Digital Dala
728 subscribers
121 photos
2 videos
20 files
84 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
Бәріне сәлем 👋

Сіздермен видео ойындар туралы сөз қозғайық. 🙌

Кемінде бір рет ұялы телефонға немесе компьютерге жүктеп, ойын ойнаған боларсыздар? “Сол ойындар қалай жасалады? Шығу тарихы қандай? Бір ойын жасауға қанша адам еңбектенеді? Жалпы қанша уақыт кетеді?” деген ойлар сіздерді мазалап па еді? ✍️

Әлемдегі ең алғашқы компьютер ойыны 1958 жылы 18 қазанда американың физик ғалымы Уильям Хигинботаммен ұсынылған. Қазіргі уақытта ойын жасауға арналған ең мықты 2 қозғалтқыш бар: Unity және Unreal Engine. 💡

Көптеген жасөспірімдер ойын ойнағанды, стримде видео ойыншылардың ойнағанын қарағанды жақсы көреді. Сөйтіп өздері де ойын құрастырушысы болуды армандайды. Құрастыруға кіріспес бұрын алдымен ойынның идеясын ойластырып, қандай болатынын, картасын сызып алу керек. Сосын “ойынның әр бөлімінің толық сипаттамасы, қандай бөліктерден тұрады, қандай жанрда болады, қолданушыға сіздің негізгі жеткізетін ойыңыз қандай?” деген сұрақтарға жауап беру қажет.

Жаңа бір қосымша жүктеп алып, оны қалай ойнауды, не істеу керектігін сіз қалай түсінесіз? Қандай анықтамалар бар? Соның барлығы қолданушыға бірден кірген уақытта түсінікті етіп жасау ойын құрастырушысының мақсаты болу тиіс.

Мысалға, тек бір Үндістанда күніне 3000 инди ойын жарыққа шығады, яғни бәсекелестік жоғары. Ойынның әрбір бөлігі тіптен бір кішкене тастың өзін модельдеу керек. Егер ауқымды жоба болса, онда көптеген адамдардың жұмыла жұмыс істеуін талап етеді, ал инди-құрастырушылары әдетте кішірек жобалар жасағанда ол жұмыстың барлығын өздері атқарады. Мысалы, бөлшектердің өзін модельдеу үшін сіз Blender немесе Maya 3D сияқты бағдарламаларды білуіңіз керек. Яғни, сіз тек құрастырушы емес дизайнерлік, модельерлікте қабілетіңіз болғаны абзал. 📌

Танымал Star Wars, Tekken7, Witcher3, S.T.A.L.K.E.R.2 сияқты ойындар Unreal Engine қозғалтқышында жазылған. ⭐️

Жалпы ойын жасаудың 2 түрлі тәсілі бар: программалау тілі С++ арқылы және мүлде код жазусыз, Blueprint-тарды қолдану арқылы.

1️⃣Код жазбай-ақ ойын құрастыру жақсы естілгенімен, алдымен оның ішінде блоктарды бір-бірімен қалай байланыстыруды үйрену керек. Мысалы, ойыныңызда басты кейіпкерге бір әрекет беру үшін С++ функция жазсаңыз, бұл жерде сіз ішкі қосымшада көптеген блоктарды бір-бірімен байланыстыруыңыз керек.

2️⃣ Unreal Engine түрлі кітапханаларға, тегін ассеттерге өте бай. Негізгі шығару компаниясы Epic Game кітапханасы болғандықтан олар өзінің көптеген ресурстарын қозғалқышта тегін алу мүмкіндігін қосқан.

3️⃣ дизайнға арналған артықшылығы. Егер сіз масштабты немесе жалғыз өзіңіз визуалға фокус қойып ойын жасаймын десеңіз, онда Unreal Engine сізге тура келеді. Себебі компания өзінің жобасын жылдан-жылға түрлі ресуртарға көбейтіп ,жаңартуда. Әсіресе, Unreal Engine 5 бөлімі түрлі анимациялар мен редакторларға бай. Қозғатлқышта 2Д, 3Д ойындар жасауға болады. ✍️

Келесіде екінші қозғалтқыш Unity туралы сөз қозғайтын боламыз… 🫰

Пост авторы: Жазира Жұмахан

#gamedev #game #bagdar
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11🔥10🐳2🎄1
Сәлем 🤝

Бүгін біз әлемге әйгілі GitHub платформасының статистикасы бойынша бағдарламалау тілдерінің артықшылықтарына, кемшіліктеріне, қолданылуына тоқталамыз 📊

#бағдарламалау_тілдері #бағдарламалау #бағдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👍3🐳1
Digital Dala
Сәлем 🤝 Бүгін біз әлемге әйгілі GitHub платформасының статистикасы бойынша бағдарламалау тілдерінің артықшылықтарына, кемшіліктеріне, қолданылуына тоқталамыз 📊 #бағдарламалау_тілдері #бағдарламалау #бағдар
Ал ендеше кеттік 🔍

Python
: Қарапайым синтаксис; үлкен стандартты кітапхана; бірнеше бағдарламалау парадигмаларын қолдау (OOP, функционалды).
: Құрастырылған тілдермен салыстырғанда орындау жылдамдығы баяу; жадты жоғары тұтыну;
🟰: Веб әзірлеу (Django, Flask); ғылыми есептеу және деректерді талдау (NumPy, pandas), жасанды интеллект және машиналық оқыту (TensorFlow, PyTorch).

Java
: JVM арқасында платформа тәуелсіздігі; күшті типті жүйе; үлкен стандартты кітапхана.
: Орындаудың баяу басталуы; қарапайым тапсырмалар үшін көп код; жадты жоғары тұтыну;
🟰: Корпоративті қолданбалар, веб әзірлеу (Spring); мобильді қосымшалар (Android); таратылған жүйелер.

Go
: Машиналық кодқа компиляцияның арқасында жоғары өнімділік; қарапайым синтаксис; кірістірілген параллельді қолдау (goroutines);
: OOP үшін шектеулі мүмкіндіктер, жас экожүйе; тәуелділікті қатаң басқару.
🟰: Веб-қызметтері және микросервистері, жүйелік бағдарламалау; желілік қолданбаларды әзірлеу; бұлттық қызметтер және DevOps құралдары.

JavaScript
: Әр браузерлерде жұмыс істейді; үлкен экожүйе және көп кітапханалар; әртүрлі бағдарламалау парадигмаларына жақсы қолдау.
: Браузердің әртүрлі нұсқалары арасындағы сәйкессіздік; қауіпсіздік мәселелері (XSS, CSRF);
🟰: Веб әзірлеу (React, Angular, Vue.js), серверді дамыту (Node.js); мобильді қосымшаларды әзірлеу (React Native); Desktop қосымшаларды әзірлеу (Electron).

C++
: Жоғары өнімділік, аппараттық ресурстарды бақылау; кең стандартты кітапхана; бағдарламалау парадигмаларына кең қолдау (OOP, функционалдық, процедуралық); төмен деңгейлі бағдарламалауды қолдау.
: Күрделі синтаксис; ұзақ компиляция уақыты.
🟰: Жүйелік бағдарламалау; ойын әзірлеу (Unreal Engine); енгізілген жүйелер, жоғары өнімді қолданбаларды әзірлеу.

TypeScript
: Статикалық типизация; қазіргі заманғы JavaScript стандарттарын қолдау; әзірлеу кезеңінде қателер саныныі аз болуы;
: Қосымша компилияция қадамын талап етеді; JavaScript білімі қажет;
🟰: Веб әзірлеу (Angular); серверді дамыту (Node.js); үлкен JavaScript қосымшаларын әзірлеу.

PHP
: Үйрену және пайдалану жеңілдігі; кең веб-хостингті қолдау; үлкен стандартты кітапхана және көптеген фреймворктар; деректер қорымен жақсы интеграция.
: Қауіпсіздік мәселелері; экожүйедегі ескі кодтардың көптігі; басқа тілдермен салыстырғанда оқылуы ыңғайсыз код.
🟰: Веб әзірлеу (WordPress, Laravel, Symfony); сервер скрипттері; веб-қосымшалар және API интерфейстері.

C
: Жоғары өнімділік және аппараттық ресурстарды бақылау; қарапайымдылық пен минимализм; жүйелік бағдарламалауда кеңінен қолданылады; енгізілген жүйелерге жақсы қолдау.
: Кірістірілген OOP қолдауының болмауы; жадты басқарудың күрделілігі; кірістірілген функциялар мен стандартты кітапхана азырақ.
🟰: Енгізілген жүйелер; жүйелік және төмен деңгейлі бағдарламалау; драйверлер мен жүйелік утилиталарды әзірлеу.

Ruby
: Синтаксистің қарапайымдылығы; метабағдарламалау үшін күшті қолдау; белсенді қауымдастық және көптеген кітапханалар;
: Баяу өнімділік; жадты жоғары тұтыну; басқа тілдермен салыстырғанда танымал емес.
🟰: Веб әзірлеу (Ruby on Rails); сценарийлер, автоматтандыру; прототиптеу.

C#
: Windows және .NET-пен жақсы интеграция; күшті типті жүйе; ойынның дамуына жақсы қолдау.
: Платформаның тәуелсіздігі шектеулі (бірақ .NET Core оны жақсартады); үлкен стандартты кітапхананы үйренуді талап етеді; Microsoft экожүйесінен тыс танымал емес.
🟰: Windows жүйесіне арналған қолданбаларды әзірлеу; веб әзірлеу (ASP.NET); ойын дамыту (Unity); корпоратив қолданбалары.

Бұл тізімнен бөлек Kotlin тілін атап өткіміз келеді. Себебі ол Java кітапханалары мен әзірлеу құралдарын пайдалануға мүмкіндік беретін Java тілімен толық үйлесімді. Дұрыс таңдау жасау үшін алдымен өзіңізді қызықтыратын бағытты таңдап, нарыққа талдау жасаған абзал😉

Ал сіз қай тілде бағдарлама жазасыз?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🐳6👍2🔥2
Сәлем, достар 👋

Мына сұраққа бірге жауап іздеп көрелік: "Дизайн арқылы қолданушы тәжірибесін қалай жақсартуға болады?" 🔍

Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту – оңай шаруа емес, ол дұрыс дизайн арқылы мүмкін болады ‼️ Өзіңіздің өніміңізді тұтыну кезінде қандай қиындықтар бар екенін түсініп, қолданушылардың қажеттіліктерін зерттеу арқылы сіз юзерлерге жайлы және тиімді интерфейс ұсына аласыз. 😉
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6🐳3
Digital Dala
Сәлем, достар 👋 Мына сұраққа бірге жауап іздеп көрелік: "Дизайн арқылы қолданушы тәжірибесін қалай жақсартуға болады?" 🔍 Пайдаланушы тәжірибесін жақсарту – оңай шаруа емес, ол дұрыс дизайн арқылы мүмкін болады ‼️ Өзіңіздің өніміңізді тұтыну кезінде қандай…
Біріншіден, пайдаланушылардың ауырсыну сәттерін келесі жолдармен анықтаңыз:
- Сұхбаттар мен сауалнамалар арқылы: "Сіздің ең сүйікті бөлігіңіз қандай?" деген сұрақтан бастамай-ақ қойыңыз. Оның орнына, "Қай жері сізді қынжылтады?" деп сұраңыз. 🤨
- Бәсекелестерді талдау: Бәсекелестеріңіздің жақсы шешімдерін және нашар қателіктерін анықтау арқылы, өзіңізді жақсы жаққа қарай бағыттай аласыз. Кейде бәсекелестердің жасаған қателіктері сізге жақсы идеялар береді. 💻

Екіншіден, интерактивті сәттерге назар аударыңыз:
- "Сатып алу" батырмасын басқан кезде, пайдаланушыға кері байланыс беру керек. Мысалы, "Себетке қосылды!" деген хабарламаны көргенде, бір қуанып қалуы тиіс. 😀
- Пайдаланушыларға түсінікті индикаторларды ұсыныңыз. Мысалы, себеттегі тауарлар санының өзгеруі немесе түсінікті хабарламалар арқылы пайдаланушы не болғанына көз жеткізеді. 🫡

Ал қолданушы тәжірибесін тестілеуді қалай жүргізу керек

Пайдаланушы тәжірибесін тестілеу – бұл өз дизайныңыздың қалай жұмыс істейтінін тексерудің маңызды қадамы. Тестілеуді әр түрлі жолдармен жүргізуге болады, тіпті егер сіздің командаңызда "менде бәрі жұмыс істейді" деген дизайнерлер болса да, оны жасау өте маңызды. Идеяны тексеру мақсатында бірінші mockup-жобалар, кейінірек бүкіл дизайн жасалады. ✔️

Тестілеуді қалай жүргізуге болады:
- Екі рет тестілеу: Бірінші нұсқасы дайын болған кезде және соңғы нұсқасы дайын болған кезде тестілеу жасаған жөн. Бұл түзетулерді оңай жасауға көмектеседі. ✔️
- Соңында бір рет тестілеу: Егер екі рет тестілеуге мүмкіндік болмаса, онда соңында бір рет жасаңыз. Бірақ мұқият болыңыз, "Бізде тек бір мүмкіндік бар!" екенін естен шығармаңыз. ✔️

Жақсы дизайн – бұл пайдаланушының тәжірибесін жақсарту арқылы оларды қуанту, өз өніміңізге ғашық ете алу. Тестілеу әр қадамда маңызды, өйткені ол сіздің дизайнның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және оны жақсартуға мүмкіндік береді. ✔️

Ендеше, шайыңызды құйып, өз өніміңізді қолданушының сүйіктісіне айналдыруға дайын болыңыз! ☕️

Пост авторы: Нұрбол Молдабай

#uiux #bagdar #design #ui #ux #бағдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🐳2
Достар, сүйінші, подкастта жаңа эпизод ‼️

Алдыңғы эпизодымызды көрген боларсыздар, иә

Соның желісімен Айдос Телжанмен тағы да подкаст түсірдік

Осы жолғы эпизодтың ерекшелігі - сұхбат орыс тілінде. Біздің жобамыздың назары да, еңбегі де қазақ тіліне бағытталғанмен, Айдос Телжанның құнды білімін ұжыммен бірге орыс тілінде де түсіруді шештік. Жалпы көп IT мамандарына ортақ мәселе көтеріледі және спикердің ойын жеткізуі осылай қолайлы болды. Сондықтан подкасттағы алдағы бірнеше рубрика орыс тілінде болмақ. 🔄

Төртінші эпизод тақырыбы - "Как развить бизнесовое мышление и приобрести суперсилы. Цельтесь в солнце — попадёте на Луну". Ана тілімізде түсіндірсек, IT саласының мамандарына қалай бизнес жағынан ойлау керектігі туралы айтылады. Бизнес майндсетін қалыптастыру - нарықтағы бәсекелестікті тудыратын қабілеттердің бірі, сол себепті подкастты жіберіп алмаңыздар 📈

Подкаст таймкодтарынан мазмұнына шолу жасай аласыздар: 📎

00:00 Интро : С чего начинать ?
1:05 Начало . Представляем гостя
1:55 «Бизнесовое мышление »
4:37 С чего начинать ?
6:58 Проблема в том что мы много думаем
8:04 Как управлять рисками
12:12 Предпринимательство - это как мышца которую можно тренировать
16:55 Попробуй продать свой кофе - как понять твое ли это
28:00 Что такое миссия ?
29:54 У нас проблемы с мечтами
34:20 Про огромные цели - цельтесь в солнце попадете на луну
39:00 про использование знаний и восприятия информации
51:21 Ставьте всегда все под сомнение
56:05 А какая у вас супер сила ?
58:05 про тесты
1:04:15 Все люди на самом деле способны
1:06:54 Что нужно учить в школе
1:07:30 Я заработал миллиард долларов
1:09:58 Нужно обучаться
1:11:29 Конец

Подкастқа cілтеме 📺
Подкастқа cілтеме 📺
Подкастқа cілтеме 📺

Тағы да айта кетелік, подкаст қонағы - көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер Айдос Телжан.

Подкаст жүргізушісі: 🎤
Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert

YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар! 🤝

#podcast #episode #подкаст
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏8🐳32🔥1
Digital Dala
Ал достар, сіздермен LinkedIn бағытын бірге жалғастырайық 🖥
Өзіңіз туралы бөлімді қалай дұрыс толтыру керек ⁉️

Бұл өте маңызды блок, оны оқығаннан кейін рекуретер сізді сұхбатқа шақыруы мүмкін. Бөлімде жауап беретін сұрақтар:

Сіздің салалық біліміңіз қандай (мысалы, жұмыс тәжірибеңіздің жылы, функциялардың, компаниялардың атаулары және т.б.)? Сіздің ең күшті қабілеттеріңіз бен жетістіктеріңіз. Мысалы:
📎 X өнімін нөлден бастап іске қосты және Y санатындағы ең үлкен қызметке арналған жетекші стратегия;
📎 миллиондаған пайдаланушыларға финтех өнімдерін масштабтау бойынша сарапшы;
📎 компания үшін тұтынушыларды қолдау шығындарын X соммаға азайтты.

Сондай-ақ рекрутер сізді табу үшін қолдана алатын кілт сөздер болуы керек 🔍

Келесі мазмұн бөлімі:

Сапалы медиа файлдарды қосыңыз (ағылшын тілінде): бейнелер, сіз туралы посттар, сіздің жобаларыңыз, тіпті конференциялардағы фотосуретте.

Жұмыс тәжірибеңізді қалай сипаттауға болады?

✔️ Дизайн мен сипаттамалардағы креативтілік неғұрлым аз болса, соғұрлым қажет адам профиліңізден керек нәрсені тезірек табады, яғни фокус шашырататын дүние болмау қажет.
✔️ Жұмыс тәжірибеңіз сіздің мансабыңыз туралы анық, дәйекті оқиғаны баяндауы керек. Маңызды емес «толық емес жұмыс күнін» (подработка) алып тастағаныңыз жөн.
✔️ Жұмыс сипаттамасын тізімдемей, жетістіктеріңізді сипаттауға назар аударыңыз. «Z ресурстары/адамдар/уақыт шкаласы арқылы Y орындау арқылы X-ке жетті» формуласын пайдаланыңыз.
✔️ Өз ұстанымыңызды нақты көрсетіңіз. Еңбек кітапшасын көшірудің қажеті жоқ. Егер сіздің ұстанымыңыз нарыққа күрделі және түсініксіз болып көрінсе, оны қарапайым тілмен сипаттаңыз.
✔️ Егер сіз өзіңіздің компанияңыздағы лауазымдарда өскен болсаңыз, бұл ақпаратты қосуды ұмытпаңыз. Бұл сіздің өсу және даму әлеуетінің бар екендігінің көрсеткіші. Мәселен, қанша уақыт junior -> middle ->senior -> team lead секілді өсу уақытын уақытылы көрсетіп қойсаңыз профиліңізге сапа береді.
✔️ Мүмкін болса, әрбір жаңа жұмыс тәжірибесін жаңа абзацта сипаттаңыз. Не нәрсеге жауапты болғаныңызды жазыңыз: қай бағыт болды, сіздің мақсаттарыңыз қандай болды, қандай командада жұмыс істедіңіз, қол астыңызда адамдар болды ма, егер болса, қанша.

Келесі посттарда басқа бөлімдерді қалай толтыру керектігіне тоқталамыз 🔜

Пікірге өз LinkedIn профильдеріңізге сілтеме қалдырып нетворкинг жасауға шақырамыз 🔈

#мүмкіндіктер
#мүмкіндіктерайдары
#LinkedIn
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32
Елестетіңіз, сіз - бизнес-аналитиксіз. Сізге клиент келіп, "Маған бір керемет күшті қылып жіберетін бірдеңе керек еді" деп мұңын шағып айтса, оны солай командаңызға жеткізе саласыз ба? Әрине, жоқ. Сіз нақтылап алып, "Клиентке онлайн сатып ала алатын дүкен керек екен" деп, мұқтаждығын жөндеп жеткізесіз. ✔️

Ол - жоба талабы. Мінекей, осылайша талап дегеніміз - стейкхолдердің мұқтаждығын жеткізудің ыңғайлы, визуалды, түсінікті формасы боп табылады. Ендеше, осы тақырыпқа бірге зер салайық 👀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐳4🔥1
Digital Dala
Елестетіңіз, сіз - бизнес-аналитиксіз. Сізге клиент келіп, "Маған бір керемет күшті қылып жіберетін бірдеңе керек еді" деп мұңын шағып айтса, оны солай командаңызға жеткізе саласыз ба? Әрине, жоқ. Сіз нақтылап алып, "Клиентке онлайн сатып ала алатын дүкен…
Талаптардың Түрлері 📌

Кәсіпорындағы талаптардың түрлері бизнестің тиімділігі мен мақсаттарына қол жеткізу үшін өте маңызды. Оларды 3 негізгі санатқа бөлуге болады: бизнес талаптары, стейкхолдер талаптары және шешім талаптары.

1️⃣ Бизнес талаптары

Бизнес талаптары – бұл кәсіпорынның негізгі мақсаттары мен қажеттіліктерін анықтайтын талаптар. Бұлар бизнеске қажетті жалпы, ұлы жобаны анықтайды.
Әдетте "Ана нені неге дейін нетіп жіберу керек" деген секілді SMART критерийіне сәйкес келуі тиіс:

S (Specific) - нақты болуы. Мақсат түсінікті әрі анықталған болуы керек. Мысалы, көрілім санын көбейту.
M (Measurable) - өлшемді болуы. Мақсаттың жетістігін өлшеуге болатын көрсеткіштер болуы тиіс. Мысалы, табыс көлемін 25%-ға арттыру.
A (Achievable) - қол жеткізуге болатындай болуы. Мысалы, автоматтандыру арқылы штат көлемін 30%-ға қысқарту.
R (Relevant) - маңызды болуы. Мақсат бизнестің негізгі мақсаттарына сай болуы керек. Мысалы, автоматтандыру нәтижесінде босаған жұмысшыларды басқа лауазымдарға ауыстыру.
T (Time Bound) - уақытпен шектелуі. Мақсаттың орындалу мерзімі нақты көрсетілуі керек. Мысалы, табыс көлемін келесі жылға дейін 25%-ға арттыру.


2️⃣ Стейкхолдерлер (мүдделі тараптар) талаптары

Стейкхолдерлер талаптары – бұл бизнес талаптарға жету үшін әртүрлі мүдделі тараптардың (тұтынушылар, заң шығарушылар, серіктестер) ұсынатын талаптар. IT саласында бұл талаптар көп жағдайда User Requirements (тұтынушы талаптары) деп аталады, өйткені өнімдер көбінесе тұтынушыларға арналады және олардың қажеттіліктерін қамтиды.


3️⃣ Шешім талаптары

Шешім талаптары – стейкхолдер талаптарын қанағаттандыру үшін шешімнің егжей-тегжейлі сипатталған қасиеттері мен мүмкіндіктерінің жиынтығы. Олар екі түрге бөлінеді:

Функционалды талаптар - шешімнің іс-әрекеттерін, мүмкіндіктерін сипаттайды. Мысалы, "Онлайн-дүкен қолданбасында тұтынушы тауарларды себетке сала алады." - "Не істеу керек?" деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекетті білдіреді.

Функционалды емес талаптар - шешімнің қандай шарттарда орындалатынын көрсетеді. Мысалы, "Онлайн-дүкен қолданбасында бір беттен екінші бетке өту уақыты екі секундтан аспайды." - "Қалай істеу керек?" деген сұраққа жауап беріп, қасиетті білдіреді.


Бизнес мақсатыңызға қол жеткізу үшін талаптардың әр түрін ескеріп, дұрыс пайдалану маңызды. Өйткені бұдан жобаңыздың уақытында, артық түзету мен баптауларсыз сәтті аяқталуы тәуелді екенін ұмытпағайсыз🌟

IT-ді бірге қазақшаландырамыз ба? 👏

Пост авторы: Нұрбол Молдабай
#бағдар #бизнес_аналитика #аналитика
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🐳2👍1🕊1
Digital Dala ұжымы қыркүйек айына дейін демалысқа кетіп жатыр, сіздерге жаңа деммен келуге 👌

Қыркүйекте 3 подкаст, 1 кездесу, және сіздерге қандай посттар ұнайды соларды талдап, басқа да авторлардың контенті сіздерді қуантатын болады 🙏
🔥10🐳4🕊2
Cәлем, әлем 👋

Жазғы демалыстағы үзілістен соң жаңа леппен қайта келдік! 🫰

Сіздерді бүгінгі білім күнімен құттықтаймыз! ❤️ Осы мерекеге орай біздің ұжым білім тақырыбына подкаст түсірді 👏

Айдос Телжан мырзамен Жанат Рахмани мырзаны эпизодымызға қонақ ретінде шақырдық. Жанат мырзаның білім саласында, мектеп ашуда (Founder of Ustudy) және бизнесте үлкен тәжірибесіне сүйене отырып, осы эпизодта білім саласын қалай дамыту керектігі жайлы, әлемдік білім саласындағы жүйелер туралы тақырыптарды қозғадық. Айта кетелік, подкаст эпизоды орыс тілінде болды.

Бұдан бөлек подкасттан көптеген қызық идеялар, кеңестер және жаңа ойларды таба аласыз, сол үшін осы эпизодты білім күні міндетті түрде көру керек деп санаймыз. Подкастта айтылған тақырыптарға қысқаша шолу:

✔️ Жекеменшік мектептерді жан басына қаржыландыру және қолдау;

✔️ «100 мектеп 100 аурухана» бағдарламасы және екі ауысымда оқыту мәселелері;

✔️ IT саласын мемлекеттік және географиялық шектеулерден тәуелсіз болу мүмкіндігі ретінде талқылау. Мұнай өнеркәсібімен салыстыру;

✔️ Көшпелі мәдениет пен қазақстандықтардың жаһандық экономикадағы әлеуетін талқылау. Қазақ мәдениетін танымал ету үшін ірі компаниялардың кеңселеріне киіз үйлер орнатудың мысалы;

✔️ Kaggle платформасын талқылау және компаниялардың дарынды мамандарды іздеуге және тартуға көп қаржы жұмсайтыны туралы мысалдар;

✔️ Google және Booking.com сияқты халықаралық компаниялардағы қазақстандық мамандардың рөлі және олардың әлемдік нарыққа әсері;

✔️ ҰБТ және мектепті тастап кету мәселелері;

✔️ PISA ұпайлары сияқты білім берудегі үкімет мақсаттарының рөлі және студенттердің жеке армандары мен ұмтылыстарын қолдаудың маңыздылығы.

Осы және өзге де тақырыптар сізді қызықтырса, подкастымызды көруге шақырамыз!

Подкастқа cілтеме 🧑‍💻
Подкастқа cілтеме 🧑‍💻
Подкастқа cілтеме 🧑‍💻

Подкаст қонақтары: 👋

Көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер - Айдос Телжан

«Ustudy» білім беру жобасының негізін қалаушы және басқарушы директоры - Жанат Рахмани

Подкаст жүргізушісі: 🎤

Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert

YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар! 🤝
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥3👍2👏1🐳1
Қазақша бағдарламалау тілі 💻

Достар, қазақша бағдарламалау тілі барын білесіз бе? 🤩

Студент біздің командамен өзінің жасап жатқан жобасын бөлісті. Мұнда бағдарламалау негіздері қазақ тілінде ұсынылған және тіл оқуға түсінікті әрі қызықты. Берілген мысалда Fibonacci сандары мен FizzBuzz функциялары жазылған. Бұл әдіс бағдарламаулаудан хабары аз қазақ тілінде сөйлеушілерге бағдарламалауды үйренуді оңайлатуы мүмкін. 😉

Міне, студенттің жасаған тіліндегі негізгі ерекшеліктер:

🖥 Функциялар: Функциялардың басталуы мен аяқталуы "басы" және "аяғы" кілт сөздерімен белгіленеді.

🖥 Айнымалылар: Айнымалы анықтамасы "айнымалы" кілт сөзінен басталады, мысалы, айнымалы а = 10.

🖥 Шартты операторлар: "егер", "әйтпесе", және "істеу" кілт сөздерімен шарттарды
орындау жүзеге асырылады.

🖥 Циклдар: "үшін" циклдары жазылуы мүмкін.

🖥 Құрылымдар: "құрылымы" кілт сөзімен құрылымдар анықталады, мысалы, Координата құрылымы.

🖥 Кірістірілген функциялар: "шығар" - мәліметтерді консольге басып шығару үшін, ал "консольденОқы" - консольден деректерді оқуға арналған.

Бұл мысалдар арқылы тілдің негізгі синтаксисі мен операторлары көрсетілген, және олар қазақ тілінде бағдарламалауды қызықты әрі қарапайым етеді.

Студенттің жұмысы бізді қызықтырған соң сіздермен бөлісуді жөн көрдік. Егер сіздің осы жұмысқа қосатын идеяңыз болса немесе коллаб жасағыңыз келсе @KtlTheBest - ге жазыңыз. 💬

📌 Код дереккөзі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥12👍6🐳2🔥1
👋 Әзірлеу(разработка) саласына нұсқаулық

⚙️ Әзірлеу дегеніміз не?
IT әлемінде әзірлеу - программа, сайт, мобильді қолданба(приложение) жасайтын сала. Бұл күнделікті қолданыстағы цифрлық құралдарымызды құрастыру өнері. Сол программаларды құрастырып жүрген адамдар - әзірлеушілер.

🧑‍💻 Түпкі қолданушыға жеткенше программа түрлі әзірлеуші-инженерлердің жұмысымен кемелденеді. Мысалы, қарапайым интернет-дүкен (my-shop.kz) әзірлеу аясында мына процесстер орын алады:
- Дизайнер сайттың және мобильді қолданбаның(приложение) қолданушыға қандай болып көрінуі керектігін суреттейді. Әдетте Figma қолданады

- Backend әзірлеуші функционалды-ақпаратты жағын дайындайды.
🟢 Мысалы, қолданушы тауарларды сатып алу кезінде картадан ақша дұрыс мөлшерде алынып, дүкен иесі шотына түсетіндей етіп жасайды.
🔴Оған Python, Java, Golang, Javascript, PHP, C# тілдерін қолдануға болады

- Frontend әзірлеуші - дизайнер жасаған дизайн мен Backend жасаған функционалды қосып үйреншікті сайт түріне келтіретін адам.
🟢 Мәселен, "Сатып алу" батырмасына басқанда қолданушы таңдаған тауарларды backend серверіне жіберіп, келген жауапты дұрыс көрсету осы маманның жұмысы.
🔴 Ол үшін HTML, CSS, JavaScript тілдерін қолданады.

- Интернет-дүкен мобильді қосымша ретінде шығуы үшін мобильді қолданба әзірлеушісі қажет.
🟢 Оның жұмысы Frontend әзірлеушіге ұқсас, кейді тіпті бірге қарастырып жатады. Дегенмен, бір интернет дүкенді сайт және қолданба жүзінде жасауға әртүрлі құралдар мен өзгеше бап қажет.
🔴 Мобильді қолданба жасауға Swift(IOS) және Kotlin(Android) тілдерінде жазатын екі маман қажет. Немесе Dart не Javascript тілдерінде бірден екі платформаға да код жазуға болады.

- QA-инженер жасалған программалар дұрыс, әрі сенімді істеуін тексереді. Қолданушыға жетпес бұрын нәтижені тексеріп, қателерді барынша ертерек табуға тырысады. Оны не өзі қолмен жасайды, не автоматты түрде анықтау үшін тест жазады.

- DevOps-инженер жасалып жатқан барлық процесстер дұрыс орындалуы үшін үрдістерді автоматтандырып, жүйенің барлық бөлігі жұмыс атқаруына жауапты болады.
🟢 Мысалы, Frontend жасаған сайт дұрыс доменге баруы (my-shop.kz), Backend жазған код серверге орналастырылуы, мобильді әзірлеуші жасаған өзгертулердің AppStore мен PlayMerket-ке барып жаңаруы, QA жазған тесттердің уақытылы орындалуы.

Әзірлеу - бұл көптеген мүмкіндіктері бар қызықты сала. Әдемі веб-сайттарды жобалауға, қуатты қолданбаларды құруға немесе біркелкі жұмыстарды автоматтандыруға қызығушылық танытсаңыз, технология әлемінде сізге де орын бар. Зерттеуді, үйренуді бастаңыз, кім біледі, сіз келесі үлкен инновация жасармысыз! ✈️

Пост авторы: Асылниет Жетпісбаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
141🔥1🤩1🐳1
Forwarded from QazTech Meetup
‼️ CALL FOR PAPERS!!!‼️

Сәлем, достар,

QazaqTechMeetup және Digital Dala қазақша IT жиындар желісін жалғастырады!

Қыркүйек айының бағыты - back/web development. Осы бағдар бойынша өз тәжірибесімен бөлісе алатын IT мамандарын іздейміз. Егер сіздің тәжірибеңізде осы бағыттар бойынша бөлісетін қызықты жағдаяттар, баяндамалар болса - мархаббат немесе сондай таныстарыңызды белгілеп кетіңіз!

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSftJcmAsWbbNWHUHLqxlbs3nVJDi3yOUVu0_1RWN_XReUtMjA/viewform?usp=sf_link

Telegram арна:
@digitaldala
@qazaqtech

Ұйымдастырушылар:
Adil Toktaganov - @khan17ds
Alina Achilova - @achilova
Nurzhanat Darush - @nurzha_d
Aigerim Abdulla - @aikerim_abdulla
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🐳1
📈 Стартаптағы өнім аналитикасы және гипотеза қалай құрамыз?

📊 Өнім аналитикасы - өнімнің сәттілігін қадағалап қана қоймай, оны жақсарту идеяларын тексеруге көмектесетін құрал. Дұрыс тұжырымдалған гипотезалар және оларды аналитика арқылы тестілеу стартаптың өсуіне тікелей әсер етеді.

Гипотезаларды іздеу - өнімді дамытудың алғашқы қадамы, оған көмектесетін бірнеше әдістер:

1. Пайдаланушыларды зерттеу
Cust dev сұхбат: қазіргі және әлеуетті пайдаланушылармен үнемі сөйлесу олардың қажеттіліктері мен ауырсыну нүктелерін анықтауға көмектеседі. 💬
Мінез-құлықты талдау: пайдаланушылардың өніммен өзара әрекеттесуін зерттеу, ең танымал функциялар мен проблемалық аймақтарды анықтау.
Кері байланыс: тұтынушыларды қолдау, әлеуметтік желілер және сауалнамалар арқылы кері байланыс жинау нені жақсартуға керек екенін түсінуге көмектеседі.

2. Бәсекелестік ортаны талдау
Бәсекелестердің өнімдері: бәсекелестер қандай мүмкіндіктерді ұсынады? Олар сіздікіне ұқсас мәселелерді қалай шешеді? Сіздің өніміңізге қандай идеяларды бейімдеуге болады? Бәсекелестік компаниялар жаба алмаған қажеттіліктерді сіз жаба аласыз.

3. Ішкі деректер және аналитика
Көрсеткіштерді талдау: негізгі көрсеткіштерді зерттеу (Retention, DAU, MAU,ARPU) жақсарту үшін ауытқулар мен аймақтарды табуға көмектеседі.
Пайдаланушы ағындарының картасы: пайдаланушылардың өнім арқылы қалай қозғалатынын талдау кедергілер мен ықтимал жақсарту нүктелерін анықтауға көмектеседі.🔼🔽

4. Командамен brainstorming
Тұрақты кездесулер: командалық brainstorming жаңа гипотезалар іздеуге ықпал етеді. Әр түрлі бөлімдерді тарту арқылы өнімді әр түрлі жағынан қарауға және әртүрлі идеяларды қалыптастыра аласыздар. 💡

5. Фреймворктарды пайдалану
Jobs to be Done (JTBD): бұл әдіс пайдаланушылардың сіздің өніміңіз шешетін тапсырмаларын түсінуге және өсу нүктелерін табуға көмектеседі.
Design Thinking: пайдаланушылар мен олардың қажеттіліктерін терең түсінуге бағытталған тәсіл шешуді қажет ететін нақты мәселелерді анықтауға көмектеседі. 🕯

Өнім аналитикасы арқылы гипотезаны қалай тексеруге болады?
Гипотезаны тұжырымдау: гипотеза нақты және тексерілетін болуы керек. Мысалы: "Біз тіркелу кезінде нұсқаулықтарды қосу пайдаланушының бірінші айда ұстап қалуын (retention) 10% - ға арттырады деп болжаймыз." 🛍
Негізгі көрсеткіштерді анықтаңыз
Гипотезаны тексеру үшін көрсеткіштерді таңдаңыз. Біздің мысалда бұл – 30-шы күні ұстау (Retention).Яғни пайдаланушылар біздің өнімді барынша ұзағырақ қолдану керек. ✔️
Тестілеуді өткіземіз және гипотезаны тексеру үшін әдетте A/B тестілеу қолданылады. 📊
А тобына нұсқаулық көрсетілсе, Б тобына көрсетілмейді.
Нәтижелерді талдаймыз. 💬
Топтардың нәтижелерін салыстырамыз. Ұстап қалу метрикасы көбейді ме? Қорытынды жасау.

Егер гипотеза расталса, өзгерісті енгіземіз. Ал керісінше болса, бұл да маңызды нәтиже, оның негізінде жаңа гипотезалар құруға болады. Стартапты ары қарай осындай зерттеулер арқылы дамытасыз!

Пост авторы: Римма Төлеуғали ✏️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍1🐳1
ICPC халықаралық бағдарламалау конкурсының 48-ші жыл сайынғы әлем чемпионаты Астана қаласында өтіп жатыр. Дәл қазір тікелей эфирді қазақ тілінде Нәрікби Мақсұт және Аман Утемуратов жүргізуде, қапы қалмаңыздар! 👏

Сіздің фаворитіңіз қай команда

Тікелей эфирге сілтеме
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
10
🎉 ICPC бойынша қорытынды:

Еліміздің атынан 5 жоғарғы оқу орны қатысты

Назарбаев Университеті - 35-орын
Қазақстан-Британ университеті - 41-орын
Astana IT университеті - 98-орын
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті - 19- орын
SDU yниверситеті - 139-орын

Айтпақшы, UNIST университеті командасында қазақ студенттер болды.

Барлық қатысушаларды нәтижелерімен құттықтаймыз 👏 Әлемдік деңгейдегі жарысқа қатысудың өзі үлкен еңбекті талап етеді және әлемдегі рейтингісі жоғарғы оқу орнындарымен қатар тұру көз қуантады, жарайсыздар 👍

Нәтижеге сілтеме
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥183🕊1
📣 ICPC Final 2024

ICPC (International Collegiate Programming Contest) – 1970 жылдан бері өткізіліп келе жатқан әлемдегі ең үлкен және ең танымал студенттік командалық бағдарламалау байқауы. Байқауға қатысушылардың негізгі мақсаты – алгоритмдік есептерді кодты пайдалана отырып, шектеулі уақыт ішінде ең тиімді жолмен шешу. Оның финалистері Google, Amazon, Meta, Huawei, Booking сияқты ірі компанияларда қызмет жасайды.

📊 Биыл 120 елден 73 000 қатысушы финалға жолдама алу үшін бақ сынаса, финалдық кезеңге небәрі 142 команда өтті, оның 5-і қазақстандық команда.

🔄 Алдыңғы постқа update:

⭐️ IITU - 27-орын
⭐️ SDU - 135-орын
⭐️ AITU - 82-орын
⭐️ KBTU - 55-орын
⭐️ NU - 52-орынға табан тіреп, еліміздің намысын қорғады.

😮 ICPC Final 2024 спорттық бағдарламалау жарысында алған қазақстандық ЖОО марапаттары:

⚡️ ICPC World Finals-та D есебін алғаш болып шығарғаны үшін KBTU командасы арнайы сыйлыққа ие болды.
⚡️ IITU High Honors мәртебесін алды.
⚡️ NU, KBTU, AITU Honors мәртебесіне ие болды.
⚡️ SDU University Honorable Mention марапатын алды.

✏️ Сонымен қатар бүгін еліміздің Туризм және спорт министрлігі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі спорттық бағдарламалау саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Бұл мемлекетке жастар арасында спорттық бағдарламалауды насихаттау және қолдаудың маңыздылығын көрсетеді.

#мүмкіндіктер_айдары

https://t.iss.one/digitaldala
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
10🔥4
Сәлем достар 👋

Digital Dala-дан кезекті подскаст 🎶

Бұл подкастта:

✔️ бизнесті жүйелеудің негізгі мәселелерін талқылаймыз.

✔️ уақыт пен сапа бақылауы жоқ нөл деңгейінен көшбасшылық пен корпоративтік мәдениет басым болатын бесінші деңгейге дейін компанияның жетілу моделін зерттейміз.

✔️ корпорациялардың өмірлік циклін түсініп (Адизес бойынша), компаниядағы негізгі рөлді және жүйелеудің маңыздылығын анықтауға тырыстық.

✔️ «Американы ашпаңыз» сияқты кеңестерді тыңдап, кәсіби мамандардан үйренуге шақырдық.

✔️ Қорытындылай келе, автоматтандырудың сәтті мысалдары және бизнесті оңтайландыру үшін шектеулер теориясын енгізу қажеттілігі жайлы талқыладық.

Осы және өзге де IT саласындағы тақырыптар сізді қызықтырса, подкастымызды көруге шақырамыз!

Подкастқа cілтеме 🧑‍💻
Подкастқа cілтеме 🧑‍💻
Подкастқа cілтеме 🧑‍💻

Подкаст қонағы: 👋

Көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер - Айдос Телжан

Подкаст жүргізушісі: 🎤

Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert

YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар! 🤝
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍2👏1
🎶 Frontend және Backend әзірлеу: Интернет домбырасы 🌐

Сәлем, достар 👋

Бүгін біз Frontend және Backend әзірлеу жайында сөз қозғайтын боламыз. Ол үшін веб-сайтты/қосымшаны қазақтың әдемі домбырасы ретінде елестетейік. 🎵 Домбыраның екі маңызды — ішегі мен шанағы(денесі) бар сияқты, интенет те екі тіректің негізінде тұр: frontend және backend.

Сайт пайдаланушысын аспапшы деп елестетсек, домбыра дайындайтын шеберлер - әзірлеушілер. Frontend домбыраның ішектеріне ұқсайды. Аспапшы ішектермен ойнаған кезде дыбыс шығады - бұл пайдаланушының сайтты қолданып жатқаны. Frontend - бұл сіз интернетте көрген, түрткен және сезетін барлық нәрселер. Бұл веб-сайтты әдемі қылатын және қолданыстың ыңғайын салатын түймелер, түстер, макеттер және анимациялар. Егер ішектер үндеспесе немесе әлсіз болса, әуен құлаққа жағымсыз болады — нашар жасалған интерфейс те пайдаланушы тәжірибесін бұзады.

Бірақ сиқыр мұнымен тоқтамайды 👨‍🎓

Backend - домбыраның шанағы (денесі). Шанақ дыбысты күшейтіп, жаңғыртып, әуенді жандандырады. Қолданбаңыздың функционалдық негізін құрайтын да backend. Бұл жерде деректер өңделеді, сақталады және басқарылады, пайдаланушыларға көрінбейді, бірақ домбыра әсем ән беруі үшін маңызды. Ішектен шыққан дыбыс ойықтан кіріп (API), домбыра денесінің түрлі бұрыштарына соғылып, өзгеріп, еселіп қайта жандана шығады. Front пен back те тура солай, тек дыбыс орнына ақпаратпен сөйлеседі. Денесіз шектерден шыққан дыбыс әлсіз болар еді, backend болмаса, front та дәрменсіз. 🤝

Домбыраның денесі дауысының қоңырлығы мен жуандығын анықтайды. Дауысы неғұрлым қатты шықса, соғұрлым көп адам естігені секілді, backend те көп пайдаланушыны қабылдауға дайын болып жазылса, сайтты да соншалықты көп адам қолдана алады. 🤙

Домбыраның ішегі мен шанағы бірге үйлесімділік құратыны сияқты, тамаша веб-бағдарлама frontend және backend арасындағы тамаша тепе-теңдікті қажет етеді. 🤓

Осы екі бөлік қосылса, тамаша цифрлық симфония 🎵 жасайсыз. 📈

Сонымен, келесі жолы веб-сайтқа кіргенде, оны домбыра деп елестетіңіз — фронтенд пен бэкэнд тамаша үйлесіммен бірге жұмыс істеп, үздіксіз цифрлық тәжірибені жасап тұрғанын сезініңіз. 🤝 Екі бөлікті неғұрлым жақсы баптасаңыз, нәтиже соғұрлым әдемі болады. ✍️



Қалай ойлайсыз, домбыраның басқа бөліктері әзірлеудің қай үрдістеріне сай келеді

Пост авторы: Асылниет Жетпісбаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16🔥11👍3