саласының үздік мамандарымен 6 эпизод түсірілді.

✔️ Басқа ақпарат көздерінен алынған материалдарды қазақша бейімдеп, шамамен 10 мақала дайындадық.

✔️ Qazaq Tech MeetUp-пен бірге 5 митап жасадық.

✔️ Телеграмда 700-ден астам оқырман жинадық.

Жалғасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥103
Жалғасы:

✔️ IT мен технология әлеміндегі маңызды оқиғаларға арналған 9 Event мақала жазылды.

✔️ Жеке веб-сайтымыз іске қосылды.

✔️ Технологияларды үйренуге арналған 25 нұсқаулық (Guide) дайындалды.

✔️ YouTube арнамызда 100-ден аса, ал Instagram-да 200-ден аса, LinkedIn-де 300-ден аса тіркелуші жинаппыз.

✔️ YouTube арнасында ең көп қаралым мыңға жуық болыпты.

Cанға емес сапаға жұмыс жасайтын жас команда үшін бұл жетістік. Cіздерден қолдау болса, біз әрі қарай да сіздерді сапалы дүниелермен қуантамыз деп сенеміз.

Егер қандай да бір үлес қосамын десеңіз, кез келген идея мен ұсынысқа ашықпыз 👌

Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет, ана тіліміздегі контентті бірге дамытайық ❤️

#қорытынды #1жыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5❤‍🔥1👍1🔥1👏1
Ozon компаниясының дизайн бойынша тегін гайды!

Сәлем, достар! 😊

Жақында Ozon компаниясы дайындаған дизайн жөніндегі керемет гайдпен бөліскіміз келеді. Ол интерфейс, UX/UI және визуалды стильге қатысты пайдалы ақпараттарға толы.

📌 Гайдта 9 негізгі бөлім бар:

1️⃣ Белгілер
🔣 Нүкте, сызықша, бос орындарды қайда және қалай қою керек?

2️⃣ Сөздер
Грамматика мен сауаттылықты қалай жақсартуға болады?

3️⃣ Интерфейс мәтіндерін қалай тексеру керек?
🔍 Контекст пен өзін-өзі тексеру тізімі

4️⃣ Бос күйлер
📦 Қолданушыға қажет ақпаратты дұрыс көрсету ережелері

5️⃣ Сәттілік экрандары
🎉 Жақсы жаңалықтарды қалай дұрыс жеткізу керек?

6️⃣ Қателер
⚠️ Қолданушыны қорқытпай, дұрыс бағыттау жолдары

7️⃣ Форматтар
📩 Тақырыптар, батырмалар, push-хабарламалар, хаттар

8️⃣ Жалпы ережелер
ℹ️ Ақпараттылық, safe choice принципі, мәтін өлшемі

9️⃣ Пайдалы ресурстар
🔗 Жұмыс барысында қолдануға болатын маңызды дереккөздер

Сілтеме

#мүмкіндік #пайдалы_ресурс #дизайн
@digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍82
🌸 Қыздар қауымын келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, IT саласында жақын арада оларға арналған мүмкіндіктермен таныстырғымыз келеді.

📢 International Women's Day 2025
Google WTM Амбассадорлары ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы іс-шараның биылғы тақырыбы – "Redefine Possible".
📅 Күні мен уақыты: 15 наурыз 2025, 10:00-13:00
📍 Өтетін орны: Алматы Менеджмент Университеті
📎Сілтеме

📢 Technovation Girls Kazakhstan
Технология саласындағы қыздарға арналған жаһандық еріктілік бағдарлама. Кремний алқабында (АҚШ) әзірленген білім беру бағдарламасының негізінде, менторлар мен сарапшылардың қолдауымен, қыздар топ болып мобильді қосымша немесе жасанды интеллект алгоритмін жасайды.
📅 Ментилерге тіркелу дедлайны: 17 наурыз 2025
📎 Толығырақ (ментор не менти болуға болады)

📢 NU ACM-Women Student Chapter 6-шы жыл сайынғы codeW2025 бағдарламалау сайысы
📅 Күні: 15 наурыз 2025 | тіркелу дедлайны: 9 наурыз
📍 Өтетін орны: Назарбаев Университеті, Астана
📎Сілтеме

#мүмкіндік
@digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥1
РЕЙТИНГ_Топ_Анти_топ_компаний_по_версии_ИТ_сообщества_2025_для.pdf
2.4 MB
Сәлем, достар 👋

Көктем мезгілі HR-лар үшін науқанды жұмыс болатын кезең 🔈

Сол үшін сіздермен 2025 жылдағы Қазақстандағы IT компаниялардың рейтингісі бар зерттеумен бөліскіміз келеді 📈

Ал сіз осы зерттеумен келісер ме едіңіз ⁉️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2🤔2
🔥 Білесіз бе? Face ID мен Insta фильтрлерінің түп негізі – сүтқоректілердің көру жүйесінде жатыр! 👀🤖


Бетіңізді телефон неге таниды? Камера затты қалай ажыратады?
Бұл — сиқыр емес, сүтқоректілердің көру жүйесіне негізделген жасанды интеллект технологиясы.


🧠 Табиғат қалай көреді?
Сүтқоректілер (соның ішінде адам да) әлемді былай таниды:
Көз жарықты қабылдайды 🟡
Сигнал миға барады (көру қыртысы — Visual Cortex)
Алдымен жиек пен сызықтарды, кейін пішіндер мен объектілерді таниды

🤖 Ал компьютер қалай көреді?
CNN (Convolutional Neural Network) – бұл табиғи көру жүйесінің цифрлық нұсқасы.
Ол да дәл осылай үйренеді:
1-қабат – сызықтарды көреді
2-қабат – пішіндерді
Соңғы қабаттар – "мысық па, ит пе?" анықтайды 🐶🐱


🔍 Қайда қолданылады?
Face ID – бетіңді автоматты тану
Instagram фильтрлері – бет контурын дәл табу
Google Lens – камера арқылы затты анықтау
Tesla – жолдағы объектілерді көру


🌿Технология мен табиғаттың керемет симбиозы!
Сүтқоректілердің көру қабілетін зерттей отырып, адамзат өзіне ұқсас "көретін" нейрондық желі жасады.
Жасанды интеллект — бұл жай ғана код емес, табиғаттан үйренген даналық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
15👍6🆒4🐳3🔥1
Android пен Linux туыс па? Әлде Android-тың түп атасы фотоаппарат болған ба? 🤔

Бір сәт елестетіп көріңізші: сіздің қазіргі смартфоныңыздың орнына қолыңызда цифрлық фотоаппарат 📸 тұр, оның ішінде Android жүйесі орнатылған. Иә, дәл сол – WhatsApp емес, Instagram емес, тек суретке түсіру үшін жасалған құрылғы! Себебі бастапқыда Android дәл осы фотоаппараттарға арналған еді. Бірақ бір күні Энди Рубин бастаған топ: «Ой, бұл фотоаппараттар ешкімге керек болмай қалыпты ғой...» – деп, Android-ты телефондарға ауыстырып жіберді. Содан бері бүкіл әлем смартфондар әлеміне айналып кетті. 🌏📲

Ал енді қызығы: Android «ішінде» Linux өмір сүреді дегенді естіген шығарсыздар? Шын мәнінде Android-тың жүрегі – Linux-тың ядросы. Бірақ Linux пен Android «туыс» болса да, мінездері мүлде бөлек екі ағайын сияқты. 🤗

Қарапайым тілмен айтқанда:

* Linux – толық еркіндікке құмар, бәріне ашық, тәжірибеге дайын, бағдарламашылардың сүйікті «ойын алаңы». 🥳
* Android болса – Google тәрбие берген, белгілі шекаралары бар, бірақ миллиардтаған адам қолданатын ең атақты «балақай». 🤖🔥

Қалай болғанда да, екеуі де сіздің қалтаңыздағы смартфоннан бастап, ғарыш станциясына дейінгі әлемді жаулап алды. 👏

💬 Сіз қалай ойлайсыз, егер Android шынымен фотоаппарат болып қалғанда, қазіргі әлем қандай болар еді? Қиялдарыңызды жазып қалдырыңыздар! ⬇️😊

Автор: Султан Сулейменов

#бағдар #android #linux #қызықты_тарих

https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥4👍2🤯1
Бір код бәрін өзгертті:

AlexNet және Deep Learning дәуірінің бастауы

🎯 2012 жылы Торонто университетінен бір топ студент терең нейрожеліні (CNN) ImageNet байқауына ұсынды - және бәрін таң қалдырды.

📉Қате көрсеткіші бірден ~26%-дан 15.3%-ға түсті.

GPU + үлкен деректер + ReLU + Dropout = 💣

📈 Осы сәттен бастап Deep Learning жарылысы басталды:

Google, Facebook нейрондық желілерге миллиондаған қаржы салды

ResNet, Transformers, ChatGPT сияқты технологиялар пайда болды

Жасанды интеллект күнделікті өмірге енді

Енді, 2025 жылы, AlexNet-тің бастапқы коды ресми түрде GitHub-та жарияланды:
👉 github.com/computerhistory/AlexNet-Source-Code

P.S. Тарихты өзгерткің келе ме? Код жазудан баста.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍12🐳21
🔥 Білесіз бе? Сізге келетін Push-хабарламалардың сиқыры – адам миының назарын тарту және есте сақтау қабілетінің негізінде жатыр!

🧠 Адам зейіні қалай жұмыс істейді ?
Күтпеген сигналдар миға тез жетеді🔔

“Ең маңызды” деп санаған ақпаратты ұзақ есте сақтаймыз
Қайталап көрсеңіз, әдетке айналады (habit formation) 🔄

⁉️ Ал енді осы Push-хабарламаларды қалай тиімді ете аламыз:

Сегменттерге бөлу (Segmentation) 📊
Пайдаланушыларды жасына , геолокациясына, әрекеттеріне (app usage) қарай топтау арқылы хабарламаны дәл керек аудиторияға жеткізе аламыз.

Жекелендіру (Personalization) 💌
Пуш хабарламаны адамның атымен бастау, өткен әрекеттер мен қызығушылықтар негізінде динамикалық контент - конверсияны ұлғайтады.

Дәл оқитын уақытты табу (Send-Time Optimization)
AI және машиналық оқыту модельдері (ML) арқылы әрбір қолданушы үшін ең қолайлы уақытта жіберу.

A/B тестілеу 🧪
Мәтін, CTA батырмасының әртүрлі нұсқаларын сынау, аудиторияны өзгерту арқылы ең жоғары конверсия әкелетін нұсқаны анықтау.

Predictive Analytics 🔮
Пайдаланушының болашақ әрекеттерін (мысалы, қоржынға зат салатынын) болжау және сәйкес push-trigger жасау. Айтпақшы, танымал Kaspi дүкені осы әдісті жиі қолданады🔥

Сурет, бейне, GIF қосу; 📸▶️
“Көруге” немесе “Сатып алуға” сілтейтін батырмалар – интерактивтілікті арттырады.

🎓 Duolingo мысалы

Duolingo – тіл үйретуге арналған қосымша, push-хабарламаларын ерекше шеберлікпен қолданады: Мысалы , “Жарысыңды үзбе! 7 күндік streak-іңізді тоқтатпа🔥” деген пуш хабарламаларды дәл кешегі қолданбаға кірген уақытта жібереді. Сонымен қатар , уақытты еске салу үшін “Таңертеңгі 5 минуттық жаттығуды ұмытпадыңыз ба? ” деген хабарламарды қолданады.

🌟 Осы техникаларды енгізсеңіз, push-хабарламаларыңыз анағұрлым нақты және тиімді болады.

🔔 Push-хабарламаларды қосып қойыңыз да, еш жаңалықтан қалып қоймаңыз! 🚀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8👍2🐳1
Kolesa Conf 2025-ке https://kolesa-conf.kz қатысатын Data бағытындағы үздік спикерлерді іздейміз

Қазақ тілінде мына бағыттар бойынша баяндамалар қажет:
- Data-Science
- ML-инженерия

Мынандай баяндамаларға ерекше назар аударамыз:
- Қолданбалы: келген қатысушылар күнделікті жұмыстарында қолдана алатын нақты идеялар мен құралдармен кетуі үшін нәтиже көрсеткен практикалық кейстер, мысалдар мен әдістермен бөлісіңіз.
- Ерекше: бұрын еш жерде ашық жарияланбаған және басқа баяндамаларды қайталамайтын материалдар болғаны дұрыс.


Kolesa Conf — өзіңізді көрсетіп, жетістіктерің туралы айтатын және Қазақстанның data-қауымдастығының дамуына үлес қосатын таптырмас мүмкіндік. Егер қызықты жобаңыз болса, елеулі нәтижелерге жеткен болсаңыз немесе жәй тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе, міне, сәті туып тұр!

Өтінім қалдыру үшін @akzhnva-ға жазыңыз.
Керекті ақпараттар: аты-жөніңіз, компанияңыз, баяндамаңыздың атауы, сипаттамасы және көздеген аудиториясы.
41👍1
Сәлем достар👋

Қазір TechOrda бағдарламасы арқылы көптеген IT мамандықтарын тегін игеруге болады. Бұл IT әлеміне қадам басу үшін таптырмас мүмкіндік 🎉

Курстардың ішінен қазақ тілінде өтетін Docker Academy курсын көзіміз шалып қалды 👀

Олар сізге нарықта сұранысқа ие екі мамандықты тегін меңгеруге мүмкіндік береді:

1️⃣ "AI-ды Product Management-те қолдану" курсы.
Өнімді басқаруға AI-ды біріктіруді үйреніп, болашақтың мамандығын игер.
9 стипендиялық орын.

2️⃣ "Laravel-де бэкенд әзірлеу" курсы.
Заманауи веб-қосымшалар жасауды үйреніп, кәсіби бэкенд әзірлеуші бол.
9 стипендиялық орын.

Оқу туралы маңызды ақпарат:
Оқу форматы: Онлайн.

Кім қатыса алады: 18-45 жас аралығындағы ҚР азаматтары.

Гарантиялық жарна: 100 000 теңге. Бұл жарна оқуды сәтті аяқтаған және барлық шарттарды орындаған жағдайда толық көлемде қайтарылады.

➡️ Сілтеме арқылы өтінім бер

P.S Бұл сайтта өзге де IT курстарға өтінім бере аласыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
9🥰1