ICPC (International Collegiate Programming Contest) – 1970 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең үлкен және ең танымал студенттік командалық бағдарламалау байқауы. Байқауға қатысушылардың негізгі мақсаты – алгоритмдік есептерді кодты пайдалана отырып, шектеулі уақыт ішінде ең тиімді жолмен шешу. Оның финалистері Google, Amazon, Meta, Huawei, Booking сияқты ірі компанияларда қызмет жасайды.
#мүмкіндіктер_айдары
https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤10🔥4
Сәлем достар 👋
Digital Dala-дан кезекті подскаст🎶
Бұл подкастта:
✔️ бизнесті жүйелеудің негізгі мәселелерін талқылаймыз.
✔️ уақыт пен сапа бақылауы жоқ нөл деңгейінен көшбасшылық пен корпоративтік мәдениет басым болатын бесінші деңгейге дейін компанияның жетілу моделін зерттейміз.
✔️ корпорациялардың өмірлік циклін түсініп (Адизес бойынша), компаниядағы негізгі рөлді және жүйелеудің маңыздылығын анықтауға тырыстық.
✔️ «Американы ашпаңыз» сияқты кеңестерді тыңдап, кәсіби мамандардан үйренуге шақырдық.
✔️ Қорытындылай келе, автоматтандырудың сәтті мысалдары және бизнесті оңтайландыру үшін шектеулер теориясын енгізу қажеттілігі жайлы талқыладық.
Осы және өзге де IT саласындағы тақырыптар сізді қызықтырса, подкастымызды көруге шақырамыз!
Подкастқа cілтеме🧑💻
Подкастқа cілтеме🧑💻
Подкастқа cілтеме🧑💻
Подкаст қонағы:👋
Көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер - Айдос Телжан
Подкаст жүргізушісі:🎤
Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert
YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар!🤝
Digital Dala-дан кезекті подскаст
Бұл подкастта:
Осы және өзге де IT саласындағы тақырыптар сізді қызықтырса, подкастымызды көруге шақырамыз!
Подкастқа cілтеме
Подкастқа cілтеме
Подкастқа cілтеме
Подкаст қонағы:
Көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер - Айдос Телжан
Подкаст жүргізушісі:
Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert
YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
YouTube
Digital Dala #6 | Систематизация бизнеса
0:00 Вступление
0:40 Знакомство с Айдосом
1:22 Проблемы систематизации бизнеса
2:47 Вопрос систематизации и стандартизации бизнеса
3:03 Модель зрелости
3:54 Нулевой уровень. Отсутствие результатов, сроков, качества и бюджета.
4:07 Первый уровень.…
0:40 Знакомство с Айдосом
1:22 Проблемы систематизации бизнеса
2:47 Вопрос систематизации и стандартизации бизнеса
3:03 Модель зрелости
3:54 Нулевой уровень. Отсутствие результатов, сроков, качества и бюджета.
4:07 Первый уровень.…
❤4👍2👏1
Сәлем, достар
Бүгін біз Frontend және Backend әзірлеу жайында сөз қозғайтын боламыз. Ол үшін веб-сайтты/қосымшаны қазақтың әдемі домбырасы ретінде елестетейік.
Сайт пайдаланушысын аспапшы деп елестетсек, домбыра дайындайтын шеберлер - әзірлеушілер. Frontend домбыраның ішектеріне ұқсайды. Аспапшы ішектермен ойнаған кезде дыбыс шығады - бұл пайдаланушының сайтты қолданып жатқаны. Frontend - бұл сіз интернетте көрген, түрткен және сезетін барлық нәрселер. Бұл веб-сайтты әдемі қылатын және қолданыстың ыңғайын салатын түймелер, түстер, макеттер және анимациялар. Егер ішектер үндеспесе немесе әлсіз болса, әуен құлаққа жағымсыз болады — нашар жасалған интерфейс те пайдаланушы тәжірибесін бұзады.
Бірақ сиқыр мұнымен тоқтамайды
Backend - домбыраның шанағы (денесі). Шанақ дыбысты күшейтіп, жаңғыртып, әуенді жандандырады. Қолданбаңыздың функционалдық негізін құрайтын да backend. Бұл жерде деректер өңделеді, сақталады және басқарылады, пайдаланушыларға көрінбейді, бірақ домбыра әсем ән беруі үшін маңызды. Ішектен шыққан дыбыс ойықтан кіріп (API), домбыра денесінің түрлі бұрыштарына соғылып, өзгеріп, еселіп қайта жандана шығады. Front пен back те тура солай, тек дыбыс орнына ақпаратпен сөйлеседі. Денесіз шектерден шыққан дыбыс әлсіз болар еді, backend болмаса, front та дәрменсіз.
Домбыраның денесі дауысының қоңырлығы мен жуандығын анықтайды. Дауысы неғұрлым қатты шықса, соғұрлым көп адам естігені секілді, backend те көп пайдаланушыны қабылдауға дайын болып жазылса, сайтты да соншалықты көп адам қолдана алады.
Домбыраның ішегі мен шанағы бірге үйлесімділік құратыны сияқты, тамаша веб-бағдарлама frontend және backend арасындағы тамаша тепе-теңдікті қажет етеді.
Осы екі бөлік қосылса, тамаша цифрлық симфония
Сонымен, келесі жолы веб-сайтқа кіргенде, оны домбыра деп елестетіңіз — фронтенд пен бэкэнд тамаша үйлесіммен бірге жұмыс істеп, үздіксіз цифрлық тәжірибені жасап тұрғанын сезініңіз.
Қалай ойлайсыз, домбыраның басқа бөліктері әзірлеудің қай үрдістеріне сай келеді
Пост авторы: Асылниет Жетпісбаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤16🔥11👍3
Digital Dala
Сәлем, әлем 👋 Арнамызда бағдар бойынша жаңа рубрика және сіздермен байланыста Мұстафа Исабаев 📞
"Ақпараттық кауіпсіздік деген не?" тақырыбына бірге тоқталайық. 🤓
Ақпараттық технологиялар дамыған сайын, соған сай киберқауіптер де артып келеді. Сондықтан IT қауіпсіздік саласындағы мамандардың рөлі бұрынғыдан да маңызды. Оның негізгі принципі – CIA Triade жайлы айтып көрелік.💬
Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық жүйелер мен деректердің құпиялығын, бүтіндігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен технологиялар жиынтығы. Деректер мен ақпараттық жүйелер қауіпсіз болып саналуы үшін, CIA Triade деп аталатын үш принцип сақталуы керек. Олар:
1️⃣ Confidentiality (Құпиялылық): Деректерге немесе ақпараттык жүйелерге рұқсат етілмеген адамдардың қол жеткізуін шектеу. Confidentiality бұзудың көптеген жолдары бар. Оларға тікелей шабуыл (hacking attack), фишинг арқылы қол жеткізу немесе желіні тыңдау арқылы (Man-in-the-middle attack) кіреді. Осындай шабуылдарды болдырмау үшін деректерді шифрлау, көп факторлы аутентификация (MFA) және access control сияқты іс шаралар мен технологиялар қолданылады.
2️⃣ Integrity (Бүтіндік): Деректердің өзгеріссіз сақталуын қамтамасыз ету. Деректерге ешбір рұқсатсыз өзгеріс енгізілмеуі керек. Тіпті өзгертілген жағдайдың өзінде, оның кіммен және қашан өзгертілгені анықталуы қажет. Бүтіндікті бұзудың мысалдары ретінде файл конфигурацияларын өзгертілуі немесе деректер базасындағы мәліметтерді өзгертуді айтуға болады. Деректердің тұтастығын қорғау үшін көбінесе хэштеу, шифрлау, цифрлық сертификаттар немесе қолтаңбалар пайдаланылады.
3️⃣ Availability (Қолжетімділік): Деректерге рұқсат етілген тұлғалардың керек кезінде қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз ету. Деректер құпия және оның тұтастығы сақтағанымен де, олар қолжетімсіз болса, онда олардан пайда жоқ. Сол себепті жүйелер үздіксіз жұмыс істеп, қажетті мәліметтер әрқашан қолжетімді болу керек. Мұны қамтамасыз ету үшін резервті желілер мен серверлер, (DoS) шабуылдарына қарсы құралдар мен сақтық көшірмелер (backup) көмектеседі.
Келесі посттарда әр принципке тереңірек тоқталып, оларды қамтамасыз етуге бағытталған әрбір шара мен технологиялар жайлы айтамыз! Жіберіп алмаңыз.🫰
Пост авторы: Mustafa Issabayev
#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік
https://t.iss.one/digitaldala
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👌
Ақпараттық технологиялар дамыған сайын, соған сай киберқауіптер де артып келеді. Сондықтан IT қауіпсіздік саласындағы мамандардың рөлі бұрынғыдан да маңызды. Оның негізгі принципі – CIA Triade жайлы айтып көрелік.
Ақпараттық қауіпсіздік – ақпараттық жүйелер мен деректердің құпиялығын, бүтіндігін және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар мен технологиялар жиынтығы. Деректер мен ақпараттық жүйелер қауіпсіз болып саналуы үшін, CIA Triade деп аталатын үш принцип сақталуы керек. Олар:
Келесі посттарда әр принципке тереңірек тоқталып, оларды қамтамасыз етуге бағытталған әрбір шара мен технологиялар жайлы айтамыз! Жіберіп алмаңыз.
Пост авторы: Mustafa Issabayev
#бағдар
#ақпараттық_қауіпсіздік
https://t.iss.one/digitaldala
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
Digital Dala
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
🔥6❤4🐳1
Forwarded from QazTech Meetup
Сәлем, IT мамандары!👋
📣 Қазақ тілді митаптарымыз жалғасуда, бұл жолы жаңа тақырыпты талқылаймыз!
💥 Келесі митаптың тақырыбы – «Backend және Web Әзірлеу»! Веб және серверлік бағдарламалаудың қыр-сырын білгіңіз келсе, осы шараны жіберіп алмаңыз!
🗓 12 қазанда, сағат 13:00-де AlmaU университетінде сіздерді күтеміз. Спикерлер жайлы ақпаратты жақында жариялаймыз.
📅 12.10.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы
💵 Қатысу тегін!
📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8
🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік!
☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
@qazaqtech
💵 Қатысу тегін!
📥 Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/7Hx2MZKkmVwibrMb8
🔝Біз @digitaldala -мен біріге отырып, сіздерді осы митапқа шақырамыз! Келіңіздер, білім мен тәжірибені бірге бөлісейік!
☄️ Қазақша IT-ді бірге дамытайық!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1
Тестілеушіден QA инженеріне дейін
Сәлем, оқырман!👋
Интернет домбырасын еске түсірейікші. Сондағы домбыраның құлағын тестілеу мамандары деп алдық, себебі құлағы оның үнінің дұрыс шығуын қадағалап, керек дыбыс шықпаса бұрайды. Домбыраның құлағы қаншалықты маңызды болса, IT саласында да әзірлеушілердің жұмысын тексеретін QA мамандары соншалықты маңызды.
«QA», «QC», немесе «тестілеу» терминдерін естігенде тек IT саласын елестетуіңіз мүмкін, бірақ бұл ұғымдар бастапқыда өндіріс пен қызмет көрсету салаларынан шыққанын білдіңіз бе?⁉️
Орта ғасырлардан бастап сапаны қамтамасыз ету, әсіресе өнеркәсіптік революция кезеңінде, еңбек бөлінісі мен мамандандырылған бақылау жүйелерінің пайда болуымен дамыды. Бүгінде сапаны қамтамасыз ету әрбір салада маңызды рөл атқарады, соның бірі - IT индустриясы. Ал енді негізгі ұғымдарға тоқталайық:
🟢 QA (Quality Assurance) – бұл процестерді бақылауға бағытталған жоғары деңгей. Ол қателердің алдын алу үшін бүкіл команданың жұмысын үйлестіреді, процестерді орнатып, өнімді тексеруді ұйымдастырады.
🟢 QC (Quality Control) – QA бөлімі, сапаны бақылауға жауапты. Ол өнімнің талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тексеруге бағытталған (верификация).
Егер осы ұғымдарды толығырақ түсінгіңіз келсе тестілеу маманы Али Ахметов жазған мына мақалада мейрамхана мысалы арқылы QA, QC, тестілеу үдерістерінің қалай жұмыс істейтіні ҚАЗАҚША түсіндірілген.🔝
Интернет домбырасы туралы толығырақ🖥
#бағдар
#QA
#тестілеу
Арнамызды оқи жүріңіздер🤓
https://t.iss.one/digitaldala
Сәлем, оқырман!
Интернет домбырасын еске түсірейікші. Сондағы домбыраның құлағын тестілеу мамандары деп алдық, себебі құлағы оның үнінің дұрыс шығуын қадағалап, керек дыбыс шықпаса бұрайды. Домбыраның құлағы қаншалықты маңызды болса, IT саласында да әзірлеушілердің жұмысын тексеретін QA мамандары соншалықты маңызды.
«QA», «QC», немесе «тестілеу» терминдерін естігенде тек IT саласын елестетуіңіз мүмкін, бірақ бұл ұғымдар бастапқыда өндіріс пен қызмет көрсету салаларынан шыққанын білдіңіз бе?
Орта ғасырлардан бастап сапаны қамтамасыз ету, әсіресе өнеркәсіптік революция кезеңінде, еңбек бөлінісі мен мамандандырылған бақылау жүйелерінің пайда болуымен дамыды. Бүгінде сапаны қамтамасыз ету әрбір салада маңызды рөл атқарады, соның бірі - IT индустриясы. Ал енді негізгі ұғымдарға тоқталайық:
Егер осы ұғымдарды толығырақ түсінгіңіз келсе тестілеу маманы Али Ахметов жазған мына мақалада мейрамхана мысалы арқылы QA, QC, тестілеу үдерістерінің қалай жұмыс істейтіні ҚАЗАҚША түсіндірілген.
Интернет домбырасы туралы толығырақ
#бағдар
#QA
#тестілеу
Арнамызды оқи жүріңіздер
https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍3❤2
Forwarded from QazTech Meetup
Backend және Web әзірлеу саласының мамандарымен танысып, олардың тәжірибесі мен инсайттарын тыңдауға келіңіздер
Frontend Developer, Halyk bank
Software Engineer, ex. Home Credit Bank
Backend developer, Aviata
Java Developer, Tele2
Software Engineer, Elixirator
Backend Developer, Jusan Bank
Бекзат Тұраров
Data Analyst, КМФ
📍Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, Атриум залы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9❤6👍1
Backend және Web әзірлеу саласындағы кездесуіміздің уақыт кестесін назарларыңызға ұсынамыз!
Жиналу уақыты
13:00-13:25
Software Engineer, ex. Home Credit Bank
13:25-13:50
Frontend Developer, Halyk bank
13:50-14:15
Java Developer, Tele2/Altel
14:15-14:40
Backend developer, Aviata
14:40-15:05
Software Engineer, Elixirator
15:05-15:30
Backend Developer, Jusan Bank
Нетворкинг, сұрақ-жауап уақыты
Бекзат Тұраров
Data Analyst, КМФ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Google Docs
Байланыс ақпараты
Back&Web Development Qazaq Tech Meetup & Digital Dala шарасына қатысу үшін төмендегі форманы толтыруыңызды сұраймыз.
* Қатысушы саны шектеулі.
Кездесудің телеграм каналдары: https://t.iss.one/qazaqtech
https://t.iss.one/digitaldala
* Қатысушы саны шектеулі.
Кездесудің телеграм каналдары: https://t.iss.one/qazaqtech
https://t.iss.one/digitaldala
❤4👍1
Forwarded from QazTech Meetup
Сәлем, достар 👋🏻
Бүгінгі митапты @digitaldala youtube арнасында тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
https://www.youtube.com/live/FrvsDdkJS1M?si=h3173ULuoa48y8u0
Бүгінгі митапты @digitaldala youtube арнасында тікелей эфирде тамашалай аласыздар.
https://www.youtube.com/live/FrvsDdkJS1M?si=h3173ULuoa48y8u0
YouTube
Digital Dala & Qazaq Tech Meetup кездесу: Backend және Web Әзірлеу
Enjoy the videos and music you love, upload original content, and share it all with friends, family, and the world on YouTube.
👍4🔥3
Dimash_ Tassybekov_digitaldala_qazaqtech.pptx
489.1 KB
Cәлем, әлем 🫰
Сіздердің сұрауларыңызбен 12 қазан күні өткен митаптың презентациялары🚀
Келесі митаптың қай бағытта болғанын қалайсыз? Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар👏 Митап туралы фидбэкті төменге қалдырып кетіңіз 💌
@qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді IT-ды сапалы түрде қазақшаландыруға шақырамыз❤️
Сіздердің сұрауларыңызбен 12 қазан күні өткен митаптың презентациялары
Келесі митаптың қай бағытта болғанын қалайсыз? Пікірлеріңізбен бөлісе отырыңыздар
@qazaqtech х @digitaldala біріге отырып, сіздерді IT-ды сапалы түрде қазақшаландыруға шақырамыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥14❤1