Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Кезектен тыс сайлаудан кейін елімізде өзгерістер болды ма?
«Жаңарған Қазақстан» арнайы репортажының кезекті саны 19 наурызда елімізде өткен кезектен тыс мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы кезіндегі реформаларға арналды.
Толық шығарылымды көру
👇
https://baq.kz/kezekten-tys-saylaudan-keyin-elimizde-ozgerister-boldy-ma-308063/
BAQ.kz

⚡️Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін құттықтады
💬 "Баршаңызды бүгінгі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Үздік журналистерді марапаттау шарасында Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Көпшілігіңізді сырттай танимын. Мақалаларыңызды оқып тұрамын. Еліміздің журналистика саласына жас мамандардың келіп жатқаны – өте жақсы үрдіс. Жазу стилі – ерекше, еркін, батыл, ұстанымы ашық тілшілер бұл кәсіпті жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", - деді ол.

❗️❗️Пестицидтерді мемлекет қазынасынан субсидиялау – сорақы нәрсе
Бұл туралы «Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы технолог-ғалым Дәулет Егембердиев айтты,
Ғалым топырағы тозған егістік алқаптарын, тұзды жерлерді қалпына келтіретін тыңайтқыш – биомелорантты ойлап тапқан.
Сұхбаттың толық нұсқасы Youtube-каналымызда👇
🔗https://youtu.be/9HYywWM1yTU
BAQ.kz
Бұл туралы «Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы технолог-ғалым Дәулет Егембердиев айтты,
Ғалым топырағы тозған егістік алқаптарын, тұзды жерлерді қалпына келтіретін тыңайтқыш – биомелорантты ойлап тапқан.
Сұхбаттың толық нұсқасы Youtube-каналымызда👇
🔗https://youtu.be/9HYywWM1yTU
BAQ.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Дауыс қою қате түсінік - диктор
Ol-jas подкастының қонағы болған Қазақ радиосының дикторы Мұхамедәлі Болатұлы дикцияны жақсарту үшін не істеу керегін айтты👇
https://youtu.be/BSMulyufqZ8

⚜️ Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
Қадірлі отандастар!
Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.
Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Мұның бәрі жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түседі.
Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді.
Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Қасым-Жомарт Тоқаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтады
Құрметті журналистер!
Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Әділетті Қазақстанды құру үшін қоғамда құндылықтар жүйесін жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастырудың мән-мағынасы зор. Бұл бағытта еңбекқорлық пен білімпаздықты, адал азаматқа тән қасиеттерді дәріптейтін масс-медиа өкілдері айрықша рөл атқарады.
Еліміздің журналистері озық ой мен тың идеялардың таралуына дәнекер болып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтереді. Сондай-ақ оқиғаларды жан-жақты зерделеп, популизм мен арандатушылыққа тосқауыл болады. Бұл – айрықша маңызды миссия.
Қазақстан журналистері – өз ісінің хас шеберлері ғана емес, азаматтық ұстанымы берік патриоттар.
Осындай жауапты қызметте әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және шығармашылық табыс тілеймін!

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❗️Астанада жантүршігерлік жол апаты орын алды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Видео: @astana_sergek
BAQ.kz
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Видео: @astana_sergek
BAQ.kz
BAQ.kz
❗️Астанада жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Видео: @astana_sergek BAQ.kz
⚡️Астана қаласының Полиция департаментінің хабарлауынша, 43 жастағы жүргізуші оқиға орнында мерт болды.
Ол рульге ие бола алмай, салдарынан бетон бағанға соғылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

⚡️Кентаудағы дәмханадан уланған 92 адамның жағдайы қалай?
Қазіргі таңда қоғамдық дәмханада фаст-фудтан уланғандар саны 92 адамға жетті. Олардың қызыуы көтеріліп, іштері ауырған. Шағыммен келгендердің көбі пицца жеген.
Ауруханаға 67 адам жатқызылды. Олардың ішінде 40 бала, 27 ересек адам (3 жүкті әйел бар). Бәрінің жағдайы орташа ауыр.

⚽️Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде сегіз сатыға көтерілді
1. Аргентина – 1843.73 ұпай
2. Франция – 1843.54
3. Бразилия – 1828.27
4. Англия – 1797.39
5. Бельгия – 1788.55
....
102. Ливан – 1201.74
103. Жаңа Зеландия – 1199.04
104. Қазақстан – 1198.24.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы осы маусымда Еуро-2024 іріктеу кезеңінде екі ойын өткізді.

💸Жамаубаев бюджет қаржысын игере алмаған министрліктерді атады Игерілмеген сома – 55 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш…
⚡️Жамаубаев казино ойнап, ұсталған әріптестеріне қандай шара қолданылатынын айтты
Қаржы министрлігінің қызметкерлері казино ойнап жүрген жерінен ұсталды. Осыған қатысты Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пікір білдірді
💬"Қателеспесем, бізде 25 қызметкерге қатысты сондай ақпарат түскен. Барлығына тиісті шара қабылдаймыз. Оның ішінде өз еркімен жұмыстан кеткені, тәртіптік жазаға тартылғаны бар. Сондықтан әрбір қызметкермен жеке-жеке қызметтік тексеріс жүргізіп барып, шешім қабылдадық", - деп айтты Жамаубаев.

⚡️"Статистика көңіл көншітпейді". Тоқаев отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін көтерді
Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісі барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
💬"Бұл жерде учаскелік инспекторлар шешуші рөл атқарады. Уақтылы шаралар қабылданса, отбасылық және тұрмыстық ұрыс-керіс кезінде жасалған қылмыстардың көпшілігінің алдын алуға болар еді. Қоғам сіздерден отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тиімді әрі жүйелі іс-әрекет күтеді", - деді Президент.