Digital Dala
728 subscribers
121 photos
2 videos
20 files
84 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
🎶 Frontend және Backend әзірлеу: Интернет домбырасы 🌐

Сәлем, достар 👋

Бүгін біз Frontend және Backend әзірлеу жайында сөз қозғайтын боламыз. Ол үшін веб-сайтты/қосымшаны қазақтың әдемі домбырасы ретінде елестетейік. 🎵 Домбыраның екі маңызды — ішегі мен шанағы(денесі) бар сияқты, интенет те екі тіректің негізінде тұр: frontend және backend.

Сайт пайдаланушысын аспапшы деп елестетсек, домбыра дайындайтын шеберлер - әзірлеушілер. Frontend домбыраның ішектеріне ұқсайды. Аспапшы ішектермен ойнаған кезде дыбыс шығады - бұл пайдаланушының сайтты қолданып жатқаны. Frontend - бұл сіз интернетте көрген, түрткен және сезетін барлық нәрселер. Бұл веб-сайтты әдемі қылатын және қолданыстың ыңғайын салатын түймелер, түстер, макеттер және анимациялар. Егер ішектер үндеспесе немесе әлсіз болса, әуен құлаққа жағымсыз болады — нашар жасалған интерфейс те пайдаланушы тәжірибесін бұзады.

Бірақ сиқыр мұнымен тоқтамайды 👨‍🎓

Backend - домбыраның шанағы (денесі). Шанақ дыбысты күшейтіп, жаңғыртып, әуенді жандандырады. Қолданбаңыздың функционалдық негізін құрайтын да backend. Бұл жерде деректер өңделеді, сақталады және басқарылады, пайдаланушыларға көрінбейді, бірақ домбыра әсем ән беруі үшін маңызды. Ішектен шыққан дыбыс ойықтан кіріп (API), домбыра денесінің түрлі бұрыштарына соғылып, өзгеріп, еселіп қайта жандана шығады. Front пен back те тура солай, тек дыбыс орнына ақпаратпен сөйлеседі. Денесіз шектерден шыққан дыбыс әлсіз болар еді, backend болмаса, front та дәрменсіз. 🤝

Домбыраның денесі дауысының қоңырлығы мен жуандығын анықтайды. Дауысы неғұрлым қатты шықса, соғұрлым көп адам естігені секілді, backend те көп пайдаланушыны қабылдауға дайын болып жазылса, сайтты да соншалықты көп адам қолдана алады. 🤙

Домбыраның ішегі мен шанағы бірге үйлесімділік құратыны сияқты, тамаша веб-бағдарлама frontend және backend арасындағы тамаша тепе-теңдікті қажет етеді. 🤓

Осы екі бөлік қосылса, тамаша цифрлық симфония 🎵 жасайсыз. 📈

Сонымен, келесі жолы веб-сайтқа кіргенде, оны домбыра деп елестетіңіз — фронтенд пен бэкэнд тамаша үйлесіммен бірге жұмыс істеп, үздіксіз цифрлық тәжірибені жасап тұрғанын сезініңіз. 🤝 Екі бөлікті неғұрлым жақсы баптасаңыз, нәтиже соғұрлым әдемі болады. ✍️



Қалай ойлайсыз, домбыраның басқа бөліктері әзірлеудің қай үрдістеріне сай келеді

Пост авторы: Асылниет Жетпісбаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16🔥11👍3
Сәлем, әлем 👋

Арнамызда бағдар бойынша жаңа рубрика және сіздермен байланыста Мұстафа Исабаев 📞
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐳2
Digital Dala
Сәлем, әлем 👋 Арнамызда бағдар бойынша жаңа рубрика және сіздермен байланыста Мұстафа Исабаев 📞
"Ақпараттық кауіпсіздік деген не?" тақырыбына бірге тоқталайық. 🤓

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын, соған сай киберқауіптер де артып келеді. Сондықтан IT қауіпсіздік саласындағы мамандардың рөлі бұрынғыдан да маңызды. Оның негізгі принципі – CIA Triade жайлы айтып көрелік. 💬

Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық жүйелер мен деректердің құпиялығын, бүтіндігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен технологиялар жиынтығы. Деректер мен ақпараттық жүйелер қауіпсіз болып саналуы үшін, CIA Triade деп аталатын үш принцип сақталуы керек. Олар:

1️⃣ Confidentiality (Құпиялылық): Деректерге немесе ақпараттык жүйелерге рұқсат етілмеген адамдардың қол жеткізуін шектеу. Confidentiality бұзудың көптеген жолдары бар. Оларға тікелей шабуыл (hacking attack), фишинг арқылы қол жеткізу немесе желіні тыңдау арқылы (Man-in-the-middle attack) кіреді. Осындай шабуылдарды болдырмау үшін деректерді шифрлау, көп факторлы аутентификация (MFA) және access control сияқты іс шаралар мен технологиялар қолданылады.

2️⃣ Integrity (Бүтіндік): Деректердің өзгеріссіз сақталуын қамтамасыз ету. Деректерге ешбір рұқсатсыз өзгеріс енгізілмеуі керек. Тіпті өзгертілген жағдайдың өзінде, оның кіммен және қашан өзгертілгені анықталуы қажет. Бүтіндікті бұзудың мысалдары ретінде файл конфигурацияларын өзгертілуі немесе деректер базасындағы мәліметтерді өзгертуді айтуға болады. Деректердің тұтастығын қорғау үшін көбінесе хэштеу, шифрлау, цифрлық сертификаттар немесе қолтаңбалар пайдаланылады.

3️⃣ Availability (Қолжетімділік): Деректерге рұқсат етілген тұлғалардың керек кезінде қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз ету. Деректер құпия және оның тұтастығы сақтағанымен де, олар қолжетімсіз болса, онда олардан пайда жоқ. Сол себепті жүйелер үздіксіз жұмыс істеп, қажетті мәліметтер әрқашан қолжетімді болу керек. Мұны қамтамасыз ету үшін резервті желілер мен серверлер, (DoS) шабуылдарына қарсы құралдар мен сақтық көшірмелер (backup) көмектеседі.

Келесі посттарда әр принципке тереңірек тоқталып, оларды қамтамасыз етуге бағытталған әрбір шара мен технологиялар жайлы айтамыз! Жіберіп алмаңыз. 🫰

Пост авторы: Mustafa Issabayev

#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік

https://t.iss.one/digitaldala
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз 👌
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥64🐳1
Forwarded from QazTech Meetup
Сәлем, IT мамандары!👋

📣Қазақ тілді митаптарымыз жалғасуда, бұл жолы жаңа тақырыпты талқылаймыз!

💥Келесі митаптың тақырыбы – «Backend және Web Әзірлеу»! Веб және серверлік бағдарламалаудың қыр-сырын білгіңіз келсе, осы шараны жіберіп алмаңыз!

🗓12 қазанда, сағат 13:00-де AlmaU университетінде сіздерді күтеміз. Спикерлер жайлы ақпаратты жақында жариялаймыз.

📅12.10.2024 13:00 - 17:00
📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы
💵 Қатысу тегін!
📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8

🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік!

☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21
Тестілеушіден QA инженеріне дейін

Сәлем, оқырман! 👋

Интернет домбырасын еске түсірейікші. Сондағы домбыраның құлағын тестілеу мамандары деп алдық, себебі құлағы оның үнінің дұрыс шығуын қадағалап, керек дыбыс шықпаса бұрайды. Домбыраның құлағы қаншалықты маңызды болса, IT саласында да әзірлеушілердің жұмысын тексеретін QA мамандары соншалықты маңызды.

«QA», «QC», немесе «тестілеу» терминдерін естігенде тек IT саласын елестетуіңіз мүмкін, бірақ бұл ұғымдар бастапқыда өндіріс пен қызмет көрсету салаларынан шыққанын білдіңіз бе? ⁉️

Орта ғасырлардан бастап сапаны қамтамасыз ету, әсіресе өнеркәсіптік революция кезеңінде, еңбек бөлінісі мен мамандандырылған бақылау жүйелерінің пайда болуымен дамыды. Бүгінде сапаны қамтамасыз ету әрбір салада маңызды рөл атқарады, соның бірі - IT индустриясы. Ал енді негізгі ұғымдарға тоқталайық:

🟢 QA (Quality Assurance) – бұл процестерді бақылауға бағытталған жоғары деңгей. Ол қателердің алдын алу үшін бүкіл команданың жұмысын үйлестіреді, процестерді орнатып, өнімді тексеруді ұйымдастырады.

🟢 QC (Quality Control) – QA бөлімі, сапаны бақылауға жауапты. Ол өнімнің талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тексеруге бағытталған (верификация).

Егер осы ұғымдарды толығырақ түсінгіңіз келсе тестілеу маманы Али Ахметов жазған мына мақалада мейрамхана мысалы арқылы QA, QC, тестілеу үдерістерінің қалай жұмыс істейтіні ҚАЗАҚША түсіндірілген. 🔝

Интернет домбырасы туралы толығырақ 🖥

#бағдар
#QA
#тестілеу

Арнамызды оқи жүріңіздер 🤓
https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍32
Forwarded from QazTech Meetup
💥 Cәлем, достар!

Backend және Web әзірлеу саласының мамандарымен танысып, олардың тәжірибесі мен инсайттарын тыңдауға келіңіздер ‼️

🔈 Спикерлер:

💭 ТАСЫБЕКОВ ДИМАШ
Frontend Developer, Halyk bank
📎 “Javascript браузерде қалай жұмыс жасайды? Event Loop, Microtask, Macrotask.”

💭 АЙТАНОВА АҚЕРКЕ
Software Engineer, ex. Home Credit Bank
📎 “Микросервис шешім емес. Микросервистік мінсіз өмірдің антиутопиясы.”

💭 ӨТЕҒАЛИ АСЫЛХАН
Backend developer, Aviata
📎 “Шифрланған деректердің ішінен іздеу алгоритмі”

💭 ӘДІЛҚЫЗЫ ЖАҢЫЛ
Java Developer, Tele2
📎 “2 ақпараттық жүйе арасындағы интерграция жасаудағы менің 5 қателігім”

💭 РАҚЫМ СӘБИТ
Software Engineer, Elixirator
📎 “Elixir мен Phoenix-тің продакшндағы қолданысы”

💭 АБДУЛЛА ӘЙГЕРІМ
Backend Developer, Jusan Bank
📎 “Күйзеліссіз релиз: Feature Flag-тар - жүйені тоқтатпай жаңартуларды шығаруға мүмкіндік”

🎤 Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, КМФ

🗓 12.10.2024 13:00 - 17:00

📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы

🔒 Қатысу тегін!

🖥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8

🔝 @qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз!

🎉 Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥96👍1
⚠️Cәлем, достар!

Backend және Web әзірлеу саласындағы кездесуіміздің уақыт кестесін назарларыңызға ұсынамыз!

🔜 12:45-13:00
Жиналу уақыты

13:00-13:25
💭 АЙТАНОВА АҚЕРКЕ
Software Engineer, ex. Home Credit Bank
📎 “Микросервис шешім емес. Микросервистік мінсіз өмірдің антиутопиясы.”

13:25-13:50
💭 ТАСЫБЕКОВ ДИМАШ
Frontend Developer, Halyk bank
📎 “Javascript браузерде қалай жұмыс жасайды? Event Loop, Microtask, Macrotask.”

13:50-14:15
💭 ӘДІЛҚЫЗЫ ЖАҢЫЛ
Java Developer, Tele2/Altel
📎 “2 ақпараттық жүйе арасындағы интерграция жасаудағы менің 5 қателігім”

14:15-14:40
💭 ӨТЕҒАЛИ АСЫЛХАН
Backend developer, Aviata
📎 “Шифрланған деректердің ішінен іздеу алгоритмі”

14:40-15:05
💭 РАҚЫМ СӘБИТ
Software Engineer, Elixirator
📎 “Elixir мен Phoenix-тің продакшндағы қолданысы”

15:05-15:30
💭 АБДУЛЛА ӘЙГЕРІМ
Backend Developer, Jusan Bank
📎 “Күйзеліссіз релиз: Feature Flag - жүйені тоқтатпай жаңарту шығаруға мүмкіндік”

15:30-17:00
Нетворкинг, сұрақ-жауап уақыты

🎤 Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, КМФ

🗓 12.10.2024 13:00 - 17:00

📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы

🔒 Қатысу тегін!

🖥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8

🔝 @qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз!

🎉 Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍1
Dimash_ Tassybekov_digitaldala_qazaqtech.pptx
489.1 KB
Cәлем, әлем 🫰

Сіздердің сұрауларыңызбен 12 қазан күні өткен митаптың презентациялары 🚀

Келесі митаптың қай бағытта болғанын қалайсыз? Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар 👏 Митап туралы фидбэкті төменге қалдырып кетіңіз 💌

@qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді IT-ды сапалы түрде қазақшаландыруға шақырамыз ❤️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥141
Сәлем, әлем 👋

Аздап демалып алған болсақ, посттар желісін жалғастырайық 🥵
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
9
Digital Dala
Сәлем, әлем 👋 Аздап демалып алған болсақ, посттар желісін жалғастырайық 🥵
Ақпараттық кауіпсіздік мамандығы және оның негізгі бағыттары

Сонымен IT қауіпсіздік маманы деген кім ⁉️

IT қауіпсіздік маманы – компаниялар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерін қорғауға жауапты адам. Олар кибершабуылдарды болдырмау, деректерді шифрлау және жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі әдістер мен технологияларды қолданады. Ақпараттық қауіпсіздік – көп қырлы сала, оның әртүрлі бағыттары бар. Осы саладағы негізгі мамандардың бірнеше түріне тоқтала кетейік.

Бұл саланың негізгі бағыттар

✔️ Security Engineer: жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әртүрлі технологиялар мен құралдарды пайдаланады. Олар корпоративтік желілер мен ақпараттық жүйелерге және басқа инфрақұрылым элементтерін қорғау рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын енгізеді.

✔️ Pentester (Пентестер немесе этикалық хакер): ұйымның қорғаныс жүйелерінің осал тұстарын табу үшін жүйелердің қауіпсіздігін тұрақты түрде тексеріп, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасайды. Олардың мақсаты – кибершабуылшылар кіре алатын осалдықтарды бірінші анықтап, оларды түзету. Кибершабуылдардың алдын алу шараларын жасайды.

✔️ Detection and Response Engineer (SOC Engneer/Security Analyst): жүйеде қауіптерді анықтап, оларға жылдам жауап беру шараларын ұйымдастырады. Олар инциденттерге әрекет етумен қатар, шабуылдарды ерте анықтау құралдарын (SIEM, EDR) қолданады.

✔️ Information Security Manager (Ақпараттық қауіпсіздік менеджері): ұйымдағы ақпараттық қауіпсіздік саясатын құрастырып, оны жүзеге асыруға жауапты. Олар команда жұмысын үйлестіріп, қауіпсіздік стратегиясын жоспарлайды және қауіптерді басқаруға қатысады. Компания ішіндегі қауіпсіздік стандарттарын жасап, әр қызметкердің ақпараттық қауіпсіздік ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді. Киберқауіпсіздік ережелері бойынша тренингтер өткізіп, ұйым ішінде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырады.

✔️ Cloud Security Engineer & DevSecOps Engineer: Бұл екі рөл қазіргі заманғы компаниялар үшін маңызды, себебі олардың көпшілігі бұлттық қызметтерді және DevOps процестерін қолданады. Cloud Security Engineer – бұлттық ортадағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін маман. Олар бұлтты қызметтерді (AWS, Azure, GCP) пайдаланып, деректердің қауіпсіздігін сақтайды. DevSecOps Engineer – DevOps процестеріне қауіпсіздік шараларын енгізетін маман. Қолданба жасаудағы автоматтандыру құралдары мен қауіпсіздік ережелерін бір уақытта қолданып, қауіпсіздікті бағдарламалау процесінің ажырамас бөлігі етеді.

✔️ Application Security Engineer: Қолданбаларды жасау кезінде олардың қауіпсіздігіне жауапты мамандар. Қосымшалардағы кодтарды талдап, осалдықтарын тауып, оларды жөндеу үшін жұмыс істейді.

Осы бағыттардың әрқайсысы бір-бірінен ерекшеленгенімен, түптеп келгенде барлығының мақсаты бір – ұйымның мәліметтері мен жүйелерін кибершабуылдардан қорғау. Бұл мамандар әртүрлі құралдарды, әдістерді және технологияларды қолданып, ұйымдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін бірлесе жұмыс істейді.

Айдардың келесі бөлімінде ақпараттық қауіпсіздік мамандарына қажетті негізгі дағдылар туралы айтамыз. 🧑‍💻

Оқығандарыңызға рахмет және пікір қалдыруды ұмытпаңыздар ✉️

Пост авторы: Mustafa Issabayev

#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік

https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11👍3👏3