Digital Dala
730 subscribers
120 photos
2 videos
20 files
83 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
Remini AI: Суреттерді сөйлететін жасанды интеллект! 🤖

Трендегі Remini AI қосымшасын қолданып көрген шығарсыздар? Әдемі суреттер, иә? Осы жасанды интеллект жасаған туындылар жайлы не білеміз?

Remini AI – TikTok пен Instagram-да вирусқа айналған «фото күшейткіш» қосымшасы. Пайдаланушыларға кәсіби фотосессияны қажет етпей-ақ, небәрі 5 секунд ішінде бет әлпетіңізден жоғары сапалы сурет жасауды ұсынады. UGC (user-generated content) тәсіліне негізделгендіктен қосымша тез танымал болды.

💡 Қызықты факт

✔️ Remini AI жүктелушілер саны жағынан Threads-ты басып озды;
✔️ Оның технологиясы OpenAI мен Google DeepMind сияқты ірі жобалар қолданатын терең оқыту қағидаларына негізделген;
✔️ Қосымшаны тегін жүктеп алуға болады, бірақ мүмкіндіктердің толық жиынтығын пайдалану үшін жазылым қажет - аптасына $9,99 немесе жылына $79,99;
✔️ Айлық жүктелуі 17 млн-ға жеткен;
✔️ Бір айда 115 млн-ға жуық белсенді қолданушысы бар.

Remini AI секілді басқа қандай құралдарды пайдалануға болады?

Егер Remini AI сізге ұнаса немесе басқа салаларда AI құралдарын қолдануды ойласаңыз, міне, сіздің жұмыстағы өнімділігіңізді арттыратын танымал жасанды интеллект құралдары:

Түйіндеме жасау – Kickresume
Кез келген тапсырманы шешу – ChatGPT
Мәтін жазу – Writesonic
Кескін жасау – Midjourney
Код жазу – Replit
Видео жасау – Synthesia
Музыка жасау – Soundraw
TikTok бейнелерін жасау – Fliki
Аватар жасау – Starrytars
Презентация құру – Slides AI
Бейне өңдеу – Pictory
Жазбаларды қысқарту/қорытындылау – Wordtune

Remini AI – жаппай қолжетімділіктің арқасында AI біздің өмірімізге еніп жатқанын еске салатын қосымшалардың бірі, дегенмен, өз ерекшелігімізді жоғалтпайық 🫰

💬 Сіз Remini AI-ды қолданып көрдіңіз бе? Өз әсерлеріңізбен бөлісіңіз!

Дереккөз сілтемелері:
Bending Spoons
AppTractor
VNews
Coding Interview Resources

#жасанды_интеллект #ReminiAI #AI #AI_құралдары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍65
Forwarded from Үздік БІЛІМ (Yergali 예르갈리)
Бәріне сәлем!

Бүгін AI Olymp дайындық курсының алғашқы сабағы болды. Оны ашық жасауға бел будым.

Жалпы не туралы, қалай болатынын, және Сызықтық алгебра мен матрицаны түсіндірдім.

Әрине ол сабақ тіке кәзір ЖИ қатысы болмаса да, базалық негізгі фундамент болып табылады.

Қарап көріңіздер.

https://youtu.be/NZGwR31_iMM
5
Digital Dala 1️⃣ жылда не жасады?

Достар, сіздермен бірге болғанымызға бір жыл болып қалыпты, ендеше сол жылда не істедік?

Бұл жыл жаңадан құрылған команда үшін жетістікке толы болды! 👨‍💻

🔼 Мақсаттарымызға сай келесі жұмыстар атқарылды:

✔️ Қазақ тілінде IT саласы туралы 5 мүмкіндік айдары жарық көрді.

✔️ Оқырмандарға пайдалы болатын 3 кеңес мақаласы жарияланды.

✔️ YouTube подкастымызда IT/бизнес саласының үздік мамандарымен 6 эпизод түсірілді.

✔️ Басқа ақпарат көздерінен алынған материалдарды қазақша бейімдеп, шамамен 10 мақала дайындадық.

✔️ Qazaq Tech MeetUp-пен бірге 5 митап жасадық.

✔️ Телеграмда 700-ден астам оқырман жинадық.

Жалғасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥103
Жалғасы:

✔️ IT мен технология әлеміндегі маңызды оқиғаларға арналған 9 Event мақала жазылды.

✔️ Жеке веб-сайтымыз іске қосылды.

✔️ Технологияларды үйренуге арналған 25 нұсқаулық (Guide) дайындалды.

✔️ YouTube арнамызда 100-ден аса, ал Instagram-да 200-ден аса, LinkedIn-де 300-ден аса тіркелуші жинаппыз.

✔️ YouTube арнасында ең көп қаралым мыңға жуық болыпты.

Cанға емес сапаға жұмыс жасайтын жас команда үшін бұл жетістік. Cіздерден қолдау болса, біз әрі қарай да сіздерді сапалы дүниелермен қуантамыз деп сенеміз.

Егер қандай да бір үлес қосамын десеңіз, кез келген идея мен ұсынысқа ашықпыз 👌

Бізбен бірге болғандарыңызға рақмет, ана тіліміздегі контентті бірге дамытайық ❤️

#қорытынды #1жыл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5❤‍🔥1👍1🔥1👏1
Ozon компаниясының дизайн бойынша тегін гайды!

Сәлем, достар! 😊

Жақында Ozon компаниясы дайындаған дизайн жөніндегі керемет гайдпен бөліскіміз келеді. Ол интерфейс, UX/UI және визуалды стильге қатысты пайдалы ақпараттарға толы.

📌 Гайдта 9 негізгі бөлім бар:

1️⃣ Белгілер
🔣 Нүкте, сызықша, бос орындарды қайда және қалай қою керек?

2️⃣ Сөздер
Грамматика мен сауаттылықты қалай жақсартуға болады?

3️⃣ Интерфейс мәтіндерін қалай тексеру керек?
🔍 Контекст пен өзін-өзі тексеру тізімі

4️⃣ Бос күйлер
📦 Қолданушыға қажет ақпаратты дұрыс көрсету ережелері

5️⃣ Сәттілік экрандары
🎉 Жақсы жаңалықтарды қалай дұрыс жеткізу керек?

6️⃣ Қателер
⚠️ Қолданушыны қорқытпай, дұрыс бағыттау жолдары

7️⃣ Форматтар
📩 Тақырыптар, батырмалар, push-хабарламалар, хаттар

8️⃣ Жалпы ережелер
ℹ️ Ақпараттылық, safe choice принципі, мәтін өлшемі

9️⃣ Пайдалы ресурстар
🔗 Жұмыс барысында қолдануға болатын маңызды дереккөздер

Сілтеме

#мүмкіндік #пайдалы_ресурс #дизайн
@digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍82
🌸 Қыздар қауымын келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, IT саласында жақын арада оларға арналған мүмкіндіктермен таныстырғымыз келеді.

📢 International Women's Day 2025
Google WTM Амбассадорлары ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы іс-шараның биылғы тақырыбы – "Redefine Possible".
📅 Күні мен уақыты: 15 наурыз 2025, 10:00-13:00
📍 Өтетін орны: Алматы Менеджмент Университеті
📎Сілтеме

📢 Technovation Girls Kazakhstan
Технология саласындағы қыздарға арналған жаһандық еріктілік бағдарлама. Кремний алқабында (АҚШ) әзірленген білім беру бағдарламасының негізінде, менторлар мен сарапшылардың қолдауымен, қыздар топ болып мобильді қосымша немесе жасанды интеллект алгоритмін жасайды.
📅 Ментилерге тіркелу дедлайны: 17 наурыз 2025
📎 Толығырақ (ментор не менти болуға болады)

📢 NU ACM-Women Student Chapter 6-шы жыл сайынғы codeW2025 бағдарламалау сайысы
📅 Күні: 15 наурыз 2025 | тіркелу дедлайны: 9 наурыз
📍 Өтетін орны: Назарбаев Университеті, Астана
📎Сілтеме

#мүмкіндік
@digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥1
РЕЙТИНГ_Топ_Анти_топ_компаний_по_версии_ИТ_сообщества_2025_для.pdf
2.4 MB
Сәлем, достар 👋

Көктем мезгілі HR-лар үшін науқанды жұмыс болатын кезең 🔈

Сол үшін сіздермен 2025 жылдағы Қазақстандағы IT компаниялардың рейтингісі бар зерттеумен бөліскіміз келеді 📈

Ал сіз осы зерттеумен келісер ме едіңіз ⁉️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥2🤔2
🔥 Білесіз бе? Face ID мен Insta фильтрлерінің түп негізі – сүтқоректілердің көру жүйесінде жатыр! 👀🤖


Бетіңізді телефон неге таниды? Камера затты қалай ажыратады?
Бұл — сиқыр емес, сүтқоректілердің көру жүйесіне негізделген жасанды интеллект технологиясы.


🧠 Табиғат қалай көреді?
Сүтқоректілер (соның ішінде адам да) әлемді былай таниды:
Көз жарықты қабылдайды 🟡
Сигнал миға барады (көру қыртысы — Visual Cortex)
Алдымен жиек пен сызықтарды, кейін пішіндер мен объектілерді таниды

🤖 Ал компьютер қалай көреді?
CNN (Convolutional Neural Network) – бұл табиғи көру жүйесінің цифрлық нұсқасы.
Ол да дәл осылай үйренеді:
1-қабат – сызықтарды көреді
2-қабат – пішіндерді
Соңғы қабаттар – "мысық па, ит пе?" анықтайды 🐶🐱


🔍 Қайда қолданылады?
Face ID – бетіңді автоматты тану
Instagram фильтрлері – бет контурын дәл табу
Google Lens – камера арқылы затты анықтау
Tesla – жолдағы объектілерді көру


🌿Технология мен табиғаттың керемет симбиозы!
Сүтқоректілердің көру қабілетін зерттей отырып, адамзат өзіне ұқсас "көретін" нейрондық желі жасады.
Жасанды интеллект — бұл жай ғана код емес, табиғаттан үйренген даналық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
15👍6🆒4🐳3🔥1
Android пен Linux туыс па? Әлде Android-тың түп атасы фотоаппарат болған ба? 🤔

Бір сәт елестетіп көріңізші: сіздің қазіргі смартфоныңыздың орнына қолыңызда цифрлық фотоаппарат 📸 тұр, оның ішінде Android жүйесі орнатылған. Иә, дәл сол – WhatsApp емес, Instagram емес, тек суретке түсіру үшін жасалған құрылғы! Себебі бастапқыда Android дәл осы фотоаппараттарға арналған еді. Бірақ бір күні Энди Рубин бастаған топ: «Ой, бұл фотоаппараттар ешкімге керек болмай қалыпты ғой...» – деп, Android-ты телефондарға ауыстырып жіберді. Содан бері бүкіл әлем смартфондар әлеміне айналып кетті. 🌏📲

Ал енді қызығы: Android «ішінде» Linux өмір сүреді дегенді естіген шығарсыздар? Шын мәнінде Android-тың жүрегі – Linux-тың ядросы. Бірақ Linux пен Android «туыс» болса да, мінездері мүлде бөлек екі ағайын сияқты. 🤗

Қарапайым тілмен айтқанда:

* Linux – толық еркіндікке құмар, бәріне ашық, тәжірибеге дайын, бағдарламашылардың сүйікті «ойын алаңы». 🥳
* Android болса – Google тәрбие берген, белгілі шекаралары бар, бірақ миллиардтаған адам қолданатын ең атақты «балақай». 🤖🔥

Қалай болғанда да, екеуі де сіздің қалтаңыздағы смартфоннан бастап, ғарыш станциясына дейінгі әлемді жаулап алды. 👏

💬 Сіз қалай ойлайсыз, егер Android шынымен фотоаппарат болып қалғанда, қазіргі әлем қандай болар еді? Қиялдарыңызды жазып қалдырыңыздар! ⬇️😊

Автор: Султан Сулейменов

#бағдар #android #linux #қызықты_тарих

https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥4👍2🤯1