Digital Dala
728 subscribers
121 photos
2 videos
20 files
84 links
Қазақ тіліндегі IT және Технология әлемі жайлы жазбалар; сұрақтар бойынша @achilova немесе @aikerim_abdulla
Download Telegram
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

Жасанды интеллект және машинаны үйрету саласында жұмыс істейтін білікті мамандармен таныса отырыңыздар!

👥Спикерлер:

🧑‍💻ЖАРМАҒАМБЕТОВ АРМАН
AI Researcher, Meta AI (FAIR)
📋“LLM модельдерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі”

🧑‍💻ЖАРҚЫНБЕК ТЕМІРЛАН
ML Engineer, Dereknet AI
📋“Металлургия саласындағы ML проектер”

👩‍💻ИКРАМ ҒАЙНИ
Data Scientist, Tele2
📋“ML алгоритмдерін үйрету үшін жасанды деректерді құру”

🧑‍💻АМРИН АЙДАР
ML Engineer, Cerebra
📋“Medtech саласындағы Machine learning”

🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
Lead Product Analyst, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“AutoML: Уақытты үнемдеңіз, өнімділікті арттырыңыз!”

🗣️Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, Freedom Finance

📅 22.06.2024 13:00 - 17:00
📍 Розыбакиев көшесі 227, AlmaU, aудитория А600
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8fpPoyeRc4i49nvL6

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🍾3🔥2🤔1🐳1
Forwarded from qara
Нарық көлемін қалай бағалауға болады (TAM / SAM / SOM)?

Market Size (Нарық көлемі) — белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір нарықта әлеуетті клиенттердің жалпы саны немесе өнімді немесе қызметті сату көлемі. Бұл стартаптарға өздері бағдарланған нарықтың ауқымы мен әлеуетін түсінуге көмектесетін маңызды көрсеткіштердің бірі.

TAM, SAM және SOM — нарықты бағалау әдістерінің бірі. Бұл әдіс стартаптарға нарықтағы жағдайын жақсырақ түсінуге және тиімді өсу стратегияларын жасауға көмектеседі.

TAM (Total Addressable Market) — нарықтың әлеуетті көлемі немесе оны қанағаттандыру тәсіліне қарамастан тұтынушылардың қажеттілік көлемі. Бұл тек осы мәселеге назар аударса және барлық бәсекелестер өз үлестерін өз еркімен берсе, өнім өсе алатын жоғарғы шек. Әдетте, бұл бағалау экономиканы есептеу үшін аз пайда әкеледі, бірақ тұтынушылар сегментіне және оның қасиеттеріне назар аударуға мүмкіндік береді.

SAM (Serviceable Available Market) — бәсекелестік жағдайды ескере отырып, нарықтың қолжетімді көлемі. Бұл таңдалған қажеттілік контекстінде өнімді дамытудың анағұрлым барабар жоғарғы шегі, өйткені бәсекелестердің профиліне назар аударуға және біз басып алғымыз келетін нарық үлесінде көрсетілген бизнес-модельдің ұзақ мерзімді мақсатты мәндерін тұжырымдауға мүмкіндік береді.

SOM (Serviceable Obtainable Market) — нақты уақыттағы ресурстарымызды ескере отырып, нақты қол жеткізуге болатын нарық көлемі. Бұл бағалау компанияның ағымдағы әлеуетіне, оның таңдалған қажеттілікті қанағаттандыру үшін құндылық ағынын құру қабілетіне назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл бағалау бизнес-модельдің жылдық мақсаттары сияқты қысқа мерзімді тұжырымдау үшін жақсы.

Осылайша, деңгейлердің әрқайсысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, өз проблемасына назар аударады және жоспарлаудың нақты көкжиегінде мақсаттарды тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Әрине, бұл нарықты бағалаудың жалғыз жолы емес. Тіпті ең жақсы болмауы мүмкін, алайда, ең көп қолданылатын әдіс.

Линкединдағы пост: https://lnkd.in/eJT6CiPx
🔥31👍1🐳1
Сәлем, достар! Байланыста мүмкіндіктер айдары. Бұл пост аруларымызға арналады! 🧁


WOMEN@DIOR & UNESCO туралы естіп пе едіңіз? 💄

Бұл 2017 жылы негізі қаланған мыңдаған аруға кәсіби түрде өсуге көмектескен әлемдік тәлімгерлік және оқыту бағдарламасы. Қатысушылар Франция, Қытай, Нигерия, Кения, Коста-Рика, Бразилия, Иран және Бангладеш сияқты 58 дерлік әртүрлі елдерді қамтитын әртүрлі бизнес, инженерия, өнер және сән мектептерінен таңдалады. 💐

Шәкірттер білім беру бағдарламасы арқылы гендерлік теңдік және әйелдер көшбасшылығы сияқты бірнеше тақырыптар бойынша көшбасшылар мен қонақ спикерлерден оқытылады. Қатысушыларды мансаптағы алғашқы қадамдарын жасағанда және кәсіби тәжірибесін қалыптастырған кезде Dior тәлімгерлері басшылыққа алады. Әрбір тәлімгер/қатысушы үйлесімділіктеріне негізделген инновациялық тәсіл арқылы сәйкестендіріледі. 🌕

Бағдарлама басты 5 құндылыққа негізделген:

1) Өз-өзіңе деген қамқорлық және өзіңді-өзің тану:

2) Автономия: бостандыққа қол жеткізу - бірге өмір сүрудің этикалық тәсілдерін ойлап табу және құру үшін маңызды негіз. Еркіндік шығармашылыққа жол ашады.

3) Шығармашылық: шығармашылық инновацияларды ынталандырады жарқын болашақ үшін әртүрлі идеялар,ға шабыттандырады.

4) Инклюзив: Инклюзия әр адамға қоғамда заңды, құрметті орын ұсына отырып, дауыс береді.

5) Тұрақтылық

Курстық жұмыстың қорытындысы бойынша қатысушылар жас қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдайтын жоба – «Өзгеріс арманы» (Dream for Change) жобасын құру арқылы үйренгендерін іс жүзінде қолдануға шақырылады. ❤️


БАҒДАРЛАМАНЫҢ 5 НЕГІЗІ

1) Келешегі зор Dior Talent жетекшілігімен жас әйелдерге көшбасшы болуға арналған бірегей тәлімгерлік бағдарламасы.

2) Әлемдегі ең беделді институттардан таңдалған профессорлар, сондай-ақ сұхбатқа қатысуға шақырылған спикерлер басқаратын эксклюзивті курстар арқылы қыздарға жарқын болашақты елестетуге және құруға мүмкіндік беретін заманауи онлайн білім беру бағдарламасы.

3) Жас қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуді қолдайтын бастаманы құру арқылы оқуды тәжірибеде жүзеге асыруға арналған жергілікті және нақты жоба: «Өзгеріс үшін арман» жобасы.

4) Жергілікті белсенді іс-шаралармен байланыстырылған және желідегі топтың қолдауына негізделген қауымдастық

5) ЮНЕСКО-да жас әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін шабыттандыратын спикерлердің қатысуымен өткен жаһандық конференция


ҚАБЫЛДАУ ПРОЦЕСІ:

Барлық қатысушылар 3 критерий бойынша таңдалады: талант, амбиция және жомарттық. Олардың барлығы армандары және потенциалы бар жас қыздар болуы тиіс. Сонымен қатар оларды өздерінің кәсіби табыстары әйелдердің қоғамымен байланысты деген түсінік біріктіреді. 🎀


ТЕК ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛАДЫ:

⁃ Қазіргі уақытта университетте оқитындар
⁃ Соңғы курстағы бакалавриат студенттері НЕМЕСЕ аспиранттар (магистратура, PhD…)
⁃ 30 жасқа толмағандар
⁃ Ағылшын тілінде еркін сөйлей алатындар
⁃ Бұрын Women@Dior бағдарламасына қатыспағандар
Егер сіз бұл мүмкіндік туралы ЮНЕСКО арқылы білсеңіз, оны түйіндемеңізде (CV) және ілеспе хатыңызда (cover letter) нақты көрсетіңіз.

МҮМКІНДІКТЕРДІ ЖІБЕРІП АЛМАЙЫҚ! ⏰️

Толығырақ ресми сайтында: https://womenatdior.com/?li_fat_id=8284896e-391a-4de0-a982-61b5698ca3dd

#мүмкіндіктер #қыздарға #мүмкіндіктерайдары
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🥰1👌1🐳1😇1
#itnomads_events #bigdata
Big Data Platform Meetup 📢 Қазақ тіліндегі алғашқы Big data-митап!

👋🏼 Баршаңызға сәлем! Big Data Platform арнасына қош келдіңіз 🤗

20 маусымда data science, инженерия және аналитика саласындағы жетекші мамандардың басын қосатын қазақ тіліндегі Big Data Platform Meetup өтеді.

Кездесуде біз Machine Learning дегеніміз не, деректерді талдау не үшін қажет екенін және деректерді сақтау мен өңдеу, сондай-ақ автоматтандырумен не істеу керектігін түсінеміз.

Толық бағдарлама мен спикерлерді тіркелу сайтынан көре аласыздар 🙂.

📍 Мәңгілік Ел даңғылы, С4.6, Astana Hub, Астана, Казахстан

@itnomads_kz
6🐳3🔥2
Forwarded from QazTech Meetup
‼️‼️‼️‼️Өзгерістер‼️‼️‼️

Сәлем, достар!👋

Біз белгілі бір себептерге байланысты митаптың өткізілетін орнының өзгергендігін хабарлаймыз.

📍Жаңа өтілетін орын: Абай көшесі 8а, UIB университеті, 113 аудитория

Уақыты өзгеріссіз қалады.

Барлықтарыңызды асыға күтеміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
UI/UX дизайнның қызықты әлеміне қош келдіңіз!
(бір кесе шәй ұзақтығы)

Егер сіз осы қызықты бағытта өз жолыңызды енді бастап жатқан болсаңыз, онда бұл бағдар сізге арналады.

UI/UX дизайн дегеніміз тек әдемі интерфейстер жасау емес, бұл - пайдаланушыларды бір қарағанда ғашық қылдыратын өнімдерді жасау үшін функционалдылықты және эстетиканы біріктіру өнері. Ол пайдаланушы тәжірибесін соңғы тұтынушы үшін мүмкіндігінше ыңғайлы, түсінікті және жағымды етуге бағытталған сала.

Сіз бастаушы дизайнер болсаңыз да, әзірлеуші болсаңыз да, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан болсаңыз да, мұнда сіз өзіңіздің шығармашылық сапарыңызға көмектесетін пайдалы ақпарат пен кеңестер таба аласыз.

UI/UX дизайн әлеміне қызықты саяхатты бастайық және сіздің өнімдеріңізді пайдаланушылар үшін ерекше және таңғажайып етіп жасауды бірге үйренейік!

Сонымен, UI/UX дизайн дегеніміз не?

UI/UX дизайн - бұл екі терминнің аббревиатурасы болып табылады:
UX - пайдаланушы тәжірибесі. UX дизайнерлер өнімді ыңғайлы етеді, пайдаланушыға қажетті ақпаратты тез табуға және онымен оңай араласуға мүмкіндік береді. Қай беттен кейін не ашылу керек екенің жоспарын құрады.

UI - пайдаланушы интерфейсі. Дизайнерлер өнімнің сыртқы түріне жауап береді: түстер, қаріптер, батырмалар және басқа элементтер. Олардың міндеті - интерфейсті әдемі және түсінікті ету.

Қысқасы, UX және UI дизайн бір-бірімен тығыз байланысты: UX не істеу керектігін, ал UI оның қалай көрінетінін анықтайды. Жақсы өнімді жасау үшін екі аспект те маңызды.

Осылайша, UI/UX дизайн өнімнің сәтті болу мүмкіндігін едәуір арттырып, пайдаланушылар үшін тартымды және жағымды етеді.

Ал сіз UI/UX дизайнерлердің жұмысын қалай елестетіп едіңіз?

#uiux #bagdar #design #ui/ux
4👏3🕊2🐳2
Forwarded from QazTech Meetup
Cәлем, достар👋👋

«Жасанды интеллект және машинаны үйрету» саласындағы кездесуіміздің уақыт кестесін назарларыңызға ұсынамыз!

🕐12:45-13:00
Жиналу уақыты

🕐13:00-13:25
🧑‍💻ТОҚТАҒАНОВ ӘДІЛХАН
LEAD PRODUCT ANALYST, Aviata (ex. Tinkoff, VK, MTC)
📋“AutoML: Уақытты үнемдеңіз, өнімділікті арттырыңыз!”

🕐13:25-13:50
🧑‍💻ЖАРҚЫНБЕК ТЕМІРЛАН
ML Engineer, Dereknet AI
📋“Металлургия саласындағы ML проектер”

🕐13:50-14:15
👩‍💻ИКРАМ ҒАЙНИ
Data Scientist, Tele2
📋“ML алгоритмдерін үйрету үшін жасанды деректерді құру”

🕐14:15-14:40
🧑‍💻АМРИН АЙДАР
ML Engineer, Cerebra
📋“Machine learning in Medtech”

🕐14:40-15:05
🧑‍💻ЖАРМАҒАМБЕТОВ АРМАН
AI Researcher, Meta AI (FAIR)
📋“LLM модельдерінің қауіпсіздігі мен сенімділігі”

🕐15:05-16:00
Нетворкинг, сұрақ-жауап уақыты

🗣️Кездесу модераторы:
Бекзат Тұраров
Data Analyst, Freedom Finance

📅 22.06.2024 13:00 - 17:00
📍 Абай көшесі 8а, UIB университеті, 126 аудитория
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8fpPoyeRc4i49nvL6

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🐳5🦄2
Forwarded from QazTech Meetup
Қайырлы күн, достар 👋

Бүгінгі митаптың өтетін орынына төмендегі картамен бара аласыздар

📅 22.06.2024 13:00 - 17:00
📍 Абай көшесі 8а, UIB университеті, 126 аудитория
💵: тегін
📥Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/8fpPoyeRc4i49nvL6

@digitaldala-мен бірге білімді де білікті мамандары тыңдауға шақырамыз⚡️

☄️IT-ді бірге қазақша сөйлетейік!
@qazaqtech
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🕊1
Достар, онлайн сұраған жандарға, YouTube-те жақсы микрофонмен тікелей эфир жүргіземіз: https://youtube.com/live/D3fBI7Bgg8U?feature=share
🔥6
Бізде техникалық ақаулардан, эфир инстаграмда өтетін болады: https://www.instagram.com/digitaldala?igsh=ODN1M25mbG05azNu&utm_source=qr
👍2😢1👌1
13:20-да бастаймыз 👌
Барлықтарыңызға біздің Qazaq Meetup-пен бірге жасаған «Жасанды интеллект және машинаны үйрету» кездесуімізде болғандарыңызға алғысымызды білдіреміз 🫰

Митабымызды Әділхан AutoML жайлы бастап күшті ойлармен, және құралдармен бөлісті, сосын Темірлан Металлургия саласындағы қандай қызықты кейсттар болғанымен бөлісіп, қалай оларды шешкенімен бөлісті. Біздің митабымыздың гүлі Ғайни жасанды деректерді неліктен және қалай қолдану жайлы ақпаратпен бөлісіп, жақсы сұрақ қойған тыңдаушыға сыйлығын ұсынды. Ары қарай келесі қызық тақырып ол - МЛды қалай Медицинада инсультты анықтауға қолданатын жайлы Айдар қызықты түрде айтып берді. Кездесуіміздің хедлайнері - Арман LLM Модельінің қыр сырын ашып талдап көрсетті, осында нотада бәрі қызықты да керемет өткен сияқты. 😏

Инстаграм парақшымызда екі эфир сақталып тұр, қарап көрсеңіздер болады 🤩 Және қалай өткенін көргіңіз келсе, бәрі хайлайстта жиналып тұр ✌️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥9🔥51👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті оқырмандар!

Біздің Digital Dala медиа ресурс ұйымы өзінің веб-сайтын іске қосқанын қуана хабарлаймыз. Енді сіз біздің медиа ресурсымызға қатысты маңызды ақпаратқа, жаңалықтарға және ресурстарға ыңғайлы және заманауи форматта оңай қол жеткізе аласыз.

Сіз жаңа сайттан таба аласыз:
- Өзекті жаңалықтар мен оқиғалар;
- Подкасттар;
- Бағдарлар;
- Пайдалы ресурстар;
- Авторлар жайлы ақпарат;

Сізді біздің сайтқа кіруге шақырамыз: https://digitaldala.kz

Әзірше, Tilda деген конструкторының көмегімен сайт жасалынған, бірақ жақын арада толық қанды платформа ретінде жасауды ниеттеніп отырмыз, сол үшін командаға бағдарламаушыларды және көмек бергісі келетін жандардың бәрін күтеміз.

Бүкіл қазақша авторлардың посттары бір жерде сақталуына, және бүкіл tech жайлы ақпарат бір платформа болсын деген мақсатпен жасап жатырмыз. Қазақша жазатын авторларға осы постты жіберсеңіздер немесе осы посттың астында белгілеп өтсеңіздер ⭐️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍115💯2🕊1
Zharkynbek_Temirlan_qaztech_digitaldala.pdf
2.3 MB
Кеш жарық, достар! 👋

Сіздердің сұрауларыңыз бойынша Qazaq Tech Meetup-пен Digital Dala бірге жасаған «Жасанды интеллект және машинаны үйрету» жайлы болған митабымыздағы баяндамалар жинағы. ✍️

Сіздерге пайдалы болады деп сенеміз, біз туралы бөлісіп отырыңыздар! Митаптан қандай инсайт алдыңыздар
🔥8🕊3👍2👏1
Кеш жарық, достар 👋

Бүгін біз мүмкіндіктер айдарында IT мамандарының инстаграмына айналған әлеуметтік желі LinkedIn жайлы бірнеше бөлімге бөліп сөз қозғаймыз, кетті пе?

1-бөлім:

1) Жалпы ең басты нәрсе - мақсатты айқындап алу ✍️

LinkedIn сізге неге керек деген сұраққа жауап беру. Егер де бұл сұрақтың жауабы, әріптестермен нетворкинг құру, соңғы жаңалықтардан бірінші хабардар болу немесе жұмыс табуға/ұсынуға керек десеңіз, онда пост сізге арналады. ☕️

- Ең бірінші кезекте назар аударатын тұс - профильдің дұрыс толтырылуы. LinkedIn-де индексация маңызды, себебі сол арқылы сіздің профиліңіз сұрауларда көрінеді. Кез келген ақпаратты қоспас бұрын, мына сұрақтарды өзіңізден сұраңыз:

- Мен қосайын деп жатқан ақпарат жұмыс табуыма қалай көмектеседі? Мәселен, сіз оған дейін әртүрлі салада жұмыс атқарсаңыз, топтап қойыңыз. Барынша іздеп жатқан позицияға сай қабілеттер мен жетістіктеріңізді жазуға тырысыңыз. Неғұрлым айқын болса, соғұрлым жұмысты тезірек табуға мүмкіндік көп 👀

2) Профильді сауатты толтыру✍️

Headline немесе Title деп аталатын бөлік ең маңызды. Себебі, сол арқылы сіз өзгелерге ұсыныс ретінде шығып тұрасыз, сонымен қатар рекрутерлер хедлайндағы кілт сөз арқылы сізді таба алады. Ендеше, онда не болу керек?

- Профильдің ең «индекстелген» бөлігі болғандықтан мұнда сіз өз позицияңызды көрсетуіңіз керек, бұл бөлімді жұмысыңыздағы дәрежелермен, стэкпен т.б. толықтыра аласыз. 🧐

Мысалы: X компаниясының фронтэнд бағдарламаушысы, бұрынғы компаниялар туралы, ex Kaspi, ex Yandex және т.б деп көрсетңіз де болады. Толық мысал: 🤓
Пәленшиев Түгенше
Senior Product Manager HyperAuditor | ex-Google, ex-Vk;

- Егер сізде бірнеше рөлдер болса немесе қайсысында басым фокус екеніне сенімді болмасаңыз, оны LinkedIn-де іздеп көріңіз, сізді сол позициялар қызықтырады ма? Қай позиция қызықтырады, соны бірінші жазған дұрыс; 🥇

3) LinkedIn-нің түйіндемеден айырмашылығы профиль фотосуретті қосуды талап етеді. Түріңіз анық көрінетін, қарапайым фондағы кәсіби фотоны таңдаған абзал; 🤓

- Профильге қысқа сілтеме жасап, оны түйіндемеңізге қосуды ұмытпаңыз! 💡

(жалғасы келесі посттарда)

#мүмкіндіктер
#мүмкіндіктерайдары
#LinkedIn
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
64🕊3🔥2
UI/UX әлемінен тағы бір сәлем 😊

Қалайсыздар, қазақ IT әлемінің жанашыр қауымы? 😍

Дизайн туралы әңгімемізді жалғастырайық. Олардың да өздерінің ережелері, қағидалары бар дейді. Олар қандай екен? 🤔

UX/UI дизайнының да басқа салалар секілді өзінің құндылықтары бар. Олардың ішіндегі ең бастысы: user-friendly принципі, яғни пайдаланушы үшін мүмкіндігінше ыңғайлы интерфейс құру, оларға ең жақын дос болу. 🤗
UX дизайны контекстінде бұл интерфейс түсінікті, ыңғайлы және пайдалану оңай болуы керек дегенді білдіреді. Бұл, әсіресе, өнімнің белгілі бір мақсатты аудиториясы үшін өте маңызды - пайдаланушылар оны оңай түсініп, өзара әрекеттесуі керек.

Дизайнның UI бөлігінде көзге жағымды көрініс пен қолдау - негізгі аспектілер болып табылады. UI интерфейстегі маңызды сәттерді бөліп көрсетіп, ақпаратты түсінікті және жеңіл оқылатындай қолайлы етуі керек. Сондай-ақ, UI-дың да user-friendly болуы маңызды. Мәселен, мәтін оңай оқылуы керек, ал стиль пайдаланушыға қолдау көрсетіп, бетті толық шарлап, түсінуге көмектеседі. Бұл өнімді пайдалану кезінде пайдаланушының өзін жайлы және сенімді сезінуін қамтамасыз етеді 💻

Ал жақсы, қолыңызда бір шаруа, бір жоба бар делік. Оның дизайнын жасаудың ең тиімді әдісі қандай? 🤔

Біріншіден, бұл жобаның шын мәнінде не үшін жасалғанын түсінуі керек. Яғни, оның мақсаттары қандай? Сату ма, оқыту ма, ақпарат жеткізу ме, ойын жасау ма - соны біліп алып, есте ұстау керек. Өзіңізге "Бұның бизнеске қандай пайдасы тиеді?" деген сұрақты қойыңыз.
Әрі қарай, адамдар үшін шешілетін қиындықты түсіну. Өзіңізге "Жасағаным қандай мәселені қамтиды және оны қалай шешеді?" деген сұрақты қойып көріңіз. Осылайша сіз аудиторияңызға не керегін түсініп, оларға ең жағымды, ең ұнамды өнім жасап шығара аласыз. 🥳

#uiux #bagdar #design #ui #ux
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6🔥41🕊1🥱1🐳1
Сәлем, әлем!

Біздегі подкасттар айдары жаңа леппен қайта келді. ⚡️

Эпизод тақырыбы: Кәсіпкерліктің жол картасы: дәстүрлі бизнестен стартап әлеміне

Осы жолғы қонағымыз ерекше және түсірілім барысында да команда мүшелерін өзінің тәжірибесімен таңқалдырып, шабыттандырумен болды.

Бұл подкасттың қонағы - көп жылдық, ең бастысы табысты тәжірибесі бар кәсіпкер Айдос Телжан. «Rumi Group» кофаундері, Antler инкубаторының түлегі сіздермен дәстүрлі бизнес пен стартаптың айырмашылығы, бизнес майндсет, оны қалай IT бағытымен байланыстыру секілді және тағы да басқа акуталды және қызықты тақырыптар туралы ой бөліседі.

Айта кетелік, Antler инкубаторы - Остин, Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Стокгольм, Бангалор, Джакарта, Сингапур, Сеул, Токио және Сиднейді қоса алғанда, алты континенттегі 27 қалада кеңсесі бар әлемдік деңгейдегі стартап инкубаторы. Қонағымыздың бұл тәжірибесі өте құнды ақпарат деп санаймыз, сондықтан подкастты жіберіп алмаңыздар!

Подкаст жүргізушісі: 🎤
Алина Ачилова - Professor of Practice AlmaU, Lector SDU, GDG мүшесі, Startup Business Expert

Төменде подкаст таймкоды:

0:00 Кіріспе
1:59 Айдос Телжанмен танысу
3:40 Айдостың ең алғашқы жобасы және кәсіп бастамасы
6:53 “Rumi” идеясының пайда болуы
9:50 “Rumi” ресторанының ашылуы, алғашқы сауда туралы
11:45 Бизнес нюанстары
12:50 “Rumi” бизнесінің дамуы, қазіргі жағдайы
15:03 Бизнесте қандай қиыншылық бар?
16:00 Бизнестің өзін ақтау уақыты
18:37 Айдостың “Tech” сферасына өту себебі
21:30 Стартапқа идея таңдау
28:20 Инкубатор мен акселераторлық бағдарламалардың айырмашылығы қандай?
30:15 Антлер бағдарламасы жайлы
31:51 Неліктен Антлер?
32:52 Антлер бағдарламасының шарттары қандай?
35:05 Бағдарлама тарапынан болған көмектер, қолдаулар
36:36 Бағдарламаға қатысу үшін идеямен бару керек пе?
37:59 PaySaction стартапы туралы
40:50 Қазақстан мен Сингапурлық нарықтың басты айырмашылықтары
44:10 Шетелге Қазақстандық стартаптарды шығару
45:12 Серіктестер таңдаудағы басты прициптер
48:05 Идеяны тексеру туралы
51:53 Бизнес бастау үшін керекті қабілеттер мен қасиеттер
53:26 Жастардың энергия мәселесі
54:43 Телефон - нығмет, ал ізденіп зерттеу қазіргі заманные ең басты қабілеті
55:22 Кәcіпкерлік жолдағы қателіктер, және олардан алған сабақтар
57:47 Қазақтарда бейімділік (adaptability) төменде ма?
59:26 Antler-ден алған ең үлкен инсайт
01:01:01 Antler-дегі қазақтардың басқа елдерден ерекшелігі
01:02:08 Инвестиция алу үшін не істеу керек?
01:05:51 Antler-ден бөлек акселераторлар
01:07:10 Кәсіпкерлерге және кәсіп бастағысы келген жандарға кеңес
01:14:03 Көрермендерге тілек - мақсаттың жоғары болуы жайлы

Подкастқа сілтеме 📺
Подкастқа сілтеме 📺
Подкастқа сілтеме 📺

YouTube арнамызға тіркеліп, өз ойларыңызды жазып, пайдалы болса кез келген әлеуметтік желіде белгілеп инсайттарыңызбен бөлісе отырыңыздар! 🤝
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥91🕊1🐳1